Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 және "Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1048 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 837 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу қағидаларында:

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қызметкер қызметтiк міндеттерін атқарып жүрген кезiнде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан не қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезiнде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгі бiр жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда (қызметкердің асырауындағы адамдар немесе мұрагерлері біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар болып табылады);

      2) қызметкерге қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезiнде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан немесе қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген кезде;";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезiнде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан не қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезiнде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

      қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі не қайтыс болу туралы хабарлама;

      қаза тапқан (қайтыс болған) адамның қызмет өткерген жерінен қаза табуының (қайтыс болуының) мән-жайлары туралы қорытындының көшірмесі;

      егер төлемге өтініш берген адам қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагері болып табылса, мұраға құқығы туралы куәлік;

      асырауында болғаны туралы анықтама;

      қаза тапқан (қайтыс болған) адамның қаза тапқан (қайтыс болған) күнгі ақшалай үлесі туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы.

      Бұдан басқа, осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген оқиғалар туындаған кезде денсаулығына келтірілген зақымның салдарынан бір жыл өткенге дейін қайтыс болған қызметкердің қаза табу (қайтыс болу) фактісі бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның (бұдан әрі – ӘДК) қорытындысы ұсынылады.";

      2) "Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1048 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 66-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 12-тармағына, 78-бабының 11-тармағына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қызметтік міндеттерін (әскери қызмет міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, арнаулы мемлекеттік орган курсантының, тыңдаушысының, қызметкерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің, мерзімді қызмет әскери қызметшісінің, курсанттың, кадеттің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттінің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді жүзеге асырудың тәртібін мен мөлшері айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Қағидалар қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, арнаулы мемлекеттік органдар курсанттарының, тыңдаушыларының, қызметкерлерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшілердің, мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің, курсанттардың, кадеттердің, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілердің, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жесірлері (тұл ерлері) мен балалары болып табылған адамдарға да қолданылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ақшалай төлем тағайындау оны алуға құқығы бар адам өтініш берген күнінен бастап әскери-дәрігерлік комиссия (сараптама) қорытындысы (қаулысы) негізінде жүргізіледі.";

      11-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ақшалай төлем алушы қайтыс болған;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) жұбайы (зайыбы) қайта некеге тұрған жағдайларда тоқтатылады.";

      14-тармақтың алтыншы бөлігі алып тасталсын;

      15-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2011 года № 1192 "Некоторые вопросы реализации Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе" и от 21 декабря 2022 года № 1048 "Об утверждении Правил и размера осуществления денежной выплаты членам семьи погибшего (умершего) сотрудника правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы, курсанта, слушателя, сотрудника специального государственного органа, военнослужащего, проходившего воинскую службу по контракту, военнослужащего срочной службы, курсанта, кадета, военнообязанного, призванного на воинские сборы, военнослужащего, проходившего воинскую службу в резерве в периоды нахождения на занятиях или сборах по боевой подготовке, сборах при кризисных ситуациях, в результате увечья (травмы, ранения, контузии), полученного при исполнении служебных обязанностей (обязанностей воинской службы), в периоды нахождения на занятиях или сборах по боевой подготовке, сборах при кризисных ситуациях"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2025 года № 837

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2011 года № 1192 "Некоторые вопросы реализации Закона Республики Казахстан "О правоохранительной службе":

      в Правилах выплаты единовременной компенсации сотруднику правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан при получении увечья (травмы, ранения, контузии) в период исполнения им служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, лицам, имеющим право на ее получение, утвержденных указанным постановлением:

      подпункты 1) и 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) в случае гибели (смерти) сотрудника вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, либо в течение года после увольнения со службы вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей (лицами, имеющими право на получение единовременной компенсации, являются иждивенцы или наследники сотрудника);

      2) при установлении сотруднику инвалидности, наступившей в результате заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, или наступившей в результате заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, до истечения одного года со дня увольнения сотрудника со службы;";

      подпункт 1) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "1) в случае гибели (смерти) сотрудника вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей, либо в течение года после увольнения со службы вследствие заболевания, увечья (травмы, ранения, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей:

      заявление согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      копию свидетельства о смерти либо уведомление о смерти;

      копию заключения с места прохождения службы погибшего (умершего) об обстоятельствах гибели (смерти);

      свидетельство о праве на наследство, если обратившийся за выплатой является наследником погибшего (умершего);

      справку о нахождении на иждивении;

      справку финансового подразделения о денежном содержании погибшего (умершего) на день гибели (смерти).

      По факту гибели (смерти) сотрудника, умершего до истечения одного года вследствие повреждения здоровья при наступлении событий, указанных в подпункте 1) пункта 2 настоящих Правил, кроме того представляется заключение военно-врачебной комиссии (далее – ВВК).";

      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2022 года № 1048 "Об утверждении Правил и размера осуществления денежной выплаты членам семьи погибшего (умершего) сотрудника правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы, курсанта, слушателя, сотрудника специального государственного органа, военнослужащего, проходившего воинскую службу по контракту, военнослужащего срочной службы, курсанта, кадета, военнообязанного, призванного на воинские сборы, военнослужащего, проходившего воинскую службу в резерве в периоды нахождения на занятиях или сборах по боевой подготовке, сборах при кризисных ситуациях, в результате увечья (травмы, ранения, контузии), полученного при исполнении служебных обязанностей (обязанностей воинской службы), в периоды нахождения на занятиях или сборах по боевой подготовке, сборах при кризисных ситуациях":

      в Правилах и размере осуществления денежной выплаты членам семьи погибшего (умершего) сотрудника правоохранительного органа, органа гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы, курсанта, слушателя, сотрудника специального государственного органа, военнослужащего, проходившего воинскую службу по контракту, военнослужащего срочной службы, курсанта, кадета, военнообязанного, призванного на воинские сборы, военнослужащего, проходившего воинскую службу в резерве в периоды нахождения на занятиях или сборах по боевой подготовке, сборах при кризисных ситуациях, в результате увечья (травмы, ранения, контузии), полученного при исполнении служебных обязанностей (обязанностей воинской службы), в периоды нахождения на занятиях или сборах по боевой подготовке, сборах при кризисных ситуациях, утвержденных указанным постановлением:

      в пункт 1 вносятся изменения в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:

      "1-1. Настоящие Правила распространяются также на лиц, которые на 1 января 2022 года являлись вдовами (вдовцами) и детьми погибших (умерших) сотрудников правоохранительных органов, органов гражданской защиты, государственной фельдъегерской службы, курсантов, слушателей, сотрудников специальных государственных органов, военнослужащих, проходивших воинскую службу по контракту, военнослужащих срочной службы, курсантов, кадетов, военнообязанных, призванных на воинские сборы, военных резервистов, находившихся на занятиях или сборах по боевой подготовке и сборах при кризисных ситуациях.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Назначение денежной выплаты производится на основании заключения (постановления) военно-врачебной комиссии (экспертизы) со дня подачи заявления лицом, имеющим право на ее получение.";

      в пункте 11:

      подпункт 4) изложить в следующей редакции:

      "4) смерти получателя денежных выплат;";

      дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) заключения повторного брака супругой (супругом).";

      часть шестую пункта 14 исключить;

      пункт 15 исключить.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов