ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 479-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесі;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін қалыптастыру өлшемшарттары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 174 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1125 қаулысы.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 940 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесі
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы* |
9403 30 910 0-ден | киот, алтарьлық шкаф |
9403 30 990 0-ден | орынтаққа арналған жабу (алтарь), иконостас (каркасты, иконалар жиынтығын, патша және диакон қақпасын, аспалы және еден үсті киоттарын, биік орынтақты, орынтақ үсті сеньді қамтиды), солеяға арналған торы бар амвон, құрбан шалатын орын, құрбан шалатын орынға арналған жабу |
6304 91 000 0-ден 6304 92 000 0-ден 6304 93 000 0-ден 6304 99 000 0-ден | хоругвтер |
7114-тен | евхаристиялық жиынтық (құдайға құлшылық етуге арналған діни нышандары бар ыдыстарды, потирді, дискосты, звездицаны, копиені, лжицаны, тарельдерді, дарохранительницаны, дароносицаны қамтиды), купель, евангелиеге арналған әлеміштер, панагия |
8306 10 000 0-ден | шіркеуде қоңырау соғуға арналған қоңырау немесе қоңыраулар жиынтығы (құдайға құлшылық етуге арналған) |
ковчег, асатаяқ (құдайға құлшылық етуге арналған) | |
9403 10 580 9-ден | жаназа үстелі |
7114-тен | тақпалы крест, күмбез кресі, тақ үсті кресі, алтарь үсті кресі, мощевик-крест (энколпион-крест), венецтер, реликварий |
7114-тен | шіркеулік шамдал (алтарьлық, еден үстілік) |
8306-дан | рака, гробница |
9403 30 190 0-ден | аналой |
9401 61 000 0-ден | шіркеулік тақ |
9701-ден | икона (көлемі 50*50 кем емес) |
4418 29 000 0-ден | патша және (немесе) диакон қақпасын |
7114-тен 8306-дан | кадило, кадильница, ладанка |
*Ескертпе: діни мақсаттағы заттар "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдерін өзгерту және күші жойылды деп тану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешіміне сәйкес СЭҚ ТН кодымен және тауардың атауымен айқындалады.
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 940 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін қалыптастыру өлшемшарттары
Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың (бұдан әрі – зат) тізбесін қалыптастыру мынадай өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады:
1) зат ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлердегі діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларда және олардың аумағында қолданылады;
2) зат құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер жасау не ғибадат үйлерін (ғимараттарын) немесе ғибадат үйлерінен тыс жерлердегі діни іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды сыртқы, ішкі безендіруге арналған;
3) зат діни бірлестіктің тиісті ұстанатын дініне қатысты;
4) затты тиісті діни бірлестік сатып алған;
5) бір заттың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асады.