ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
104) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"104) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру (емтихандар өткізу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 175-19) тармақшамен толықтырылсын:
"175-19) ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;";
190) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"190) өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді жүзеге асырады;";
206) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"206) мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;";
268) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"268) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылысжайларына зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылығына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 269-19) тармақшамен толықтырылсын:
"269-19) қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын әзірлеу және келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-2-жолмен толықтырылсын:
"3-2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 55209 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.".
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |