"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының мына тізбесі бекітілсін:
1) Australian Securities Exchange;
2) Bursa Malaysia;
3) CME Group;
4) Dalian Commodity Exchange;
5) European Exchange (Eurex);
6) Hong Kong Exchanges and Clearing;
7) ICE Futures Europe;
8) ICE Futures U. S.;
9) Korea Exchange;
10) London Metal Exchange;
11) LSE Group;
12) NYSE Euronext;
13) Shanghai Futures Exchange;
14) Singapore Exchange;
15) Tokyo Commodity Exchange;
16) Zhengzhou Commodity Exchange.
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тізбеге енгізілген халықаралық тауар биржаларының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігіне жартыжылдық негізде мониторинг жүзеге асырып тұрсын.
3. "Сауда делдалы ретіндегі жеке және заңды тұлғаларды тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату талаптарымен коммерциялық кредит беру жолымен қаржыландыру шеңберінде тауарды сатып алу және сату жүргізілетін халықаралық тауар биржаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 584 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |