ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 ж.бастап қолданысқа енгізіледі..
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген |
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Р/с № | ЭҚЖЖ | Қызмет түрлері |
1 | 2 | 3 |
1. | 01620 | Мал шаруашылығына тән қызмет |
2. | 32200 | Музыкалық аспаптар өндірісі |
3. | 43310 | Сылақ жұмыстары |
4. | 43320 | Ағаш шебері және ағаш ұстасы жұмыстары |
5. | 43330 | Еден жабыны және қабырғаларды қаптау |
6. | 43340 | Сырлау және шыны салу жұмыстары |
7. | 47992 | Желілі маркетинг арқылы бөлшек сауда |
8. | 49320 | Такси қызметі |
9. | 53200 | Өзге де пошталық және курьерлік қызметі * |
10. | 56210 | Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу |
11. | 68201 | Жеке меншік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
12. | 74200 | Фотосурет саласындағы қызмет |
13. | 74300 | Ауызша және жазбаша аударма қызметі |
14. | 75000 | Ветеринариялық қызмет |
15. | 77290 | Жеке тұтынатын өзге де заттарды және тұрмыстық тауарларды жалдау және олардың лизингі |
16. | 81211 | Тұрғын үйлерді жалпы жинау |
17. | 82990 | Басқа топтарға қосылмаған, қосымша коммерциялық қызмет көрсету бойынша өзге де қызметтер * |
18. | 85510 | Спорт және демалыс саласында білім беру |
19. | 85520 | Мәдениет саласындағы білім беру |
20. | 85599 | Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет |
21. | 90030 | Көркем және әдеби шығармашылық |
22. | 95110 | Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу |
23. | 95120 | Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу |
24. | 95210 | Электронды тұрмыстық техниканы жөндеу |
25. | 95220 | Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу |
26. | 95231 | Аяқ киім жөндеу |
27. | 95232 | Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу |
28. | 95240 | Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу |
29. | 95251 | Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу |
30. | 95252 | Зергерлік бұйымдарды жөндеу |
31. | 95291 | Трикотаж және тоқыма бұйымдарды жөндеу |
32. | 95292 | Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу |
33. | 95293 | Тері және былғары бұйымдары мен бас киімдерді жөндеу |
34. | 95294 | Музыкалық аспаптарды жөндеу |
35. | 95295 | Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу |
36. | 95296 | Велосипед жөндеу |
37. | 95299 | Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу |
38. | 96020 | Шаштараздардың, сұлулық салондарының қызмет көрсетуі |
39. | 97000 | Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі |
40. | 98100 | Өзіндік тұтынуы үшін тауарлар өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі |
Ескертпе:
53200 * өзге пошта қызметін қоспағанда;
82990 * интернет-платформа арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша ғана.