"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 895 қаулысымен бекітілген |
Инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының тізбесі
р/с № | Инвестициялық тарифті алушы, ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрі (өнімдер) | Инвестициялық тарифті алушының тұтыну объектісі | Тұтынушы желілеріне қосылған энергия өндіруші ұйым (объект) | Инвестициялық міндеттемелердің көлемі (теңге) | Инвестициялық тарифті беру мерзімі (ай) |
1 | "EkibastuzFerroAlloys" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 2104400041282 | 24100 – шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі | Екібастұз қаласындағы ферроқорытпа зауыты | "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 220 киловольт ашық тарату құрылғысы | 145033102 333,08 | 76 |