Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Үкіметінің | |
| 2025 жылғы 10 қазандағы | |
| № 850 қаулысымен | |
| бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын бекіту және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 412 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 487 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын бекіту және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 412 қаулысының күші жойылды деп тану туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Медициналық лауазымдары қысқартылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері жалпы еңбек өтілі жиырма бес жыл және одан көп болғанда, оның кемінде он екі жыл алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрағанда және штат қысқартылғанда, не денсаулық жағдайы салдарынан, не бекітілген арнаулы атағы бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған кезде жұмыстан шығарылғанда тағайындалады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларды тіркеу туралы анықтама".
2. "Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 214-бабына сәйкес әзірленді және әскери қызметшілердің, арнайы атақтар немесе сыныптық шендер берілген не біліктілік сыныптары белгіленген құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтарғы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторы мен мекемесінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу тәртібін айқындайды.";
7), 7-1), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі, оның ішінде бұрынғы КСРО-ның және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің, бұрынғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетіндегі және қаржы полициясындағы (салық полициясындағы (милициясындағы) (оның ішінде тағылымдамашы лауазымдарындағы) қызмет – лауазымға тағайындалған күннен бастап;
7-1) құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын аяқтаған және адамды құқық қорғау органында, азаматтық қорғау органында лауазымға тағайындаған жағдайда оларда бастапқы кәсіби даярлықтан өту уақыты;
8) әскери қызметте немесе арнаулы мемлекеттік органдарда, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте және бұрынғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде және қаржы полициясында (салық полициясында (милициясында) қызметте қалдыра отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жіберген жағдайда өкілдік және атқарушы органдарда, ведомстволарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс істеген уақыт;
9) Қарулы Күштерге, арнаулы мемлекеттік органдарға, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметке, сондай-ақ бұрынғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетіне және қаржы полициясына (салық полициясына (милициясына) қызметке ауысқан жағдайда сот органдарында судья лауазымдарында жұмыс істеген уақыт;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) кеден органдарын қоспағанда, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілер және азаматтық қызметшілер лауазымдарында арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың жұмыс істеген уақыты;";
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"16) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің тұтқында, қоршауда және арнайы тексеруде болған уақыты, егер тұтқынға ерікті түрде берілмесе және көрсетілген адамдар тұтқында болған кезде Отанына қарсы қылмыс жасамаса;
17) негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тартылған, негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған, мәжбүрлеп көшірілген және кейіннен ақталған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, бұрынғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті және қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы) қызметкерлерінің қамауда болған уақыты, бас бостандығынан айыру органдарында жазасын өтеген және жер аударуда болған уақыты;";
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторы мен мекемесінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың қызметі есептеледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қызметте болудың шекті жасына жеткенге дейін қызметтен негізсіз шығарылған, ал кейіннен денсаулық жағдайы бойынша қызметке шектеу болмағаннан кейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі бастығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі, Салық полициясы (милициясы) комитеті) төрағасының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары лауазымды адамдарының, сондай-ақ Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының шешімі бойынша заңсыз шығарылған деп танылуына байланысты қызметіне қайта тағайындалған Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдар, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті және қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы) қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдарын айқындау кезінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына олар жұмыс істемеген қызметтегі үзіліс уақыты есептеледі.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әскери қызметшілерге (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті және қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы) қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторы мен мекемесінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, оларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жеңілдікті шарттарда еңбек сіңірген жылдарына есептеледі:";
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тартылған, негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған, мәжбүрлеп көшірілген және кейіннен ақталған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті және қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы) қызметкерлерінің қамақта болған уақыты, бас бостандығынан айыру органдарында жазасын өтеген және жер аударуда болған уақыты;";
жиырма төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің ұрыс қимылдары кезеңінде тұтқында болған уақыты, егер тұтқынға ерікті түрде берілмесе және осы адамдар тұтқында болған кезде Отанына қарсы қылмыс жасамаса;";
жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"теңіз деңгейінен 2500 метр және одан да биік таулы жерде: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап; прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін – 1985 жылғы 1 мамырдан бастап;";
қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"теңіз деңгейінен 1500 метр және одан да жоғары биік таулы жерде (2500 метр және одан да жоғары биік жердегі қызметтен басқа) мынадай мерзімде: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1973 жылғы 1 сәуірден бастап, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін – 1985 жылғы 1 мамырдан бастап;";
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әскери немесе төтенше жағдайдың қолданылуы немесе терроризмге қарсы операция жүргізу кезеңінде немесе қарулы қақтығыс жағдайларында не табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындауға тарту уақыты еңбек сiңiрген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарына және жеңiлдiкті шарттар бойынша қызметтің бір күні үш күн болып есептеледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
3. "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидалары";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымы 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымдары қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрi – Кодекс) 215-бабына сәйкес әзiрлендi және әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторы мен мекемесінде орналасқан медициналық ұйымда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемiн тағайындау және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі – әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға Кодекске сәйкес төленетін ақша төлемдері;";
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi – iшкi iстер, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызметін өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторы мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi – ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметiнде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызметін өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге;";
7) тармақша алып тасталсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған, қызметтен босатылған күнге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау шарттары болған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.
5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген уәкiлеттi мемлекеттiк органдар (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік органдар) осы Қағидаларды нақтылау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әскери қызметшiнің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторы мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың қызмет өткергенiн және қызметінен босатылған күнгi ақшалай қамтылым мөлшерiн растайтын құжаттар тiзбесiн айқындайды. Құжаттарды қабылдауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде ведомстволар немесе аумақтық органдар (бұдан әрi – бөлiмшелер) жүзеге асырады.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар үшін – әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызының жеке зейнетақы шотынан есептен шығарылғаны туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша растау-анықтама;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған адамдар үшін, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда – Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, олардың тіркелгені туралы анықтама.
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы бұрын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін ұсынылған құжаттарға қосымша берілген еңбек өтілі туралы құжаттарды ұсынған кезде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін өзгертуді уәкілетті мемлекеттік орган зейнетақы мөлшерін қайта қарау туралы өтініш берілген күннен бастап жүргізілген арттыруларды ескере отырып жүргізеді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар қатарындағы зейнеткердiң зейнеткерлік iсiнен үзiндi көшірме";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар қатарындағы зейнеткердің зейнетақы iсiнен үзiндi көшірме";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар қатарындағы зейнеткердің зейнетақы iсiнен үзiндi көшірме";
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 6-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 7-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 8-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 11-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 12-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 13-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
------------------------------
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде қызмет етуі жеңілдікті шарттарда есептелетін жергілікті жерлердің тізбесі
1. Қызмет етуі жеңілдікті шарттарда еңбек сіңірген жылдарына қызметтің бір айы екі ай болып есептелетін жергілікті жерлер:
Ресей Федерациясы:
Куриль аралдарында және Беринг теңізі аралдарында – 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап;
Охот теңізі аралдарында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Моржовец аралында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, милицияның жеке құрамы үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Солтүстік Мұзды мұхит аралдарындағы әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1954 жылғы 30 тамыздан бастап, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Архангельск облысында – Поляр шеңберінен солтүстікке қарай Ненецк автономиялық округінің жергілікті жерінде: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, милицияның жеке құрамы үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Коми Республикасында – Поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан жергілікті жерде: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, милицияның жеке құрамы үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Тюмень облысында – Поляр шеңберінен солтүстікке қарай Ямал-Ненецк автономиялық округінің жергілікті жерінде, Салехард Халық депутаттары кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақты қоса Салехард қаласында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, милицияның жеке құрамы үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Красноярск өлкесінде – Таймыр (Долган-Ненецк) автономиялық округінде, Поляр шеңберінен солтүстікке қарай Эвенк автономиялық округі мен Турухан ауданының жергілікті жерінде: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, милицияның жеке құрамы үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Якутия Республикасында – Поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан жергілікті жерде: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, милицияның жеке құрамы үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Магадан облысында – Чукот автономиялық округіндегі және бұрын Камчатка облысы Красноярск автономиялық округінің құрамына кірген Солтүстік Эвенк ауданының аумағында – 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап, Магадан облысының қалған аумағында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1953 жылғы 17 желтоқсаннан бастап;
Камчатка облысында – 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап;
Хабаров өлкесінде – Охот, Аян-Майск және Тугур-Чумикан аудандарында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, милицияның жеке құрамы үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап.
2. Қызмет етуі жеңілдікті шарттарда еңбек сіңірген жылдарына қызметтің бір айы бір жарым ай болып есептелетін жергілікті жерлер:
1) Қазақстан Республикасы:
Ақмола облысында – Аршалы (бұрынғы Вишневка), Жарқайың (бұрынғы Державин), Есіл, Жақсы1 аудандарында, Сілеті ауылдық округінде2 және Степногор қаласында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қорғалжын және Целиноград аудандарында (Астана қаласын қоспағанда), Қосшы қаласында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Ақтөбе облысында – Байғанин және Мұғалжар3 аудандарында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Алматы облысында – Жамбыл, Іле (Күрті ауылдық округін қоспағанда), Талғар, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ (Шілік ауылдық округін қоспағанда), Райымбек4, Кеген аудандарында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қапшағай, Қарасай (бұрынғы Қаскелең), Балқаш аудандарында, Іле ауданының Күрті ауылдық округінде, Еңбекшіқазақ ауданының Шілік ауылдық округінде – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Атырау облысында – Махамбет5 ауданында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал облыстың қалған аумағында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Шығыс Қазақстан облысында – Қатонқарағай және Күршім6 аудандарында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Зайсан, Тарбағатай7 аудандарында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Жамбыл облысында – Қордай8, Мойынқұм аудандарында және Жаңатас қаласында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Талас, Байзақ9 және Шу аудандарында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала және Бөкейорда аудандарында, сондай-ақ Теректі10 ауданының Тайпақ ауылдық округінде – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қарағанды11 облысында – Абай12 ауданында, Шет ауданының Ағадыр ауылдық округінде – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Нұра13, Шет, Ақтоғай аудандарында (бұрынғы Жезқазған облысының Жезқазған ауданында), Балқаш және Приозерск қалаларында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қарқаралы14 ауданында – 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қызылорда облысында – Шиелі ауданында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Байқоңыр қаласында және "Байқоңыр" ғарыш айлағына іргелес аудандарда, сондай-ақ облыстың қалған аумағында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Маңғыстау облысында – Қарақия15 ауданында, Жаңаөзен, Форт-Шевченко және Ақтау қалаларында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Бейнеу және Маңғыстау аудандарында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, Мұнайлы ауданында (Өмірзақ ауылын, сондай-ақ бұрынғы Түпқараған ауданының жерін қоспағанда) – 2007 жылғы 1 шілдеден бастап;
Павлодар облысында – Май және Аққулы аудандарында – 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Солтүстік Қазақстан облысында – Айыртау ауданында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Түркістан (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) облысында – Созақ, Сарыағаш (Келес ауылдық округін қоспағанда) аудандарында және Түркістан қаласында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Сарыағаш қаласында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Абай облысында – Аягөз, Жарма16 аудандарында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Таскескен аудандарында, Үржар ауданының Мақаншы ауылдық округінде, Семей және Курчатов қалаларында – 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Жетісу облысында – Алакөл (Үйгентас ауылдық округін қоспағанда), Кербұлақ ауданының Сарыөзек қалалық үлгідегі кентінде, Көксу17, Сарқан18, Ескелді (Талдықорған қаласын қоспағанда), Панфилов аудандарында, Текелі қаласы мен Ақсу ауылында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Кербұлақ ауданында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Ұлытау облысында – Ұлытау ауданының Жезді ауылдық округінде, Қаражал қаласында және Жәйрем кентінде – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Ұлытау, Жаңаарқа, (бұрынғы Жезқазған облысының Қаражал ауданында), Сәтпаев және Жезқазған қалаларында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
2) Ресей Федерациясы:
Мурманск облысында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1949 жылғы 25 маусымнан бастап, Мурманск қаласында – 1951 жылғы 30 сәуірден бастап; милицияның жеке құрамы үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Карелия Республикасында – Беломор, Калеваль, Кемск, Костомуш 19, Лоух, Медвежьегорск, Муеаерск, Сегеш, Суояр аудандарында және Костомуш қаласында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Архангельск облысында – Виноградовск, Лешуконск, Мегенск, Новодвинск20, Пинежск, Онежск, Плесецк, Приморск, Соловецкий21 және Холмогор аудандарында, Архангельск, Новодвинск және Онега, Северодвинск қалалық Халық депутаттары кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақты қоса Северодвинск қалаларында, Поляр шеңберінен оңтүстікке қарай Ненецк автономиялық округінің жергілікті жерінде – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап; Верхнетоемский және Ленский аудандарында – 1992 жылғы 1 шілдеден бастап;
Қалмық Республикасында – Октябрь ауданында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Коми Республикасында (осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген жергілікті жерлерден басқа) – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Тюмень облысында – Ямал-Ненецк автономиялық округінде (осы тізбенің 1-бөлімінде көрсетілген жергілікті жерлерден басқа): әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, Ханты-Мансийск автономиялық округінде – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Алтай өлкесінде – Таулы Алтай автономиялық облысының Онгудай, Улаганск, Усть-Канск, Усть-Коксинск және Шебалинск аудандарында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Томск облысында – Александровский, Бакчарский, Верхнекетский, Каргасокский, Колпашевский, Кривошеинский, Молчановский, Парабельский, Тегульдетский және Чайнский аудандарында, Колпашево және Стрежевой қалаларында, Томск ауданының Итатке кентінде – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Красноярск өлкесінде – Поляр шеңберінің оңтүстігіне қарай Эвенк автономиялық округі мен Турухан ауданының жергілікті жерінде, Солтүстік Енисей ауданында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, Богучанский, Енисейский, Кежемский және Мотыгинский аудандарында, Лесосибирск қалалық Халық депутаттары кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақты қоса Енисей және Лесосибирск қалаларында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Тува Республикасында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Иркутск облысында – Катанг ауданында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, облыстың қалған аумағында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Якутия Республикасында (осы тізбенің 1-тармағында көрсетілген жергілікті жерлерден басқа): әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Бурятия Республикасында, Чита және Амур облыстарында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Приморск өлкесінде – Самарги өзенінен солтүстікке қарай Тернейск ауданының аумағында – 1949 жылғы 25 маусымнан бастап; өлкенің қалған аумағында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Хабаровск өлкесінде – Ванинск, Николаевск, Совет-Гаван және Ульчск аудандарында, Амурдағы Николаевск және Советская Гавань қалаларында – 1949 жылғы 25 маусымнан бастап; өлкенің қалған аумағында: әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, прокуратура, ішкі істер, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Сахалин облысында – Сахалин аралында – 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап, Монерон аралында – 1980 жылғы 1 қарашадан бастап;
3) Қырғыз Республикасы:
Ыстықкөл облысының Ақсу, Атбашы және Жетіөгіз аудандарында, Ош облысының Алай және Совет аудандарында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап; Ош облысының Тоғыз тарау ауданында, Шу облысының Мәскеу және Панфилов аудандарында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
4) Тәжікстан Республикасы:
Таулы Бадахшан облысында, Куляб облысының Дангарин, Ленинград, Мәскеу және Пархар аудандарында, Қорғантөбе облысының Жилікөл, Кабоден, Құманғыр, Пяньан және Шаартуз аудандарында, Яван ауданының Яван кентінде; Ленинабад облысы Чкалов қалалық Халық депутаттары кеңесінің Табошар кентінде, Нүрек қалалық Халық депутаттары кеңесінің Пастакон кентінде – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, республиканың қалған аумағында (Душанбе қаласын қоспағанда) – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
5) Түрікменстан Республикасы:
Мары облысында, Чарджоу облысының Меркен және Шаршанғын аудандарында, Керч қаласында және Чарджоу қалалық Халық депутаттары кеңесінің Нефтезаводск кентінде, Ашғабат облысының Ашғабат, Бахарден, Геок-Тепе, Гаур, Каах, Серах және Теджен аудандарында, Тедмен қаласында, Красноводск облысында, Байрам-Әли, Векиль-Базар, Ислотан, Қарақұм, Кушка, Мари, Мұрғаб, Тахта-Базар аудандарында, Байрам-Әли және Мары облысының Мары қалаларында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, республиканың қалған аумағында (Ашғабат қаласын қоспағанда) – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
6) Өзбекстан Республикасы:
Бұхар облысы Қаған ауданының Қарауылбазар қаласында, Қашқандария облысындағы Мүбарак қаласында, Самарқанд облысының Қаттақорған және Советабад аудандарында, Зарафшан және Үшқұдық қалаларында, Бұхар облысының Зарафшан қалалық Халық депутаттары кеңесінің кенттерінде және Үшқұдық қалалық Халық депутаттары кеңесінің Көкпетас кентінде, Ангор, Гагарин, Жарқорған, Термез және Шерабад аудандарында, Сурхандария облысының Термез қаласында – 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, республиканың қалған аумағында (Ташкент қаласын қоспағанда) – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
7) Қазақстан Республикасының, Түрікменстан Республикасының және Әзербайжан Республикасының әкімшілік бағынысындағы Арал теңізінің, сондай-ақ Каспий теңізінің аралдарында – 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
1 Державинск, Есіл және Жақсы аудандары бұрынғы Торғай облысының құрамына кірді.
2 Сілеті ауылдық округіне бұрынғы Сілеті ауданының аумағы кірді.
3 Мугоджар ауданының атауы Мұғалжар ауданы болып өзгертілді.
4 Райымбек ауданының құрамына Кеген және Нарынқол аудандарының аумағы кірді.
5 Махамбет ауданының құрамына Балықшы ауданының аумағы кірді.
6 Күршім ауданының құрамына бұрынғы Марқакөл ауданының аумағы кірді.
7 Тарбағатай ауданының құрамына бұрынғы Ақсуат ауданының аумағы кірді.
8 Қордай ауданының құрамына бұрынғы Красногор ауданының аумағы кірді.
9 Свердлов ауданы Байзақ ауданы болып өзгертілді.
10 Теректі ауданының құрамына Ақжайық ауданының аумағы кірді.
11 Қарағанды облысының құрамына бұрынғы Жезқазған облысы кірді.
12 Мичурин ауданының атауы Абай ауданы болып өзгертілді.
13 Нұра ауданының құрамына Ақмола облысының бұрынғы Қорғалжын және Теңіз аудандарының аумағы кірді.
14 Қарқаралы ауданының құрамына бұрын Егіндібұлақ ауданы болған Қазыбек би ауданының аумағы кірді.
15 Ерәлиев ауданының атауы Қарақия ауданы болып өзгертілді.
16 Жарма ауданының құрамына бұрынғы Шар ауданының аумағы кірді.
17 Бұрынғы Талдықорған облысының Киров және Гвардейск аудандарының атауы тиісінше Алматы облысының Көксу және Кербұлақ аудандары болып өзгертілді.
18 Сарқанд ауданының құрамына бұрынғы Бөрлітөбе ауданы аумағының бір бөлігі кірді.
19 Костомуш ауданы Калевал ауданының құрамынан бөлінген.
20 Новодвинский ауданы Приморск ауданының құрамынан бөлінген.
21 Соловецкий ауданы Приморск ауданының құрамынан бөлінген.
22 Егер әскери қызметші немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері оқу-жаттығу орталығында білім алғаннан кейін реакторды іске қосу жүргізілмеген атом крейсеріне немесе атом сүңгуір қайығына қызмет өткеру үшін жіберілсе, осы корабльдерде қызмет ету кезеңі реактордың жұмысы басталған күннен бастап жеңілдікті шарттарда еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.