"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 564 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтың 2) тармақшасының отыз бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық" мәртебесі бар мемлекеттік архивтердің, мемлекеттік мәдениет ұйымдарының, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне 1,75 мөлшерінде арттыру коэффициенті қолданылып айқындалады.";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, архив ісі, спорт және ветеринария жүйесі ұйымдарының қызметкерлеріне белгіленген еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар басқа қызмет салаларында тиісті лауазымдарда істейтін және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады;";

      көрсетілген қаулыға 18-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, архив ісі, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша арттырылған айлықақылар (тарифтiк мөлшерлемелер) белгiленедi


25 %-дан кем емес

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

      ".

      2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2026 года № 564

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" следующие изменения:

      абзац тридцать пятый подпункта 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "ДО (тарифные ставки) гражданских служащих, работников государственных архивов, государственных организаций культуры, отдельных профессиональных художественных, творческих коллективов, имеющих статус "Национальный", определяются с применением повышающего коэффициента в размере 1,75 к установленным размерам ДО.";

      подпункт 2) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "2) доплаты и надбавки за условия труда, установленные для работников организаций системы образования, здравоохранения, социального обеспечения, культуры, архивного дела, спорта и ветеринарии, распространяются на работников организаций, занимающих соответствующие должности и выполняющих работы по специальности в других сферах деятельности;";

      в приложении 18 к указанному постановлению:

      в строке, порядковый номер 1, подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "

1)

Специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, архивного дела, спорта и ветеринарии, работающим в сельской местности, по решению местных представительных органов устанавливаются повышенные оклады (тарифные ставки)


Не менее чем на 25 %

В соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года

      ".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзацев второго и третьего пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 января 2027 года, и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов