Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын мерзімге дейін қолданылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 871 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысымен бекітілген |
Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі
Р/с | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды* | Тауардың атауы | |
1 | 2 | 3 | |
1-бөлім | |||
1. | 2207 10 000 0 | Спирт концентрациясы 80 көлемдік % немесе одан жоғары денатуратталмаған этил спирті | |
2. | 2208 20 120 0 | сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтыларда жүзім шарабын дистиляциялау немесе жүзімді сығу нәтижесінде алынған спиртті тұнба, коньяк (Cognac) | |
3. | 2208 60 110 0 | сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтылардағы спирт концентрациясы 45,4 көлемдік % немесе одан кем арақ | |
4. | 2208 90 990 0 | сыйымдылығы 2 литрден астам ыдыстардағы спирт концентрациясы 80 көлемдік %-дан аз денатуратталмаған этил спирті | |
5. | 0407 21 000 0 | құс жұмыртқасы, қабықтағы, жаңа, үй тауықтарының (Gallus domesticus) | |
6. | 1101 00 150 | жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған бидай ұны | |
7. | 1001 19 000 0 | қатты бидай, өзгелері | |
8. | 1001 99 000 0 | бидай, өзге | |
9. | 1512 19 900 2 | өзге күнбағыс майлары және оның фракциялары нетто-көлемі 10 литр немесе одан аз бастапқы қаптамада | |
10. | 2102 10 310 0 | белсенді наубайхана ашытқысы, құрғақ | |
11. | 2102 10 390 0 | белсенді наубайхана ашытқысы, өзгелері | |
12. | 0406 30 390 0 | құрғақ затта 48 салм. %-дан астам болған кезде құрамында майы 36 салм. %-дан аспайтын, үгітілмеген немесе ұнтақ тәрізді емес, балқытылған өзге ірімшік | |
13. | 0406 10 500 2 | құрамында 40 салм. %-дан аспайтын майы бар сүзбе, өзге | |
14. | 0701 90 900 0 | жаңа жиналған немесе салқындатылған картоп, өзге | |
15. | 0704 90 100 1 | жаңа жиналған немесе салқындатылған ақбас қырыққабат | |
16. | 0706 10 000 1 | жаңа жиналған немесе салқындатылған сәбіз | |
17. | 0808 10 800 6 | алма, өзге, 1 тамыздан 30 қарашаға дейін | |
18. | 0808 10 800 8 | алма, өзге, 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін | |
19. | 1206 00 990 0 | ұсақталған немесе ұсақталмаған күнбағыс тұқымдары, өзге | |
20. | 1517 90 910 0 | ұшпалы емес сұйық өсімдік майлары, аралас | |
21. | 1601 00 910 1 | еттен, ет субөнімдерінен немесе қаннан жасалған, құрғақ немесе паста тәрізді, шикі шұжықтар | |
22. | 1601 00 990 1 | еттен, ет субөнімдерінен немесе қаннан жасалған өзге шұжықтар және ұқсас өнімдер | |
23. | 1601 00 990 9 | жәндіктерден жасалған өзге шұжықтар және ұқсас өнімдер, олардың негізінде дайындалған өзге де дайын тамақ өнімдері | |
24. | 1902 30 100 0 | кептірілген өзге макарон өнімдері | |
25. | 3105 20 100 0 | құрамында қоректік үш элемент: азот, фосфор және калий бар, құрамында құрғақ сусыз өнімге есептегенде 10 салм. %-дан астам азоты бар минералды немесе химиялық тыңайтқыштар | |
26. | 3105 59 000 0 | құрамында қоректік екі элемент: азот және фосфор бар минералды немесе химиялық өзге тыңайтқыштар | |
27. | 3814 009 00 0 | басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген күрделі органикалық өзге еріткіштер мен сұйылтқыштар; бояуларды немесе лактарды кетіруге арналған дайын құрамдар | |
28. | 3820 00 000 0 | антифриздер және мұздануға қарсы сұйықтықтар, дайын | |
29. | 6806 10 000 8 | қож мақта, минералды силикат мақта мен ұқсас минералды мақталар (олардың қоспаларын қоса алғанда), төкпелі, табақтардағы немесе орамдардағы, өзгелері | |
2-бөлім | |||
30. | 0709 51 000 0 | жаңа жиналған немесе салқындатылған Аgaricus тұқымдас саңырауқұлақтар | |
31. | 0803 90 100 0 | плантайндарды қоса алғанда, жаңа жиналған банандар | |
32. | 0805 10 200 0 | жаңа жиналған тәтті апельсиндер | |
33. | 0805 21 000 0 | жаңа жиналған және кептірілген мандариндер (танжериндер мен сатсуманы қоса алғанда) | |
34. | 0810 70 000 0 | жаңа жиналған құрма | |
35. | 0811 90 500 0 | қайнап жатқан суда немесе буда жылумен өңдеуге ұшыраған немесе ұшырамаған, мұздатылған, қант немесе басқа тәттілендіргіш заттар қосылмаған Vaccinium myrtillus түріндегі өсімдіктердің өзге жемістері | |
36. | 6902 20 910 0 | құрамында 7 салм.%, бірақ 45 салм.%-дан кем глиноземі бар (Al2O3), кремнеземді тас ұнынан немесе ұқсас кремнеземді жыныстардан жасалған бұйымдардан басқа, отқа төзімді кірпіштер, блоктар, тақташалар және отқа төзімді ұқсас керамикалық құрылыс материалдары | |
Ескертпе:
*Ең төмен бағалар деңгейін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болуы үшiн келтiрiлген.