Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 313-1) тармақшамен толықтырылсын:
"313-1) ішкі істер органдарының ақпараттық жүйелерімен, мобильді қосымшаларымен және мобильді сервистерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |