Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 36-жолда:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Tau-Ken Temir" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы, "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – "Байқоңыр" кешені";
реттік нөмірі 155-жолда:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Ембiмұнайгаз" акционерлік қоғамы;
2) "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы, "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – "Байқоңыр" кешені";
реттік нөмірі 158-жолда:
5-бағанда:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы, "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – "Байқоңыр" кешені";
реттік нөмірі 159-жолда:
5-бағанда:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;";
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы, "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – "Байқоңыр" кешені";
реттік нөмірі 310-жолдың 5-бағанында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Digital Silk Road Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) "Ионосфера институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
реттік нөмірі 321-жолдың 5-бағанында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;";
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
реттік нөмірі 323-жолдың 5-бағанында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) "Ионосфера институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |