Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 271-жолда:
5-бағанда:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Digital Silk Road Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – Астана қаласы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін";
реттік нөмірі 272-жолда:
5-бағанда:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Digital Silk Road Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – Астана қаласы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына қатысты 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |