"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қабылданған әр мөлшерлемеден букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін аударымдар (бұдан әрі – аударымдар) 3,3 (үш бүтін оннан үш) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға осы қаулының 1-тармағында белгіленген мөлшерде ұстап қалатын аударымдарды жіберудің мынадай пропорциялары айқындалсын:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға 45 (қырық бес) пайыз;
2) олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына 21 (жиырма бір) пайыз;
3) "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 21 (жиырма бір) пайыз;
4) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге 13 (он үш) пайыз.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |