Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар, Қостанай облысының әкімдігі, сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 10 ақпаннан және 10 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 наурыздан және 1 қыркүйектен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 желтоқсандағы № 13 қаулысымен бекітілген |
Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с | Атауы | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар |
Қаржыландыру көлемі, | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Өнеркәсіп және көлік | ||||||
1. | Жангелдин ауданының Жыланшық кен орны бойынша инвестор өтініш берсе, жер қойнауын геологиялық зерделеуге лицензия беру | ЖҚГЗ-ға лицензия | 2026 жыл | ӨҚМ, Қостанай облысының әкімдігі, жеке инвестор | талап етілмейді | |
2. | "М-42-50-Б парақта 1:50 000 масштабтағы жалпы іздестірумен геологиялық түсірілім (328 км2)" объектісі бойынша жер қойнауына мемлекеттік зерделеу жүргізу | жер қойнауын геологиялық зерделеу нәтижелері туралы есеп | 2026 жыл | ӨҚМ, Қостанай облысының әкімдігі, жеке инвесторлар | көзделген қаражат шегінде | |
2027 жыл | ||||||
2028 жыл | ||||||
3. | Арқалық қаласы әуежайының ұшып көтерілу-қону жолағын, рульдеу жолын және перронын реконструкциялау | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, КМ | 5 712,6 | РБ |
2 073,3 | ЖБ | |||||
4. | Арқалық қаласының әуежайында автономды қазандығы бар терминал салу (І кезек) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, КМ | 3 000,0 | РБ |
968,1 | ЖБ | |||||
5. | Арқалық қаласының әуежайында автономды қазандығы бар терминал салу (ІІ кезек) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, КМ | 5 000,0 | БК |
6. | Арқалық қаласы әуежайының аэронавигациялық мұнарасы үшін жабдық (оның ішінде метео және навигациялық) сатып алу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | КМ, Қостанай облысының әкімдігі, "Қазаэронавигация" РМК (келісу бойынша) | 7 500,0 | ЖИ |
7. | Арқалық қаласында және Торғай ауылында жаңа маршрут бойынша ЖҚС салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, жеке инвестор, КМ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | 1 600,0 | ЖИ |
2. Туризм және спорт | ||||||
8. | Амангелді ауданының Амангелді ауылында көпбейінді туристік кешен салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, жеке инвестор | 3 500,0 | ЖИ |
9. | Арқалық қаласында "Hanzada" кемпингін салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, жеке инвестор | 400,0 | ЖИ |
10. | Жангелдин ауданының Торғай үстіртінде глэмпинг ұйымдастырып, "Интераңшылық" аңшылық туризмі жобасын құру | ТСМ-ге ақпарат | 2028 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, жеке инвестор | инвестордың өз қаражаты | ЖИ |
11. | Арқалық қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), ТСМ | 409,3 | ЖИ |
300,0 | МБ | |||||
12. | Арқалық қаласында жабық хоккей кортын салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), ТСМ | 345,1 | ЖИ |
200 | ЖБ | |||||
13. | Арқалық қаласында Ы. Алтынсарин атындағы АрқПУ оқу корпусы үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, ҒЖБМ | 605,8 | БК |
14. | Амангелді ауданы Амангелді ауылындағы стадионды реконструкциялау | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, ТСМ | 15,0 | ЖБ |
2027 жыл | 405,0 | БК | ||||
45,0 | ЖБ | |||||
15. | Киелі, мәдени және туристік объектілерге баратын экскурсиялық маршруттарды әзірлеу | мемлекеттік тізілімге қосылған туристік маршрут | 2027 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, ТСМ | талап етілмейді | |
3. Агроөнеркәсіптік кешен | ||||||
16. | Бюджеттік кредиттеу есебінен Арқалық қаласында құрамажем зауытын пайдалануға беріп, қуаты жылына 300 млн данаға дейін жұмыртқа шығаратын жұмыртқа құс фабрикасын кеңейту және жаңғырту | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, АШМ, жеке инвестор | 3 325,0 | РБ |
1 422,0 | ЖИ | |||||
17. | Арқалық қаласында тауық саңғырығын органикалық тыңайтқыш ретінде қайта өңдейтін зауыт салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2028 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, АШМ, жеке инвестор | 2 000,0 | БК |
500,0 | ЖИ | |||||
18. | Бюджеттік кредиттеу есебінен Арқалық қаласында 6 мың бас ІҚМ-ға арналған модульді репродукторды құру | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, АШМ, жеке инвестор | 4 400,0 | РБ |
1 100,0 | ЖИ | |||||
19. | Арқалық қаласында тері-былғары өнеркәсібін – былғары жартылай фабрикаты өндірісін қалпына келтіру | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, жеке инвестор | 6 168,0 | ЖИ |
20. | Арқалық қаласында желатин және биоактивті сүйек матриксін шығаратын зауыт салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2028 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, жеке инвестор | 20 000,0 | ЖИ |
21. | Бюджеттік кредиттеу есебінен Арқалық қаласында 10 мың бас қойға арналған мал шаруашылығы кешенін салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, АШМ, жеке инвестор | 1 850,0 | РБ |
250,0 | ЖИ | |||||
22. | Бюджеттік кредиттеу есебінен Арқалық қаласында 6 мың бас қойға арналған бордақылау алаңын салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, АШМ, жеке инвестор | 1 275,0 | РБ |
225,0 | ЖИ | |||||
23. | Бюджеттік кредиттеу есебінен Жангелдин ауданы Шилі ауылында 5 мың бас ІҚМ-ға арналған бордақылау алаңын салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, АШМ, жеке инвестор | 1 800,0 | РБ |
200,0 | ЖИ | |||||
24. | Бюджеттік кредиттеу есебінен Амангелді ауданында сақтау сыйымдылығы 10500 тонна көкөніс сақтау қоймасын салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, АШМ, жеке инвестор | 1 800,0 | РБ |
200,0 | ЖИ | |||||
25. | Жобаларды нақты жеңілдікпен кредиттеу үшін Өрлеу-Торғай кіші бағдарламасын бекіту | Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы | 2026 жыл |
Қостанай облысының әкімдігі, ҰЭМ, "Тобыл" ӘКК" АҚ (келісу бойынша), "Даму" қоры (келісу бойынша), | 300,0 | ЖБ |
600,0 | ЖИ | |||||
4. Білім беру | ||||||
26. | Арқалық қаласында 280 орындық балабақша салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | ОМ, Қостанай облысының әкімдігі | 63,0 | ЖБ |
2027 жыл | 2 000,0 | БК | ||||
27. | Арқалық қаласында Ы. Алтынсарин атындағы гимназияны реконструкциялау | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | ОМ, Қостанай облысының әкімдігі | 24,0 | ЖБ |
2027 жыл | 945,0 | БК | ||||
28. | Амангелді ауданының Амангелді ауылында балалар шығармашылығы үйі үшін ғимаратты реконструкциялау | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | ОМ, Қостанай облысының әкімдігі | 25,0 | ЖБ |
2028 жыл | 515,0 | БК | ||||
29. | Амангелді ауданы Рассвет орта мектебі ғимаратына спорт залы үшін жапсарлас құрылыс салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | ОМ, Қостанай облысының әкімдігі | 16,0 | ЖБ |
2027 жыл | 405,0 | БК | ||||
30. | Жангелдин ауданы Торғай ауылында Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта мектепке спорт залы үшін жапсарлас құрылыс салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | ОМ, Қостанай облысының әкімдігі | 33,0 | ЖБ |
2027 жыл | 650,0 | БК | ||||
5. Денсаулық сақтау | ||||||
31. | Арқалық қаласында медициналық колледж ғимаратын реконструкциялау | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, ДСМ | 22,7 | ЖБ |
2027 жыл | 810,0 | БК | ||||
90,0 | ЖБ | |||||
32. | Амангелді ауданының Байғабыл ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, ДСМ | 216,0 | БК |
24,0 | ЖБ | |||||
33. | Жангелдин ауданының Тәуіш ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, ДСМ | 216,0 | БК |
24,0 | ЖБ | |||||
34. | Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, ДСМ | 216,0 | БК |
24,0 | ЖБ | |||||
35. | Жангелдин ауданының Көкалат ауылында медициналық пункт салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, ДСМ | 15,0 | ЖБ |
2028 жыл | 162,0 | БК | ||||
3,0 | ЖБ | |||||
6. Әлеуметтік қорғау | ||||||
36. | Арқалық қаласында Отбасын қолдау орталығы үшін ғимаратты реконструкциялау | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, МАМ | 283,6 | БК |
121,6 | ЖБ | |||||
7. Жылумен қамтамасыз ету | ||||||
37. | Арқалық қаласында жылу желілерін реконструкциялау (8,3 км), III кезек | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | ЭМ, Қостанай облысының әкімдігі | 3 521,6 | РБ |
1 509,2 | ЖБ | |||||
38. | Арқалық қаласында магистральдық жылу желілерін реконструкциялау | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | ЭМ, Қостанай облысының әкімдігі | 2 439,3 | РБ |
1 045,4 | ЖБ | |||||
2028 жыл | 2 439,3 | РБ | ||||
1 045,4 | ЖБ | |||||
39. | Арқалық қаласында ЖЭО энергетикалық жабдығын реконструкциялау (1Т трансформаторын реконструкциялау, 2Т трансформаторын және № 1 турбогенераторды ауыстыру, түтін құбырын реконструкциялау, бу және су қыздыру қазандықтарын реконструкциялау) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | ЭМ, Қостанай облысының әкімдігі | 166,5 | ЖБ |
2027 жыл | 2 775,5 | РБ | ||||
1 189,5 | ЖБ | |||||
2028 жыл | 695,4 | РБ | ||||
298,0 | ЖБ | |||||
8. Электрмен жабдықтау | ||||||
40. | Арқалық қаласында 110, 35, 10 кВ электр желілерін реконструкциялау (37,8 км) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | ЭМ, Қостанай облысының әкімдігі | 4 187,6 | РБ |
1 794,6 | ЖБ | |||||
2028 жыл | 2 093,8 | РБ | ||||
897,3 | ЖБ | |||||
41. | Арқалық қаласы мен Амангелді ауданында 110 кВ ӘЖ реконструкциялау (313,3 км) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | ЭМ, Қостанай облысының әкімдігі | 190,0 | ЖБ |
2027 жыл | 4 445,0 | РБ | ||||
1 905,0 | ЖБ | |||||
2028 жыл | 4 445,0 | РБ | ||||
1 905,0 | ЖБ | |||||
42. | Амангелді-Торғай 110 кВ ӘЖ салу (146 км) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | ЭМ, Қостанай облысының әкімдігі | 185,9 | ЖБ |
2027 жыл | 1 301,5 | РБ | ||||
557,8 | ЖБ | |||||
2028 жыл | 1 301,5 | РБ | ||||
557,8 | ЖБ | |||||
43. | Арқалық қаласында қуаты 50 МВт ЖЭС салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, жеке инвестор | 17 000,0 | ЖИ |
9. Су бұру | ||||||
44. | Арқалық қаласында кәріздік тазарту құрылысжайларын реконструкциялау | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | ӨҚМ, Қостанай облысының әкімдігі | 1 848,3 | БК |
792,0 | ЖБ | |||||
45. | Арқалық қаласында кәріз желілерін реконструкциялау | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | ӨҚМ, Қостанай облысының әкімдігі | 739,4 | БК |
316,9 | ЖБ | |||||
46. | Арқалық қаласында кәріз желілерін реконструкциялау, 2-кезек | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2026 жыл | ӨҚМ, Қостанай облысының әкімдігі | 4 376,6 | БК |
1 875,7 | ЖБ | |||||
2027 жыл | 4 377,4 | БК | ||||
1 876,0 | ЖБ | |||||
47. | Арқалық қаласында Дачный шағын ауданында жауын-шашын кәріз желілерін салу (5 км) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | ӨҚМ, Қостанай облысының әкімдігі | 218,8 | БК |
93,8 | ЖБ | |||||
48. | Арқалық қаласында Западный шағын ауданында жауын-шашын кәріз желілерін салу (5,7 км) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | ӨҚМ, Қостанай облысының әкімдігі | 150,9 | БК |
64,7 | ЖБ | |||||
49. | Арқалық қаласында Новый шағын ауданында жауын-шашын кәріз желілерін салу (9,7 км) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, ӨҚМ | 462,1 | БК |
198,1 | ЖБ | |||||
10. Азаматтық қауіпсіздік | ||||||
50. | Арқалық қаласында жылдам тұрғызылатын конструкциялардан өрт сөндіру депосын тұрғызу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, ТЖМ | 1 237,0 | БК |
51. | Жангелдин ауданының Торғай ауылында 3 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2027 жыл | Қостанай облысының әкімдігі, ТЖМ | 560,0 | БК |
млн теңге
Қаржыландыру көзі | 2026 | 2027 | 2028 | Жиыны |
РБ | 19 562,6 | 22 270,5 | 10 975,0 | 52 808,1 |
ЖБ | 6 919,7 | 11 225,1 | 4 706,5 | 22 851,3 |
ЖИ | 40 519,4 | 400,0 | 20 500,0 | 61 419,4 |
БК | 11 437,4 | 14 330,5 | 2 677,0 | 28 444,9 |
ЖИЫНЫ | 78 439,1 | 48 226,1 | 38 858,5 | 165 523,7 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ – акционерлік қоғам;
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ӘКК – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация;
БК – басқа көздер (арнайы мемлекеттік қор);
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
ЖБ – жергілікті бюджет;
ЖИ – жеке инвестициялар;
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
РБ – республикалық бюджет;
ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ІҚМ – ірі қара мал;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.