Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 маусымдағы № 495 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 110-9), 110-10), 110-11) және 110-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "110-9) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      110-10) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      110-11) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      110-12) дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      117) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "117) турагенттік қызметтің, гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;";

      120) тармақша алып тасталсын;

      121) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "121) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарды бекітеді;";

      122) тармақша алып тасталсын;

      123), 124), 125), 126), 127) және 128) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "123) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығынын субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптарды бекітеді;

      124) танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығынының бір бөлігін өтеудің қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекітеді;

      125) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығынының бір бөлігін өтеудің қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалатын шығынының бір бөлігі өтелуге тиіс осындай жабдықтар мен техникалар тізбесін бекітеді;

      126) кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығынының бір бөлігін субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығын субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптарды бекітеді;

      127) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығынының бір бөлігін өтеудің қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ осындай объектілердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекітеді;

      128) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегiзден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығынының бір бөлігін өтеудің қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығынының бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптарды бекітеді;";

      137) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "137) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес турагенттік қызметтің, гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 152-1), 152-2 және 152-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "152-1) гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметі қағидаларын бекітеді;

      152-2) туристік ақпарат орталықтары қызметінің тәртібі мен шарттарын бекітеді;

      152-3) танытым орталығы қызметінің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оның қызметіне қойылатын талаптарды бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 162-11) тармақшамен толықтырылсын:

      "162-11) жергілікті атқарушы органдарына казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын өзгертуге келісім береді;";

      мынадай мазмұндағы 185-21), 185-22), 185-23), 185-24), 185-25), 185-26), 185-27), 185-28), 185-29), 185-30), 185-31) және 185-32) тармақшалармен толықтырылсын:

      "185-21) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      185-22) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;

      185-23) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

      185-24) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;

      185-25) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

      185-26) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;

      185-27) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлеміне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастырады;

      185-28) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

      185-29) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;

      185-30) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      185-31) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастырады;

      185-32) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды орындайды;";

      мынадай мазмұндағы 185-33) 185-34) және 185-35) тармақшалармен толықтырылсын:

      "185-33) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

      185-34) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      185-35) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құрады және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын ішкі бақылауды жүзеге асырады;".

      2. Осы қаулы:

      1) 2026 жылғы 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын;

      2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші және қырық екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 865 "О некоторых вопросах Министерства туризма и спорта Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июня 2026 года № 495

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 865 "О некоторых вопросах Министерства туризма и спорта Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве туризма и спорта Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      дополнить подпунктами 110-9), 110-10), 110-11) и 110-12) следующего содержания:

      "110-9) разрабатывает и утверждает правила подушевого нормативного финансирования в государственных детско-юношеских спортивных школах;

      110-10) разрабатывает и утверждает методику подушевого нормативного финансирования в государственных детско-юношеских спортивных школах;

      110-11) разрабатывает и утверждает правила размещения государственного заказа в государственных детско-юношеских спортивных школах;

      110-12) разрабатывает и утверждает правила формирования и ведения цифровой платформы физической культуры и спорта;";

      подпункт 117) изложить в следующей редакции:

      "117) утверждает формы сведений для приложения к уведомлению о начале турагентской деятельности, деятельности гида, экскурсовода и инструктора туризма;";

      подпункт 120) исключить;

      подпункт 121) изложить в следующей редакции:

      "121) утверждает правила субсидирования стоимости билета, включенного в туристский продукт, при воздушной перевозке несовершеннолетних пассажиров на территории Республики Казахстан, а также требования, предъявляемые к туристскому продукту;";

      подпункт 122) исключить;

      подпункты 123), 124), 125), 126), 127) и 128) изложить в следующей редакции:

      "123) утверждает правила и размер субсидирования, требования к субсидированию затрат туроператоров в сфере въездного туризма за каждого иностранного туриста;

      124) утверждает правила и размер возмещения части затрат субъектов предпринимательства при строительстве и реконструкции визит-центров и мест размещения туристов, а также требования, предъявляемые к ним;

      125) утверждает правила и размер возмещения части затрат субъектов предпринимательства на приобретение оборудования и техники для горнолыжных курортов, а также перечень оборудования и техники для горнолыжных курортов, часть затрат на приобретение которых подлежит возмещению;

      126) утверждает правила и размер субсидирования части затрат субъектов предпринимательства на содержание санитарно-гигиенических узлов на туристских ресурсах и путях следования к ним, а также требования к санитарно-гигиеническим узлам, затраты на содержание которых подлежат субсидированию;

      127) утверждает правила и размер возмещения части затрат субъектов предпринимательства на строительство объектов придорожного сервиса, а также перечень таких объектов и требования, предъявляемые к ним;

      128) утверждает правила и размер возмещения части затрат субъектов предпринимательства, осуществляющих туристскую деятельность, на приобретение автомобильных транспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, за исключением места водителя, а также требования к транспортным средствам, часть затрат на приобретение которых подлежит возмещению;";

      подпункт 137) изложить в следующей редакции:

      "137) ведет государственные электронные реестры лиц, подавших уведомление о начале или прекращении турагентской деятельности, деятельности гида, экскурсовода и инструктора туризма, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";";

      дополнить подпунктами 152-1), 152-2) и 152-3) следующего содержания:

      "152-1) утверждает правила деятельности гидов, экскурсоводов и инструкторов туризма;

      152-2) утверждает правила и условия деятельности туристских информационных центров;

      152-3) утверждает правила и условия деятельности визит-центра, а также требования к его деятельности;";

      дополнить подпунктом 162-11) следующего содержания:

      "162-11) согласовывает местным исполнительным органам изменение границ территорий для размещения казино, залов игровых автоматов, букмекерских контор и тотализаторов (касс букмекерских контор и (или) тотализаторов);";

      дополнить подпунктами 185-21), 185-22), 185-23), 185-24), 185-25), 185-26), 185-27), 185-28), 185-29), 185-30), 185-31) и 185-32) следующего содержания:

      "185-21) разрабатывает и утверждает методику определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в соответствующей сфере, по согласованию с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки;

      185-22) проводит анализ потребностей организаций, имеющих мобилизационный заказ, в соответствии с методикой определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в соответствующей сфере, для формирования номенклатуры и объемов хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва;

      185-23) вносит предложения по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва в уполномоченный орган в области государственного материального резерва;

      185-24) по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва вносит предложения в Правительство Республики Казахстан о разбронировании материальных ценностей государственного резерва для оказания гуманитарной помощи;

      185-25) по согласованию с уполномоченными органами в области государственного материального резерва и мобилизационной подготовки принимает решения о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке заимствования;

      185-26) вносит предложения в уполномоченный орган в области государственного материального резерва по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного резерва и о разбронировании материальных ценностей государственного резерва при изменении номенклатуры;

      185-27) размещает заказы на поставку материальных ценностей мобилизационного резерва в соответствии с номенклатурой и объемами хранения материальных ценностей государственного резерва;

      185-28) принимает решения о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке освежения;

      185-29) по решению уполномоченного органа по управлению государственным имуществом по согласованию с государственными органами – получателями и уполномоченным органом в области государственного материального резерва осуществляет передачу на безвозмездной основе материальных ценностей мобилизационного резерва, подлежащих освежению, и разбронированных материальных ценностей при изменении номенклатуры на баланс других государственных органов;

      185-30) по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва принимает решения о перемещении материальных ценностей мобилизационного резерва;

      185-31) организует хранение и освежение материальных ценностей мобилизационного резерва;

      185-32) выполняет требования по предупреждению чрезвычайных ситуаций;";

      дополнить подпунктами 185-33), 185-34) и 185-35) следующего содержания:

      "185-33) разрабатывает, утверждает и (или) согласовывает нормативы, нормативные технические документы и правила, ведет государственный отраслевой учет чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и представляет эти данные в уполномоченный орган;

      185-34) обеспечивает исполнение нормативных правовых актов Республики Казахстан в сфере гражданской защиты;

      185-35) создает запасы имущества гражданской обороны в подведомственных организациях и осуществляют внутренний контроль за их хранением, обновлением и поддержанием в готовности к применению;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением:

      1) абзацев девятого, десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого, четырнадцатого, пятнадцатого, шестнадцатого, семнадцатого, восемнадцатого, девятнадцатого, двадцатого, двадцать первого, двадцать второго, двадцать третьего, двадцать четвертого, двадцать пятого, двадцать шестого, двадцать седьмого, двадцать восьмого и двадцать девятого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 17 мая 2026 года;

      2) абзацев тридцатого, тридцать первого, тридцать второго, тридцать третьего, тридцать четвертого, тридцать пятого, тридцать шестого, тридцать седьмого, тридцать восьмого, тридцать девятого, сорокового, сорок первого и сорок второго пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 января 2027 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов