"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысымен бекітілген Мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ" КеАҚ) "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ЯТП" АҚ) 100 (бір жүз) пайыз мөлшеріндегі акциялар пакетін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-224-жолмен толықтырылсын:
"21-224. "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамы.";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне:" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 412-жолмен толықтырылсын:
"412. "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамы.".
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ" КеАҚ-мен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) "ЯТП" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |