Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
12-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) әділет органдарының қызметін автоматтандыру;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) әділет саласында жасанды интеллектіні ендіру;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) заң жобалау жұмысы, заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын әзірлеу;";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) құқықтық ақпараттандыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізу;";
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының нормативтік құқықтық актілерін, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және ревизиялық комиссиялардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу;";
мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"27-1) төрелік қызмет саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
27-2) құқық қолдану практикасын талдау және төрелік туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;";
мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
"49-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз құзыреті шегінде петицияларды қарау;";
104) және 105) тармақшалар мынадай редакцияда жасылсын:
"104) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тіркеу және оған (оларға) өзгерістер енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
105) патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметі мәселелері жөніндегі комиссия, апелляциялық кеңес, апелляциялық комиссия, тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;";
108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"108) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"114) туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келісімінсіз жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақы мөлшерін, оны жинау, бөлу және төлеу қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 114-5), 114-6), 114-7), 114-8), 114-9) және 114-10) тармақшалармен толықтырсын:
"114-5) аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу қағидаларын, оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
114-6) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оның пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсыну қағидаларын бекіту;
114-7) жиналған, бөлінген, төленген сыйақы, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның шығыстарын жабуға бағытталған сыйақы туралы мәліметтерді бірыңғай цифрлық платформаға енгізу қағидалары мен нысанын бекіту;
114-8) тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі ретінде тану қағидаларын бекіту;
114-9) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау қағидаларын бекіту;
114-10) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;";
144) тармақша алып тасталсын;
200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"200) сот сараптамасы органының бірінші басшысының ұсынуы бойынша сот сараптамалары органының штат кестесін және құрылымын келісу;";
мынадай мазмұндағы 241-1) тармақшамен толықтырылсын:
"241-1) инвестициялар туралы келісімдердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;";
265) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"265) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекiту;";
271) тармақша алып тасталсын;
Министрліктің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |