ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 660 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесін айқындау туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесі айқындалсын.";
көрсетілген қаулымен айқындалған "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесі";
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар | "Еңбек нарығы" АЖ |
";
реттік нөмірлері 6, 7 және 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Жұмыс істемейтін, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар | "Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ |
7. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Жұмыс істемейтін, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар | "Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ |
8. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері | "Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған АЖ, "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" АЖ |
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі | Қазақстан Республикасы сот органдарының АЖ |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:
"
17. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес соңғы үш ай бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған және әлеуметтік саламаттылықтың дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар | "Отбасының цифрлық картасы" талдамалық шешімі |
".
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |