Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 78-1) және 78-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"78-1) мыс концентратын қайта өңдеу тарифін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
"78-2) мыс концентратын қайта өңдеу тарифін бекіту;";
мынадай мазмұндағы 249-1) және 249-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"249-1) жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
249-2) аукцион негізінде берілетін жер қойнауы учаскелерінің аумақтарын қалыптастыру тәртібін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 258-1) тармақшамен толықтырылсын:
"258-1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 279-1) тармақшамен толықтырылсын:
"279-1) қайта босаған блокқа пайдалы қатты қазбаларды барлауға аукцион өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
289) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"289) пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған аукцион өткізу және аукционның қорытындылары бойынша лицензия беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 307-1) тармақшамен толықтырылсын:
"307-1) жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидаларын, сондай-ақ оның ақпараттық ресурстарының, сервистері мен функцияларының тізбесін көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 308-1), 308-2), 308-3), 308-4) және 308-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"308-1) мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
308-2) мемлекеттік жер қойнауы қоры жай-күйінің зерттелуін бақылауды жүзеге асыру;
308-3) мемлекеттік жер қойнауы қоры жай-күйінің зерттелуін бақылау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
308-4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
308-5) жерасты суларына арналған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
321) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"321) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;";
327) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"327) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;";
336) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"336) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жоспарлау;";
340) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"340) мемлекеттік жер қойнауы мониторингін жүргізуді, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды ұйымдастыру;";
355) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"355) пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын пайдалы қазбалардың кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 355-1), 355-2) және 355-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"355-1) пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын пайдалы қазбалардың қорларын есептеу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
355-2) жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезінде геологиялық есепті және (немесе) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіндегі геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту;
355-3) көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 364-4), 364-5), 364-6), 364-7), 364-8), 364-9), 364-10), 364-11), 364-12), 364-13), 364-14), 364-15), 364-16), 364-17), 364-18), 364-19), 364-20), 364-21), 364-22), 364-23), 364-24), 364-25), 364-26), 364-27), 364-28), 364-29), 364-30), 364-31), 364-32), 364-33) және 364-34) тармақшалармен толықтырылсын:
"364-4) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемi бойынша ұсыныстар енгiзу;
364-5) жетекшілік ететін салада ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлау, ұйымдастыру және басшылыққа алу, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру дайындығын бағалауды жүргізу;
364-6) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізу;
364-7) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу;
364-8) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;
364-9) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
364-10) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi іс-шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
364-11) жетекшілік ететін салада жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және (немесе) бекіту;
364-12) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;
364-13) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзу;
364-14) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;
364-15) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін жетекшілік ететін салада арнайы құралымдарды ұйымдастыру және олардың қызметін қамтамасыз ету;
364-16) Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;
364-17) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлеу, бекіту және (немесе) келісу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттік салалық есебін жүргізу және осы деректерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну;
364-18) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
364-19) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
364-20) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;
364-21) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдау;
364-22) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізу;
364-23) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;
364-24) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлеміне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастыру;
364-25) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдау;
364-26) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне өтеусіз негізде беруді жүзеге асыру;
364-27) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
364-28) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;
364-29) ведомстволық бағынысты ұйымдарда өрттің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізу;
364-30) азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелеріне басшылықты жүзеге асыру;
364-31) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құру және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын ішкі бақылауды жүзеге асыру;
364-32) уәкілетті органмен келісу бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және бекіту;
364-33) қосалқы (қалалық) және көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
364-34) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды орындау;";
544) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"544) Қазақстан Республикасының заңдарында, оның ішінде "Азаматтық қорғау туралы" және "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".
2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының елу бесінші, елу алтыншы, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші және алпыс тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |