Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
ескертпеде алтыншы жол мынадай редакцияда жазылсын:
"****** орта, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар үшін интернаттар мен жатақханалар салу бойынша мемлекеттік заттай грант түрінде инвестициялық преференция алуға ғана қатысты;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |