"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 223 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережедегі 14-тармақ мынадай мазмұндағы 236-1), 236-2), 236-3), 236-4), 236-5), 236-6), 236-7), 236-8), 236-9), 236-10), 236-11), 236-12), 236-13), 236-14), 236-15), 236-16), 236-17), 236-18), 236-19), 236-20), 236-21), 236-22), 236-23), 236-24), 236-25) және 236-26) тармақшалармен толықтырылсын:

      "236-1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      236-2) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізу;

      236-3) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізу;

      236-4) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу;

      236-5) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;

      236-6) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

      236-7) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi іс-шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      236-8) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және (немесе) бекіту;

      236-9) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;

      236-10) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;

      236-11) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      236-12) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдерін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      236-13) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      236-14) Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;

      236-15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;

      236-16) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;

      236-17) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімдер қабылдау;

      236-18) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы бойынша ұсыныстар енгізу;

      236-19) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;

      236-20) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастыру;

      236-21) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімдер қабылдау;

      236-22) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асыру;

      236-23) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешімдер қабылдау;

      236-24) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;

      236-25) ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өрттердің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізу;

      236-26) қосалқы (қалалық) және көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;".

      2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он бесінші, он алтыншы, он жетінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 "Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2026 года № 223

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 "Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан" следующие дополнения:

      в Положении о Министерстве юстиции Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением, пункт 14 дополнить подпунктами 236-1), 236-2), 236-3), 236-4), 236-5), 236-6), 236-7), 236-8), 236-9), 236-10), 236-11), 236-12), 236-13), 236-14), 236-15), 236-16), 236-17), 236-18), 236-19), 236-20), 236-21), 236-22), 236-23), 236-24), 236-25) и 236-26) следующего содержания:

      "236-1) внесение предложений в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки по объемам финансирования мероприятий по мобилизационной подготовке и мобилизации;

      236-2) планирование, организация и руководство мобилизационной подготовкой организаций в соответствующей сфере государственного управления, проведение оценки мобилизационной готовности организаций, имеющих мобилизационные заказы, в порядке, установленном в правилах мобилизационной подготовки и мобилизации в Республике Казахстан;

      236-3) заключение договоров с организациями на выполнение мобилизационных заказов, внесение предложений в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки о снятии и передаче установленных мобилизационных заказов при банкротстве, реорганизации, ликвидации, изменении профиля работы организаций, имеющих мобилизационные заказы;

      236-4) проведение во взаимодействии с местными исполнительными органами Республики Казахстан мероприятий по подготовке к выполнению мобилизационных планов;

      236-5) представление в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки информации о производственных, финансовых, складских возможностях организаций для установления мобилизационных заказов;

      236-6) организация и проведение работы по бронированию военнообязанных;

      236-7) организация и обеспечение во взаимодействии с местными исполнительными органами Республики Казахстан проведения комплекса мероприятий по переводу организаций на режим военного положения при объявлении мобилизации;

      236-8) разработка и (или) утверждение нормативных правовых актов в области мобилизационной подготовки и мобилизации в соответствующей сфере государственного управления;

      236-9) разработка и утверждение мобилизационных планов по согласованию с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки;

      236-10) участие в проведении военно-экономических и командно-штабных учений;

      236-11) разработка и утверждение методики определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в соответствующей сфере, по согласованию с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки;

      236-12) проведение анализа потребностей организаций, имеющих мобилизационный заказ в соответствии с методикой определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в соответствующей сфере, для формирования номенклатуры и объемов хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва;

      236-13) внесение предложений по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва в уполномоченный орган в области государственного материального резерва;

      236-14) разработка и утверждение плана гражданской обороны Министерства;

      236-15) обеспечение исполнения нормативных правовых актов Республики Казахстан в сфере гражданской защиты в пределах своей компетенции;

      236-16) внесение предложений в Правительство Республики Казахстан о разбронировании материальных ценностей государственного резерва для оказания гуманитарной помощи по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва;

      236-17) принятие решений о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке заимствования по согласованию с уполномоченными органами в области государственного материального резерва и мобилизационной подготовки;

      236-18) внесение предложений в Правительство Республики Казахстан по объему и структуре расходов по формированию и хранению материальных ценностей мобилизационного резерва;

      236-19) внесение предложений в уполномоченный орган в области государственного материального резерва по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного резерва и о разбронировании материальных ценностей государственного резерва при изменении номенклатуры;

      236-20) размещение заказов на поставку материальных ценностей мобилизационного резерва в соответствии с номенклатурой и объемами хранения материальных ценностей государственного резерва;

      236-21) принятие решений о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке освежения;

      236-22) по решению уполномоченного органа по управлению государственным имуществом по согласованию с государственными органами – получателями и уполномоченным органом в области государственного материального резерва осуществление передачи на безвозмездной основе материальных ценностей мобилизационного резерва, подлежащих освежению, и разбронированных материальных ценностей при изменении номенклатуры на баланс других государственных органов;

      236-23) принятие решений о перемещении материальных ценностей мобилизационного резерва по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва;

      236-24) организация хранения и освежения материальных ценностей мобилизационного резерва;

      236-25) проведение мероприятий по предупреждению пожаров в подведомственных организациях;

      236-26) обеспечение создания запасных (городских) и вспомогательных пунктов управления;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзацев пятнадцатого, шестнадцатого, семнадцатого, двадцатого, двадцать первого, двадцать третьего, двадцать четвертого, двадцать пятого, двадцать шестого, двадцать седьмого, двадцать восьмого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 января 2027 года, и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов