"Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 224 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 11.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарда:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтерi) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға "Е-қызмет" интеграцияланған цифрлық жүйесі немесе өзге де цифрлық жүйелер арқылы қайта даярлаудан және бiлiктiлiкті арттырудан өткен мемлекеттік қызметшілер туралы есепті мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша бередi.

      Жергілікті атқарушы және өкілді органдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтерi) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелеріне "Е-қызмет" интеграцияланған цифрлық жүйесі немесе өзге де цифрлық жүйелер арқылы қайта даярлаудан және бiлiктiлiкті арттырудан өткен қызметшілер туралы есепті мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша бередi.";

      30-2 және 30-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-2. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуын аяқтаған мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте және оны оқуға жіберген мемлекеттік органда жұмыспен өтеуден өтуін мониторингтеуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Мониторинг әр алты ай сайын үш жыл бойы оқуын аяқтаған адамдардың жұмыс орны туралы деректерді "Е-қызмет" интеграцияланған цифрлық жүйесі арқылы салыстырып тексеру жолымен жүргізіледі.

      30-3. "Е-қызмет" интеграцияланған цифрлық жүйесінде мемлекеттік қызметші туралы деректер болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуын аяқтаған мемлекеттік қызметшіге жұмыс орнынан анықтама беру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Хабарлама тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен және (немесе) телефонограммамен және (немесе) жеделхатпен және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарламамен не хабархатты немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

      Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуын аяқтаған мемлекеттік қызметші күнтізбелік жылдың 15 маусымынан және 15 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде Мемлекеттік басқару академиясына жұмыс орнынан анықтама береді.".

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2018 года № 125 "Об утверждении Правил подготовки, переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, требований к организациям образования, осуществляющим повышение квалификации государственных служащих"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2026 года № 224

      Вводится в действие с 11 июля 2026 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2018 года № 125 "Об утверждении Правил подготовки, переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, требований к организациям образования, осуществляющим повышение квалификации государственных служащих" следующие изменения:

      в Правилах подготовки, переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, требованиях к организациям образования, осуществляющим повышение квалификации государственных служащих, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Службы управления персоналом (кадровые службы) центральных государственных органов, их ведомств и территориальных подразделений не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным кварталом, представляют посредством интегрированной цифровой системы "Е-кызмет" или иных цифровых систем в уполномоченный орган по делам государственной службы отчет о государственных служащих, прошедших переподготовку и повышение квалификации, по форме, установленной уполномоченным органом по делам государственной службы.

      Службы управления персоналом (кадровые службы) местных исполнительных и представительных органов не позднее 5-го числа месяца, следующего за отчетным кварталом, представляют посредством интегрированной цифровой системы "Е-қызмет" или иных цифровых систем в территориальные подразделения уполномоченного органа по делам государственной службы отчет о государственных служащих, прошедших переподготовку и повышение квалификации, по форме, установленной уполномоченным органом по делам государственной службы.";

      пункты 30-2 и 30-3 изложить в следующей редакции:

      "30-2. Мониторинг прохождения отработки государственными служащими, завершившими обучение в рамках государственного заказа, на государственной службе и в государственном органе, направившем его на обучение, осуществляется уполномоченным органом по делам государственной службы.

      Мониторинг проводится каждые шесть месяцев в течение трех лет путем сверки данных о месте работы лиц, завершивших обучение, посредством интегрированной цифровой системы "Е-қызмет".

      30-3. В случае отсутствия данных о государственном служащем в интегрированной цифровой системе "Е-қызмет" уполномоченный орган по делам государственной службы направляет государственному служащему, завершившему обучение в рамках государственного заказа, уведомление о необходимости предоставления справки с места работы.

      Уведомление направляется заказным письмом с уведомлением о его вручении и (или) телефонограммой, и (или) телеграммой, и (или) текстовым сообщением по абонентскому номеру сотовой связи или электронному адресу либо с использованием иных средств связи, обеспечивающих фиксацию извещения или вызова.

      Государственный служащий, завершивший обучение в рамках государственного заказа, в срок не позднее 15 июня и 15 декабря календарного года предоставляет в Академию государственного управления справку c места работы.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 11 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов