ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 196 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
      2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ өзге де ұйымдары (келісу бойынша):
      1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
      2) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан және 10 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарынан және 25 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 30 наурыздағы
№ 196 қаулысымен
бекітілген

ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар

Паспорт

1
Атауы
ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар

2

Әзірлеу үшін негіз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 15 отырысы хаттамасының 2.2.1-тармағы

3

Іске асыру мерзімдері
2026 – 2028 жылдар

4

Әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушылардың атауы
МАМ, ҒЖБМ, СІМ, ЖАО, ЖЖОКБҰ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, "Халықаралық білім беру корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

5

Негізгі проблемалар мен оларды шешу жөніндегі міндеттерді көрсете отырып, Кешенді жоспарды қабылдау қажеттігі туралы қысқаша ақпарат
ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілету жөніндегі
2026 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарды қабылдау қажеттігі ұлттық және халықаралық деңгейде тарихи-мәдени мұраны сақтаумен және ілгерілетумен шарттасқан ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетуді тежейтін негізгі факторларға мыналар жатады: мәдени мұраны басқару бойынша білім беру бағдарламаларының, мамандарды даярлау курстарының болмауы, жергілікті қауымдастықтардың хабардар болуы мен қатысу деңгейінің төмендігі, жергілікті атқарушы органдар тарапынан, оның ішінде материалдық емес мәдени мұра элементтерін иеленушілерге арналған қолдаудың жеткіліксіздігі, туристік инфрақұрылым мен музейлендіруді дамытудың төмен деңгейі, мәдени мұраға жобалық зерттеулер жүргізудің және заманауи технологияларды пайдаланудың шектеулі болуы, номинациялық құжаттарды дайындауға бағытталған іс-шаралар мен жобаларды қаржыландырудың жеткіліксіздігі, қазақстандық және халықаралық жұртшылықтың мәдени мұраның құндылығы туралы хабардар болуының жеткіліксіздігі, оның шынайы мағынасының жете бағаланбауы немесе бұрмалануы, институционалдық құрылымдар арасында мәдени мұраны басқаруға арналған жұмыстың үйлестірілмеуі.
Кешенді жоспардың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, оны іске асыру проблемаларды жүйелі түрде шешуге, дүниежүзілік мұра объектілерін қорғау деңгейін арттыруға және елдің халықаралық имиджін нығайтуға ықпал етеді.

     

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу

нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау

мерзімі

Қаржыландыру көлемі

(млн теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:

1

Дүниежүзілік мұраның тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар бойынша жобаларды арттыру, туристік инфрақұрылымды құру 2026 жылға – 10 %, 2027 жылға – 12 %, 2028 жылға – 15 %

2

ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміндегі объектілерді арттыру 2026 жылға – 11 %, 2027 жылға – 15 %, 2028 жылға – 17 %

3

Бакалавриат пен магистратураның бейіндік пәндері шеңберінде тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау бойынша эскиздік жобалар санын арттыру 2026 жылға – 5 %, 2027 жылға – 9 %, 2028 жылға – 12 %

4

Материалдық емес мәдени мұраның репрезентативтік тізіміне енгізілетін материалдық емес мәдени мұра элементтері мен номинацияларын арттыру 2026 жылға – 10 %, 2027 жылға – 13 %, 2028 жылға – 16 %
1-бағыт. Материалдық мәдени мұраны сақтау және ілгерілету

1

1-іс-шара.
Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра объектілерін қорғау, кеңінен таныту мәселелері бойынша жергілікті тұрғындарды тарту және олардың белсенділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру

іс-шаралар

жоспары

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарының әкімдіктері, МАМ

2026 жылғы IV тоқсан,

2027 жылғы ІІІ тоқсан,

2028 жылғы ІІІ тоқсан

талап етілмейді

2

2-іс-шара.
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенциясының нормаларын ескере отырып, Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тарих және мәдениет ескерткіштерін басқару жөніндегі әдістемелік құралды шығару

әдістемелік құралды басып шығару

МАМ, "Қазқайтажаңарту" ШЖҚ РМК (келісу

бойынша)

2027 жылғы IV тоқсан

көзделген қаражат шеңберінде

бюджеттен тыс қаражат есебінен

3

3-іс-шара.
Халықаралық маңызы бар ескерткіштердің жай-күйіне мониторинг жүргізу

ескерткіштердің жай-күйі туралы анықтама

МАМ, ЖАО, республикалық музей-қорықтар (келісу бойынша), "Қазқайтажаңарту" ШЖҚ РМК (келісу

бойынша)

2026 – 2028 жылдардағы ІІІ тоқсан

талап етілмейді

4

4-іс-шара.
Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының объектісі аумағында орналасқан жерлердің меншік иелерін анықтау және растайтын құжаттармен бірге меншік иелерінің тізімін жасау

меншік иелерінің тізімі

МАМ, ЖАО

2026 жылдың

ІІ жартыжылдығы

талап етілмейді

5

5-іс-шара.
Талғар қалашығы, Қойлық қалашығы, Қарамерген қалашығы, Ақтөбе қалашығы, Құлан қалашығы, Қостөбе қалашығы, Өрнек қалашығы және Ақыртас археологиялық сарай кешені тарих және мәдениет ескерткіштерінің шекараларын (буферлік аймақтарын) тиісті жердің тарихи-сәулет тірек жоспарына және сәйкесінше карта-схемасына енгізу

ескерткіштердің шекаралары туралы ақпарат

Алматы, Жамбыл облыстарының әкімдіктері, МАМ

2026 – 2027 жылдар ішінде

талап етілмейді

6

6-іс-шара.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін ЮНЕСКО ескерткіштерінің алдын ала тізіміне қосу

ЮНЕСКО ескерткіштерінің

алдын ала тізімі

МАМ, СІМ

2027 жылдың І жартыжылдығы

талап етілмейді

7

8-іс-шара.
"Жібек жолы: Каспий-Еділ дәлізі" номинациясын ықтимал дайындау мәселесі бойынша Әзербайжанмен, Иранмен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен ведомствоаралық және сарапшылық консультациялар жүргізу

ведомствоаралық және сарапшылық консультациялардың

хаттамасы

МАМ, СІМ

2028 жылдың

І жартыжылдығы

талап етілмейді

8

8-іс-шара.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағын "Әзірет Сұлтан" музей-қорығына қайтару рәсімін аяқтау

Түркістан облысы әкімінің қаулысы

Түркістан облысының әкімдігі, МАМ

2026 жылдың ІІ жартыжылдығы

талап етілмейді

9

9-іс-шара.
Қазақстан Республикасының мәдени құндылықтарды сақтау және реставрациялау жөніндегі халықаралық зерттеу орталығына (ИККРОМ) кіруі

кіруі туралы хаттама

МАМ, СІМ

2026 – 2027 жылдардың ІІ жартыжылдығы

көзделген қаражат шеңберінде

бюджеттен тыс қаражат есебінен

10

10-іс-шара.
Музей-қорықтардың мамандарын және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қызметкерлерін Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының объектілеріне қашықтан спутниктік мониторинг жүргізу әдістеріне оқытуды ұйымдастыру

өткізілген оқыту туралы ақпарат

МАМ, республикалық музей-қорықтар

(келісу бойынша)

2027 жылдың ІІ жартыжылдығы

көзделген қаражат шеңберінде

бюджеттен тыс қаражат есебінен

11

11-іс-шара.
Бакалавриат пен магистратураның бейіндік пәндері шеңберінде тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтаудың тұжырымдамалық және эскиздік жобаларын орындау

тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау бойынша эскиздік жобалар шығару

ҒЖБМ, "Халықаралық білім беру корпорациясы" ЖШС (келісу бойынша), МАМ

2027 жылдың I жартыжылдығы

көзделген қаражат шеңберінде

"Халықаралық білім беру корпорациясы" ЖШС қаражаты шеңберінде

12

12-іс-шара.
"Эйр Астана" акционерлік қоғамымен Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының объектілері туралы танымдық мақалаларды авиакомпанияның борттық журналдарында орналастыру туралы келісім жасасу

"Эйр Астана" АҚ-мен келісім

МАМ, "Эйр Астана" АҚ (келісу бойынша)

2027 жылдың І жартыжылдығы

талап етілмейді

13

13-іс-шара.
Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері туралы ғылыми мақалаларды отандық және шетелдік журналдарда орналастыру

ғылыми мақалалар шығару

ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ, МАМ

2026 – 2027 жылдар ішінде

талап етілмейді

14

14-іс-шара.
Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының объектілері туралы ақпаратты "Qazaq culture" порталында, әлеуметтік желілерде орналастыру

порталдағы ақпарат

МАМ, республикалық музей-қорықтар

(келісу бойынша)

2026 – 2027 жылдар ішінде

талап етілмейді

15

15-іс-шара.
Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының объектілері бойынша электрондық экскурсиялық маршруттарды әзірлеу

электрондық экскурсиялық маршруттарды орналастыру

МАМ, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу

Oблыстарының әкімдіктері

2027 жылдың І жартыжылдығы

талап етілмейді

16

16-іс-шара.
Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының объектілері туралы ақпарат дайындау
 

республикалық газеттерде мақалалар жариялау, радиохабарлар шығару

МАМ, ҒЖБМ

2026 – 2028 жылдар ішінде

талап етілмейді

2-бағыт. Қазақ халқының материалдық емес мәдени мұрасын сақтау және ілгерілету

17

1-іс-шара.
Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Жетісу облыстары әкімдіктерінің, өлкетану музейлерінің, кітапханаларының, өңірлік университеттері мен этномәдени бірлестіктерінің қызметкерлеріне арналған оқу семинарларын өткізу

өткізілген семинарлардың қорытындысы бойынша есеп

МАМ, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Жетісу облыстарының әкімдіктері

2026 жылғы IV тоқсан

көзделген қаражат шеңберінде

бюджеттен тыс қаражат есебінен

18

2-іс-шара.
"Әлемдік тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және басқару" халықаралық қысқы мектебін өткізу

халықаралық қысқы мектептің қорытындылары бойынша есеп

ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ, "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" КеАҚ (келісу бойынша)

2026 жылдың I жартыжылдығы

көзделген қаражат шеңберінде

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" КеАҚ

қаражаты шеңберінде

19

3-іс-шара.
ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны сақтау жөніндегі конвенциясын іске асыру шеңберінде жұмыс істеуге сарапшылар дайындау (сарапшылық сүйемелдеу, ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны сақтау жөніндегі конвенциясын іске асыру)

жыл сайын кемінде 30 сарапшының біліктілігін арттыру

МАМ

2026 жылдың II жартыжылдығы

13,99

004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету, қоғамдық сананы жаңғырту" бюджеттік бағдарламасы

20

4-іс-шара.
Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Жетісу облыстарының материалдық емес мәдени мұрасын басқару және дамыту моделін (тиімді басқару тәсілдері) әзірлеу және тестілеуден өткізу
 

әзірленген

модель

МАМ,

Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Жетісу облыстарының әкімдіктері

2027 жылдың I жартыжылдығы

көзделген қаражат шеңберінде

бюджеттен тыс қаражат есебінен

21

5-іс-шара.
"Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында "Ұлы даланың мәдени мұрасы" ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыру және өткізу

материалдар жинағы

"Торайғыров университеті" КеАҚ

(келісу

бойынша)

2027 жылғы II тоқсан

көзделген қаражат шеңберінде

"Торайғыров университеті" КеАҚ қаражаты есебінен

22

6-іс-шара.
Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Жетісу облыстарында жойылып кету қаупі бар "Қазақ киіз үйін жасау және безендіру", "Қазақ кілем тоқу өнері" және "Терме эпикалық жанры" элементтері бойынша ақпарат жинау

материалдар жинағы

МАМ,

Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Жетісу облыстарының әкімдіктері

2026 жылғы қараша

көзделген қаражат шеңберінде

бюджеттен тыс қаражат есебінен

23

7-іс-шара.
Әзербайжан Республикасымен, Түркия Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен бірлесіп "Алпамыс батыр" көпұлтты номинациясын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізуді ілгерілету

номинацияны ілгерілету туралы қорытынды

МАМ, СІМ, ҒЖБМ

2026 – 2027 жылдар ішінде

талап етілмейді

24

8-іс-шара.
"Тақия" және "Салбурын" элементтері бойынша номинациялық құжаттарды сарапшылық қолдау және ілгерілету

номинацияны ілгерілету туралы қорытынды

МАМ, СІМ

2026 жылғы II тоқсан

талап етілмейді

25

9-іс-шара.
Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы туралы сюжеттерден құралатын бейнероликтерді кеңінен таныту мақсатында оларды әлеуметтік желілерде орналастыру

бейнероликтерді орналастыру

МАМ

2028      жылғы I тоқсан

талап етілмейді

26

10-іс-шара.
Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің кемінде екеуін халықаралық тізімдерге енгізу үшін құжаттарды дайындау (ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиямен келісу бойынша)

номинациялық құжат

МАМ, СІМ

2026 жылдың II жартыжылдығы

4,8

004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету, қоғамдық сананы жаңғырту" бюджеттік бағдарламасы

3-бағыт. ЮНЕСКО-ның "Әлем жады" бағдарламасын ілгерілету

27

1-іс-шара.
Еліміздің жазба мұрасын кешенді түрде кезең-кезеңімен түгендеу

түгендеу жүргізу туралы есеп

МАМ

2026 – 2027 жылдар ішінде

талап етілмейді

28

2-іс-шара.
Қазақстан Республикасының жазба мұрасын есепке алуды үйлестіру және әдістемелік сүйемелдеу

Қазақстанның жазба мұрасы туралы есеп

МАМ

2026 – 2027 жылдар ішінде

талап етілмейді

29

3-іс-шара.
Жазба мұраның ұлттық тізілімін әзірлеу және бекіту

ұлттық тізілім

МАМ

2027 жылдың II жартыжылдығы

талап етілмейді

30

4-іс-шара.
"Әлем жады" бағдарламасы туралы хабардар болуды арттыру бойынша екі онлайн ғылыми-практикалық семинар өткізу

семинардың өткізілуі туралы есеп

МАМ

2026 – 2027 жылдардағы IV тоқсан

талап етілмейді

31

5-іс-шара.
Қор ұстаушылары үшін сақтау мен консервациялау (превентивті реставрациялау) бойынша семинар-тренингтер өткізу

семинар-тренингтер

МАМ

2026 – 2027 жылдардағы IV тоқсан

көзделген қаражат шеңберінде

бюджеттен тыс қаражат есебінен

32

6-іс-шара.
Жазба мұраны есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар арасында тәжірибе алмасу

ұсынымдар мен әдістемелік құралдар

МАМ

2026 – 2027 жылдар ішінде

көзделген қаражат шеңберінде

бюджеттен тыс қаражат есебінен

33

7-іс-шара.
"Әлем жады" бағдарламасы шеңберінде өтінім беру материалдарын дайындауды әдістемелік сүйемелдеу

әдістемелік ұсынымдар

МАМ

2026 – 2027 жылдар ішінде

талап етілмейді

34

8-іс-шара.
Жазба мұра объектілерінің қор ұстаушылары мен құқық иеленушілерінің номинацияларды дайындау жөніндегі қызметін үйлестіру

жүргізілген үйлестіру туралы ақпарат

МАМ

2026 – 2027 жылдар ішінде

талап етілмейді

35

9-іс-шара.
Абайдың қолжазба мұрасының номинациялық құжатын ЮНЕСКО халықаралық тізілімінде сүйемелдеу

номинацияны ілгерілету туралы қорытынды

МАМ, СІМ

2026 – 2027 жылдар ішінде

талап етілмейді

36

10-іс-шара.
Жазба мұраны БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кеңінен таныту

жарияланымды шығару

МАМ

2026 – 2027 жылдар ішінде

талап етілмейді

37

11-іс-шара.
Жазба мұра мәселелері бойынша ғылыми-практикалық және тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

көрмелер, конференциялар, тақырыптық кездесулер

МАМ

2026 – 2027 жылдар ішінде

талап етілмейді

38

12-іс-шара.
"Әлем жады" халықаралық және өңірлік тізілімдеріне енген жазба мұраны қор ұстаушылардың кеңінен танытуы жөніндегі іс-шаралар

мақалаларды жариялау, телевизиялық бағдарламаларға, радиоэфирлерге қатысу

МАМ

2026 – 2028 жылдар ішінде

көзделген қаражат шеңберінде

бюджеттен тыс қаражат есебінен

39

13-іс-шара.
"Әлем жады" бағдарламасын іске асыру жөніндегі жыл сайынғы баяндаманы дайындау

баяндаманы жариялау

МАМ

2026 – 2028 жылдардағы IV тоқсан

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
      ЖАО – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары;
      ЖЖОКБҰ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
      "Қазқайтажаңарту" ШЖҚ РМҚ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
      "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" КеАҚ – "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
      "Торайғыров университеті" КеАҚ – "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
      "Халықаралық білім беру корпорациясы" ЖШС – "Халықаралық білім беру корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      "Эйр Астана" АҚ – "Эйр Астана" акционерлік қоғамы.

Об утверждении Комплексного плана по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО на 2026–2028 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2026 года № 196

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый Комплексный план по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО на 2026-2028 годы (далее - Комплексный план).
      2. Центральным государственным и местным исполнительным органам, а также иным организациям Республики Казахстан (по согласованию), ответственным за исполнение Комплексного плана:
      1) обеспечить своевременную реализацию мероприятий, предусмотренных Комплексным планом;
      2) два раза в год, не позднее 10 января и 10 июля года, следующего за отчетным периодом, представлять информацию о ходе исполнения Комплексного плана в Министерство культуры и информации Республики Казахстан.
      3. Министерству культуры и информации Республики Казахстан не позднее 25 января и 25 июля года, следующего за отчетным периодом, представлять в Аппарат Правительства Республики Казахстан сводную информацию о ходе выполнения мероприятий Комплексного плана.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 30 марта 2026 года № 196

Комплексный план
по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО на 2026 - 2028 годы

      Паспорт

1
Наименование
Комплексный план по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО на 2026 - 2028 годы.
2
Основание для разработки
Пункт 2.2.1 протокола заседания Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2025 года № 15.
3
Сроки реализации
2026 - 2028 годы.
4
Наименования государственного органа разработчика и соисполнителей
МКИ, МНВО, МИД, МИО, ОВПО, республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Казреставрация" Комитета культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан, товарищество с ограниченной ответственностью "Международная образовательная корпорация", некоммерческое акционерное общество "Торайгыров университет", некоммерческое акционерное общество "Южно-Казахстанский университет имени М. Ауэзова".
5
Краткая информация о необходимости принятия Комплексного плана с указанием основных проблем и задач по их решению
Необходимость принятия Комплексного плана по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО на 2026 - 2028 годы обусловлена сохранением и продвижением историко-культурного наследия на национальном и международном уровне. К основным факторам, сдерживающим сохранение и продвижение культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО, относятся: отсутствие образовательных программ, курсов подготовки специалистов, а также низкий уровень осведомленности и вовлеченности местных сообществ по управлению культурным наследием, недостаточная поддержка со стороны местных исполнительных органов, в том числе для носителей элементов нематериального культурного наследия, низкий уровень развития туристической инфраструктуры и музеефикации, ограниченное проведение проектных исследований культурного наследия и использование современных технологий, недостаток финансирования мероприятий и проектов, направленных на подготовку номинационных документов, неудовлетворительная информированность казахстанской и международной общественности о ценности культурного наследия, недооценка или искажение его подлинного смысла, отсутствие гармонизации работы между институциональными структурами для управления культурным наследием.
Основной задачей Комплексного плана является сохранение историко-культурного наследия Республики Казахстан, реализация которого будет способствовать системному решению проблем, повышению уровня охраны объектов всемирного наследия и укреплению международного имиджа страны.

     

№ п/п
Наименование
Форма завершения
Ответственные исполнители
Срок исполнения
Объем финансирования
(млн. тенге)
Источники финансирования
1
2
3
4
5
6
7
Ожидаемые результаты:
1
Увеличение проектов по научно-реставрационным работам на памятниках истории и культуры всемирного наследия, создание туристической инфраструктуры на 2026 год - 10 %, 2027 год - 12 %, 2028 год - 15 %
2
Увеличение объектов предварительного списка ЮНЕСКО на 2026 год - 11 %, 2027 год - 15 %, на 2028 год -17 %
3
Увеличение эскизных проектов сохранения памятников историко-культурного наследия в рамках профильных дисциплин бакалавриата и магистратуры на 2026 год - 5 %, 2027 год - 9 %, на 2028 год - 12 %
4
Увеличение номинаций элементов нематериального культурного наследия, внесенных в репрезентативный список нематериального культурного наследия на 2026 год - 10 %, 2027 год - 13 %, на 2028 год - 16 %
 
Направление 1. Сохранение и продвижение материального культурного наследия
1
Мероприятие 1.
Реализация мер по вовлечению и активизации местных жителей к вопросам охраны, популяризации объектов всемирного наследия ЮНЕСКО в Казахстане
 
План мероприятий
акиматы Алматинской, Туркестанской, Жамбылской областей и области Жетісу, МКИ
IV квартал 2026 года,
IІІ квартал 2027 года,
ІІІ квартал 2028 года
 
не требуются
2
Мероприятие 2.
Выпуск методического пособия по управлению памятниками истории и культуры всемирного наследия ЮНЕСКО в Казахстане с учетом норм Конвенции об охране всемирного культурного и природного наследия ЮНЕСКО
Издание методического пособия
МКИ,
РГП на ПХВ "Казреставрация" (по согласованию)
IV квартал 2027 года
 
в рамках предусмотренных средств
за счет внебюджетных средств -
3
Мероприятие 3.
Проведение мониторинга состояния памятников международного значения
справка о состоянии памятников
МКИ, МИО,
республиканские музеи-заповедники (по согласованию), РГП на ПХВ "Казреставрация" (по согласованию)
IІІ квартал 2026-2028 годов
 
не требуются
4
Мероприятие 4.
Выявление собственников земель, на территории которых находится объект всемирного наследия ЮНЕСКО в Казахстане, и составление списка собственников с подтверждающими документами
Список собственников
МКИ, МИО
ІІ полугодие 2026 года
 
не требуются
5
Мероприятие 5.
Включение границ (буферных зон) памятников истории и культуры: городище Талгар, городище Койлык, городище Карамерген, городище Актобе, городище Кулан, городище Костобе, городище Орнек и археологический дворцовый комплекс Акыртас в историко-архитектурный опорный план и карту-схему соответствующей местности
информация о границах памятников
акиматы Алматинской, Жамбылской областей,
МКИ
в течение 2026-2027 годов
 
не требуются
6
Мероприятие 6.
Внесение объектов историко-культурного наследия в предварительный список памятников ЮНЕСКО
предварительный список памятников ЮНЕСКО
МКИ, МИД
І полугодие 2027 года
 
не требуются
7
Мероприятие 7.
Проведение межведомственных и экспертных консультаций с Азербайджаном, Ираном, Российской Федерацией, Туркменистаном по вопросу возможной подготовки номинации "Шелковый путь: Каспийско-Волжский коридор"
протокол межведомственных и экспертных консультаций
МКИ, МИД
І полугодие 2028 года
 
не требуются
8
Мероприятие 8.
Завершение процедуры возвращения территории мавзолея Ходжа Ахмеда Ясауи в музей-заповедник "Әзірет Сұлтан"
Постановление акима Туркестанской области
акимат Туркестанской области, МКИ
ІІ полугодие 2026 года
 
не требуются
9
Мероприятие 9.
Вступление Республики Казахстан в международный исследовательский центр по сохранению и реставрации культурных ценностей (ИККРОМ)
протокол о вступлении
МКИ, МИД
ІІ полугодие 2026-2027 годов
в рамках предусмотренных средств
за счет внебюджетных средств
10
Мероприятие 10.
Организация обучения специалистов музеев-заповедников и сотрудников Комитета культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан методам дистанционного спутникового мониторинга объектов всемирного наследия ЮНЕСКО в Казахстане
информация о проведенном обучении
МКИ,
республиканские музеи-заповедники
(по согласованию)
ІІ полугодие 2027 года
в рамках предусмотренных средств
за счет внебюджетных средств
11
Мероприятие 11.
Выполнение концептуальных и эскизных проектов сохранения памятников историко-культурного наследия в рамках профильных дисциплин бакалавриата и магистратуры
Выпуск эскизных проектов по сохранению памятников историко-культурного наследия
МНВО,
ТОО "Международная образовательная корпорация"
(по согласованию),
МКИ
І полугодие 2027 года
в рамках предусмотренных средств
в рамках средств ТОО "Международная образовательная корпорация"
12
Мероприятие 12.
Заключение соглашения с акционерным обществом "Эйр Астана" о размещении познавательных статей об объектах всемирного наследия ЮНЕСКО в Казахстане в бортовых журналах aвиакомпании
соглашение с АО "Эйр Астана"
МКИ,
АО
"Эйр Астана"
(по согласованию)
І полугодие 2027 года
 
не требуются
13
Мероприятие 13.
Размещение научных статей о казахстанских историко-культурных объектах в отечественных и зарубежных журналах
Выпуск научных статей
МНВО, ОВПО, МКИ
в течение 2026-2027 годов
 
не требуются
14
Мероприятие 14.
Размещение информации на портале "Qazaq culture", в социальных сетях об объектах всемирного наследия ЮНЕСКО в Казахстане
информация на портале
МКИ, республиканские музеи-заповедники
(по согласованию)
в течение 2026-2027 годов
 
не требуются
15
Мероприятие 15.
Разработка электронных экскурсионных маршрутов по объектам всемирного наследия ЮНЕСКО в Казахстане
размещение электронных экскурсионных маршрутов
МКИ, акиматы Алматинской, Жамбылской, Туркестанской областей и области Жетісу
І полугодие 2027 года
 
не требуются
16
Мероприятие 16.
Подготовка информации об объектах всемирного наследия ЮНЕСКО в Казахстане
публикации статей в республиканских газетах, выпуск радиопередач
МКИ, МНВО
в течение 2026-2028 годов
 
не требуются
Направление 2. Сохранение и продвижение нематериального культурного наследия казахского народа
17
Мероприятие 1.
Проведение учебных семинаров для сотрудников акиматов, краеведческих музеев, библиотек, региональных университетов и этнокультурных объединений Атырауской, Восточно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской областей и области Жетісу
отчет по итогам проведенных семинаров
МКИ,
акиматы Атырауской, Восточно-Казахстанской, Карагандинской и Кызылординской областей и области Жетісу
IV квартал 2026 года
в рамках предусмотренных средств
за счет внебюджетных средств
18
Мероприятие 2.
Проведение международной зимней школы "Охрана, сохранение и управление мировым историко-культурным наследием"
отчет по итогам международной зимней школы
МНВО, ОВПО, НАО "Южно-Казахстанский университет имени М. Ауэзова" (по согласованию)
І полугодие 2026 года
в рамках предусмотренных средств
в рамках средств НАО "Южно-Казахстанский университет имени М. Ауэзова"
19
Мероприятие 3.
Подготовка экспертов для работы в рамках реализации Конвенции ЮНЕСКО по сохранению нематериального культурного наследия (экспертное сопровождение, реализация Конвенции ЮНЕСКО об охране нематериального культурного наследия)
повышение квалификации не менее 30 экспертов ежегодно
МКИ
ІІ полугодие 2026 года
13,99
бюджетная программа 004 "Обеспечение укрепления взаимоотношений институтов гражданского общества и государства, модернизация общественного сознания"
20
Мероприятие 4.
Разработка и тестирование модели (эффективные управленческие подходы) к управлению, сохранению и развитию нематериального культурного наследия Атырауской, Восточно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской областей и области Жетісу
разработанная модель
МКИ,
акиматы Атырауской, Восточно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской областей и области Жетісу
І полугодие 2027 года
в рамках предусмотренных средств
за счет внебюджетных средств
21
Мероприятие 5.
Организация и проведение на базе некоммерческого акционерного общества "Торайгыров университет" научно-практической конференции "Культурное наследие Великой степи"
сборник материалов
НАО "Торайгыров университет"
(по согласованию)
ІІ квартал 2027 года
в рамках предусмотренных средств
за счет средств НАО "Торайгыров университет"
22
Мероприятие 6.
Сбор информации об элементах "Изготовление и декорация казахской юрты", "Казахское ковроткачество" и "Эпический жанр терме", находящихся под угрозой исчезновения в Атырауской, Восточно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской областях и области Жетісу
сборник материалов
МКИ,
акиматы Атырауской, Восточно-Казахстанской, Карагандинской и Кызылординской областей и области Жетісу
ноябрь 2026 года
в рамках предусмотренных средств
за счет внебюджетных средств
23
Мероприятие 7.
Продвижение многонациональной номинации "Алпамыс батыр" для внесения в список нематериального культурного наследия ЮНЕСКО совместно с Азербайджанской Республикой, Турецкой Республикой, Республикой Узбекистан, Туркменистаном
заключение о продвижении номинации
МКИ, МИД, МНВО
в течение 2026-2027 годов
 
не требуются
24
Мероприятие 8.
Экспертная поддержка и продвижение номинационных досье по элементам "Тақия" и "Салбурын"
заключение о продвижении номинации
МКИ, МИД
II квартал
2026 года
 
не требуются
25
Мероприятие 9.
Размещение видеороликов из сюжетов о нематериальном культурном наследии Казахстана в социальных сетях в целях их популяризации
размещение видеороликов
МКИ
I квартал 2028 года
 
не требуются
26
Мероприятие 10.
Подготовка документов для внесения не менее двух элементов нематериального культурного наследия в международные списки (по согласованию с Национальной комиссией по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО)
номинационное досье
МКИ, МИД
II квартал
2026 года
4,8
бюджетная программа 004 "Обеспечение укрепления взаимоотношений институтов гражданского общества и государства, модернизация общественного сознания"
Направление 3. Продвижение программы ЮНЕСКО "Память мира"
27
Мероприятие 1.
Комплексная поэтапная инвентаризация письменного наследия страны
отчет о проведении инвентаризации
МКИ
в течение 2026-2027 годов
 
не требуются
28
Мероприятие 2.
Координация и методическое сопровождение учета письменного наследия Республики Казахстан
отчет о письменном наследии Казахстана
МКИ
в течение 2026-2027 годов
 
не требуются
29
Мероприятие 3.
Разработка и утверждение национального реестра письменного наследия
национальный реестр
МКИ
ІІ полугодие 2027 года
 
не требуются
30
Мероприятие 4.
Проведение двух онлайн научно-практических семинаров по повышению осведомлҰнности о программе "Память мира"
отчет о проведении семинара
МКИ
ІV квартал 2026-2027 годов
 
не требуются
31
Мероприятие 5.
Проведение семинаров-тренингов для фондодержателей по сохранности и консервации (превентивная реставрация)
семинары-тренинги
МКИ
IV квартал 2026-2027 годов
в рамках предусмотренных средств
за счет внебюджетных средств
32
Мероприятие 6.
Обмен опытом между организациями, осуществляющими учет и сохранение письменного наследия
рекомендации и методические пособия
МКИ
в течение 2026-2027 годов
в рамках предусмотренных средств
за счет внебюджетных средств
33
Мероприятие 7.
Методическое сопровождение подготовки заявочных материалов в рамках программы "Память мира"
методические рекомендации
МКИ
в течение 2026-2027 годов
 
не требуются
34
Мероприятие 8.
Координация деятельности фондодержателей и правообладателей объектов письменного наследия по подготовке номинаций
информация о проведенной координации
МКИ
в течение 2026-2027 годов
 
не требуются
35
Мероприятие 9.
Сопровождение номинационного досье рукописного наследия Абая в международном реестре ЮНЕСКО
заключение о продвижении номинации
МКИ, МИД
в течение 2026-2027 годов
 
не требуются
36
Мероприятие 10.
Популяризация письменного наследия в СМИ и социальных сетях
Выпуск публикации
МКИ
в течение 2026-2028 годов
 
не требуются
37
Мероприятие 11.
Организация и проведение научно-практических и тематических мероприятий по вопросам письменного наследия
выставки, конференции, тематические встречи
МКИ
в течение 2026-2027 годов
 
не требуются
38
Мероприятие 12.
Мероприятия по популяризации фондодержателями письменного наследия, вошедшего в международный и региональный реестры "Память мира"
публикация статей,
участие в телевизионных программах, радиоэфирах
МКИ
в течение 2026-2028 годов
в рамках предусмотренных средств
за счет внебюджетных средств
39
Мероприятие 13.
Подготовка ежегодного доклада по реализации программы "Память мира"
публикация доклада
МКИ
IV квартал 2026-2028 годов
 
не требуются

      Примечание: расшифровка аббревиатур:
      МНВО - Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан;
      МИО - местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы;
      ОВПО - организация высшего и (или) послевузовского образования;
      РГП на ПХВ "Казреставрация" - республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Казреставрация" Комитета культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан;
      МКИ - Министерство культуры и информации Республики Казахстан;
      НАО "Южно-Казахстанский университет имени М. Ауэзова" - некоммерческое акционерное общество "Южно-Казахстанский университет имени М. Ауэзова";
      МИД - Министерство иностранных дел Республики Казахстан;
      НАО "Торайгыров университет" - некоммерческое акционерное общество "Торайгыров университет";
      ТОО "Международная образовательная корпорация" - товарищество с ограниченной ответственностью "Международная образовательная корпорация";
      АО "Эйр Астана" - акционерное общество "Эйр Астана".
      _______________________________________________________