"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 614 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде соғыс жағдайы режимі енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы туралы заңнамасына сәйкес соғыс жағдайы режимін қамтамасыз етуге қатысады;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктерден; ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан; жекелеген жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдардың ұйымдасуынан және қызметінен туындаған төтенше ахуалдардың алдын алады және оларды жоюды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9), 18-10) және 18-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      18-2) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;

      18-3) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

      18-4) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан алу туралы ұсыныстар енгізеді;

      18-5) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

      18-6) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;

      18-7) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлеміне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастырады;

      18-8) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

      18-9) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;

      18-10) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      18-11) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының сақталуын және жаңартылуын ұйымдастырады;";

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында республикалық цифрлық жүйенi құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;";

      49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "49) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 83-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "83-7) жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 92-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "92-4) сұрғылт түсті берет пен төсбелгі туралы ережені, сондай-ақ оларды киіп жүру құқығына біліктілік сынақтарын өткізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;";

      121) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "121) цифрлық және цифрлық талдау жүйелерін құрады, пайдаланады және жетілдіреді;";

      121-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "121-1) жол жүрісі саласындағы цифрлық жүйелерді интеграциялауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;";

      123) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "123) дербес деректерді өңдеу кезінде заңнама және цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, ішкі істер органдары бөлімшелерінің Министрліктің цифрлық ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз етеді;";

      146) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "146) теңбіл түстес беретті айырым белгісімен киіп жүру құқығына біліктілік сынақтарын өткізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;";

      185) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "185) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі күдіктілер, айыпталушылар және сотталған адамдар үшін тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      214) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "214) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік цифрлық жүйелерді құрады және пайдаланады;";

      313) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "313) цифрлық жүйелерді, цифрлық және телекоммуникация желілерін, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      313-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "313-1) ішкі істер органдарының цифрлық жүйелерімен, мобильдік қосымшасымен және мобильдік сервистерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;";

      320) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "320) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".

      2. Осы қаулы:

      1) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші және қырық бесінші абзацтарын;

      2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 "Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июля 2026 года № 614

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 "Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве внутренних дел Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      подпункт 13) изложить в следующей редакции:

      "13) участвует в обеспечении режима военного положения, в случаях его введения на территории Республики Казахстан или в отдельных ее местностях, в соответствии с законодательством Республики Казахстан о военном положении;";

      дополнить подпунктом 13-1) следующего содержания:

      "13-1) предупреждает и осуществляет ликвидацию чрезвычайных ситуаций, вызванных массовыми беспорядками; межнациональными и межконфессиональными конфликтами; блокадой или захватом отдельных местностей, особо важных и стратегических объектов; организацией и деятельностью незаконных вооруженных формирований;";

      дополнить подпунктами 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9), 18-10) и 18-11) следующего содержания:

      "18-1) разрабатывает и утверждает методику определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в соответствующей сфере, по согласованию с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки;

      18-2) проводит анализ потребностей организаций, имеющих мобилизационный заказ в соответствии с методикой определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в соответствующей сфере, для формирования номенклатуры и объемов хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва;

      18-3) вносит предложения по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва в уполномоченный орган в области государственного материального резерва;

      18-4) по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва вносит предложения в Правительство Республики Казахстан о разбронировании материальных ценностей государственного резерва для оказания гуманитарной помощи;

      18-5) по согласованию с уполномоченными органами в области государственного материального резерва и мобилизационной подготовки принимает решение о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке заимствования;

      18-6) вносит предложения в уполномоченный орган в области государственного материального резерва по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного резерва и о разбронировании материальных ценностей государственного резерва при изменении номенклатуры;

      18-7) размещает заказы на поставку материальных ценностей мобилизационного резерва в соответствии с номенклатурой и объемами хранения материальных ценностей государственного резерва;

      18-8) принимает решение о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке освежения;

      18-9) по решению уполномоченного органа по управлению государственным имуществом по согласованию с государственными органами – получателями и уполномоченным органом в области государственного материального резерва осуществляет передачу на безвозмездной основе материальных ценностей мобилизационного резерва, подлежащих освежению, и разбронированных материальных ценностей при изменении номенклатуры на баланс других государственных органов;

      18-10) по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва принимает решения о перемещении материальных ценностей мобилизационного резерва;

      18-11) организует хранение и освежение материальных ценностей мобилизационного резерва;";

      подпункт 26) изложить в следующей редакции:

      "26) обеспечивает создание и функционирование республиканской цифровой системы в области охраны общественного порядка и борьбы с преступностью;";

      подпункт 49) изложить в следующей редакции:

      "49) разрабатывает и утверждает правила по организации деятельности подразделений органов внутренних дел Республики Казахстан по борьбе с бытовым насилием и защите женщин от насилия;";

      дополнить подпунктом 83-7) следующего содержания:

      "83-7) разрабатывает и утверждает форму и Правила оформления, заполнения, учета, хранения, передачи, расходования, уничтожения формуляра для изготовления документов, удостоверяющих личность (кроме удостоверения беженца);";

      дополнить подпунктом 92-4) следующего содержания:

      "92-4) разрабатывает и утверждает положение о берете стального цвета и нагрудном знаке, а также инструкцию о проведении квалификационных испытаний на право их ношения;";

      подпункт 121) изложить в следующей редакции:

      "121) создает, использует и совершенствует цифровые и информационно- аналитические системы;";

      подпункт 121-1) изложить в следующей редакции:

      "121-1) осуществляет мероприятия по организации и обеспечению интеграции цифровых систем в сфере дорожного движения;";

      подпункт 123) изложить в следующей редакции:

      "123) обеспечивает доступ подразделениям органов внутренних дел к цифровым ресурсам Министерства с соблюдением требований законодательства и кибербезопасности при обработке персональных данных;";

      подпункт 146) изложить в следующей редакции:

      "146) разрабатывает и утверждает инструкцию по проведению квалификационных испытаний на право ношения берета крапового цвета со знаком различия к нему;";

      подпункт 185) изложить в следующей редакции:

      "185) разрабатывает и утверждает правила организации питания для подозреваемых, обвиняемых и осужденных, находящихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы;";

      подпункт 214) изложить в следующей редакции:

      "214) создает и эксплуатирует государственные цифровые системы в сфере дорожного движения и обеспечения его безопасности;";

      подпункт 313) изложить в следующей редакции:

      "313) разрабатывает и утверждает правила создания, использования и совершенствования цифровых систем, цифровых и телекоммуникационных сетей, сетей связи;";

      подпункт 313-1) изложить в следующей редакции:

      "313-1) разрабатывает и утверждает инструкцию по работе с цифровыми системами, мобильными приложениями и мобильными сервисами органов внутренних дел;";

      подпункт 320) изложить в следующей редакции:

      "320) разрабатывает и утверждает правила деятельности жилищных комиссий и работы цифровой системы органов внутренних дел Республики Казахстан;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением:

      1) абзацев двадцатого, двадцать первого, двадцать восьмого, двадцать девятого, тридцатого, тридцать первого, тридцать второго, тридцать третьего, тридцать восьмого, тридцать девятого, сорокового, сорок первого, сорок второго, сорок третьего, сорок четвертого и сорок пятого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 12 июля 2026 года;

      2) абзацев восьмого, девятого, десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого, четырнадцатого, пятнадцатого, шестнадцатого, семнадцатого, восемнадцатого и девятнадцатого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 января 2027 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов