"Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 147 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 11.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік құпияны Қазақстан Республикасының ұйымдарына немесе азаматтарына беру тапсырыс беруші мен тапсырысты орындаушы арасында жасалатын бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге арналған шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      Тапсырыс беруші мен тапсырысты орындаушының арасында жасалатын бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге арналған шартта азаматтық заңнамаға сәйкес мынадай мәселелер реттелуі қажет:

      1) жұмыстарды жүргізу процесінде де, олар аяқталғаннан кейін де мемлекеттік құпияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушінің бақылауды жүзеге асыруының тәртібі мен тапсырысты орындаушының жауапкершілігі;

      2) мемлекеттік құпияны қорғау жөніндегі жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) қаржыландыру шарттары;

      3) ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік құпия пайдаланылатын жұмыстарды жүргізуге рұқсатының не лауазымды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасының азаматына ресімделген мемлекеттік құпияларға рұқсаттың бар-жоғы туралы мәліметтер (нөмірі, күні, қолданылу мерзімі және кім берген);

      4) беру жоспарланып отырған мемлекеттік құпиялардың тізбесі (тізбе бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге арналған шартқа бөлек қосымша ретінде ресімделеді, онда берілетін құжаттардың (жеткізгіштердің) атаулары, құпиялылық белгілері, есептік нөмірлері, даналардың нөмірлері, парақтарының саны көрсетіледі).

      Бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге арналған шарттың нысанасы тапсырыс берушіге тиесілі, мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған цифрлық жүйелерге қызмет көрсету болса, берілетін құжаттардың (жеткізгіштердің) атауларының орнына бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге арналған шартқа еркін нысандағы анықтама қоса беріледі, онда қызмет көрсетілетін цифрлық жүйелерде айналымда жүрген, мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтердің қысқаша сипаты көрсетіледі.

      Бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге арналған шартты жасасуға, сондай-ақ оның орындалуын бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшені тапсырыс берушінің басшысы айқындайды.".

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2001 года № 743 "Об утверждении Правил передачи сведений, составляющих государственные секреты, в связи с выполнением совместных секретных работ"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2026 года № 147

      Вводится в действие с 11 июля 2026 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2001 года № 743 "Об утверждении Правил передачи сведений, составляющих государственные секреты, в связи с выполнением совместных секретных работ" следующее изменение:

      в Правилах передачи сведений, составляющих государственные секреты, в связи с выполнением совместных секретных работ, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Передача государственных секретов организациям или гражданам Республики Казахстан осуществляется на основе договора на проведение совместных секретных работ, заключаемого между заказчиком и исполнителем заказа.

      В договоре на проведение совместных секретных работ, заключаемом между заказчиком и исполнителем заказа, в соответствии с гражданским законодательством необходимо урегулирование следующих вопросов:

      1) порядок осуществления контроля заказчиком и ответственность исполнителя заказа по обеспечению сохранности государственных секретов как в процессе проведения работ, так и по их завершении;

      2) условия финансирования работ (услуг) по защите государственных секретов;

      3) сведения о наличии разрешения органов национальной безопасности на проведение работ с использованием государственных секретов либо оформленного допуска должностного лица или гражданина Республики Казахстан к государственным секретам (номер, дата, срок действия и кем выдан);

      4) перечень планируемых к передаче государственных секретов (перечень оформляется в виде самостоятельного приложения к договору на проведение совместных секретных работ, в котором указываются наименования передаваемых документов (носителей), грифы секретности, учетные номера, номера экземпляров, количество листов).

      В случаях, когда предметом договора на проведение совместных секретных работ является обслуживание цифровых систем в защищенном исполнении, отнесенных к государственным секретам, принадлежащих заказчику, вместо наименований передаваемых документов (носителей) к договору на проведение совместных секретных работ прикладывается справка в произвольной форме, в которой отражается краткое описание циркулирующих сведений, составляющих государственные секреты, в обслуживаемых цифровых системах.

      Структурное подразделение, ответственное за заключение договора на проведение совместных секретных работ, а также контроль его исполнения определяются руководителем заказчика.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 11 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов