Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 849 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 536-бабының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысының;

      2) "Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 259 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 10 қазандағы
№ 849 қаулысымен
бекітілген

Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 536-бабының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда қызметі саласында сауда саясатын қалыптастыратын және басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнімі;

      3) біртекті тауарлар – барлық жағынан бірдей болып табылмайтын, бірақ өздерінің бағаланатын тауарлар сияқты функцияларды орындауына және олармен бірін-бірі коммерциялық тұрғыда алмастыра алатын тауарлар болуына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдастардан тұратын, дәл сондай материалдардан өндірілген тауарлар.

2-тарау. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібі

      3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасына тауарлар импортының қарқыны мен құрылымын талдау деректері негізінде Еуразиялық экономикалық одақ Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) алты белгісі деңгейінде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын тауарлардың қосымша тізбесін (бұдан әрі – қосымша тізбе) қалыптастырады. Біртекті тауарлар қарастырылған жағдайда импорт ЕАЭО СЭҚ ТН төрт белгісі деңгейінде қаралуы мүмкін.

      4. Қосымша тізбе:

      1) ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын алты немесе төрт белгі деңгейінде көрсете отырып, бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін тауарлардан тұрады:

      қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінің 10 %-ы және одан астамы белгілі бір елдің үлесіне тиесілі импорт құрылымындағы тауарлар, бұл ретте көрсетілген елдерден импорттың құндық көлемі 10 мың АҚШ долларынан артық болуға тиіс;

      өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қарастырылып отырған кезеңде табиғи мәндегі (және (немесе) қосымша өлшем бірлігінде) импорт көлемінің ұлғаюын көрсететін тауарлар;

      2) қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінің 10 %-ы және одан астамы импорт үлесіне тиесілі елдердің атаулары.

      5. Қосымша тізбені қалыптастыру кезінде акцизді нақты тауар импортына қатысты қолданудың экономикалық орындылығы және (немесе) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелер ескеріледі.

      6. Қосымша тізбе жобасы Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына келісу үшін жіберіледі.

      7. Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен келiсу қорытындылары бойынша қосымша тiзбенiң жобасы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрi – Ведомствоаралық комиссия) қарауына шығарылады.

      8. Қосымша тізбені уәкілетті орган Ведомствоаралық комиссияның ұсынымдық шешімі болған кезде бекітеді.

Об утверждении Правил определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 октября 2025 года № 849

      Вводится в действие с 1 января 2026 года.

      В соответствии с частью второй статьи 536 Налогового кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения.

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2018 года № 207 "Об утверждении Правил определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения";

      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2022 года № 259 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2018 года № 207 "Об утверждении Правил определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения".

      3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 10 октября 2025 года № 849

Правила определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения (далее – Правила), разработаны в соответствии с частью второй статьи 536 Налогового кодекса Республики Казахстан и определяют порядок определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) уполномоченный орган в области регулирования торговой деятельности (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, формирующий торговую политику и осуществляющий руководство, а также межотраслевую координацию в сфере торговой деятельности;

      2) товар – любой, не изъятый из оборота продукт труда, предназначенный для продажи или обмена;

      3) однородные товары – товары, не являющиеся идентичными во всех отношениях, но имеющие сходные характеристики и состоящие из схожих компонентов, произведенных из таких же материалов, что позволяет им выполнять те же функции, что и оцениваемые товары, и быть с ними коммерчески взаимозаменяемыми.

Глава 2. Порядок определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения

      3. Уполномоченный орган формирует дополнительный перечень товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения (далее – дополнительный перечень), на основе данных анализа динамики и структуры импорта товаров в Республику Казахстан по итогам полугодия на уровне шести знаков Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (далее – ТН ВЭД ЕАЭС). В случае рассмотрения однородных товаров импорт может рассматриваться на уровне четырех знаков ТН ВЭД ЕАЭС.

      4. Дополнительный перечень состоит из:

      1) товаров с указанием кодов ТН ВЭД ЕАЭС на уровне шести или четырех знаков, одновременно соответствующих следующим критериям:

      товары, в структуре импорта которых на долю определенной страны приходится 10 % и более от общего объема импорта указанных товаров в Республику Казахстан за рассматриваемый период, при этом стоимостный объем импорта из указанных стран должен превышать 10 тысяч долларов США;

      товары, показывающие увеличение объемов импорта в натуральном выражении (и (или) в дополнительных единицах измерения) в рассматриваемом периоде в сравнении с аналогичным периодом прошлого года;

      2) наименований стран, на долю импорта которых приходится 10 % и более от общего объема импорта указанных товаров в Республику Казахстан за рассматриваемый период.

      5. При формировании дополнительного перечня учитываются экономическая целесообразность применения акциза в отношении импорта конкретного товара и (или) обязательства, вытекающие из международных договоров, заключенных Республикой Казахстан.

      6. Проект дополнительного перечня направляется для согласования в заинтересованные государственные органы Республики Казахстан.

      7. По итогам согласования с заинтересованными государственными органами Республики Казахстан проект дополнительного перечня выносится на рассмотрение Межведомственной комиссии Республики Казахстан по вопросам внешнеторговой политики и участия в международных экономических организациях (далее – Межведомственная комиссия).

      8. Дополнительный перечень утверждается уполномоченным органом при наличии рекомендательного решения Межведомственной комиссии.

      ____________________________