ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасын бақылау мен қадағалау;";
13-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын бақылау, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасын бақылау мен қадағалау;";
323-41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"323-41) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;";
323-47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"323-47) медициналық қызметтер (көмек) көрсету аясында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 323-120), 232-121), 323-122), 323-123), 323-124), 323-125), 323-126), 323-127), 323-128) және 323-129) тармақшалармен толықтырылсын:
"323-120) халықтың қажеттілігі негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көмектің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің көлемдерін жоспарлау әдістемесін бекіту;
323-121) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оның қолданылу шарттарын және осы шараның қолданылу мерзімін айқындау (қажет болған кезде);
323-122) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылатын орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
323-123) тұқым қуалайтын туа біткен ақаулар мен даму ауытқуларын ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулерді айқындау;
323-124) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекке енгізілген профилактика мен диагностика жөнінде қызметтер көрсету кезінде аурулардың тізбесін айқындау;
323-125) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекке енгізілген артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы, қант диабетін, В және С вирустық гепатиттерін және басқаларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулерді айқындау;
323-126) әлеуметтік мәні бар аурулар, оның ішінде туберкулезді, АИТВ инфекциясын, қатерлі ісіктерді, созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарды (ауруларды), орфандық ауруларды, жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларын, орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіру ауруларын, эпилепсияны, алғашқы алты ай ішіндегі жіті миокард инфарктін, бір жыл ішіндегі инсульттерді қамтитын тізбесін бекіту;
323-127) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекке енгізілген, шұғыл нысанда өмірге қауіп төндіретін жай-күйлер тізбесін айқындау, оның ішінде тәулік бойы стационар жағдайларында емдеуді қажет етпейтін диагнозды анықтағанға дейін тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;
323-128) қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін өтініш берушілердің өндірісін бағалауға қатысу;
323-129) өз құзыреті шегінде өндіріс шарттарын, өндірістік және технологиялық операцияларды әзірлеуге қатысу;".
2. Осы қаулы:
қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он төртінші, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырмасыншы абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |