Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1997 жылғы 27 наурызда Мәскеуде жасалған Еуразиялық киноакадемияны құру туралы құрылтай шартының күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Құрылтай шартының күшін жою ниеті туралы депозитарийді – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |