ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 10-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "PSA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімде көзделген салықтық міндеттемені орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін Қазақстан Республикасының үлесін мемлекет атынан алушы болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша мемлекет атынан Қазақстан Республикасының үлесін алушыны айқындау туралы" 2017 жылғы 14 ақпандағы № 67 және "1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша мемлекет атынан Қазақстан Республикасының үлесін алушыны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 67 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 172 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |