ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. БЖЗҚ цифрлық жүйелердің интеграциясы арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын туған кезде алғаны туралы;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күнін көрсетіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын туғанынан кейін қабылдағаны туралы;
3) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғаны немесе шыққаны туралы;
4) қайтыс болған күнін не соттың қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің заңды күшіне енген күнін көрсетіп, қайтыс болғаны туралы;
5) ЖТ МДҚ-да қамтылған мәліметтердің жаңартылғаны туралы мәліметтерді алады.
БЖЗҚ ЖТ МДҚ-дан алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ цифрлық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін өзі қалыптастырады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жыл сайын:
1) есепті жылдан кейінгі бірінші айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей БЖЗҚ:
ағымдағы жылдың бірінші айының он бесінші күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 23:59:59-дағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға ЖТ МДҚ-дан түскен өзгерістерді ескере отырып, есепті жылдың соңындағы (31 желтоқсанды қоса алғанда) жағдай бойынша осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ЖТ МДҚ-дан алынған мәліметтердің негізінде БЖЗҚ цифрлық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін қалыптастырады;
верификациялауды жүргізу үшін "цифрлық үкімет" операторына нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін жібереді.
Егер соңғы күн жұмыс істемейтін күнге келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні соңғы күн болып есептеледі;
2) БЖЗҚ-дан электрондық тізімді алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей "цифрлық үкімет" операторы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы талаптарға қатысушылардың қалыптастырылған тізімінің дұрыстығын растайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. БЖЗҚ осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес ҚР ҰБ-дан алынған ақпараттың және осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес қалыптастырылған электрондық тізімге енгізілген нысаналы талаптарға қатысушылар санының негізінде нысаналы талаптарға бір қатысушы бойынша:
1) нысаналы талаптардың есепті жылдағы сомасы туралы;
2) есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптар сомасына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы деректерді есептейді және БЖЗҚ цифрлық жүйесіне енгізеді.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Нысаналы талаптарға қатысушылар, нысаналы жинақтарды алушылар қайтыс болса, олардың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған нысаналы жинақтарына сот актісі бойынша жүгінген адам БЖЗҚ-ға мынадай құжат тапсырады:
1) заңды күшіне енген сот актісі;
2) уәкілетті операторда АҚШ долларымен ашылған банктік шоттың деректемелері.
Осы Қағидалардың 35, 36 және 37-тармақтарында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алуға мүмкіндік болса, оларды ұсыну талап етілмейді.".
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдедегі бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |