ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігін, 42-тармағын және 43-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Бұл ретте төмендегілер 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда деп қолданылады деп белгіленсін:
Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігі:
"28. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциялары заттай сақталады. Заттай ведомстволық коллекциялармен қатар бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар суреттерінің электрондық массиві құрылуы мүмкін, ол Ішкі істер министрлігімен келісім бойынша автоматтандырылған ақпараттық баллистикалық жүйелерді (бұдан әрі – ААБЖ) пайдалану арқылы құрылады.";
Қағидалардың 42-тармағы:
"42. Жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын жоғалту (ұрлату) фактісі анықталған кезде қаруды іздестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ол қолданылып жасалған қылмыстарды ашу мақсатында сотқа дейінгі немесе қызметтік тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға уәкілетті бөлініске жоғалған (ұрланған) қарудан бақылау үшін бұған дейін атылған оқтар мен гильзаларды бес жұмыс күні ішінде салып жіберу, электрондық массив құрылған болса, ІІМ КОГҚ массиві бойынша тексеру үшін жоғалған (ұрланған) қарудан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың ААБЖ электрондық массивінен экспортталған суреттерін электрондық түрде қоса жіберу жөнінде сұрату жібереді.";
Қағидалардың 43-тармағының екінші бөлігі:
"ААБЖ пайдаланылатын электрондық массив құрылған болса, жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының бақылау үшін атылған оқтары мен гильзаларының суреттері электрондық түрде қоса беріледі.".
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 372 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының ұзақ сақтаудағыны қоспағанда, қару-жараққа қабылданған ойық жауынгерлік қол атыс қаруынан (бұдан әрі – жауынгерлік қару) бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ ішкі істер органдарының жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасы ұзақ сақтаудағыны қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының уәкілетті бөліністерінің сақтауындағы қару-жараққа қабылданған жауынгерлік қарудан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың ведомстволық коллекциялары, сондай-ақ ішкі істер органдарының уәкілетті бөліністерінде сақтаудағы жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың ведомстволық коллекциялары болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау үшін ату – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының уәкілетті тұлғаларының Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру үшін құзыреті бойынша жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан атуы;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің криминалистикалық оқ-гильза қоймасы (бұдан әрі – ІІМ КОГҚ) – осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қаруды қоспағанда, тергеу әрекеттері барысында алынған қару ізі бар оқтардың, гильзалар мен патрондардың, сондай-ақ ұрланған (жоғалған) немесе алып қойылған, табылған, ерікті түрде тапсырылған ойық ұңғылы атыс қаруынан, оның ішінде ойық ұңғылы атыс қаруына арналған патрондарға әзірленген және (немесе) қайта жасалған тегіс ұңғылы қарудан эксперименттік атылған оқтар мен гильзалардың, ұңғысыз атыс қаруынан, газды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудан атылған гильзалардың коллекциялары;
3) қару иесі – қаруды иеленуге, алып жүруге және сақтауға арналған рұқсат негізінде қаруды иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
4) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының құзыреті бойынша уәкілетті бөліністері жүзеге асыратын жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін ату, бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды есепке алу, сақтау, ауыстыру, алып қою және жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
5) уәкілетті бөлініс – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларын қалыптастыру жөніндегі қызметті ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты қару-жарақ және (немесе) тылдық қамтамасыз ету (материалдық-техникалық қамтамасыз ету) қызметінің құрылымдық бөлінісі;
6) эксперименттік ату – зерттеу жүргізу үшін алып қойылған, табылған, ерікті түрде тапсырылған ойық ұңғылы атыс қаруынан, оның ішінде ойық атыс қаруына арналған патрондарға әзірленген және (немесе) қайта жасалған тегіс ұңғылы қарудан оқтар мен гильзаларды ату, ұңғысыз атыс қаруынан, газды қарудан, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қарудан атылған гильзалар.
2-тарау. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларының объектілері
4. Жауынгерлік қарудан, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан, оның ішінде:
1) негізгі із қалдыратын бөлшектері (оқжатары, ұңғы оқпаны, шүріппесі, шаппасы ауыстырылған немесе механикалық өңделген) жөндеуден өткен жауынгерлік қарудан, сондай-ақ азаматтық және қызметтік ойық атыс қаруынан;
2) сатқанға дейін өнім беруші кәсіпорындар шетелден әкелген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған;
3) тіркеу және сақтау мен алып жүруге рұқсат ресімдеу алдында Қазақстан Республикасының азаматы шет елден сатып алған;
4) беру немесе сату алдында кәсіпорындар және (немесе) ұйымдар беретін немесе сататын;
5) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуды жүзеге асыратын ұйымдарда сатып алынатын жаңа ойық ұңғылы атыс қаруын қоспағанда, азаматтық ойық ұңғылы атыс қаруын сақтауға, сақтау мен алып жүруге, жоюға рұқсат алу кезінде Қазақстан Республикасының азаматына тиесілі;
6) ішкі істер органдарында (бұдан әрі – ІІО) сақтау мен алып жүруге рұқсат ресімдеудің алдында ойық ұңғылы марапаттық атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларының объектілері болып табылады.
5. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясына:
1) калибрі 11,56 мм асатын ойық ұңғылы атыс қаруынан;
2) қарудың оқтары мен гильзаларынан сапалы эксперименттік іздер алу мүмкін болмаған жағдайда із қалдыратын бөлшектері қатты коррозияға ұшыраған атыс қаруынан;
3) ауыспалы ұңғылары немесе тегіс ұңғылардағы ойық қондырмалары бар қаруды қоспағанда, аңшылық тегіс ұңғылы қарудан атылған оқтар мен гильзалар орналастырылмайды.
6. Жаңадан дайындалатын, сондай-ақ зауыттық жағдайларда қайта жасалатын, жөнделетін азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін ату дайындаушы кәсіпорындарда жүргізіледі, оған аумақтық тиесілілік бойынша полиция департаментінің қызметкерлерінен тұратын комиссия қатысады.
Жаңадан дайындалатын, сондай-ақ зауыттық жағдайларда қайта жасалатын, жөнделетін жауынгерлік қарудан бақылау үшін ату дайындаушы кәсіпорындарда жүргізіледі, оған әскери өкілдіктің лауазымды тұлғасы қатысады.
Бақылау үшін ату туралы жазбалар жаңадан дайындалатын, қайта жасалатын, жөнделетін отандық қарудың зауыттық паспорттарына енгізіледі.
Қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарында әскери өкілдіктер болмаған жағдайларда жаңадан дайындалатын, сондай-ақ зауыттық жағдайларда қайта жасалатын, жөнделетін жауынгерлік қарудан бақылау үшін ату дайындаушы кәсіпорындарда жүргізіледі, оған кәсіпорынның өнім сапасын бақылау жөніндегі бөлінісінің (техникалық бақылау бөлімі) қызметкері қатысады.
Қару иесі немесе мемлекеттік қорғаныс тапсырысын алушы жауынгерлік, азаматтық немесе қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей дайындаушы кәсіпорынға оның жеткізілгені туралы хабарлама жібереді.
Азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес дайындаушы кәсіпорындарда буып-түйіледі және қару иесінен азаматтық немесе қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының жеткізілгені туралы хабарлама алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясына орналастыру үшін аумақтық тиесілілігі бойынша полиция департаментіне жіберледі.
Жауынгерлік қарудан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес дайындаушы кәсіпорындарда буып-түйіледі және жауынгерлік қарудың жеткізілгені туралы хабарлама алынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясына орналастыру үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысын алушыға жібереді.
7. Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында жауынгерлік қарудан бақылау үшін ату мақсатында комиссия құрылады, оған қарудың ведомстволық коллекциясының қалыптастырылуына, сақталуы мен есепке алынуына жауапты уәкілетті бөліністің қызметкері қатысады.
8. Азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атуды ІІО бөліністерінде комиссия жүзеге асырады, оның құрамына азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау, жедел-криминалистикалық, қаржымен қамтамасыз ету бөліністерінің және уәкілетті бөліністің қызметкерлері кіреді.
ІІО бөліністерінің қызметкерлері өзі құзыреті шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады:
азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлінісінің қызметкері:
ІІО бөліністерінде азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін ату жөнінде комиссия құру туралы бұйрық жобасын дайындау;
азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау үшін атудың уақтылы жүргізілуін бақылау;
жедел-криминалистикалық бөліністің қызметкері:
азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының таңбалау және нөмірлік белгілерін рұқсат беру құжатында көрсетілген деректермен салыстыра тексеру;
азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының зауыттық сипаттамаларға сәйкестігін тексеру, сондай-ақ конструкциясына енгізілген өзгерістерді немесе оның жөнделгенін анықтау;
азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруы бөліктерінің және механизмдерінің өзара әрекетке түсуін, сондай-ақ ұсынылған оқ-дәрілердің осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарының талаптарына сәйкестігін тексеру;
бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың сапалы әрі зерттеуге жарамды үлгілерін алу үшін азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау үшін атуды жүргізу;
Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясының электрондық массивін қалыптастыру;
уәкілетті бөліністің қызметкері:
Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларындағы жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды буып-түю, есепке алу, сақтау, ауыстыру, алып қою және жою.
9. Жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруы бөліктерінің бір-бірімен әрекетке түсуін тексеру кезінде ақау (жарамсыздық) анықталған жағдайда бақылау үшін ату жүргізілмейді. Комиссия осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ойық ұңғылы атыс қаруының ақауы (жарамсыздығы) анықталғаны туралы акт жасайды.
Көрсетілген ойық ұңғылы атыс қаруының ақауын (жарамсыздығын) жою немесе оны жөндеу мақсатына ол бақылау үшін атудың бастамашысына (уәкілетті бөлініске немесе қару иесіне) қайтарылады.
10. Ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін ату, сондай-ақ бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды жою жөніндегі комиссия құрамын мемлекеттік органның уәкілетті басшысы немесе әскери бөлім командирі бекітеді.
11. Оқ-дәрі бөлу, жауынгерлік қарудан бақылау үшін атылатын жерге қаруды тасымалдау Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күштері мен құралдары есебінен жүргізіледі.
Бақылау үшін атылатын азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруы мен оның патрондарын қару иесі (жеке тұлға немесе сенімхат негізінде заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі – сенімхат бойынша өкіл) бақылау үшін ату жүргізілетін орынға өздері жеткізеді.
12. Бақылау үшін атылатын қаруды, сондай-ақ бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды уәкілетті бөліністің қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қару атуды және ведомстволық коллекцияға орналастырылған бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды тіркеу журналында тіркейді.
13. Қару иесі немесе сенімхат бойынша өкіл қаруды тіркелген жердегі аумақтық ІІО-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау үшін ату жүргізу туралы өтінішпен жүгінеді.
14. Азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атуды ІІО қару иесінің немесе сенімхат бойынша өкілдің өтініші тіркелгеннен кейін апта сайын сәрсенбі күндері жүргізеді, оған қару иесі немесе сенімхат бойынша өкіл қатысады. Бақылау үшін атылған қару ату жүргізілген күні иесіне немесе сенімхат бойынша өкілге қайтарылады.
15. Бақылау үшін ату нәтижелері жауынгерлік қару үшін екі данада, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруы үшін үш данада осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау үшін ату актісімен ресімделеді.
Жауынгерлік қарудан бақылау үшін ату актісінің бір данасы уәкілетті бөліністің сақтауында қалады, екіншісі ату үшін қару ұсынған бөлініске немесе ұйымға беріледі.
Азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін ату актісінің бір данасы бақылау-қадағалау немесе қару иесінің жеке ісіне енгізу үшін азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлінісіне беріледі, екіншісі қару иесіне немесе сенімхат бойынша өкілге беріледі, үшіншісі бақылау үшін атылған оқтармен және гильзалармен бірге уәкілетті бөліністе сақталады.
Бақылау үшін ату актілері 10 жыл сақталады, содан соң белгiленген тәртiппен жойылады.
16. Бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды уәкілетті бөліністің қызметкері осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес буып-түйеді.
3-тарау. Жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау үшін атуды жүргізу тәртібі
17. Жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау үшін ату бес жылда бір рет жүргізіледі.
Жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау үшін ату:
1) жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық атыс қаруының негізгі із қалдыратын бөлшектері (оқжатары, ұңғы оқпаны, шүріппесі, шаппасы ауыстырылған немесе механикалық өңделген) жөндеуден өткен;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуды жүзеге асыратын ұйымдарда сатып алынатын ойық ұңғылы жаңа атыс қаруын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматына тиесілі қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге және азаматтық ойық ұңғылы атыс қаруын жоюға рұқсат алынған жағдайларда бақылау үшін атудың соңғы жүргізілген мерзімдеріне қарамастан жүргізіледі.
Жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын, оның ішінде:
1) сатқанға дейін жеткізуші кәсіпорындар шетелден әкелген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған қаруды;
2) ІІО-да сақтауға және алып жүруге рұқсатты ресімдеу алдында атылатын ойық ұңғылы марапаттық атыс қаруын бақылау үшін ату он жылда бір рет жүргізіледі.
Кәсiпорындар және (немесе) ұйымдар беретін немесе сататын жауынгерлiк, азаматтық және қызметтiк ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атудың соңғы жүргiзілген мерзiмi екi жылдан асып кетсе, оларды берерден немесе сатардан бұрын бақылау үшін ату жүргiзiледi.
18. Жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын бақылау үшін ату тирлерде, оқу орталықтарының атыс орындарында немесе қаруды қауіпсіз ұстау шараларын сақтай отырып, арнайы оқ тұтқыштармен жабдықталған үй-жайларда жүргiзiледi.
19. Ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атуды жүргізгенде қабықшалы немесе қабықшасыз экспансивті емес оқпен стандартты ұнтақ заряды бар қарудың әрбір данасына арналған штаттық патрондар пайдаланылады.
20. Ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атуды жүргізгенде:
1) гильзасында металл коррозиясы бар, майысқан, сырылған, лак-бояу қабаты бұзылған, оның ішінде қарудың із қалдыратын бөлшектерімен байланыстан зақымданған және (немесе) оқ гильзаның аузына дұрыс бекітілмеген және (немесе) капсюль гильза түбінен көтеріліп тұратын патрон;
2) ұнтақ зарядының салмағы азайтылған штаттық патрон;
3) жарқырағыш, бронь бұзғыш-өртегіш патрон пайдаланылмайды.
21. Бақылау үшін атардан бұрын жауынгерлік қаруды уәкілетті бөлініс қызметкері, ал азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын қарудың иесі немесе сенімхат бойынша өкіл өзі тазалайды. Зауыттық және консервациялаушы майынан тазартылады, ұңғы оқпаны, барабан каморасы мен бекітпенің патрон тiреуiшi сүртіледi.
22. Бақылау үшін ату кезінде ойық ұңғылы атыс қаруының әрбір данасынан бақылау үшін атылған оқ пен гильза кемінде үшеу болуы қажет, бұл мына қаруларға қатысты емес:
1) тегiс ұңғыларда ауыстырылатын ұңғысы немесе ойық қондырмалары бар қару. Оларды бақылау үшін ату кезінде әрбір ұңғыдан бақылау үшін кемінде үш рет оқ пен гильза ату қажет;
2) дыбыссыз атуға арналған құрылғысы бар – қондырғымен де, қондырғысыз да бақылау үшін кемінде үш оқ пен гильза ату қажет;
3) револьверлер. Револьверлерден бақылау үшін ату кезінде барабанның әрбiр каморасынан бақылау үшін атылған екi оқ пен гильза алу қажет. Револьверлерден бақылау үшін ату алдымен қабықшалы, содан кейiн қорғасын оқпен оқталған патрондармен жүргізіледі.
23. Автоматты ойық ұңғылы атыс қаруынан ату бір-бірден оқ ату режимінде жүргізіледі.
24. Бақылау үшін ату нәтижесінде алынған оқтар ұңғы оқпанының ізімен қатар оларда кедергінің салдарынан деформация мен түзілімдердің болмауы тұрғысынан тексеріледі.
25. Ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атуды жүргізгенде бақылау үшін атуды жүзеге асыратын адам бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың қарудың басқа даналарынан атылған оқтармен және гильзалармен ауысып кету мүмкіндігін жоққа шығарады.
26. Қарудың әрбір данасын немесе қосымша (ауыстырылатын) ұңғыларды немесе тегіс ұңғылы қарулардағы ойық қондырмаларды, дыбыссыз атуға арналған құрылғыны қолдана отырып бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар бөлек-бөлек берік полиэтилен пакеттерге буып-түйіледі, бұл ретте әрбір оқ пен гильза жұмсақ, құрғақ қағазға (мақтаға) оралады. Пакеттің ішіне қағаз қиындысы салынып, онда органның атауы, қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы, нөмірі мен шыққан жылы, қару иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), атауы, мемлекеттік органның бөлінісі, атылған күні көрсетіледі, уәкілетті органның мөрімен, оның ведомстволық коллекцияның қалыптастырылуына, есепке алынуына және сақталуына жауапты қызметкерінің қолымен куәландырылады. Бұдан кейін пакет оның ішіндегіні пакеттің бүтіндігін бұзбай алуды жоққа шығаратын тәсілмен жабылады.
27. Бұрын жоғалған (ұрланған) жауынгерлік, азаматтық, қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясына орналастыру мақсатында бақылау үшін ату осы қару жоғалғанға (ұрланғанға) дейін одан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды да, сонымен қатар ол табылғаннан және оның жоғалу (ұрлану) фактісі бойынша процестік шешім қабылданғаннан кейін одан атылған эксперименттік оқтар мен гильзаларды да КОГҚ массиві бойынша тексергеннен кейін жүргізіледі.
4-тарау. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларының бақылау үшін атылған оқтары мен гильзаларын есепке алу, сақтау, ауыстыру, алу және жою
28. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциялары заттай сақталады. Заттай ведомстволық коллекциялармен қатар бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың суреттерінің электрондық массиві құрылуы мүмкін, ол Ішкі істер министрлігімен келісім бойынша автоматтандырылған цифрлық баллистикалық жүйелерді (бұдан әрі – АЦБЖ) пайдалану арқылы құрылады.
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциялары қару тұрған жердегі мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын уәкілетті бөліністе сақталады.
29. Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлінісінің қызметкері қару иесіне азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуды жүзеге асыратын ұйымдардан сатып алынған ойық ұңғылы атыс қаруын сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық және қызметтік қаруды бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар сақталатын жердегі полиция департаментіне оларды салып жіберу және есепке қою және қару иесінің тіркелген орны бойынша сақтау үшін ұсыну туралы сұрату жібереді.
ІІО уәкілетті бөлінісінің қызметкері сұрау салуды алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясына орналастыру үшін тиісті полиция департаментіне бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды жібереді, бұл туралы осы Қағидалардың 37-тармағына сәйкес есепке алу журналында жазба жасайды.
30. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларының бақылау үшін атылған оқтары мен гильзаларын есепке алу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы, нөмірі, шыққан жылы, иесі, бақылау үшін атуды жүргізу және бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың есепке қойылған күні, бақылау оқтары мен гильзаларының тұрған орны, оларды есептен шығару күні мен негіздері туралы ақпаратты жүйелендіру арқылы қалыптастырылады.
31. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясын сақтау үшін үй-жайларға және оның сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ бақылау үшін атуды жүзеге асыру кезіндегі қауіпсіздік шараларын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары айқындайды.
32. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясын сақтауға арналған үй-жай:
1) қару мен оның патрондарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келуге;
2) желдету жүйесімен жарақтандырылуға;
3) мынадай:
бекіту құрылғылары берік қос есікпен (сыртқысы – металл, ішкісі – шыбығының қалыңдығы кемінде 15 мм және ұяшығының өлшемі 60 мм-ден аспайтын торлы есік);
терезелердегі металл торлармен (үй-жай бірінші қабатта немесе жартылай жертөледе орналасқан кезде терезелер қосымша ішінен құлыпталатын ысырмалармен жабдықталады);
секциялық шкафтармен немесе контейнерлермен жабдықталуға тиіс.
33. Бақылау үшін атуды жүзеге асыру кезінде:
қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптары сақталады;
қаруды оқтау және оғын алу тек тирде не осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда ғана жүргізіледі;
қарумен жұмыс басталар алдында ұңғы оқпанында патронның бар-жоғын тексеруден бастап, оған қарап-тексеру жүргізіледі.
34. Бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар мөрленетін, құлыппен жабылатын темір шкафтарда (жәшіктерде) сақталады.
35. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясының бақылау үшін атылған оқтары мен гильзаларын сақтау мерзімі олар атылған жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруы кәдеге жаратылғаннан кейін кемінде бес жылды құрайды, бұл ретте осы Қағидалардың 17-тармағының талаптарын сақтау керек.
36. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының коллекциясындағы бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды алу оларды сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
37. Уәкілетті бөліністің қызметкері Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының коллекциясындағы бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды ауыстыру немесе одан алу туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарудан атуды және ведомстволық коллекцияға орналастырылған бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды тіркеу журналының "ескертпе" бағанында жазба жасап, құжаттың шығыс нөмірін көрсетеді.
38. Коллекциядан алынған бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылады (кәдеге жаратылады).
Бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды жою негіздемесі: қарудың осы данасынан тағы атылған оқтармен және гильзалармен алмастырылуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қару кәдеге жаратылғаннан не қару сатылғаннан немесе берілгеннен кейін сақтау мерзімінің аяқталуына байланысты бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды алу.
39. Уәкілетті бөліністер жойылатын бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды тиісті кәсіпорынға тасымалдауды қамтамасыз етеді.
40. Бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды жою туралы акт осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жауынгерлік қару үшін бір данада, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруы үшін екі данада жасалады.
Жауынгерлік қарудың бақылау үшін атылған оқтары мен гильзаларын жою туралы актінің бір данасы уәкілетті бөліністің сақтауында қалады.
Азаматтық немесе қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының бақылау үшін атылған оқтары мен гильзаларын жою туралы актінің бір данасы бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар жойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей бақылау-қадағалау ісіне немесе қару иесінің жеке ісіне енгізу үшін, екінші данасы – уәкілетті бөлініске жолданады.
41. Бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды жою актісі уәкілетті бөліністе бес жыл сақталады.
5-тарау. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекцияларының бақылау үшін атылған оқтары мен гильзаларын Ішкі істер министрлігінің криминалистикалық оқ-гильза қоймасына беру тәртібі
42. Жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын жоғалту (ұрлату) фактісі анықталған кезде қаруды іздестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ол қолданылып жасалған қылмыстарды ашу мақсатында сотқа дейінгі немесе қызметтік тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға уәкілетті бөлініске жоғалған (ұрланған) қарудан бақылау үшін бұған дейін атылған оқтар мен гильзаларды бес жұмыс күні ішінде салып жіберу, электрондық массив құрылған болса, ІІМ КОГҚ массиві бойынша тексеру үшін жоғалған (ұрланған) қарудан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың АЦБЖ электрондық массивінен экспортталған суреттерін электрондық түрде қоса жіберу жөнінде сұрату жібереді.
43. Жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруын жоғалту (ұрлату), сондай-ақ ол қолданылып қылмыс жасалғаны туралы ақпарат алған кезде сотқа дейінгі немесе қызметтік тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан ресми сұрату алынғанын-алынбағанына қарамастан, уәкілетті бөліністің қызметкері бес жұмыс күні ішінде жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының бақылау үшін атылған оқтары мен гильзаларын ІІМ КОГҚ-ға жолдайды.
АЦБЖ пайдаланылатын электрондық массив құрылған болса, жауынгерлік, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының бақылау үшін атылған оқтары мен гильзаларының суреттері электрондық түрде қоса беріледі.
44. ІІМ КОГҚ массиві бойынша тексеру нәтижелері "Ішкі істер органдарында жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 75 қбп бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9662 болып тіркелген) сәйкес сұрау салу бастамашысына хабарланады.
45. Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қарудың қолданылу фактісі ІІМ КОГҚ массиві бойынша анықталған жағдайда ІІМ Жедел-криминалистикалық департаменті (бұдан әрі – ЖКД) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органға бұл туралы дереу хабарлайды.
46. ІІМ КОГҚ-ға бақылау үшін атылған немесе эксперименттік атылған сапасыз оқтар мен гильзалар ұсынылған жағдайда ІІМ ЖКД қаруды эксперименттік ату үшін сұратады.
| Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
Ойық атыс қаруында ақаудың (жарамсыздықтың) анықталуы туралы акт
Мына құрамдағы комиссия:
_______________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
төмендегілер туралы осы актіні жасады:
1. Қару туралы мәліметтер
Қарудың түрі (жауынгерлік/азаматтық/қызметтік):____________________
Типі, моделі: ___________________________________________________
Калибрі: _______________________________________________________
Зауыттық (сериялық) нөмірі: ______________________________________
Бөлініс/қару иесі: ________________________________________________
2. Анықталған ақау (жарамсыздық)
Қаруды қарап-тексеру барысында комиссия төмендегілерді анықтады:
__________________________________________________________________________
(анықталған ақаулардың қысқаша сипаттамасы, беруге болмайтын техникалық
__________________________________________________________________________
параметрлер көрсетілмейді).
3. Комиссияның қорытындысы
Баяндалғанның негізінде комиссия мынадай шешім қабылдады: бақылау мақсатында атуды жүргізбеу, ақауларды жою немесе жөндеу үшін уәкілетті бөлініске немесе қару иесіне қайтару.
5. Комиссия мүшелерінің қолдары
Комиссия мүшелері: | ____________________________________ ________________ |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) | |
____________________________________ ________________ | |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) | |
____________________________________ ________________ | |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) |
20___жылғы "___"______________
| Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Қарудан атуды және ведомстволық коллекцияға орналастырылған бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды тіркеу журналы _____________________________________________________________
(мемлекеттік орган бөлінісінің (әскери бөлімнің) атауы)
Р/с № | Қарудан ату күні | Мемлекеттік органның, ұйымның атауы, қару иесінің немесе сенімхат негізіндегі өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Қарудың түрі, моделі | Қарудың калибрі | Қарудың сериясы мен нөмірі | Шыққан жылы | Бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың саны, гильзадағы таңбалау белгілері | Актінің және номенклатуралық істің нөмірі | Бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалардың тұрған орны | Бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды есептен шығару күні мен негіздері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Өтініш
Сізден саны _________________ дана
______________________________________________________________________
(қарудың түрін, моделін, сериясын, нөмірін және шыққан жылын көрсету)
ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атуды жүргізуді сұраймын.
______________________________________________________________________
________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________
(қолы)
20___жылғы "___"______________
| Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Бақылау үшін ату актісі
___________________________________________құрамындағы комиссия
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
![]()
![]()
![]()
(керектісін белгілеу)
ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін ату фактісін куәландырады,
негіз: _______________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қару туралы мәліметтер:
Р/с № | Қарудан ату күні | Мемлекеттік органның, ұйымның атауы, қару иесінің немесе сенімхат негізіндегі өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Қарудың түрі, моделі | Қарудың калибрі | Қарудың сериясы мен нөмірі | Шыққан жылы | Атылған оқтар мен гильзалардың саны, гильзадағы таңбалау белгілері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
20___жылғы "___"______________
* "Иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)" деген бағанда азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруының иесі немесе сенімхат негізіндегі оның өкілі көрсетіледі.
| Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларына 5-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі __________________________ __________________________ (ішкі істер органының атауы) |
Азаматтық және қызметтік қарудан бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды беруді сұрату
№ ____________ | "___" _________20__ж. |
ПД ТҚеБ бастығы ________________________________________________
(ІІО атауы)
20______ жылғы "__" __________________________________________________
_______________________________________________________________ берген
(ішкі істер органының атауы)
қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге (керегінің атын сызу керек)
№_______ рұқсаты бар
______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның
______________________________________________________________________
атауы)
өтініші бойынша "Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысының 29-тармағын орындау үшін Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциясына орналастыру үшін азаматтық, қызметтік ойық ұңғылы атыс қаруынан бақылау үшін атылған оқтары мен гильзаларын жіберу қажет.
Р/с № | Қарудың атауы | Сериясы | Қарудың нөмірі | Калибрі | Бақылау үшін ату актісінің нөмірі, күні | Бақылау үшін ату актісін берген ІІО атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2 |
АҚҚАБ қызметкері ______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Бастық________________________________________________ ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
М.О.
"___" ________ 20 __ ж.
Бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды жою туралы акт
_______________________________________________________
құрамындағы (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
комиссия ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
негізінде бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды жоюды жүргізді.
Р/с № | Бақылау үшін атылған оқтар мен гильзаларды жою күні | Мемлекеттік органның, ұйымның атауы, қару иесінің немесе сенімхат негізіндегі өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Қарудың түрі, моделі | Қарудың калибрі | Қарудың сериясы мен нөмірі | Шыққан жылы | Оқтар мен гильзалардың саны, гильзадағы таңбалау белгілері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Комиссия мүшелері:
______________________________________ ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
______________________________________ ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
______________________________________ ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
20___жылғы "___"________________