ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 753-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары;
2) Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 1102 қаулысымен бекітілген |
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) (бұдан әрі – кен орны) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары | Кен орны бойынша рентабельділік нормасы |
Алдағы күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кен орнының рентабельділік деңгейі | 5% ≥ кен орны бойынша рентабельділік деңгейі |
Ескертпе: кен орны бойынша рентабельділік деңгейін есептеуді жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Салық кодексі 753-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес өзі жүргізеді.
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 1102 қаулысымен бекітілген |
Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі) 753-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау тәртібін белгілейді және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша кен орындарына қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
өзара байланысты тараптар – Салық кодексінің 14-бабының 1-тармағында көзделген бір немесе бірнеше шартқа сәйкес келетін өзара қарым- қатынас жасайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Салық кодексіне сәйкес қолданылады.
2-тарау. Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау тәртібі
1-параграф. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу
3. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу үшін қызметін пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) игеруді көздейтін, оның ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, Салық кодексінің 753-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарына (бұдан әрі – төмен рентабельділік өлшемшарты) сәйкес келетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органды хабардар етеді.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы хабарламаның көшірмесін салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған жердегі салық органына жібереді.
5. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылы рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы хабарлама осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) алдағы күнтізбелік жылы рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы хабарлама ерте дегенде ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінде, бірақ 1 желтоқсаннан кешіктірілмей беріледі.
6. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) рентабельділігі төмен өлшемшартқа сәйкес келген кезде және осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шарттар сақталған уақытта рентабельділігі төмен санатқа жатқызылады.
7. Бағамдық айырма бойынша кірістер мен шығыстар (шегерімдер), сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының сыйақылар бойынша кірістері мен шығыстары (шегерімдері) кен орны бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасын есептеген кезде ескерілмейді.
2-параграф. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейін есептеу
8. Күнтізбелік жылда пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейін есептеу Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, өндіру көлемі негізінде тиісті салық кезеңіндегі минералды шикізаттың, қатты пайдалы қазбалардың, металдың, қайта өңдеу өнімінің бағасын қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының болжамды деректері негізінде былайша жүргізіледі:
1) өндірілген, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден ғана өткен минералдық шикізатты жер қойнауын пайдаланушы кейінгі қайта өңдеуден өткізбей сататын пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнының (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) жоспарланатын рентабельділік деңгейі:
Рк = ТКк / ЖЖКк * 100 %, мұнда:
Рк – пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділік;
ТКк –пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы тармақшаға сәйкес есептелген таза кіріс;
ЖЖКк – пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жылдық жиынтық кіріс, оның ішінде тауарлық өнімді өткізуден түскен кіріс. Бұл ретте тауарлық өнімді өткізуден түскен кіріс іс жүзіндегі өткізу бағасы бойынша есептеледі.
Салық кезеңіндегі пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша таза кірістің мөлшері мына формула бойынша айқындалады:
ТКк = СКк - КТСк+ СКөбт, мұнда:
КТСк – салық салынатын кіріске қатысты салық кезеңіндегі пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша есептелген корпоративтік табыс салығы;
СКөбт – өзара байланысты тараптың салық салынатын кірісі мыналардың жиыны ретінде айқындалады:
бастапқы қайта өңдеуді жүзеге асыратын, оған қатысты өндірілген, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден ғана өткен осындай минералды шикізат өткізілген өзара байланысты тараптың салық салынатын кірісі (Салық кодексінің 337-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда) (бұл ретте мұндай салық салынатын кіріс осы Қағидаларды қолданатын салық төлеушіден алынған минералды шикізат көлемінің өзара байланысты тараптың минералды шикізатты жалпы алу көлеміне қатысты үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады);
өндірілген, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден өткен минералды шикізатты Қазақстан Республикасының аумағында осы Қағидаларды қолданатын салық төлеушіден алған өзара байланысты тараптың салық салынатын кірісі (Салық кодексінің 337-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда) (бұл ретте мұндай салық салынатын кіріс осы Қағидаларды қолданатын салық төлеушіден сатып алынған минералды шикізат көлемінің минералды шикізатты өзара байланысты тараптың жалпы сатып алу көлеміне қатысты үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады);
СКк – пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша салық салынатын кіріс Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес түзетулер ескеріле отырып (Салық кодексінің 337-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда), мына формула бойынша айқындалады:
СКк = ЖЖКк - Шк + Ттбб, мұнда:
Шк – пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша Салық кодексінің ережелеріне сәйкес және осы Қағидалардың ережелері ескеріле отырып есептелген, пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнынан өндірілген минералды шикізатты өндіруге және бастапқы қайта өңдеуге байланысты шегерімдер;
Ттбб – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша түзету;
2) жер қойнауын пайдаланушы өндірілген минералды шикізаттың бір бөлігін немесе бүкіл көлемін кейіннен өзінің өндірістерінде және (немесе) басқа заңды тұлғаға тиесілі өндірістерде қайта өңдеу үшін беретін пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейі осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайды қоспағанда, мына формула бойынша айқындалады:
Рк = ТКк / ЖЖКк * 100 %, мұнда:
Рк – пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділік;
ТКк – пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы тармақшаға сәйкес есептелген таза кіріс.
Салық кезеңіндегі пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша таза кірістің мөлшері мына формула бойынша айқындалады:
ТКк = СКк - КТСк+ СКөбт, мұнда:
СКөбт – өзара байланысты тараптың салық салынатын кірісі мыналардың жиыны ретінде айқындалады:
пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнынан минералды шикізатты қайта өңдеуді, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуді жүзеге асыратын өзара байланысты тараптың салық салынатын кірісі (Салық кодексінің 337-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда) (бұл ретте мұндай салық салынатын кіріс осы Қағидаларды қолданатын салық төлеушіден алынған минералдық шикізат көлемінің бойынша минералдық шикізатты өзара байланысқан тараптың жалпы алу көлеміне қатысты үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады);
өндірілген, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден өткен минералды шикізатты Қазақстан Республикасының аумағында осы Қағидаларды қолданатын салық төлеушіден алған өзара байланысты тараптың салық салынатын кірісі (Салық кодексінің 337-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда) (бұл ретте мұндай салық салынатын кіріс осы Қағидаларды қолданатын салық төлеушіден сатып алынған минералды шикізат көлемінің минералды шикізатты өзара байланысқан тараптың жалпы сатып алу көлеміне қатысты үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады);
СКк – пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша салық салынатын кіріс Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес түзетулер ескеріле отырып (Салық кодексінің 337-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда), мына формула бойынша айқындалады:
СКк = ЖЖКк - Шк + Ттбб, мұнда:
Шк – өңдеу жөніндегі шегерімдерге пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнының (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) үлесі бойынша коэффициентті қолдану арқылы пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша Салық кодексінің ережелеріне сәйкес және осы Қағидалардың ережелері ескеріле отырып есептелген, пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнында (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобында, кен орнының бір бөлігінде) кейінгі қайта өндірілген пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны бойынша минералды шикізатты өндіруге, бастапқы қайта өңдеуге және кейінгі қайта өңдеуге байланысты шегерімдер;
Ттбб – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша түзету.
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнының (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) үлесі бойынша коэффициент – салық төлеушінің бүкіл келісімшарттық қызметі бойынша шегерімдердің жалпы сомасындағы келісімшарттық қызмет бойынша пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) шегерімдерінің үлесі (кірістер мен шығыстарды (шегерімдерді) бөлу үшін қолданылады).
Кірісті есептеу үшін жалпы компания бойынша кіріс, оның ішінде өндірілген минералды шикізатты өндірумен, бастапқы қайта өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты емес кірістерді (мысалы, сатып алу-сату шарты негізінде иелікке алынған пайдалы қазбаларды өткізуден түскен кіріс) қоспағанда, өткізуден түскен кіріс қабылданады.
Егер қатты пайдалы қазбаларды өткізу (бастапқы қайта өңдеу болып табылмайтын қайта өңдеуден кейін) қайта өңдеу өнімінің құрамындағы пайдалы қазбалар негізге алынып жүзеге асырылатын болса, пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша тауарлық өнімді өткізуден түсетін кіріс пайдалы қазбалардың әрбір түрі бойынша мына формула бойынша есептеледі:
ЖЖКк = (Төт * Ткө/Төң)1*Б1+(Төт * Ткө/Төң)2*Б2+…(Төт * Ткө /Төң)n*Бn, мұнда:
Төт – компания бойынша барлық өндірілген минералдық шикізаттан алынған дайын өнімді (бастапқы өңдеу болып табылмайтын өңдеуден кейін) (пайдалы қазбаның әрбір түрі бойынша) іс жүзіндегі өткізудің көлемі;
Төң – компания бойынша өндірілген, кейінгі өңдеуге жіберілген барлық минералды шикізат құрамындағы пайдалы қазбалардың (пайдалы қазбаның әрбір қатты түрі бойынша) іс жүзіндегі көлемі;
Ткө – пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша (пайдалы қазбаның әрбір түрі бойынша) кейінгі өңдеуге жіберілген пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны бойынша өндірілген минералдық шикізат құрамындағы пайдалы қазбалардың іс жүзіндегі көлемі;
Б – пайдалы қазбаны өткізудің нақты бағасы.
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) бойынша өндірілген минералдық шикізаттан алынған өңдеу өнімін өткізу осындай қайта өңдеу өнімінің құрамындағы пайдалы қазбалар негізге алынбай жүзеге асырылатын болса, ЖЖКк әрбір қайта өңдеу өнімін өткізуден түскен кіріске пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнының (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) үлесі бойынша коэффициентті қолдану жолымен есептеледі.
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнынан алынған минералдық шикізатты және (немесе) қатты пайдалы қазбаларды, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткендерін кейіннен қайта өңдемей өткізген кезде оларды өткізу құны да ЖЖКк-ге енгізіледі;
3) жер қойнауын пайдаланушы Салық кодексінің 780-бабының 4-тармағында көрсетілген қатты пайдалы қазбалары бар минералды шикізаттың бір бөлігін немесе бүкіл көлемін кейіннен өзінің және (немесе) басқа заңды тұлғаға тиесілі өндірістерде қайта өңдеу үшін беретін пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейі мына формула бойынша айқындалады:
Рк = ТКк / ЖЖКк * 100 %, мұнда:
Рк – пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділік;
ТКк – осы тармақшаға сәйкес есептелген пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша таза кіріс.
Салық кезеңі үшін пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша таза кірістің мөлшері мына формула бойынша айқындалады:
ТКм = СКк - КТСк, мұнда:
СКк – пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша салық салынатын кіріс Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы бойынша түзетулер ескеріле отырып (Салық кодексінің 337-бабында көзделген кірістер мен шығыстардың сомасына азайтуды есепке алмағанда), мына формула бойынша айқындалады:
СКк = ЖЖКк - Шк + Ттбб, мұнда:
Шк – өңдеу жөніндегі шегерімдерге пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнының (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) үлесі бойынша коэффициентті қолдану арқылы пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша Салық кодексінің ережелеріне сәйкес және осы Қағидалардың ережелері ескеріле отырып есептелген, пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнында (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобында, кен орнының бір бөлігінде) кейінгі қайта өндірілген пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнынан алынған минералды шикізатты өндіруге, бастапқы қайта өңдеуге және кейінгі қайта өңдеуге байланысты шегерімдер.
Бұл ретте осы Қағидалардың мақсатында пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнынан (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобынан, кен орнының бір бөлігінен) алынған минералды шикізатты қайта өңдеуге арналған шығыстар бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шегерімдер нақты шығыстар бойынша есепке алынады, бірақ Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция деңгейіне ұлғайтылған алдыңғы кезеңнің (күнтізбелік жыл) қайта өңдеу шегерімдерінен аспайды. Бұл ретте, егер алдыңғы жылы іс жүзіндегі қайта өңдеу шегерімдері тиісті шектен асып кетсе, онда алдыңғы кезеңнің шегерімдері ретінде ағымдағы кезеңде мұндай шегерімдер осы шектен аспаған неғұрлым жақын күнтізбелік жылдың шегерімдері ескеріледі.
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнының (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) үлесі бойынша коэффициент – салық төлеушінің бүкіл келісімшарттық қызметі бойынша шегерімдердің жалпы сомасындағы кен орнының (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) келісімшарттық қызметі бойынша шегерімдерінің үлесі (кірістер мен шегерімдерді бөлу үшін қолданылады);
Ттбб – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша түзету.
Кірісті есептеу үшін өндірілген минералдық шикізатты өндірумен, бастапқы өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты емес кірістерді (мысалы, сатып алу-сату шарты негізінде алынған пайдалы қазбаларды өткізуден түскен кіріс) қоспағанда, жалпы компания бойынша кіріс, оның ішінде тауарлық өнімді өткізуден түскен кіріс қабылданады.
Егер қатты пайдалы қазбаларды өткізу (бастапқы қайта өңдеу болып табылмайтын қайта өңдеуден кейін) қайта өңдеу өнімінің құрамындағы қатты пайдалы қазбалар негізге алынып жүзеге асырылатын болса, пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша тауарлық өнімді өткізуден түсетін кіріс пайдалы қазбалардың әрбір түрі бойынша мынадай формуламен есептеледі:
ЖЖКк = (Төт * Ткө/Төң)1*Б1+(Төт * Ткө/Төң)2*Б2+…(Төт * Ткө /Төң)n*Бn, мұнда:
Төт – компания бойынша өндірілген минералды шикізаттан (пайдалы қазбаның әрбір түрі бойынша) алынған барлық дайын өнімді (бастапқы өңдеу болып табылмайтын өңдеуден кейін) өткізудің іс жүзіндегі көлемі;
Төң – компания бойынша өндірілген, кейінгі өңдеуге жіберілген барлық минералды шикізат құрамындағы қатты пайдалы қазбаның (қатты пайдалы қазбаның әрбір түрі бойынша) іс жүзіндегі көлемі;
Ткө – пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша (қатты пайдалы қазбаның әрбір түрі бойынша) кейінгі өңдеуге жіберілген өндірілген минералды шикізат құрамындағы пайдалы қазбалардың іс жүзіндегі көлемі;
Б – Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген түзетулер ескеріле отырып, Салық кодексінің 780-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде қалыптастырылатын өткізу бағасы. Егер минералды шикізаттың пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) құрамында Салық кодексінің 780-бабының 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар, пайдалы қазбалардың басқа да түрлері болса, онда пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өткізу кезінде ЖЖКк көрсеткіші мақсатында өткізудің нақты бағасы қолданылады.
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша минералды шикізат және (немесе) қатты пайдалы қазбалар, оның ішінде кейін қайта өңдеу жасалмай бастапқы қайта өңдеуден өткен минералды шикізат және (немесе) қатты пайдалы қазбаларды өткізген жағдайда олардың Салық кодексінің 780-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде қалыптастырылатын баға қолданылған өткізу құны да ЖЖКк-ге енгізілуге тиіс.
Осы тармақша, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген түзетулер ескеріле отырып, Салық кодексінің 780-бабының 4-тармағында көрсетілген қатты пайдалы қазбаларды, минералды шикізатты және (немесе) құрамында осындай қатты пайдалы қазбалар бар өңдеу өнімін Салық кодексінің 780-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде қалыптастырылатын өткізу бағасы бойынша өткізген кезде (оның ішінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына) ғана қолданылады.
Осы Қағидалардың мақсатында бір шегерімді бір реттен артық қолдануға жол берілмейді.
9. Төмен рентабельді санатқа жатқызылған пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (бұдан әрі – ПҚӨС) мөлшерлемелері 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Салық кодексінде белгіленген ПҚӨС мөлшерлемелері мөлшерінде қолданылады.
3-параграф. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділіктің ішкі нормасын есептеу
10. ПҚӨС Салық кодексінің 781-бабының 3-тармағында көзделген шарттар қатар сақталып, өнеркәсіптік өндіру басталған сәттен бастап 60 ай бойы пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша 0 пайыз мөлшерлемемен есептеледі.
Бұл ретте салық салу мақсаттары үшін өнеркәсіптік өндіру деп пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны бойынша минералды шикізатты өндіру кезеңі түсініледі, оған көшу тау-кен жұмыстары жоспарында (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып) айқындалады және жер қойнауын пайдаланушы бюджетке төленетін төлемдер мен салықтардың түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға тиісті хабарлама жіберу арқылы пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша осы кезеңнің басталу жылын көрсете отырып, осындай ауысуға дейін кемінде 15 жұмыс күні бұрын тиісті хабарлама жіберу арқылы жариялайды.
Мұндай пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнында (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобында, кен орнының бір бөлігінде) минералды шикізат бойынша өнеркәсіптік өндіруге өту 2013 – 2022 жылдар аралығында осындай пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша минералды шикізатты өндіру жүргізілмеуі не пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны бойынша өндірілген минералды шикізат көлемінің 200 мың тоннадан аспауы жөніндегі шарт сақталатын болса, бюджетке төленетін төлемдер мен салықтардың түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынылған хабарламада көрсетілген жылдан, бірақ ерте дегенде 2022 жылғы 31 желтоқсаннан басталды деп танылады.
Бұл ретте осындай пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша Салық кодексінің 781-бабының 3-тармағында көзделген 60 айдан аспайтын кезеңге ПҚӨС-ті 0 пайыз мөлшерлемесімен есептеуді Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) қосымша мақұлдауы және жер қойнауын пайдаланушының осы тармақта көзделген қосымша (әлеуметтік, инвестициялық) міндеттемелерді қабылдауы ескеріліп, Инвестиция тарту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Инвестициялық штаб) оң шешім қабылдауы керек.
Мұндай ұсынысты Комиссияның және Инвестициялық штабтың қарауына шығару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Комиссия мақұлдауының және Инвестициялық штабтың оң шешім қабылдауының нәтижелері бойынша қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша келісімшартқа мынадай бөлікте өзгерістер мен толықтырулар енгізеді:
1) өнеркәсіптік өндіруге көшу жөніндегі кезеңді айқындап, жұмыс бағдарламасын (тау-кен жұмыстарының жоспарын) өзгерту қажет болған жағдайда жекелеген жұмыс бағдарламасына оларды пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің қорларын (бар болса) бөлек жұмыс бағдарламасына бөліп шығарып, оларды пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің игерілетін кен орнының қорларынан не кен орындарының бір бөлігінің қорларын (бар болса) игеруден бөлек игерудің бірыңғай жұмыс бағдарламасы бойынша игерілетін кен орнының қорларымен бірге игеру;
2) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 3000000 еселенген мөлшерін құрайтын кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша инвестициялар көлемін қамтамасыз ету;
3) пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) жұмыcкерлерінің тізімдік санының кемінде 50 пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз ету;
4) пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша бір жұмыскердің күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша орташа салалық көрсеткіштен кем болмайтын шаманы құрайтын орташа айлық номиналды жалақысын қамтамасыз ету. Бір жұмыскердің пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) орналасқан ауданы және еңбек бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушының экономикалық қызметінің түрі (ЭҚЖЖ) бойынша осындай күнтізбелік жылға айқындалатын орташа айлық номиналды жалақысының мөлшері осындай орташасалалық көрсеткіш болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы ПҚӨС бойынша бөлек салық есебін Салық кодексінің 210-бабына сәйкес жүргізеді.
11. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі жер қойнауын пайдаланушының ақша легі негізінде мынадай формула бойынша есептеледі:
РІН = АЛ / ЖЖК * 100%, мұнда:
РІН – рентабельділіктің ішкі нормасы – тиісті салық кезеңіне жүргізілетін инвестициялардың өтелу коэффициенті;
АЛ – ақша легі – салынған инвестицияларды қайтару құнының тиісті салық кезеңдеріндегі ақша легіне сүйене отырып есептелген есептік көрсеткіші;
ЖЖК – пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша тиісті салық кезеңіндегі жиынтық жылдық кіріс.
Ақша легі (АЛ) мына формула бойынша айқындалады:
АЛ = АЛ1 + АЛ2 +…+ Аn
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жиынтық жылдық кіріс мына формула бойынша айқындалады:
ЖЖК = ЖЖК1 + ЖЖК2 + …+ ЖЖКn, мұнда:
1, 2, ... n – уақыт кезеңі (жыл);
АЛ1-п, – жер қойнауын пайдаланушының жылдық ақша легі пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жиынтық жылдық кіріс және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша қызметті жүзеге асырған кезде пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жүргізілген шығындар арасындағы айырма ретінде айқындалады;
ЖЖК1-n – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) шеңберіндегі қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жиынтық жылдық кірістің сомасы салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
Келісімшарт (лицензия) шеңберiнде пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығындар мыналарды қамтиды:
1) күрделi шығындар – жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру барысында капиталданатын және салық заңнамасына сәйкес амортизациялатын, оның ішінде өнеркәсіптік өндіру басталғанға дейін жүргізілген шығындар;
2) күрделi шығындар бойынша амортизацияның және қарыз қаражаты бойынша сыйақылардың есептелген сомаларын қоспағанда, салық заңнамасына сәйкес шегеруге жатқызылатын, капиталдандырылуға тиіс шығындар;
3) пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша салық заңнамасына сәйкес есептелген корпоративтік кіріс салығының сомалары.
| Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау қағидаларына қосымша Нысан |
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы хабарлама
1. Жер қойнауын пайдаланушының (заңды тұлғаның) толық атауы не
(жеке тұлғаның) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса):
_________________________________________________________________
2. Орналасқан жері (пошталық мекенжайы): ______________________.
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі:
____________________________________________________________.
4. Пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыруға негіз болатын және пайдалы
қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын
пайдалануға арналған келісімшартты, кен орнын (бір келісімшарт бойынша кен
орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу
болжанатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт:
4.1. Келісімшарттың толық атауы, келісімшарттың тараптары, келісімшарт
жасалған күн: _____________________________________________________.
4.2. Құзыретті органда келісімшарттың тіркелген күні мен нөмірі:
____________________________________________________________.
4.3. Келісімшарттың (кен орнының) атауы: _______________________.
4.4. Келісімшарттық аумақтың (жер қойнауының, бір келісімшарт бойынша
кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) орналасуы: ___________.
4.5. Өндірілетін пайдалы қазбаның түрі: __________________________
5. Байланыс жасайтын адам (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),
лауазымы, телефоны): ______________________________________________
____________________________________________________________
(басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
_______________ Мөрдің орны
Хабарланған күні: 20__ж. "__" _____________
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 1102 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. "Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысы.
2. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орындарын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1137 қаулысы.
3. "Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 664 қаулысы.