ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
1009) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1010), 1011), 1012), 1013), 1014), 1015), 1016), 1017), 1018), 1019), 1020), 1021), 1022), 2023), 1024), 1025), 1026), 1027), 1028), 1029) және 1030) тармақшаларымен толықтырылсын:
"1010) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлем есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
1011) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемін қалыптастыру үшін, тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
1012) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
1013) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;
1014) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдау;
1015) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;
1016) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлеміне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстар орналастыру;
1017) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдау;
1018) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асыру;
1019) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешімдер қабылдау;
1020) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;
1021) Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;
1022) ведомстволық бағынысты ұйымдарда өрт қаупінің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізу;
1023) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және бекіту;
1024) қосалқы (қалалық) және көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
1025) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
1026) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау үшін ұйымдардың тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
1027) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру жөнінде ұсыныстар жіберу;
1028) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұйымдастырушылық көмек көрсету;
1029) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құру және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын ішкі бақылауды жүзеге асыру;
1030) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын қоспағанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |