ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 53-3), 53-4) және 53-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"53-3) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне, олардың құрылымына қойылатын талаптарды әзірлеу және оларды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
53-4) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен тәртібін әзірлеу және оларды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен, салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
53-5) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;";
61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"61) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төмен нормативтерін әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 199-3) тармақшамен толықтырылсын:
"193-3) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;".
2. Осы қаулы:
1) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын;
2) 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |