"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
2) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
3) Әкімшілік полиция комитеті;
4) Көші-қон қызметі комитеті;
5) Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті;
6) Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті.";
2) қызмет бабында пайдалану үшін.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |