"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 805 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-20) және 18-21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      18-2) "электрондық үкімет" архитектурасын іске асыруды қамтамасыз ету;

      18-3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту;

      18-4) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру;

      18-5) электрондық ақпараттық ресурстардың толықтырылуын жүзеге асыру, олардың анықтығы мен жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;

      18-6) "электрондық үкiметтi" дамытуға қатысу;

      18-7) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органның қарауындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      18-8) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру;

      18-9) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасын есепке алуды және жаңартып отыруды жүзеге асыру;

      18-10) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз ету және оларды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;

      18-11) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;

      18-12) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру;

      18-13) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;

      18-14) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      18-15) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту кезінде тиісті қызмет салалары мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      18-16) операторға "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды беру;

      18-17) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындау;

      18-18) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлерін, ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік бере отырып, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету;

      18-19) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, операторға деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік беру;

      18-20) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына беру;

      18-21) "электрондық үкімет" архитектурасын іске асыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық инновациялық жүйенің "бірыңғай терезесін" дамытуға қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 30-5), 30-6), 30-7), 30-8), 30-9), 30-10), 30-11), 30-12), 30-13), 30-14) және 30-15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "30-1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      30-2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      30-3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз ету;

      30-4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау;

      30-5) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;

      30-6) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

      30-7) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асыру;

      30-8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қолдану;

      30-9) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;

      30-10) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беруді қамтамасыз ету;

      30-11) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беру;

      30-12) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға беру;

      30-13) өзінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіру;

      30-14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу;

      30-15) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз ету;";

      73) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "73) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын келісу;";

      79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "79) республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      81) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "81) республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      165) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "165) автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      281) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "281) iшкi су жолдарын кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 288-1), 288-2), 288-3), 288-4), 288-5), 288-6), 288-7), 288-8), 288-9), 288-10), 288-11), 288-12), 288-13), 288-14), 288-15), 288-16), 288-17), 288-18), 288-19), 288-20), 288-21), 288-22), 288-23) және 288-24) тармақшалармен толықтырылсын:

      "288-1) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін келісу;

      288-2) ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешімді "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап қабылдау;

      288-3) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн келісу;

      288-4) автомобиль жолдары және жол қызметі саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды;

      288-5) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу;

      288-6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол саласын қаржыландыру көздері мен мөлшерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      288-7) автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;

      288-8) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;

      288-9) жол саласында инвестициялық және әлеуметтік саясатты іске асыру;

      288-10) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды қаржыландыру;

      288-11) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстары мен қызметтер көрсетуін қаржыландыру;

      288-12) жобалау саласында қабылданған нормалар мен ұлттық стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету;

      288-13) автомобиль жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп- ұстауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жол қызметiн басқару;

      288-14) автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;

      288-15) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес, жалға алушы ретінде жалдау шартын, сондай-ақ сервистік агент ретінде сервистік агенттің қызмет көрсетуі шартын, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарына немесе олардың учаскелерiне қатысты өзге де шарттарды жасасу;

      288-16) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін дамытуды үйлестіру;

      288-17) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;

      288-18) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

      288-19) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол инфрақұрылымының қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      288-20) автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      288-21) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды, реконструкциялауды және жөндеуді жоспарлау кезінде кейіннен байланыс саласындағы уәкілетті органның күтіп-ұстауына бере отырып, талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуды келісу;

      288-22) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп, қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей зілзалалар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіштік қабiлетiнiң жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде тиiстi жол белгiлерiн қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлiк құралдарының жол жүрiсiн шектеу немесе тоқтату, автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау;

      288-23) жол саласы қызметкерлерінің біліктілігін міндетті арттыру жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      288-24) жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 428-13) тармақшамен толықтырылсын:

      "428-13) тиiстi мемлекеттiк басқару саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру үшiн жауап беру, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлерiне олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасасу;";

      мынадай мазмұндағы 429-1), 429-2), 429-3), 429-4), 429-5), 429-6), 429-7), 429-8), 429-9), 429-10), 429-11), 429-12), 429-13), 429-14) және 429-15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "429-1) қатынас жолдарын техникалық жабу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      429-2) Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидаларын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп әзірлеу және бекіту;

      429-3) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру тапсырысын орындауға қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      429-4) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдерін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

      429-5) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      429-6) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысу;

      429-7) аумақтық қорғаныс күштерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, аумақтық қорғаныс объектілері болған кезде оларды күзетуді және қорғауды ұйымдастыру;

      429-8) эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу;

      429-9) жұмылдыру тапсырмасы негізде арнаулы құрылымдар құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

      429-10) аумақтық қорғаныс объектілері болған кезде олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      429-11) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы іс-шараларына, саланың жұмылдыру дайындығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілерді, қорғаныс мұқтажына қажетті өнiмдер әзiрлеу, өндiру, шығару және жөндеу жөнiндегi қуаттарды құруға, дамытуға және сақтауға қатысу және жұмылдыру резервтерінің толықтырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын және оны іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      429-12) саланы Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауға тікелей дайындауды ұйымдастыру, саланың соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      429-13) арнаулы құралымдар құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ведомстволық бағынысты объектілер болған кезде олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      429-14) азаматтық қорғаныс iс-шараларын ұйымдастырып, жүргізу және ведомстволық бағынысты ұйымдардың оларды орындауын қамтамасыз ету;

      429-15) республика халқын қорғанысқа даярлауға қатысу, Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 432-1), 432-2), 432-3), 432-4), 432-5), 432-6), 432-7), 432-8), 432-9) және 432-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "432-1) құпияландырылуға тиісті мәліметтердің ведомостволық тізбесін әзірлеу;

      432-2) мемлекеттік орган әзірлеген мемлекеттік құпиялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде ведомостволық бағынысты ұйымдарда да қорғалуын қамтамасыз ету;

      432-3) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария етудің немесе жоғалтудың салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның мөлшерін айқындау тәртібін әзірлеуге қатысу;

      432-4) мемлекеттік органға басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің, сондай-ақ мемлекеттік орган құпияландырған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету;

      432-5) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыс жүргізуге белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу;

      432-6) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдарына сертификаттар алу;

      432-7) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуге қатысу;

      432-8) айрықша режимді, режимді және ерекше қорғалатын объектілердің санаттарын және оларды уақтылы қайта қарауды айқындау;

      432-9) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер алуға рұқсат етілетін азаматтарға қатысты тексеру шараларын жүргізуді өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;

      432-10) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау саласындағы басқа да мәселелерді шешу;";

      434) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "434) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттарды, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 445-1), 445-2), 445-3), 445-4), 445-5), 445-6), 445-7), 445-8), 445-9), 445-10) және 445-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "445-1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты, ғылым және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы ғылыми-технологиялық саясатты іске асыруға, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысу;

      445-2) тиісті салада іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысу;

      445-3) ғылыми-техникалық кеңесті құру және оның ережесін бекіту;

      445-4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың тиісті салада іске асырылуын жүзеге асыру;

      445-5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекіту;

      445-6) ұлттық ғылыми кеңестердің құрамдарына қосу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды ғылым саласындағы уәкілетті органға енгізу;

      445-7) базалық қаржыландыру субъектілері мен іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды ғылым саласындағы уәкілетті органға енгізу;

      445-8) ғылымды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      445-9) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;

      445-10) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысу;

      445-11) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысу;".

      2. Осы қаулы:

      1) 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан екінші абзацтарын;

      2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 862 "Некоторые вопросы Министерства транспорта Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2025 года № 805

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 862 "Некоторые вопросы Министерства транспорта Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве транспорта Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      дополнить подпунктами 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-20) и 18-21) следующего содержания:

      "18-1) обеспечение соблюдения единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, требований по управлению данными;

      18-2) обеспечение реализации архитектуры "электронного правительства";

      18-3) создание и развитие объектов информатизации "электронного правительства";

      18-4) разработка и размещение платформенных программных продуктов;

      18-5) осуществление наполнения, обеспечение достоверности и актуальности электронных информационных ресурсов;

      18-6) участие в развитии "электронного правительства";

      18-7) обеспечение доступа местных исполнительных органов в пределах их компетенции к информационным системам государственных органов, находящимся в ведении государственного органа;

      18-8) размещение открытых данных на казахском и русском языках на интернет-портале открытых данных;

      18-9) осуществление учета и актуализации сведений об объектах информатизации "электронного правительства" и технической документации объектов информатизации "электронного правительства" на архитектурном портале "электронного правительства";

      18-10) обеспечение хранения оригиналов технической документации на бумажных носителях и представление их сервисному интегратору "электронного правительства" по его запросу;

      18-11) осуществление использования стандартных решений при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства";

      18-12) размещение общедоступной информации о планах и результатах создания и развития объектов информатизации государственных органов на своих интернет-ресурсах;

      18-13) размещение интернет-ресурсов на единой платформе интернет-ресурсов государственных органов, а также обеспечение их достоверности и актуализации;

      18-14) приобретение информационно-коммуникационных услуг;

      18-15) установление требований к уровню цифровой грамотности специалистов соответствующих сфер деятельности при разработке и утверждении профессиональных стандартов;

      18-16) предоставление оператору электронных информационных ресурсов, необходимых для информационного наполнения веб-портала "электронного правительства";

      18-17) определение объектов, относящихся к критически важным объектам информационно-коммуникационной инфраструктуры, в пределах своей компетенции;

      18-18) обеспечение рабочими местами с доступом к объектам информатизации работников Национального координационного центра информационной безопасности, за исключением уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций и специальных государственных органов Республики Казахстан;

      18-19) предоставление доступа оператору к электронным информационным ресурсам для осуществления аналитики данных в соответствии с требованиями по управлению данными, за исключением Службы государственной охраны Республики Казахстан;

      18-20) передача данных на информационно-коммуникационную платформу "электронного правительства" в соответствии с требованиями по управлению данными;

      18-21) обеспечение реализации архитектуры "электронного правительства", доступа к ней, а также участие в развитии "единого окна" национальной инновационной системы в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      дополнить подпунктами 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 30-5), 30-6), 30-7), 30-8), 30-9), 30-10), 30-11), 30-12), 30-13), 30-14) и 30-15) следующего содержания:

      "30-1) обеспечение повышения качества, доступности оказания государственных услуг;

      30-2) обеспечение доступности подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг;

      30-3) обеспечение информированности услугополучателей в доступной форме о порядке оказания государственных услуг;

      30-4) рассмотрение обращений услугополучателей по вопросам оказания государственных услуг;

      30-5) принятие мер, направленных на восстановление нарушенных прав, свобод и законных интересов услугополучателей;

      30-6) обеспечение повышения квалификации работников в сфере оказания государственных услуг, общения с лицами с инвалидностью;

      30-7) осуществление реинжиниринга оказания государственных услуг в соответствии с правилами цифровой трансформации государственного управления;

      30-8) после внесения в реестр государственных услуг новой государственной услуги принятие мер по переводу ее оказания в электронный формат в соответствии с законодательством Республики Казахстан по согласованию с уполномоченным органом в сфере информатизации;

      30-9) обеспечение представления информации в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг для проведения оценки качества оказания государственных услуг, а также информации по результатам внутреннего контроля за качеством оказания государственных услуг в порядке и сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;

      30-10) обеспечение представления информации о принимаемых мерах по автоматизации процесса оказания государственных услуг в уполномоченный орган в сфере информатизации для проведения оценки процесса автоматизации оказания государственных услуг в порядке и сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;

      30-11) предоставление доступа Государственной корпорации к информационным системам, содержащим необходимые для оказания государственных услуг сведения, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан;

      30-12) представление в Государственную корпорацию в течение трех рабочих дней информации о порядке оказания государственных услуг и внесенных изменениях и (или) дополнениях в подзаконные нормативные правовые акты, определяющие порядок оказания государственной услуги, с даты их утверждения или изменения;

      30-13) координация деятельности своих территориальных подразделений, а также местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов по соблюдению законодательства Республики Казахстан, регулирующего порядок оказания государственных услуг;

      30-14) проведение внутреннего контроля за качеством оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      30-15) обеспечение соблюдения услугодателями подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг;";

      подпункт 73) изложить в следующей редакции:

      "73) согласование правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом в городах республиканского значения, столице;";

      подпункт 79) изложить в следующей редакции:

      "79) разработка и утверждение правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, за исключением городов республиканского значения, столицы;";

      подпункт 81) изложить в следующей редакции:

      "81) разработка и утверждение правил субсидирования за счет бюджетных средств убытков перевозчиков, связанных с осуществлением социально значимых перевозок пассажиров, за исключением городов республиканского значения, столицы и их агломераций;";

      подпункт 165) изложить в следующей редакции:

      "165) разработка и утверждение правил оказания услуг по перевозке лиц с инвалидностью автомобильным транспортом (инватакси);";

      подпункт 281) изложить в следующей редакции:

      "281) разработка и утверждение правил отнесения внутренних водных путей к категории судоходных и перечня судоходных водных путей;";

      дополнить подпунктами 288-1), 288-2), 288-3), 288-4), 288-5), 288-6), 288-7), 288-8), 288-9), 288-10), 288-11), 288-12), 288-13), 288-14), 288-15), 288-16), 288-17), 288-18), 288-19), 288-20), 288-21), 288-22), 288-23) и 288-24) следующего содержания:

      "288-1) согласование перечня автомобильных дорог областного значения;

      288-2) принятие решения о приостановлении использования платной автомобильной дороги (участка) с момента возникновения обстоятельств, указанных в пункте 2 статьи 5-3 Закона Республики Казахстан "Об автомобильных дорогах";

      288-3) согласование наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования областного значения;

      288-4) координация и методическое руководство местных исполнительных органов в сфере автомобильных дорог и дорожной деятельности;

      288-5) ведение государственного учета автомобильных дорог общего пользования;

      288-6) разработка предложений по определению источников и размеров финансирования дорожной отрасли в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      288-7) участие в заключении международных договоров Республики Казахстан в части развития и эксплуатации автомобильных дорог;

      288-8) рассмотрение проектов документов по стандартизации в пределах компетенции, а также подготовка предложений по разработке, внесению изменений, пересмотру и отмене национальных, межгосударственных стандартов, национальных классификаторов технико-экономической информации и рекомендаций по стандартизации для внесения в уполномоченный орган в сфере стандартизации;

      288-9) реализация инвестиционной и социальной политики в дорожной отрасли;

      288-10) финансирование Национального оператора по управлению автомобильными дорогами в рамках выполнения государственного задания;

      288-11) финансирование работ и услуг Национального центра качества дорожных активов в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      288-12) обеспечение соблюдения норм и национальных стандартов, принятых в области проектирования, требуемого качества при строительстве, реконструкции, ремонте и содержании автомобильных дорог;

      288-13) управление дорожной деятельностью, осуществляемое с целью обеспечения развития, сохранности, ремонта и содержания автомобильных дорог;

      288-14) утверждение нормативно-технических документов в области автомобильных дорог;

      288-15) заключение договора аренды в качестве арендатора, договора услуг сервисного агента в качестве сервисного агента, а также иных договоров в отношении республиканских автомобильных дорог общего пользования или их участков в соответствии с условиями выпуска государственных исламских ценных бумаг;

      288-16) координация развития объектов придорожного сервиса на автомобильных дорогах общего пользования республиканского значения;

      288-17) разработка и утверждение технических регламентов в сфере автомобильных дорог;

      288-18) организация работ по ремонту и содержанию автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения и платных автомобильных дорог (участков) в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      288-19) организация работ по мониторингу безопасности дорожной инфраструктуры автомобильных дорог общего пользования международного и республиканского значения;

      288-20) организация работ по ведомственной экспертизе технической документации на средний ремонт автомобильных дорог;

      288-21) согласование строительства волоконно-оптических линий связи с дальнейшей передачей их на содержание уполномоченного органа в области связи при планировании развития, реконструкции и ремонта автомобильных дорог общего пользования;

      288-22) ограничение или закрытие движения транспортных средств совместно с уполномоченным органом по обеспечению безопасности дорожного движения и уполномоченным органом по чрезвычайным ситуациям в экстремальных условиях (неблагоприятные погодно-климатические условия, стихийные бедствия, пожар, потеря несущей способности автомобильных дорог), а также при проведении ремонтно-строительных работ с уведомлением об этом местных исполнительных органов и пользователей автомобильными дорогами, установлением соответствующих дорожных знаков и через средства массовой информации, контроль соблюдения правил пользования автомобильными дорогами;

      288-23) разработка и утверждение правил по обязательному повышению квалификации работников дорожной отрасли;

      288-24) разработка и утверждение правил формирования и ведения единой базы дорожно-строительных материалов и новых технологий;";

      дополнить подпунктом 428-13) следующего содержания:

      "428-13) несение ответственности за мобилизационную подготовку и мобилизацию в соответствующей сфере государственного управления, а также создание работникам мобилизационных органов необходимых условий для выполнения ими возложенных на них обязанностей;";

      дополнить подпунктами 429-1), 429-2), 429-3), 429-4), 429-5), 429-6), 429-7), 429-8), 429-9), 429-10), 429-11), 429-12), 429-13), 429-14) и 429-15) следующего содержания:

      "429-1) разработка правил технического прикрытия путей сообщений;

      429-2) разработка и утверждение совместно с Министерством обороны Республики Казахстан правил эксплуатации, обслуживания, содержания, ремонта и планирования строительства подъездных путей, используемых Министерством обороны;

      429-3) разработка и утверждение методики определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа, по согласованию с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки;

      429-4) проведение анализа потребностей организаций, имеющих мобилизационный заказ, в соответствии с методикой определения перечня и расчета объемов товаров, необходимых для выполнения мобилизационного заказа в соответствующей сфере, для формирования номенклатуры и объемов хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва;

      429-5) внесение предложений по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного материального резерва в части мобилизационного резерва в уполномоченный орган в области государственного материального резерва;

      429-6) участие в планировании территориальной обороны;

      429-7) организация охраны и обороны объектов территориальной обороны при их наличии во взаимодействии с силами территориальной обороны;

      429-8) планирование и проведение эвакуационных мероприятий;

      429-9) создание специальных формирований и обеспечение их материально-техническими средствами на основании мобилизационного задания;

      429-10) проведение мероприятий по инженерно-технической укрепленности и противодиверсионной безопасности объектов территориальной обороны при их наличии;

      429-11) участие в мероприятиях территориальной обороны Республики Казахстан, мобилизационной подготовке отрасли, создании, развитии и сохранении объектов мобилизационного назначения, мощностей по разработке, производству, выпуску и ремонту необходимой для нужд обороны продукции и обеспечение накопления мобилизационных резервов, а также совместно с Генеральным штабом Вооруженных Сил Республики Казахстан в соответствии с правилами планирования обороны Республики Казахстан участие в разработке плана обороны Республики Казахстан и документов по его реализации;

      429-12) организация непосредственной подготовки отрасли к выполнению мероприятий в соответствии с планом обороны Республики Казахстан, осуществление мероприятий по устойчивому функционированию отрасли в военное время;

      429-13) создание специальных формирований и обеспечение их материально-техническими средствами, а также проведение мероприятий по инженерно-технической укрепленности и противодиверсионной безопасности подведомственных объектов при их наличии;

      429-14) организация и проведение мероприятий гражданской обороны и обеспечение их выполнения подведомственными организациями;

      429-15) участие в подготовке населения республики к обороне, осуществление контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан об обороне и Вооруженных Силах;";

      дополнить подпунктами 432-1), 432-2), 432-3), 432-4), 432-5), 432-6), 432-7), 432-8), 432-9) и 432-10) следующего содержания:

      "432-1) разработка ведомственных перечней сведений, подлежащих засекречиванию;

      432-2) обеспечение защиты разработанных государственным органом государственных секретов в соответствии с законодательством Республики Казахстан, в том числе и в подведомственных организациях;

      432-3) участие в разработке порядка определения размеров ущерба, который нанесен или может быть нанесен национальной безопасности Республики Казахстан или интересам государственных органов и организаций вследствие разглашения или утраты сведений, составляющих государственные секреты;

      432-4) обеспечение защиты переданных государственному органу другими государственными органами и организациями сведений, составляющих государственные секреты, а также сведений, засекреченных государственным органом;

      432-5) получение в установленном порядке разрешений на проведение работ с использованием сведений, составляющих государственные секреты;

      432-6) получение сертификатов на средства защиты сведений, составляющих государственные секреты;

      432-7) участие в материально-техническом и финансовом обеспечении работ по защите государственных секретов;

      432-8) определение категорий особо режимных, режимных и особо охраняемых объектов и их своевременный пересмотр;

      432-9) обеспечение в пределах своей компетенции проведения проверочных мероприятий в отношении граждан, допускаемых к сведениям, составляющим государственные секреты;

      432-10) в пределах своей компетенции решение других вопросов в области защиты государственных секретов Республики Казахстан;";

      подпункт 434) изложить в следующей редакции:

      "434) разработка проектов нормативных правовых актов, определяющих порядок функционирования дорожного сектора, независимо от форм собственности, а также национальных стандартов в дорожной деятельности, критериев приоритетности проектов по строительству и реконструкции автомобильных дорог международного и республиканского значения, строительству, реконструкции, а также капитальному и среднему ремонту автомобильных дорог областного и районного значения;";

      дополнить подпунктами 445-1), 445-2), 445-3), 445-4), 445-5), 445-6), 445-7), 445-8), 445-9), 445-10) и 445-11) следующего содержания:

      "445-1) участие в разработке предложений и реализации государственной политики в области научной и (или) научно-технической деятельности, научно-технологической политики в области науки и коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности, координации работы по проведению научных исследований в соответствующей отрасли;

      445-2) участие в формировании приоритетных направлений фундаментальных и (или) прикладных научных исследований в соответствующей отрасли;

      445-3) создание научно-технического совета и утверждение его положения;

      445-4) организация разработки научных, научно-технических проектов и программ, финансируемых за счет бюджетных средств, и осуществление их реализации в соответствующей отрасли;

      445-5) утверждение отчетов по выполненным научным, научно-техническим проектам и программам в соответствующей отрасли, финансируемым за счет бюджетных средств;

      445-6) внесение в уполномоченный орган в области науки предложений по кандидатурам для включения в составы национальных научных советов;

      445-7) внесение в уполномоченный орган в области науки предложений по формированию перечней субъектов базового финансирования и научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования;

      445-8) участие в разработке правил финансирования науки;

      445-9) осуществление мониторинга реализации программ содействия коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности в соответствующей отрасли;

      445-10) участие в разработке правил организации и проведения государственной научно-технической экспертизы;

      445-11) участие в разработке положения о национальных научных советах;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением:

      1) абзацев сорок восьмого, сорок девятого, семьдесят пятого, семьдесят шестого, восемьдесят пятого, восемьдесят шестого, восемьдесят седьмого, восемьдесят восьмого, восемьдесят девятого, девяностого, девяносто второго, пункта 1, которые вводятся в действие с 31 августа 2025 года;

      2) абзацев восемьдесят второго, восемьдесят третьего, восемьдесят четвертого пункта 1, которые вводятся в действие с 1 января 2027 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов