"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 760 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 шілдедегі № 653 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 760 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларында:

      4-тармақта:

      3) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін – жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттардың көшірмелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – еңбек шартының көшірмелері, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасында іскерлік іссапарда жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – іссапарға жіберу туралы хат;

      6) қажет болған жағдайда шетел азаматтарына және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстандық немесе шетелдік кеме экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсетіп, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтініш береді.

      Көрсетілген өтінішке мынадай құжаттар:

      1) экипаждың жаңа мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) шетел азаматы және (немесе) азаматтығы жоқ адам үшін жұмыс істеуге рұқсаттың көшірмесі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін еңбек шартының көшірмесі;

      3) қажет болған жағдайда шетел азаматына және (немесе) азаматтығы жоқ адамға берілген визаның көшірмесі қоса беріледі.

      Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.";

      14-тармақтың 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар (пилоттарды қоспағанда, барлық экипаж мүшелері үшін) үшін – жұмысқа орналасуға рұқсаттардың көшірмелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – еңбек шартының көшірмелері, шетел азаматтар үшін, Қазақстан Республикасында іскерлік іссапарда жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – іссапарға жіберу туралы хат;

      5) қажет болған жағдайда шетел азаматтарына және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстандық әуе кемесі экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсетіп, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтініш береді. Көрсетілген өтінішке мынадай құжаттар:

      1) экипаждың жаңа мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) шетел азаматы және (немесе) азаматтығы жоқ адам үшін жұмысқа орналасуға рұқсаттың көшірмесі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін еңбек шартының көшірмесі;

      3) қажет болған жағдайда шетел азаматына және (немесе) азаматтығы жоқ адамға берілген визаның көшірмесі қоса беріледі.

      Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.".

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 760 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на неоднократное пересечение Государственной границы Республики Казахстан казахстанскими и иностранными судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2026 года № 653

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.07.2026 г.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 760 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на неоднократное пересечение Государственной границы Республики Казахстан казахстанскими и иностранными судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию" следующие изменения:

      в Правилах выдачи разрешений на неоднократное пересечение Государственной границы Республики Казахстан казахстанскими и иностранными судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 4:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) копию свидетельства о праве плавания судна под Государственным Флагом Республики Казахстан или разрешения на эксплуатацию судна, плавающего под флагом иностранного государства в казахстанском секторе Каспийского моря;";

      в подпункты 5) и 6) вносятся изменения в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. В случае необходимости замены членов экипажа казахстанского или иностранного судна заявитель представляет письменное заявление о замене членов экипажа в территориальное подразделение Пограничной службы с указанием причин замены по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      К указанному заявлению прилагаются следующие документы:

      1) копия документа, удостоверяющего личность нового члена экипажа;

      2) копия разрешения на работу для иностранного гражданина и (или) лица без гражданства, копия трудового договора для граждан государств – членов Евразийского экономического союза;

      3) в случае необходимости копия визы, выданной иностранному гражданину и (или) лицу без гражданства.

      Территориальное подразделение Пограничной службы рассматривает заявление и документы, указанные в настоящем пункте, и в течение десяти рабочих дней с даты их поступления письменно сообщает о своем решении заявителю.";

      в подпункты 4) и 5) пункта 14 вносятся изменения в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 16 вносится изменение в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов