Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларында:
2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) уәкілетті орган – қорғаныс өнеркәсібі саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |