Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарақия ауданының жалпы ауданы 112988,2 гектар болатын жерінің бір бөлігін Жаңаөзен қаласының шекарасына (шегіне) қосу арқылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы "Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданының шекараларын өзгерту туралы" Маңғыстау облысы мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 19/217 бірлескен шешіміне және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 58 қаулысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 755 қаулысына қосымша |
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын Қарақия ауданы жерлерінің экспликациясы
Р/с № | Жер атауы |
Жалпы ауданы | Оның ішінде: | ||||||
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер |
елді мекендердің жерлері |
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер |
су қорының жерлері |
босалқы жерлер |
орман қорының жерлері |
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Жаңаөзен қаласының шекарасында (шегінде) бекітілетін барлық жер | 164604,5 | 153922,3 | 369,2 | 10313,0 | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1.1 | Жаңаөзен қаласының бекітілген шекарасы (шегі) | 51616,3 | - | 51616,3 | - | - | - | - | - |
1.2 | Қарақия ауданының жерінен Жаңаөзен қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын жер көлемі, оның ішінде: | 112988,2 | - | 102306,0 | 369,2 | - | 10313,0 | - | - |
1.2.1 | Құрық ауылы | 86379,7 | - | 86379,7 | - | - | - | - | - |
1.2.2 | Құланды ауылы | 858,7 | - | 858,7 | - | - | - | - | - |
1.2.3 | Болашақ ауылы | 15043,3 | - | 15043,3 | - | - | - | - | - |
1.2.4 | Бопай елді мекені | 24,3 | - | 24,3 | - | - | - | - | - |
1.3 | Теміржол көлігі жерлері: "Өзен –Түрікменстанның мемлекеттік шекарасы" темір жолына қызмет көрсету үшін | 258,2 | - | - | 258,2 | - | - | - | - |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1.4 | Автомобиль көлігі жерлері: "Жетібай – Фетисов – Түрікменстан шекарасы" автожолына қызмет көрсету үшін | 111,0 | - | - | 111,0 | - | - | - | - |
1.5 | Қарақия ауданының босалқы жерлері | 10313,0 | - | - | - | - | 10313,0 | - | - |