"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 381 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 481-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "481-1) "Облыстың (қаланың және ауданның) құрметті азаматы" атағын берудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      496-72), 496-73) және 496-74) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 481-1), 496-103), 496-104), 496-105), 496-106), 496-107), 496-108), 496-109), 496-110), 496-111), 496-112), 496-113), 496-114), 496-115), 496-116) және 496-117) тармақшалармен толықтырылсын:

      "481-1) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      496-103) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша реттелетін қызмет салаларында жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      496-104) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдерін қалыптастыру үшін реттелетін қызмет салаларында жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      496-105) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      496-106) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;

      496-107) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдау;

      496-108) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;

      496-109) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырысты орналастыру;

      496-110) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдау;

      496-111) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асыру;

      496-112) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдау;

      496-113) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;

      496-114) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;

      496-115) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды орындау;

      496-116) құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;

      496-117) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізу.".

      2. Осы қаулы:

      1) 2026 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын;

      2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866 "О некоторых вопросах Министерства культуры и информации Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 мая 2026 года № 381

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 866 "О некоторых вопросах Министерства культуры и информации Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве культуры и информации Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 481-1) следующего содержания:

      "481-1) разработка и утверждение типовых правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города и района)";";

      подпункты 496-72), 496-73) и 496-74) исключить;

      дополнить подпунктами 496-103), 496-104), 496-105), 496-106), 496-107), 496-108), 496-109), 496-110), 496-111), 496-112), 496-113), 496-114), 496-115), 496-116) и 496-117) следующего содержания:

      "496-103) разработка и утверждение методики определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в регулируемых сферах деятельности, по согласованию с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки;

      496-104) проведение анализа потребностей организаций, имеющих мобилизационный заказ, в соответствии с методикой определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в регулируемых сферах деятельности, для формирования номенклатуры и объемов хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва;

      496-105) внесение предложений по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва в уполномоченный орган в области государственного материального резерва;

      496-106) внесение предложений в Правительство Республики Казахстан о разбронировании материальных ценностей государственного резерва для оказания гуманитарной помощи по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва;

      496-107) принятие решения о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке заимствования по согласованию с уполномоченными органами в области государственного материального резерва и мобилизационной подготовки;

      496-108) внесение предложений в уполномоченный орган в области государственного материального резерва по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного резерва и о разбронировании материальных ценностей государственного резерва при изменении номенклатуры;

      496-109) размещение заказа на поставку материальных ценностей мобилизационного резерва в соответствии с номенклатурой и объемами хранения материальных ценностей государственного резерва;

      496-110) принятие решения о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке освежения;

      496-111) осуществление передачи на безвозмездной основе материальных ценностей мобилизационного резерва, подлежащих освежению, и разбронированных материальных ценностей при изменении номенклатуры на баланс других государственных органов по решению уполномоченного органа по управлению государственным имуществом по согласованию с государственными органами – получателями и уполномоченным органом в области государственного материального резерва;

      496-112) принятие решения о перемещении материальных ценностей мобилизационного резерва по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва;

      496-113) организация хранения и освежения материальных ценностей мобилизационного резерва;

      496-114) осуществление рассмотрения проектов документов по стандартизации в пределах компетенции, а также подготовки предложений по разработке, внесению изменений, пересмотру и отмене национальных, межгосударственных стандартов, национальных классификаторов технико-экономической информации и рекомендаций по стандартизации для внесения в уполномоченный орган в сфере стандартизации;

      496-115) выполнение требований по предупреждению чрезвычайных ситуаций;

      496-116) организация научных исследований, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в сфере гражданской защиты в пределах компетенции;

      496-117) внесение предложений в Правительство Республики Казахстан по объему и структуре расходов по формированию и хранению материальных ценностей мобилизационного резерва;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением:

      1) абзацев четвертого и пятого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 10 июня 2026 года;

      2) абзацев шестого, седьмого, восьмого, девятого, десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого, четырнадцатого, пятнадцатого, шестнадцатого, семнадцатого, восемнадцатого и двадцатого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 января 2027 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов