"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 ақпандағы № 107 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5), 16-6), 16-7), 16-8), 16-9), 16-10), 16-11), 16-12), 16-13), 16-14), 16-15), 16-16), 16-17), 16-18), 16-19), 16-20), 16-21), 16-22), 16-23), 16-24), 16-25), 16-26), 16-27), 16-28), 16-29), 16-30), 16-31), 16-32), 16-33), 16-34), 16-35) және 16-36) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

      16-2) реттелетін салада ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізеді;

      16-3) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасады, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      16-4) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарын орындауға дайындық жөнiндегi шараларды жүргiзедi;

      16-5) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді;

      16-6) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

      16-7) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      16-8) реттелетін салада жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді;

      16-9) жұмылдыру жоспарын әзірлейді, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      16-10) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

      16-11) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;

      16-12) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін реттелетін салада арнайы құралымдарды ұйымдастырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

      16-13) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша реттелетін салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      16-14) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдерін қалыптастыру үшін реттелетін салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;

      16-15) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

      16-16) Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      16-17) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

      16-18) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;

      16-19) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау үшін ұйымдардың тізбесі жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      16-20) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру жөнінде ұсыныстар жібереді;

      16-21) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;

      16-22) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;

      16-23) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

      16-24) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      16-25) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;

      16-26) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастырады;

      16-27) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

      16-28) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;

      16-29) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      16-30) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастырады;

      16-31) ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өрттердің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізеді;

      16-32) азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелеріне басшылықты жүзеге асырады;

      16-33) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құрады және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      16-34) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

      16-35) қосалқы (қалалық) және көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;

      16-36) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды орындайды;".

      2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші және отыз тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұл ретте:

      1) осы қаулының 1-тармағының жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтары 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      2) осы қаулының 1-тармағының жиырма бесінші абзацы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсiн:

      "16-22) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;".

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 863 "Некоторые вопросы Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 февраля 2026 года № 107

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 863 "Некоторые вопросы Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан" следующие дополнения:

      в Положении о Министерстве водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 15 дополнить подпунктами 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5), 16-6), 16-7), 16-8), 16-9), 16-10), 16-11), 16-12), 16-13), 16-14), 16-15), 16-16), 16-17), 16-18), 16-19), 16-20), 16-21), 16-22), 16-23), 16-24), 16-25), 16-26), 16-27), 16-28), 16-29), 16-30), 16-31), 16-32), 16-33), 16-34), 16-35) и 16-36) следующего содержания:

      "16-1) вносит предложения в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки по объемам финансирования мероприятий по мобилизационной подготовке и мобилизации;

      16-2) планирует, организует и руководит мобилизационной подготовкой организаций в регулируемой сфере, проводит оценку мобилизационной готовности организаций, имеющих мобилизационные заказы, в порядке, установленном в правилах мобилизационной подготовки и мобилизации в Республике Казахстан;

      16-3) заключает договоры с организациями на выполнение мобилизационных заказов, вносит предложения в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки о снятии и передаче установленных мобилизационных заказов при банкротстве, реорганизации, ликвидации, изменении профиля работы организаций, имеющих мобилизационные заказы;

      16-4) проводит во взаимодействии с местными исполнительными органами Республики Казахстан мероприятия по подготовке к выполнению мобилизационного плана;

      16-5) предоставляет в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки информацию о производственных, финансовых, складских возможностях организаций для установления мобилизационных заказов;

      16-6) организует и проводит работу по бронированию военнообязанных;

      16-7) при объявлении мобилизации организует и обеспечивает во взаимодействии с местными исполнительными органами Республики Казахстан проведение комплекса мероприятий по переводу организаций на режим военного положения;

      16-8) разрабатывает и (или) утверждает нормативные правовые акты в области мобилизационной подготовки и мобилизации в регулируемой сфере;

      16-9) разрабатывает, согласовывает с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки и утверждает мобилизационный план;

      16-10) вносит в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки предложения по совершенствованию мобилизационной подготовки и мобилизации;

      16-11) участвует в проведении военно-экономических и командно-штабных учений;

      16-12) организует и обеспечивает деятельность специальных формирований в регулируемой сфере для выполнения задач в интересах Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, специальных государственных органов, а также для обеспечения бесперебойной работы экономики и жизнедеятельности населения Республики Казахстан в период мобилизации, военного положения и в военное время;

      16-13) разрабатывает и утверждает методику определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в регулируемой сфере, по согласованию с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки;

      16-14) проводит анализ потребностей организаций, имеющих мобилизационный заказ в соответствии с методикой определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в регулируемой сфере, для формирования номенклатуры и объемов хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва;

      16-15) вносит предложения по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва в уполномоченный орган в области государственного материального резерва;

      16-16) разрабатывает и утверждает план гражданской обороны Министерства;

      16-17) разрабатывает, утверждает и (или) согласовывает нормативы, нормативные технические документы и правила, ведет государственный отраслевой учет чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и представляет эти данные в уполномоченный орган в сфере гражданской защиты;

      16-18) организует научные исследования, пропаганду знаний, обучение населения и специалистов в сфере гражданской защиты;

      16-19) готовит предложения по перечню организаций для хранения материальных ценностей государственного резерва;

      16-20) направляет предложения по перемещению материальных ценностей мобилизационного резерва в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки;

      16-21) оказывает организационную помощь уполномоченному органу в области государственного материального резерва при формировании и хранении материальных ценностей государственного резерва;

      16-22) по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва вносит предложения в Правительство Республики Казахстан о заимствовании и разбронировании материальных ценностей государственного резерва;

      16-23) по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва и мобилизационной подготовки принимает решения о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке заимствования;

      16-24) вносит предложения в Правительство Республики Казахстан по объему и структуре расходов по формированию и хранению материальных ценностей мобилизационного резерва;

      16-25) вносит предложения в уполномоченный орган в области государственного материального резерва по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного резерва и о разбронировании материальных ценностей государственного резерва при изменении номенклатуры;

      16-26) размещает заказы на поставку материальных ценностей мобилизационного резерва в соответствии с номенклатурой и объемами хранения материальных ценностей государственного резерва;

      16-27) принимает решение о выпуске материальных ценностей из мобилизационного резерва в порядке освежения;

      16-28) по решению уполномоченного органа по управлению государственным имуществом по согласованию с государственными органами – получателями и уполномоченным органом в области государственного материального резерва осуществляет передачу на безвозмездной основе материальных ценностей мобилизационного резерва, подлежащих освежению, и разбронированных материальных ценностей при изменении номенклатуры на баланс других государственных органов;

      16-29) по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва принимает решения о перемещении материальных ценностей мобилизационного резерва;

      16-30) организует хранение и освежение материальных ценностей мобилизационного резерва;

      16-31) проводит мероприятия по предупреждению пожаров в подведомственных организациях;

      16-32) осуществляет руководство отраслевыми подсистемами гражданской защиты;

      16-33) создает запасы имущества гражданской обороны в подведомственных организациях и осуществляет внутренний контроль за их хранением, обновлением и поддержанием в готовности к применению;

      16-34) разрабатывает и утверждает планы действий по ликвидации чрезвычайных ситуаций глобального и регионального масштабов по согласованию с уполномоченным органом в сфере гражданской защиты;

      16-35) обеспечивает создание запасных (городских) и вспомогательных пунктов управления;

      16-36) выполняет требования по предупреждению чрезвычайных ситуаций;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзацев шестнадцатого, семнадцатого, восемнадцатого, двадцать шестого, двадцать восьмого, двадцать девятого, тридцатого, тридцать первого, тридцать второго, тридцать третьего и тридцать девятого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 января 2027 года.

      При этом установить, что:

      1) абзацы двадцать второй, двадцать третий и двадцать четвертый пункта 1 настоящего постановления действуют до 1 января 2027 года;

      2) с 1 января 2027 года абзац двадцать пятый пункта 1 настоящего постановления действует в следующей редакции:

      "16-22) по согласованию с уполномоченным органом в области государственного материального резерва вносит предложения в Правительство Республики Казахстан о разбронировании материальных ценностей государственного резерва для оказания гуманитарной помощи;".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов