Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2025 жылғы 30 тамызда Тяньцзиньде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі, бұдан әрі Тараптар деп аталатындар, екі ел арасындағы достық қатынасты және техникалық-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында достық келіссөздер арқылы төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қазақстан Республикасы Үкіметінің сұратуына сәйкес Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметіне 200000000 (екі жүз миллион) юань мөлшерінде өтеусіз көмек береді, ол екі Тарап келіскен жобаларды іске асыруға пайдаланылады.
Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыруға қатысты егжей-тегжейлі мәселелер Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Тараптардың уәкілетті органдары және/немесе ұйымдары арасында қосымша қол қойылатын жеке құжаттарда қарастырылады.
2-бап
Қазақстан Республикасының жобаларға жауапты уәкілетті органдары және/немесе ұйымдары мен Қытайдың Мемлекеттік даму банкі өтеусіз көмекті есепке алу үшін бір-бірінің атына қытай юанінде пайызсыз және комиссиясыз "2025/1 көмек көрсетуге арналған шот" деп аталатын шоттар ашады және өтеусіз көмек қаражатын пайдаланғанда Қытайдың Мемлекеттік даму банкінің тиісті операциялық рәсімдері бойынша есепке алуды жүргізеді және Тараптардың мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес өз мемлекеттерінің үкіметтері алдында осы шоттардың пайдаланылуы туралы есеп береді.
3-бап
Осы Келісім Тараптардың осы Келісімінің күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді және Тараптардың осы Келісім бойынша міндеттемелері орындалған күнге дейін қолданылады.
2025 жылғы "30" тамызда Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей тең түпнұсқалы болып табылады.
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан |
Қытай Халық РеспубликасыныңҮкіметі атынан |