Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі саясатты қамтамасыз ету;";
170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179) және 180) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 323-130), 323-131), 323-132), 323-133), 323-134) және 323-135) тармақшалармен толықтырылсын:
"323-130) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мәні бар субъектілердің (объектілердің) тізілімін қалыптастыру тәртібі мен оның нысанын бекіту;
323-131) ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімінің, ерекше бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау, олардың мерзімдерін ұзарту, тексеру нәтижелері туралы актілердің, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің мониторинг жүргізу туралы шешімінің, мониторинг нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын бекіту;
323-132) денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындау;
323-133) тәуелділігі (алкогольге, есірткі заттарына, психотроптық заттарға, сол тектестерге, басқа да есеңгірететін заттарға), оның ішінде ойынға тәуелділігі (лудомания) бар адамдарға медициналық көмекті ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
323-134) денсаулық сақтау саласында нашақорлықтың, алкоголизмнің және суицидтердің профилактикасы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды үйлестіру;
323-135) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде денсаулық сақтау саласындағы бірлескен іс-шараларды әзірлеуге қатысу;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |