Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
177-47) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 177-56) тармақшамен толықтырылсын:
"177-56) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері конкурстық негізде жүзеге асыратын венчурлік қорларды қоса қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |