"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 885 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 115-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "115-1) газбен жабдықтау жүйелері объектілерін газ тарату жүйесіне қосу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      124) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "124) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 124-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "124-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 388-1), 388-2), 388-3), 388-4), 388-5), 388-6), 388-7), 388-8), 388-9), 388-10), 388-11), 388-12), 388-13), 388-14), 388-15), 388-16) және 388-17) тармақшалармен толықтырылсын:

      "388-1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      388-2) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдерін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;

      388-3) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

      388-4) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдері жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      388-5) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізеді;

      388-6) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасады, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      388-7) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

      388-8) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді;

      388-9) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

      388-10) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      388-11) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режиміне көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      388-12) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді;

      388-13) жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;

      388-14) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      388-15) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;

      388-16) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының үздіксіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында арнайы құралымдарды ұйымдастырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

      388-17) тиісті мемлекеттік басқару саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру үшін жауап береді, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлеріне олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;";

      мынадай мазмұндағы 467-27) және 467-28) тармақшалармен толықтырылсын:

      "467-27) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады және шаралар қабылдайды;

      467-28) қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін өтініш берушілердің өндірісін бағалауға қатысады;".

      2. Осы қаулының 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 октября 2025 года № 885

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан" следующие изменение и дополнения:

      в Положении о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 115-1) следующего содержания:

      "115-1) разрабатывает и утверждает правила подключения объектов систем газоснабжения к газораспределительной системе;";

      подпункт 124) изложить в следующей редакции:

      "124) разрабатывает и утверждает правила поставки нефтепродуктов единым оператором по поставке нефтепродуктов;";

      дополнить подпунктом 124-1) следующего содержания:

      "124-1) разрабатывает и утверждает перечень нефтепродуктов, доставляемых единым оператором по поставке нефтепродуктов;";

      дополнить подпунктами 388-1), 388-2), 388-3), 388-4), 388-5), 388-6), 388-7), 388-8), 388-9), 388-10), 388-11), 388-12), 388-13), 388-14), 388-15), 388-16) и 388-17) следующего содержания:

      "388-1) разрабатывает и утверждает методику определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в соответствующей сфере, по согласованию с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки;

      388-2) проводит анализ потребностей организаций, имеющих мобилизационный заказ, в соответствии с методикой определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в соответствующей сфере, для формирования номенклатуры и объемов хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва;

      388-3) вносит предложения по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва в уполномоченный орган в области государственного материального резерва;

      388-4) вносит предложения в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки по объемам финансирования мероприятий по мобилизационной подготовке и мобилизации;

      388-5) планирует, организует и руководит мобилизационной подготовкой организаций в соответствующей сфере государственного управления, проводит оценку мобилизационной готовности организаций, имеющих мобилизационные заказы, в порядке, установленном в правилах мобилизационной подготовки и мобилизации в Республике Казахстан;

      388-6) заключает договоры с организациями на выполнение мобилизационных заказов, вносит предложения в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки о снятии и передаче установленных мобилизационных заказов при банкротстве, реорганизации, ликвидации, изменении профиля работы организаций, имеющих мобилизационные заказы;

      388-7) проводит во взаимодействии с местными исполнительными органами Республики Казахстан мероприятия по подготовке к выполнению мобилизационных планов;

      388-8) представляет в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки информацию о производственных, финансовых, складских возможностях организаций для установления мобилизационных заказов;

      388-9) организует и проводит работу по бронированию военнообязанных;

      388-10) обеспечивает соблюдение законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан в области мобилизационной подготовки и мобилизации;

      388-11) при объявлении мобилизации организует и обеспечивает во взаимодействии с местными исполнительными органами Республики Казахстан проведение комплекса мероприятий по переводу организаций на режим военного положения;

      388-12) разрабатывает и (или) утверждает нормативные правовые акты в области мобилизационной подготовки и мобилизации в соответствующей сфере государственного управления;

      388-13) разрабатывает, согласовывает с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки и утверждает мобилизационные планы;

      388-14) вносит в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки предложения по совершенствованию мобилизационной подготовки и мобилизации;

      388-15) участвует в проведении военно-экономических и командно-штабных учений;

      388-16) организует и обеспечивает деятельность специальных формирований в соответствующей сфере государственного управления для выполнения задач в интересах Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, специальных государственных органов, а также для обеспечения бесперебойной работы экономики и жизнедеятельности населения Республики Казахстан в период мобилизации, военного положения и в военное время;

      388-17) несет ответственность за мобилизационную подготовку и мобилизацию в соответствующей сфере государственного управления, а также создает работникам мобилизационных органов необходимые условия для выполнения ими возложенных на них обязанностей;";

      дополнить подпунктами 467-27) и 467-28) следующего содержания:

      "467-27) принимает участие в формировании государственной политики и принимает меры по противодействию теневой экономике;

      467-28) участвует в оценке производства заявителей для включения в реестр казахстанских товаропроизводителей;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзацев одиннадцатого, двенадцатого и тринадцатого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 января 2027 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов