Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы облысы Алатау қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 388 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы облысы Алатау қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 727 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 388 қаулысымен бекітілген |
Алматы облысы Алатау қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда)
1-тарау. Жалпы ережелер
Алматы облысы Алатау қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) – жобаланатын аумақтың ұзақмерзімді кешенді дамуын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты.
Бас жоспар Қазақстан Республикасының Жер, Экология, Су кодекстерінің, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарының, Қазақстан Республикасының қала құрылысын жобалау саласына жататын басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.
Бас жоспардың схемасы (негізгі сызба) осы Бас жоспарға қосымшаға сәйкес перспективалы аумақтық даму шекарасында орындалды.
Бас жоспарда мынадай жобалау кезеңдері қабылданды:
бастапқы жыл – 2023 жыл;
бірінші кезек – 2030 жыл;
аралық кезең – 2040 жыл;
есепті мерзім – 2050 жыл.
2-тарау. Бас жоспардың мақсаты
Бас жоспар – қазіргі және болжамды әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайларды ескере отырып, қала аумағын дамытудың ұзақмерзімді перспективаға арналған негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат.
Бас жоспар Алматы облысының аумақтық-әкімшілік құрылысындағы өзгерістер, жобаланатын аумаққа жаңа мәртебе берілуі ескеріліп әзірленді.
Бас жоспар:
1) табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжамды демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік, инженерлік инфрақұрылым және байланыс желілерін орналастырумен қоса елді мекен аумағын дамытудың негізгі бағыттарын;
2) осы аймақтардың аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлуді және пайдалануды шектеуді;
3) елді мекеннің құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасын;
4) басым түрде иеліктен шығарылатын және сатып алынатын жерлердің аймақтарын, резервтік аумақтарды;
5) аумақты табиғи және техногендік құбылыстар мен процестердің қауіпті (зиянды) әсерінен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды;
6) кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді схемасын қамтитын бас жоспардың көлік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттарды;
7) су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау жөніндегі шараларды;
8) елді мекеннің орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды айқындайды.
Бас жоспар:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші кезектегі және перспективалық бағдарламаларын;
2) қала аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау және онда құрылыс салу жобаларын;
3) қаланың инженерлік инфрақұрылымының салалық схемаларын;
4) қаланың кешенді көлік схемасын (бұдан әрі – ККС);
5) қысқамерзімді кезеңдерге арналған кешенді құрылыс салу жоспарларын;
6) тұрғын үй, қоғамдық, коммуналдық-қойма және өндірістік аумақтарды дамыту мен реконструкциялау бағдарламаларын;
7) қала аумағын кешенді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламаларын;
8) рекреациялық аймақтарды және туристік қызметті дамыту бағдарламаларын әзірлеуге негіз болады.
Бас жоспардың негізгі мақсаты – "Жаңа Жібек жолында" орналасқан жаһандық туристік орталығы бар, экономикалық тұрғыдан дамыған жаңа өнеркәсіптік қала құру.
Алатау қаласы өз пайымын іске асыру үшін қабылдайтын түйінді бес мақсат пен негізгі міндет, стратегиялар мен тиісті бағдарламалар айқындалып, әзірленді. Бұл мақсаттар қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған нақты жобаларды көздейтін негізгі нысаналы көрсеткіштер мен бағдарламаларды айқындайтын басты міндеттерді қамтиды:
1-мақсат: Ойын-сауық және туризм орталығы.
2-мақсат: Экспортқа бағдарланған сауда-логистикалық орталық.
3-мақсат: Өмір сүру үшін ең қолайлы жағдайлар жасалған әлемдік деңгейдегі заманауи қала.
4-мақсат: Инфрақұрылымы орнықты қала.
5-мақсат: Қолайлы инвестициялық аудан.
3-тарау. Қала туралы мәлімет
Алатау қаласы (бұдан әрі – қала) Алматы қаласын "Қорғас" халықаралық шекарамаңы ынтымақтастығы орталығымен (Қытай) байланыстыратын маңызды дәліз болып табылатын А3 (Алматы – Қонаев) автомагистралі бойында Алматы қаласының солтүстігіне қарай орналасқан және "Жаңа Жібек жолы" бастамасының стратегиялық артықшылықтарын пайдаланады.
"Алматы–Қонаев" трассасын, қолданыстағы және жоспардағы халықаралық маңызы бар теміржол, жүк дәліздері мен экономикалық дәліздерді, сондай-ақ жоспарланатын жаңа халықаралық әуежайды қамтитын бірнеше негізгі сауда-көлік магистралінің қиылысында орналаса отырып, жобаланатын қала өңірде жұмыс орындарын ұсынуға айтарлықтай мүмкіндік жасайтын логистикалық және экспортқа бағдарланған салалық жаңа база құру үшін үлкен әлеуетке ие.
Алатау қалалық құрылымның мынадай жекелеген бөліктерінен тұрады:
"Gate District" – іскерлік ірі орталық әрі халықаралық алмасу және сауда орталығы;
"Golden District" – дамудың озық әдістерін қамтитын білім және медицина орталығы;
"Growing District" – Қытай мен Ресей арасындағы ғылыми-өндірістік орталық және негізгі көлік торабы;
"Green District" – казино-орталықты, экологиялық аймақтар мен белсенді демалысты біріктіретін қала.
Есепті мерзімге қарай тұрғындардың жалпы саны 1870,0 мың адамды құрайды.
4-тарау. Табиғи-климаттық жағдай
Ауданның климаты жалпы күрт континенталды. ҚР ҚҚ 2.04-01-2017 "Құрылыс климатологиясы" бойынша "Қазақстан Республикасының аумағын құрылыс салу үшін климаттық аудандастырудың схемалық картасына сәйкес қарастырылып отырған аумақ III-В және IV-Г құрылыстық-климаттық кіші аудандарының шекарасында орналасқан. Сипатталып отырған ауданда екі негізгі климаттық белдеуді бөліп көрсетуге болады. Бірінші белдеу Іле Алатауының етегі мен ысырынды конустарының аймағын қамтиды және 1400-700 м белгісінде орналасқан. Бұл аймаққа +7-ден +10°С-қа дейінгі орташа жылдық ауа температурасы мен жылы климат сипаттары тән. Екінші белдеу 700-400 м абсолютті белгісінде орналасқан. Бұл белдеу жартылай шөл далалы, күрт құбылмалы климат ретінде сипатталады. Сипатталып отырған ауданда Іле өзенінің бассейніне жататын, жақсы дамыған гидрографиялық желі бар. Іле Алатауының солтүстік беткейінен ағатын өзендер Іле өзеніне құяды және суару, инфильтрация және булану барысында судың ысырап болуы есебінен ысырынды конустардың құмды шөгінділеріне сіңіп кетеді.
Зерттеліп отырған аумақта көпжылдық кезеңде жылына орта есеппен 350 мм-ге жуық жауын-шашын түседі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай, тауға жақындай келе жауын-шашын мөлшері 300-ден 500 мм-ге дейін артады. Зерттеліп отырған аумақта ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жылына орта есеппен шамамен 63 %-ды құрайды. Жыл бойы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жазға қарай 45 %-ға дейін төмендейді, қыста 79 %-ға дейін көтеріледі.
Қолда бар деректерге сәйкес жобалық шекаралар шегінде болжамды сейсмикалық қауіптілігі әрқилы бірнеше аймақты бөліп көрсетуге болады. ҚР ҚҚ 2.03-30-2017 "Сейсмикалық аймақтарда құрылыс салу" Қазақстан аумағын жалпы сейсмикалық аймақтарға бөлу картасына сәйкес ауданның басым бөлігі 8 баллдық сейсмикалық аймаққа жатады.
Жобаланатын аумақ шегінде қалаға және оның тұрғындарына теріс әсер етуі мүмкін және қала құрылысын жоспарлаған кезде есепке алуды қажет ететін 6 ірі жарылым анықталды. Бұл жарылымдардан басқа блоктар ішінде бірқатар кішігірім жарылымдар бар, олардың бір бөлігі жердің үстіңгі бетінде құлама жарлар мен өзендер бүйірлерінің кертпештері түрінде көрініс берген.
Факторлар жиынтығы бойынша қарастырылып отырған Іле ойпатында орналасқан аумақтың басым бөлігі инженерлік-геологиялық жағдайлар тұрғысынан құрылыс үшін әжептәуір қолайлы болып табылады.
5-тарау. Әлеуметтік-экономикалық даму
1-параграф. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары
Алатау қаласы 2050 жылға қарай Алматы қаласымен бірге көпорталықты агломерациялық жүйе түзіп, тұрғындарының саны 1870,0 мың адам болатын елдің ең ірі экономикалық орталықтарының біріне айналады.
Алатау қаласының жобасы шеңберінде үлгісі мен сапасы жаңа урбандалған аймақтардың қалыптасуы тұрғын үй салуды ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсету, өнеркәсіп, қарқынды ауыл шаруашылығы саласында, тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілерінде жұмыс орындарын құруды да көздейді. Бұл өз сұранысын қанағаттандыруға ғана емес, жалпы ел үшін бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық өнім өндіруді және оны шетелге экспорттауды қамтамасыз етуге бағытталған, өзін-өзі дамытатын агломерациялық жүйе қалыптастыру үшін қажетті шарт болып табылады. Сондықтан қалада әртүрлі сала бойынша кең ауқымда көптеген инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр, бұл шамамен 1 млн адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алатау қаласының аумағы мынадай 4 негізгі аймаққа бөлінген:
1) Gate – қаржылық және іскерлік орталық, агроөнеркәсіп кешені;
2) Golden – білім, ғылым және тамақ өнеркәсібі орталығы;
3) Growing – өнеркәсіп және логистика орталығы;
4) Green – туристік және ойын-сауық орталығы.
Әр аймақ үшін оның экономикалық әлеуетіне және экономиканың тарихи қалыптасқан салалық құрылымына негізделген мамандануы айқындалды. Аймақтың экономикалық мамандануына сүйене отырып, аумақты барынша тиімді дамытуға мүмкіндік беретін қажетті инфрақұрылымдық, ғылыми-білім беру, өнеркәсіптік және өзге де объектілердің тізбесі айқындалды.
Gate
Gate ауданы Алматы қаласының солтүстік бағыттағы табиғи жалғасы бола отырып, Қазақстанның ғана емес, Орталық Азия өңірінің де қаржылық және іскерлік жаңа орталығына айналып, Лондон, Нью-Йорк, Сингапур қалаларына ұқсас халықаралық деңгейде қаржылық қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынатын болады. Аудан тұрғындарының саны 2050 жылға қарай 223 мың адамға жетеді.
Ауданның зәкірлік жобалары – қаржылық және іскерлік орталық құру, қосалқы зәкірлік компоненттер – халықаралық деңгейдегі сауда орталықтары мен қонақүй кешендерін, сондай-ақ спорт кешенін салу. Агроөнеркәсіптік кешен салу ауданның қосымша дамуына түрткі болады. Осы жобаларды іске асырудың арқасында жиынтығында 181,5 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.
Golden
Golden ауданы Қазақстан өңірлерінен де, әлемнің түкпір-түкпірінен де ондаған мың студентті, ғалымдар мен туристерді тартатын елдің ғылыми-білім беру және медицина орталығы болады. Golden ауданында инновациялық орталық құру ғылым саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізіп қана қоймай, отандық және жетекші әлемдік ғылыми орталықтар арасындағы диалог пен ынтымақтастық үшін алаң ұсына отырып, жұмыс істеп тұрған ғылыми мекемелер қызметінің айтарлықтай қарқын алуына мүмкіндік береді. Golden ауданында заманауи ғылыми ұйымдар мен медициналық мекемелердің ашылуы ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша қызметтер көрсетіп қана қоймай, әлемдік медициналық орталықтармен ынтымақтастық арқылы отандық медицинаның дамуына да үлес қосады.
Өмір сүру мен жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар уақыт өте келе толыққанды кластер құра алатын IT саласындағы компаниялардың Golden аумағында орналасуын ынталандырады. Сонымен қатар креативтік секторды дамытуға жағдай жасалады – кино, музыка, блогинг, театрлар және басқа да шығармашылық кәсіптер саласында қызмет жүргізу үшін қажетті инфрақұрылым салынуының арқасында аудан таланттардың шоғырлану нүктесіне айналады.
Аудан аумағының бір бөлігі агроөнеркәсіптік кешенді қарқынды дамытуға бөлінеді, бұл тамақ өнеркәсібінде толыққанды кластердің бой көтеруіне мүмкіндік беріп, осы саланы тиімді инновациялық даму соқпағына түсірмек.
2050 жылға қарай Golden ауданындағы тұрғындардың межелі саны 675 мың адамға, ал құрылатын жұмыс орындарының саны 337,4 мың адамға жетеді.
Growing
Growing ауданы Алатау қаласының ғана емес, бүкіл өңірдің өнеркәсіптік және логистикалық орталығына айналады. Мұнда тамақ өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ құрылыс индустриясының инновациялық кәсіпорындары орналасатын болады. Осы кәсіпорындарды кадрмен қамтамасыз ету үшін мамандандырылған орта және жоғары оқу орындары ашылады.
Аудан аумағында ең жоғары ықтимал қуаты жылына 40 млн жолаушы өткізуге дейін жететін елдегі ең ірі халықаралық әуежай, сондай-ақ мультимодальды жүктерді өңдеуге арналған құрғақ порт салу жоспарланып отыр.
Жалпы Growing ауданында шамамен 650 мың адам тұратын болады, ал жұмыспен қамтылған тұрғындар саны шамамен 309,2 мың адамды құрамақ.
Green
Green ауданында 320 мыңға жуық адам тұратын болады, жұмыс орындарының саны шамамен 173,5 мың адам және келешекте ол рекреациялық ойын-сауық және спорттық сипатта көрсетілетін қызметтердің ауқымды спектрін ұсына отырып, туристік кластердің бір бөлігіне айналуға тиіс. Ол үшін бірқатар ауқымды жобаларды іске асыру жоспарлануда, соның арқасында аудан жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, елдің түкпір-түкпірінен келетін туристер үшін де, сондай-ақ шетелдік туристер үшін де тартылыс нүктесіне айналады. Мұндай жобаларға, ең алдымен, ойын бизнесінің ірі объектілері – халықаралық деңгейдегі казино, ультразаманауи аттракциондары бар тақырыптық ойын-сауық саябақтары, Формула-1 жарыс трассасы, бірегей курорт-қонақүй кешендері жатады.
Көлікпен 5 сағат жол жүріп жететін жерлерде шамамен 2 млрд адам тұратынын ескерсек, демалу және ойын-сауық үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынатын осындай туристік орталықтың танымалдылығы зор болатыны сөзсіз.
Осылайша, әр ауданның даму әлеуеті мен мамандануын ескере отырып, Алатау қаласын дамытудың анағұрлым басым бағыттарын бөліп көрсетуге болады, олар төменде сипатталған.
1-бағыт. "Металлургия – металл өңдеу – машина жасау" үштігі шеңберінде қосылған құн тізбегін дамыту
Алатау қаласының жобасын іске асыру аясында машина және аспап жасау шеңберінде бірқатар өндірістер құру, арнаулы жабдықтар өндірісі көзделіп отыр. Урбандалған жаңа аймақ шеңберінде іске асыру ұсынылатын өндірістік жаңа бағыттардың қатарына жүк көліктерінің, арнайы техника мен оларға арналған бөлшектер өндірісін, өнеркәсіп мұқтаждығына арналған жабдықтар мен аспаптар өндірісін (дрондар, шағын құрылыс жабдықтары, электр құралдары өндірісі, аспаптар (есепке алу, мониторинг аспаптары, дәнекерлеу аппараттары), автоматтандырылған жүйелер, тамшылатып суару жүйелері, мұнай-газ кешеніне арналған жабдықтар, электр қозғалтқыштар, генераторлар, тоңазытқыш қондырғылар, трансформаторлар мен электр жабдықтары, жаппай тұтынуға арналған жабдықтар мен аспаптар өндірісін (имплант, протездер, шприцтер, катетерлер, климаттық жүйелер, аккумуляторлар мен батареялар өндірісі) жатқызуға болады.
Машина жасау және аспап жасау жобаларының осындай кең спектрін іске қосу машина жасаудың ресурстық базасын, ең алдымен, металлургия мен металл құюда және металл өңдеуде бірқатар жобаларды құру арқылы төмен дәрежеде өңделген өнімдер өндірісін едәуір кеңейтуді талап етеді, атап айтқанда:
индукциялық пештерде металдарды шағын сериямен құю (қоспаланған болат соғылма) және осы негізде металл конструкциялары, болат дайындамалар (қара металл сынықтарын қайта өңдеу), пышақтар мен тілмежүздер, жоғары қысымды ыдыстар өндірісі;
алтын, мыс және басқа да түсті және бағалы металдарды қайта өңдеу және осы негізде алюминий фольга, кабель, зергерлік бұйымдар өндірісі және т. б.
2-бағыт. Химия және фармацевтика өнеркәсібі
Бұл салалар жай ғана жоғары технологиялы емес, басқа салалардың да даму деңгейін және халықтың әл-ауқатын айқындаушы салалар болып табылады. Бұл жағдайда химия өнеркәсібі экономиканың барлық салалары үшін конструкциялық жаңа материалдар жасайтыны, ал фармацевтика өнеркәсібі халықтың жоғары тұрмыс сапасын және ауыл шаруашылығының жоғары өнімділігін қамтамасыз ететіні туралы сөз болып отыр. Бұл салалар алтыншы технологиялық құрылысқа тікелей қатысты, ең дамыған ұлттық экономикалар – Жапония, Еуропалық одақ, АҚШ, Израиль, Оңтүстік Корея және басқалары осы құрылыс шеңберінде жұмыс істейді.
Басқаларымен қатар барлық өнеркәсіп салалары арасында дәл осы салалардың (әрине, технологиялар лайықты деңгейде пайдаланылса) сыртқы нақты оң әсері бар: олардың "жасыл" экономиканы дамыту жағдайындағы қызметі сарқылатын табиғи ресурстарды көп пайдалануға емес, қайталама шикізатты қайта өңдеуге бағытталған.
3-бағыт. Өңірдегі қарқынды агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Ауыл шаруашылығында өндірістің жаңа технологиялары мен тәсілдерін қолдану, сондай-ақ қолда бар ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу дәрежесін арттыру және ішкі нарықта тұтынуға ғана емес, көршілес елдер халқының сұранысын қанағаттандыру үшін экспорттауға жарамды, жоғары сапалы өнім өндіру жаңа сападағы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізіне айналуға тиіс.
Қарқынды ауыл шаруашылығы ерекше табиғи даму жағдайларын талап етеді, ал біздің елімізде, атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстігінде оны дамыту үшін ең жақсы жағдайлар бар. Демек дәл осы жерде тамақ өнеркәсібін дамыту үшін ресурстық база құруға болады.
Алатау қаласының жобасы шеңберінде іске асыру ұсынылатын жаңа өндірістік бағыттардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
урбандалған жаңа аймақтар тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру үшін азық-түлік өндірісі;
ауқымды мақсаттағы тауарлар өндірісі (бидайды терең қайта өңдеу өнімдерінің, желатин, тағамдық қоспалар, түрлендірілген крахмал өндірісі, теріні қайта өңдеу);
қарқынды ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құру;
ауыл шаруашылығына арналған өнім өндірісі (тұқым, жем, арнайы қоспалар, қалдықтарды қайта өңдеу және биоотын өндірісі);
агроөнеркәсіптік кешеннің заманауи инфрақұрылымын қалыптастыру (көкөніс қоймалары, жеміс қоймалары, мамандандырылған логистикалық орталықтар және өндірістік аумақтар).
4-бағыт. Тұрғын үй, азаматтық және өнеркәсіптік құрылысқа арналған материалдар өндірісін дамыту
Алатау қаласының жобасын іске асыру үшін жаңа және дәстүрлі конструкциялық материалдардың едәуір мөлшері қажет болады, демек бұл сала урбандалған жаңа аймақтың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін басым салалардың бірі болып табылады.
Ірілендірілген бұл сала бірнеше саланың тауар позицияларын қамтиды және бұл сала қарқынды құрылыс салынған, аумақтары дамыған болашақ қалаға және оған іргелес ауылдық аудандарға бағдарланған.
5-бағыт. Инфрақұрылымдық салаларды дамыту
Өнеркәсіптің инфрақұрылымдық салаларына дәстүрлі түрде "Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондицияланған ауамен жабдықтау" және "Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметі" салалары жатады. Олардың озыңқы дамуы бүкіл жобаны іске асыру үшін өте маңызды, себебі электрмен, жылумен және сумен жабдықтау, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды әкету мен қайта өңдеуді ұйымдастыру деңгейі жеткілікті болмаса, Алатау қаласының жобасын іске асыру мүмкін емес. Электр және жылу энергиясы, су мен газ өндірісінің қазіргі деңгейі жобаны дамытудың бастапқы кезеңі үшін жеткілікті, алайда болашақта жаңа қуаттарды енгізу қажет болады.
Инфрақұрылымдық жаңа қуаттарды енгізудің міндетті шарттары мыналар болуға тиіс:
жаңартылатын көздер негізінде электр және жылу энергиясы өндірісін барынша арттыру және қоршаған ортаға зиянды антропогендік әсерді барынша азайту;
өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын тұйық жүйе қағидаты бойынша сумен жабдықтауды барынша ұлғайту;
өндірістік объектілер мен олардан тарайтын тарату желілерін салған кезде қоршаған ортаны жарықтан, шудан қорғау және кеңістіктің ластануын азайту;
өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеуді барынша арттыру.
6-бағыт. Жоғары технологиялы, ғылымды қажет ететін және креативті қызмет көрсету секторын дамыту
Алматы қаржылық, іскерлік және кәсіптік көрсетілетін қызметтер, мәдениет, өнер және спорт орталығы, білім мен инновациялардың шоғырлану орталығы, жоғары технологиялы және сапалы медицина орталығы болып табылады. Қалада қалыптасқан зияткерлік капиталды еліміздің басқа өңірлерінің жұмыс берушілері мен тапсырыс берушілері жоғары бағалайды. Алматы барлық өңір үшін білікті еңбек ресурстарын жеткізуші болып саналады, атап айтқанда, кең спектрлі мамандық иелеріне сұраныс жоғары. Қала зияткерлік ресурстар өндірісінің орталығына айналды, оған ірі университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының, зияткерлік капиталды шоғырландыратын және молықтыратын креативті компаниялардың көп болуы ықпал етеді. Бірқатар жеке компаниялар өз базасында жоғары білікті мамандар даярлайды және әзірлемелермен айналысады.
Өңір бүгінгі таңда мейлінше жеткілікті зияткерлік капитал жинақтап алғанын ескерсек, бұл оның ұзақмерзімді перспективадағы басты бәсекелестік артықшылықтарының біріне айналуы мүмкін. Бұл ретте зияткерлік капиталды молықтырудың үздіксіз процесін сақтап тұру өте маңызды, себебі оған тән сипаттардың бірі – ескіру және өзектілігін жоғалту. Ол үшін зияткерлік капиталды қарқынды молықтыруға, сондай-ақ оны коммерцияландыруға ықпал ететін институционалдық орта қалыптастыру қажет.
Алатау қаласының экономикасы креативті индустрия, кәсіптік, басқарушылық, қаржылық, білім беру, медициналық, көліктік қызмет көрсету, IT және телекоммуникация, жоғары технологиялы және экологиялық таза өндіріс сияқты индустриядан кейінгі сектор салаларына негізделуге тиіс. Тиісінше, халықтың айтарлықтай өсу қарқынының, әсіресе еліміздің басқа өңірлерінен еңбек ресурстарының үнемі келуінің арқасында жоғарыда аталған салалар белсенді дамитын болады және қала Орталық Азияда ғана емес, жалпы бүкіл құрлық ауқымында көшбасшыға айналуы ықтимал.
7-бағыт. Туристік саланы дамыту
Қолайлы табиғи-климаттық, сондай-ақ институционалдық жағдайлар өңірде туристік қызметті белсенді дамытуға мүмкіндік береді. Алматы қаласы елдің мәдени және іскерлік ірі орталығы болғандықтан, сондай-ақ оның айналасында рекреациялық сипаттағы көптеген туристік нысандар шоғырланғандықтан, туристер көп келеді.
Алатау қаласын дамыту шеңберінде жаңа ойын-сауық және рекреациялық-сауықтыру объектілерін, казиноларды, заманауи туристік инфрақұрылым салу есебінен өңірдің туристік әлеуетін іске асыру жоспарланып отыр. Негізінен Gate ауданының іскерлік аймақтары мен Golden және Green аудандарының ойын-сауық және рекреациялық-сауықтыру объектілері Алатау қаласына туристерді тарту орындары болады.
Есеп-қисапқа сәйкес объектілердің жүктемесі орташа болғанда 2050 жылға қарай Gate ауданы жылына 306 мыңға дейін, Golden ауданы 98 мыңға дейін және Green ауданы 3,5 млн адамға дейін туристер тартатын болады.
2-параграф. Демография және халықтың жұмыспен қамтылуы
Алатау қаласы тұрғындарының санын болжау Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық стандартына сәйкес жасалған әрі онда таяудағы болашақта елдегі экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай тұрақты болады деп пайымдалған.
Болжау мақсаттарына сүйене отырып, қала тұрғындарының орташа жылдық санын болжау үшін функционалды демографиялық болжам таңдалды.
Алматы облысындағы көші-қон процестері оның аудандары бойынша қатты сараланған. Көші-қон нәтижесінде халық санының азаюы – барлық әкімшілік-аумақтық құрылымдарға ортақ сипат.
Алматы агломерациясының дамуы контрмагнит факторы болып, халықтың Алматы қаласынан Алатау қаласына кетуіне түрткі болады деп болжанады. Соңғысы инвесторлар үшін де, облыстың және республиканың басқа бөліктерінен келген көшіп-қонушылар үшін де тартымды болады. Перспективада Алатау қаласы экономикалық және демографиялық өсу полюсіне айналуға тиіс.
Алатау қаласының тұрғындары болжамның алғашқы жылдарында ең жоғары шегіне жететін табиғи өсу арқылы да, оң көші-қон сальдосы арқылы да өседі. Қазіргі уақытта Growing адамдар қоныстанған негізгі аудан болып табылады – қазіргі тұрғындардың 60 %-ы осында. Жоба бойынша Golden және Growing дамыған негізгі аудандар болады. Бұл екі ауданға Алатау тұрғындарының шамамен 70 %-ы жоспарланып отыр.
Осылайша, жобалау кезеңдері бойынша тұрғындар саны:
бастапқы жылы – 52,46 мың адам;
бірінші кезек – 247,0 мың адам;
аралық кезең – 960,0 мың адам;
есепті мерзім – 1870,0 мың адам.
2022 жылы жұмыс күшінің саны 26,9 мың адам болды, бұл халықтың жалпы санының 55,9 %-ын құрады. Болжамда жұмыс күші орта есеппен 1 %-ға өседі деп белгіленген. Оның болжамды кезеңдегі үлесі халықтың жалпы санына шаққанда 55-57 %-ды құрайтын болады.
3-параграф. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс
Тұрғын үй-азаматтық құрылыс – өңірдің экономикалық өсуін айқындайтын негізгі факторлардың бірі.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді мекендердің тұрғын үй қорының жалпы ауданы 902,1 мың м2 құрады. Қазіргі тұрғын үй қоры негізінен жеке тұрғын үйлерден тұрады, олардың үлесі – 87,1 %. Бір адамға шаққанда жалпы тұрғын үй ауданымен орташа қамтамасыз етілу бір адамға 17,2 м2 құрайды.
Бас жоспарда бір адамға шаққанда жалпы тұрғын үй ауданымен қамтамасыз етілуді біртіндеп ұлғайтып, бір адамға 30,0 м2 дейін жеткізу ұсынылады.
Бас жоспарға сәйкес қаланың тұрғын үй қоры:
2030 жылы – 6183,8 мың м²;
2040 жылы – 26370,9 мың м²;
2050 жылы – 55800,0 мың м² құрайды.
4-параграф. Қызмет көрсету саласы
Жобалау аумағында әлеуметтік қызмет көрсету саласы жеткілікті дамымаған.
Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға, аумақтың коммерциялық тиімділігін, инвестициялық тартымдылығын арттыруға, қала бюджетін толықтыруға және халықтың өмір сүру деңгейін неғұрлым жоғары сатыға көтеруге мүмкіндік береді.
5-параграф. Білім беру және денсаулық сақтау
Қалада бірінші кезек кезеңінде жалпы сыйымдылығы 11908 орындық мектепке дейінгі мекемелер салу жоспарланып отыр. Осыған байланысты Бас жоспар бойынша объектілер былайша орналастырылады:
Gate District – әрқайсысы 280 орындық 7 объект;
Golden District – әрқайсысы 280 орындық 3 объект;
Growing District – әрқайсысы 280 орындық 7 объект;
Green District – әрқайсысы 280 орындық 4 объект, қалған 6028 орын көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің кіріктірілген-жапсарлас орынжайларында орналасады.
Бас жоспарда 2031–2040 жылдар кезеңінде 28,06 мың орынды былайша орналастыру көзделген:
Gate District – әрқайсысы 280 орындық 4 объект;
Golden District – әрқайсысы 280 орындық 26 объект;
Growing District – әрқайсысы 280 орындық 7 объект;
Green District – әрқайсысы 280 орындық 20 объект, қалған 14,06 мың орын көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің кіріктірілген-жапсарлас орынжайларында орналасады.
Есепті кезеңнің соңына қарай мектепке дейінгі мекемелерде қосымша 78,3 мың орын көзделген. Ол үшін Бас жоспарда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің 147 учаскесі айқындалды, олар 41,2 мың орынға арналған, қалған 37,1 мың орындық мектепке дейінгі балалар мекемелері тұрғын үй кешендерінің кіріктірілген-жапсарлас үй-жайларында орналастырылады.
Мектеп жасындағы балаларды орта біліммен қамтамасыз ету үшін Бас жоспардың барлық есепті кезеңінде қосымша 308,2 мың оқушыға арналған мектептер салу қажет.
Бірінші кезекте қазіргі тұрғын алаптар аумағында 6,0 мың орынға арналған 7 орта білім беру объектісін салу жоспарлануда.
Бұған қоса, жобада жаңа аумақтарда 2030 жылға дейін:
Gate District-те әрқайсысы 2000 оқушыға арналған 6 мектеп;
Golden District-те 2000 оқушыға арналған 2 мектеп;
Growing District-те әрқайсысы 2000 оқушыға арналған 3 мектеп;
Green District-те әрқайсысы 2000 оқушыға арналған 4 мектеп салу көзделген.
2031–2040 жылдар кезеңінде:
Gate District-те 8,0 мың оқушыға арналған 4 мектеп, сондай-ақ әрқайсысы 1200 оқушыға арналған 8 мектеп;
Golden District-те 60000 оқушыға арналған 30 мектеп;
Growing District-те 22000 оқушыға арналған 11 мектеп;
Green District-те 26000 оқушыға арналған 13 мектеп және әрқайсысы 1200 оқушыға арналған 5 мектеп;
2041–2050 жылдар кезеңінде:
Gate District-те 1300 оқушыға арналған 1 мектеп және әрқайсысы 1200 оқушыға арналған 2 мектеп;
Golden District әрқайсысы 2000 оқушыға арналған 20 мектеп, әрқайсысы 1600 оқушыға арналған 4 мектеп және әрқайсысы 1200 оқушыға арналған 2 мектеп;
Growing District-те әрқайсысы 2000 оқушыға арналған 30 мектеп, әрқайсысы 1200 оқушыға арналған 6 мектеп және әрқайсысы 1600 оқушыға арналған 4 мектеп;
Green District-те әрқайсысы 2000 оқушыға арналған 3 мектеп, әрқайсысы 1500 оқушыға арналған 4 мектеп және 1200 оқушыға арналған 4 мектеп салу көзделген.
Жаңа құрылыс аумағында бірінші кезекте 4 амбулаториялық-емханалық кешен:
Gate District-те ауысымына 500 келушіге арналған 1 объект;
Golden District-те ауысымына 500 келушіге арналған 1 объект;
Growing District-те ауысымына 500 келушіге арналған 1 объект;
Green District-те ауысымына 500 келушіге арналған 1 объект орналастыру жоспарланып отыр.
2031–2040 жылдар кезеңінде:
Gate District-те әр ауысымда 500 келушіге арналған 5 объект;
Golden District-те әр ауысымда 500 келушіге арналған 12 объект;
Growing District-те әр ауысымда 500 келушіге арналған 7 объект;
Green District-те әр ауысымда 500 келушіге арналған 6 объект жоспарланған.
Есепті жылға қарай халыққа 68 ірі объект амбулаториялық-емханалық қызмет көрсететін болады, олардың қуаты бір ауысымда 34,0 мың адам қабылдауға жетеді. Амбулаториялық қызмет көрсетуге қалған сұранысты көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарындағы коммерциялық орынжайларға және стационарлар жанындағы емханалық бөлімшелерге кіріктіріле салынған шағын медициналық объектілер есебінен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Тәулік бойы бақылауда ұстап, медициналық көмек көрсету үшін көпбейінді стационарлар орналастыру жоспарланып отыр.
Бас жоспарда бірінші кезекте Gate District және Golden District аумағында әрқайсысы 500 төсек-орындық 2 көпбейінді аурухана орналастыру ұсынылады.
2031–2040 жылдар кезеңінде 4800 төсектік стационарлар желісін дамыту ұсынылады.
Есепті мерзімде ауруханалардың жалпы сыйымдылығы – 9350 кереует.
Golden District жобаланатын аумағында халықаралық деңгейдегі сапасы жоғары медициналық көрсетілетін қызметтерді дамыту, сондай-ақ білім алмасуды қамтамасыз ету және қызмет көрсету стандарттарын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықты жолға қою шеңберінде құрамына 937 және 927 төсектік екі көпбейінді аурухана кіретін медициналық кластер орналастырылады.
Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Бас жоспарда жалпы саны 187 автомобильден тұратын 2 жедел медициналық жәрдем станциясы мен 4 қосалқы станция салу көзделген.
6-тарау. Қабылданған шешімдердің негізгі ережелері
Бас жоспардың негізгі мақсаты жоспарлау құрылымының барлық элементінің теңгерімді және өзара байланысты дамуы, жоспарлау құрылымының барлық элементінің ұтымды функционалдық дамуы, ұтымды функционалдық аймақтарға бөлу, селитебті өнеркәсіптік, коммуналдық-қойма және рекреациялық аймақтарды орналастыру негізінде жайлы тіршілік ортасын құру болып табылады.
Жобалық шекарадағы қаланың жалпы ауданы 88000 га құрайды, оның ішінде құрылыс салынған аумақтар – 36246,0 га, салынбаған аумақтар – 51754,0 га.
"Алматы – Қонаев" А3 меридианды автомагистралі, Алатау және Қонаев қалаларының батыс жағынан өтетін республикалық маңызы бар жобалық ІА автомобиль жолы, сондай-ақ Алатау қаласының шығыс жағынан Green District-ке дейін өтетін жалпықалалық маңызы бар жобалық магистральдық үздіксіз қозғалыс көшесі Бас жоспардың орталық өзегі болып табылады.
Желілік құрылыс салынған кірме магистральдар бойындағы аумақтар қаланың орталық өзегін Алматы агломерациясының аумақтарымен жалғастырады.
Қаланың урбанистік қаңқасы орталықтың өзегі, көлік магистральдары, басты көшелер, алаңдар, қала құрылысы тораптары мен магистраль маңындағы аумақтар арқылы қалыптасады.
Салынатын құрылыс биіктігінің қағидаты ғимараттар мен құрылыстардың қабат санының қаланың орталық бөлігінен қаланың шеткі бөлігіне (шекарасына) қарай аласаруы арқылы қалыптасады.
Бас жоспардың негізгі қағидаты – азаматтарды тұрғын аудандардан жұмыс (еңбек ететін) орындарына дейін жеткізу үшін көлік инфрақұрылымын қалыптастыру туралы шешім. Қаланың негізгі магистральдарының бойында кеңселерге, қойма үй-жайларына және т.б. арналған көптеген алаңдар салу ұсынылады.
Gate District аумағында халықаралық бизнесті дамыту орталығын орналастыру жоспарланып отыр, оны жобаланатын қаланың оңтүстік бөлігінде, Алматы қаласымен шекаралас тұста салу ұсынылады. Бұл жоба жалпы ауданы 3,7 млн м2-ден асатын ғимараттарда бизнес-отельдер мен бөлшек сауда объектілерін қоса алғанда, әртүрлі кеңсе үй-жайларын орналастыруға мүмкіндік береді.
Golden District 40 мың студентке арналған академиялық аймақтар, 2 мың төсек-орынға арналған медициналық мекемелер, спорт орталығы мен ипподром кластерлері бар жаңа ультразаманауи халықаралық білім беру, денсаулық сақтау және спорт орталығын құру идеясын қамтиды. Орталықтың аумағы 400 гектардан асады.
Халықаралық орталыққа басқа аудандардан және Алматы қаласынан ЖРК жобалық қоғамдық көлігімен оңай жетуге болады.
Сонымен қатар Golden District аумағында агроөңдеу саласының кластері мен логистикалық торапты орналастыру ұсынылады.
Growing District-тегі интеграцияланған, экспортқа бағдарланған, өнеркәсіптік және логистикалық жаңа орталық "Алматы – Қонаев" трассасындағы стратегиялық жолайрық пен "Жетіген – Қазыбек бек" теміржол жолын кеңейтудің жоспарланған нүктесі бойында орналасқан, ол Орталық Азиямен және Еуропамен одан әрі көлік қатынасын орнату үшін Алатау қаласын Қытайда орналасқан "Қорғас" халықаралық шекарамаңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағымен байланыстырады.
Өнеркәсіптік даму – Growing District-тің негізгі экономикалық қозғалтқышы, ал өмір сүруге қолайлы өнеркәсіптік аймақ құру – басты мақсат. Өнеркәсіптік кластер ландшафтық дизайн, жаяужолдар мен көгалды кеңістіктер өзара байланысатын жаяу жүргіншілер өткелдерін ескере отырып жасалған. Қала экономикасын дамытудың негізгі бағыттары – тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, химия және құрылыс өнеркәсібі, сондай-ақ логистика. ЖРК-ға жақын орналасқан учаскелерде жасыл дәліз бойындағы қалалық ауыл шаруашылығын шоғырландыру арқылы әлеуетті агротуризмді дамытуға арналаған сауда орындары болуға тиіс.
Бұған қоса, жоғары білікті жұмыс күшін қалыптастыру үшін Growing District-те 10-15 мың студентке арналған Кәсіптік-техникалық институт орналастыру көзделіп отыр.
Green District халықаралық демалыс және туризм орталығы ретінде және қызықты ойын-сауық, отельдер, сауда орталықтары, океанариум, кез келген ауа райына сай жабдықталған аквапаркі, Қапшағай су қоймасының жағасында айлағы бар отбасылық шоғырланған курорт ретінде бағдарланады.
Ойын қызметі Green District қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналуға тиіс.
Интеграцияланған курорттық ойын-сауық орталығы ғимараттарының жалпы ауданы 1353,3 мың м2, 100 га аумақта орналасады.
Негізгі аймақтардың әрқайсысында тиісті қалалық орталықтары бар тұрғын аудандар құрылады. Бұл орталықтар спорт орталықтарын, қалалық саябақтарды, өрт сөндіру бөлімдерін, полиция учаскелерін және автовокзалдарды қоса алғанда, муниципалды деңгейдегі объектілерге қызмет көрсетеді. Әрбір негізгі аймаққа кеңсе үй-жайларын, супермаркеттерді, сауда орталықтарын, театрларды және аудандық деңгейдегі басқа да объектілерді қамтитын аудан орталықтары кіреді. Бұл аудандарда жергілікті ауруханалар мен облыстық кітапханалар да болады. Сонымен қатар әр аймақ жергілікті маңызы бар объектілер орналасқан шағын орамдық орталықтар, соның ішінде қоғамдық жиналыс өткізу орталықтары, қоғамдық саябақтар мен діни ғимараттар қызмет көрсететін бірнеше тұрғын аудандарға бөлінеді. Тұрғын аудандардың 4-6 шағын ауданы болады, олардың әрқайсысында 5000-нан 6000-ға дейін тұрғын тұратын болады. Ең қажетті объектілер, мектептер мен аудандық саябақтар бұл аудандардан жаяу баратындай қашықтықта орналасады. Аудандарға жергілікті аудан орталықтары қызмет көрсететін тұрғын орамдары кіреді. Жақын жерде жасыл желектер мен балабақшалар орналасады.
Қаланы дамыту моделі тиісті объектілері бар орамдарды, аудандарды және учаскелерді ұйымдастыруға сайып келеді. Бұл интеграцияланған объектілері бар ыңғайлы және толыққанды тұрғын аудандарды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Модель сонымен қатар тұрғын үй объектілерін орналастыру, жол инфрақұрылымы мен қоғамдық көлікті, сондай-ақ жасыл желектерді бөлу қағидаттарын да анықтайды.
Жол иерархиясы көлікпен жетудің сапасын қамтамасыз етеді:
негізгі магистральдық жолдар әрбір 4-5 км сайын өтіп, барлық елді мекендерге баруды қамтамасыз етеді;
екінші дәрежелі жолдар 800 м-ден 1,2 км-ге дейінгі қашықтықта салынып, жергілікті елді мекендерге және тиісті объектілерге баруды қамтамасыз етеді;
аудандық маңызы бар көшелер 400 м-ден 500 м-ге дейінгі қашықтықта орналасып, көршілес орамдар мен объектілерге баруды қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, жергілікті кіреберіс жолдар салынып, жаяу жүргіншілер аймақтарын құру үшін көгалды қиылыстар жобаланады.
Тұрғын үйдің типологиясы мен бөлінуіне келсек, аудандарды әртүрлі табыс деңгейіне арналған және таңдауға мүмкіндік мол болатын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін халық тығыздығының әралуан болуы ұсынылады.
Интеграцияланған Алатау қаласын дамыту кез келген қала тұрғынының жайлы тұруы, демалысы және жұмысы үшін қажетті барлық функцияларды, олардың өзара байланысы мен ұтымды орналасуын, пайдалану ыңғайлылығын, қолжетімділігін ескере отырып, қала кеңістігінің оңтайлы моделін құру негізінде қалыптастырылады.
Негізінен орталық бөлігінде биік болып, шетке қарай аласаратын құрылыс негізгі осьтің көлемдік-кеңістіктік бейнесіне сәулеттік маңыз беріп, тартымды әрі бірегей етеді.
Барлық орамдардың қасбет бөлігінде субұрқақтармен, гүлзарлармен және декоративті-монументалды өнер объектілерімен безендірілген, орам ішіндегі кеңістікті, балабақшалар мен мектептерді байланыстыратын жалпы мақсаттағы көгалды шағын алаңдар орналасады. Негізгі қала магистральдарының бойындағы ғимараттардың төменгі қабаттары халыққа қызмет көрсету объектілеріне (оның ішінде шағын және орта бизнеске) бөлінеді.
Бас жоспарды әзірлеген кезде жайлы, экологиялық және жоғары технологиялы өмір сүру ортасын құруға бағдарланған энергиялық тиімді қала жоспарлаудың үздік әлемдік тәжірибесі қолданылды. Ғимараттардың орналасуы күн сәулесін барынша тиімді пайдалану және ауа легінің қысымын азайту үшін қала құрылысын биоклиматтық жоспарлау қағидаттарына сәйкес келеді. Көше деңгейінде және ғимараттар арасында жасыл желектерді бөлу қолайлы микроклимат жасайтындай етіп қарастырылған.
Экологиялық орнықты көпфункционалды аудан моделі Алатауды одан әрі дамыту үшін қосымша серпін береді.
Маңызды ірі ғимараттар мен аудандардың орталықтарынан басқа, қаланың көлемдік-кеңістіктік моделінің айрықша ерекшелігі аумақтың қомақты бөлігінің жаппай көгалдандыруға және айдыны қомақты су объектілеріне арналуында. Мұнда қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша жабық және ашық объектілер және т.б. сияқты демалыс орындары мен бұқаралық ойын-сауық орындарын орналастыруды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Алатау мен Қонаев қалаларының батыс жағынан өтіп жобаланатын техникалық санаттағы республикалық маңызы бар ІА автомобиль жолының батысына қарай Мойынқұм құмдарының аумағында селитебті аймақты құмның көшуінен қорғау үшін орман-саябақ аймағы жобаланған.
Бас жоспарда басым түрде иеліктен шығарылатын және сатып алынатын жерлердің аймақтары айқындалған. Жобалық шекарадағы қала ауданы есепті мерзімнің соңына қарай 88000 га, оның ішінде Талғар ауданының жері – 12053 га, Іле ауданының жері – 64985 га, Қонаев қаласының қалалық әкімшілігінің жері – 10962 га.
7-тарау. Көгалды кеңістіктер жүйесін ұйымдастыру
Алатау қаласының жобаланатын жасыл құрылыстар жүйесін ұйымдастыру Бас жоспардың жобалық шешімдеріне, сондай-ақ қаралып отырған ауданның табиғи-климаттық жағдайларына байланысты.
Алатау қаласының аумағын ландшафтық-рекреациялық ұйымдастыру қала тұрғындары үшін қолайлы табиғи және экологиялық жағдайларды қамтамасыз ететін қала ортасының көгалды бөліктерінің бәрін теңгерімді дамытуға сайып келеді.
Қаланың көгалды аумақтарының перспективалық жүйесін әзірлеудегі негізгі мақсат – оның аумағын оңтайлы сәулеттік-ландшафтық ұйымдастыру шараларын ұсыну.
Қаланың көгалды кеңістіктер жүйесін қалыптастырудың негізгі қағидаттары:
қала аумағы бойынша бөлудің біркелкі болуы және олардың көлік пен жаяу жүргіншілерге қолжетімділігі;
үздіксіздік;
қаладағы және қала маңындағы көгалды орман-саябақ аумақтарының өзара байланысы.
Ұсынылып отырған көгалды аумақтар жүйесі жаңа ландшафтық сәулет объектілерін құру арқылы көгалдандырылатын ауданды айтарлықтай ұлғайтуды қамтиды.
Функционалдық мақсаты бойынша қаланың көгалды жүйесі жалпы пайдаланымдағы, шектеулі пайдаланымдағы, арнайы мақсаттағы және т. б. жасыл екпелерге бөлінеді.
Жобаланатын көгалдандыру жүйесі – жасыл екпелер, көпфункционалды саябақтар, гүлбақтар, бақтар, тұрғын үй және кеңсе кешендерінің, спорт аумақтарының, сауда ойын-сауық, білім беру объектілерінің, қонақүй кешендерінің және т. б. көгалды кеңістіктері Кіші Алматы, Қаскелең және т. б. табиғи өзендерін көгалды жаяу жүргіншілер жолдарымен түйістіріп, ландшафтың жоспарлау жағынан аса маңызды элементімен бірігуге тиіс. Жаяу жүргіншілер жолдарының рөлін көгалды көшелер мен серуендеуге арналған кең желекжолдар, жаяу жүргіншілер аллеялары атқарады.
Өзен арналарының гидрологиялық сипаттамаларына байланысты жобада өзен арналарының жағасын тұрақтандыруды және жұмсалатын есептік суды кедергісіз өткізуді қамтамасыз ететіндей тиісті түрде нығайту көзделген.
Сонымен қатар жобаланған қаланың бүкіл аумағында қоғамдық кеңістіктер желісін дамыту ұсынылады, оған ойын алаңдары мен белсенді демалуға арналған аймақтар, сондай-ақ тыныш демалуға арналған орындар кіреді.
Көгалдандыру мен абаттандырудың осы элементтерінің барлығы қала тұрғындары мен қонақтарының демалысының әралуан болуына, белсенді және тыныш демалу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ туризмді дамытуға және жаңа адамдардың келуіне ықпал ететін болады.
8-тарау. Көліктік инфрақұрылым
1-параграф. Көше-жол желісі
Алатау қаласының қаңқалы магистральдық көше-жол желісін жоспарлы дамыту желілік-тікбұрышты схема бойынша жоспарланған және Алматы агломерациясы аумағында көлік дәліздерінің перспективалық дамуын ескере отырып іске асырылатын болады.
Негізгі қаңқалық желіге мыналар жатады:
3 негізгі меридиандық коммуникация (солтүстік-оңтүстік);
6 негізгі ендік коммуникация (батыс-шығыс).
Негізгі меридиандық коммуникацияларға мыналар жатады:
Алатау қаласының географиялық орталығы арқылы өтетін жүрдек қозғалысты қалалық магистральдық жол мәртебесіне ие қолданыстағы А-3 автожолы;
Алатау мен Қонаев қалаларының батыс жағынан өтетін республикалық маңызы бар Алматы – Талдықорған – Өскемен бағытындағы ІА техникалық санатты жобаланатын автомобиль жолы;
Алатау қаласының шығыс жағынан Green District-ке дейін өтетін, іркіліссіз жол жүрісіне арналған жалпықалалық маңызы бар жобаланатын магистральдық көше.
Негізгі ендік коммуникацияларға мыналар жатады:
республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолы мәртебесіндегі ІА техникалық санатындағы ҮАААЖ (Алматы агломерациясының жоспарлау құрылымында 1-ші жартылай шеңбер болып табылады);
халықаралық маңызы бар автомобиль жолы мәртебесіндегі IБ техникалық санатындағы "Алматы – Шелек – Қорғас" А-19/АН-5 автожолы;
республикалық маңызы бар агломерациялық жартылай шеңберлі коммуникация учаскесі болып табылатын, іркіліссіз жол жүрісіне арналған жалпықалалық маңызы бар жобаланатын екі магистральдық көше – 3-ші және 4-ші жартылай шеңбер;
Green District-тегі іркіліссіз жол жүрісіне арналған жалпықалалық маңызы бар жобаланатын магистральдық көше;
Green District-тегі Р-18 "Қонаев – Күрті" автомобиль жолына шығатын, жол жүрісі реттелетін жалпықалалық маңызы бар жобаланатын магистральдық көше.
Негізгі меридиандық және ендік бағыттар реттелетін қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелері, ауылдық елді мекендердің басты көшелері және облыстық маңызы бар автомобиль жолы мәртебесі бар екінші дәрежелі бағыттармен толықтырылады.
Келешектегі көше-жол желісінің құрылымында қабылданған жіктелімге сәйкес бір-біріне бағына ұштасатын қала көшелері мен жолдарының бүкіл жиынтығы былайша ұсынылған:
халықаралық маңызы бар автожолдар, ҮАААЖ және А-19/АН-5 – қала шегіндегі шекарада тиісінше 8,8 км 6 және 4 жолақтық қозғалыс үшін;
республикалық маңызы бар автожолдар – 2-6 жолақтық 51,7 км;
облыстық маңызы бар автожолдар – 2 жолақтық 26,2 км;
жергілікті маңызы бар автожолдар – 2 жолақтық 56,6 км;
қалалық жүрдек қозғалыс жолдары (қолданыстағы А-3 автожолы) – 6 жолақтық 48,3 км;
іркіліссіз жол жүрісіне арналған жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелер – 6 жолақтық 58,8 км;
жол жүрісі реттелетін жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелер – 4-6 жолақтық 284,0 км;
аудандық маңызы бар магистральдық көшелер – 2-4 жолақтық 579,0 км,
жергілікті маңызы бар негізгі көшелер – 2-4 жолақтық 919,3 км;
ауылдық елді мекендердің басты көшелері – 2 жолақтық 30,3 км;
жергілікті маңызы бар басқа көше желісі.
Көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 2097 км. Игерілетін жаңа аумақтардағы көше-жол желісінің тығыздығы 5,1 км/км2, оның ішінде магистральдық желінің тығыздығы – 2,9 км/км2.
Алатау қаласының көше-жол желісінің жүрдек контурындағы әртүрлі деңгейдегі көлік жолайрықтарының жалпы саны 78 бірлік деп жоспарланған, оның ішінде 14-і – қолданыстағы, 34-і – 2050 жылға дейінгі есепті мерзімге және 30-ы – Бас жоспардың есепті қолданылу мерзімінен кейін іске асырылуы мүмкін. Жобалау шекараларында мынадай көп деңгейлі көлік қиылыстары салынады:
ҮАААЖ – 12 жолайрық (оның ішінде 7-еуі қолданыста);
А-3 автожолында 23 жолайрық (оның ішінде 7-еуі қолданыста);
республикалық маңызы бар ІА техникалық санатындағы жобаланатын автожолда 16 жолайрық;
"Алматы – Шелек – Қорғас" А-19/АН-5 автожолында 1 жолайрық; іркіліссіз жол жүрісіне арналған жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерде 25 жолайрық;
жаңа әуежай ауданында 1 жолайрық.
2030 жылға дейінгі бірінші кезекте мыналар жоспарланған:
жалпы ұзындығы 359,3 км көше-жол желісін салу, оның ішінде жалпықалалық маңызы бар көшелер – 72,7 км, аудандық маңызы бар көшелер – 152,4 км, жергілікті маңызы бар көшелердің негізгі желісі – 134,2 км;
көше-жол желісінің жүрдек контурында 7 көлік жолайрығын салу.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 70 – 50 – 30 (км/сағ) қалаішілік жылдамдық режимін іске асыру қажет екені мәлімделді:
іркіліссіз жол жүрісіне арналған жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерде 70 км/сағ;
жол жүрісі реттелетін жалпықалалық маңызы бар көшелері мен аудандық маңызы бар магистральдық көшелерде 50 км/сағ;
жергілікті маңызы бар көшелерде 30 км/сағ.
Велосипед инфрақұрылымын дамыту былайша жоспарланған:
тұрғылықты жерлерді жұмыс, оқу орындарымен, келушілер үшін тартылыс объектілерімен, рекреациялық аймақтармен байланыстыратын қаланың магистральдық көшелерінің бойында;
жақын қала маңымен, Алматы және Қонаев қалаларымен байланыстыратын сыртқы автожолдардың қалаға кіреберістерінің бойында;
Қапшағай су қоймасы аймағымен, өзендер бойымен және өзге де қалалық рекреациялық аймақтармен байланыста жатқан рекреациялық маршруттар бойынша.
Жеке мобильді құралдарды пайдалану арқылы жүріп-тұрудың үлесі кемінде 5 % деңгейінде жоспарланған. Қатынас жолдарының жалпы ұзындығы 1,0 мың км-ден асады.
2-параграф. Қоғамдық жолаушылар көлігі
Қоғамдық жолаушылар көлігінің (бұдан әрі – ҚЖК) перспективадағы желісі рельсті және жерүсті көлік түрлерінің желілерін қамтиды.
Жолаушылардың жүріп-тұруының негізгі көлемі рельсті көлікке жүктеледі, оларға мыналар жатады:
өңірлік желілер – қаладағы ұзындығы 126,6 км болатын алыс бағыттардағы теміржол қатынасы. Алатауда ірі теміржол вокзалы салынады, ол халықаралық, қалааралық және қала маңындағы қатынау бойынша жолаушыларды жөнелту нүктесі болады;
агломерациялық желілер – Алматы, Алатау және Қонаев қалаларын байланыстыратын жүрдек теміржол қатынасы, сондай-ақ "Алматы" әуежайына және "Алатау" жаңа әуежайына баратын, қала шекараларындағы жалпы ұзындығы 53,5 км болатын аэроэкспресстер. Станциялар арасындағы орташа қашықтық – 6,3 км, қатынау жылдамдығы – 60-70 км/сағ. Межеленетін жолаушылар легі желінің жүктемесі ең көп аралығында әр бағытқа тәулігіне 65,0 мың жолаушыға, ал тәуліктік тасымалдау көлемі шамамен 150,0 мың жолаушыға жетеді;
қалалық желілер – жолаушылар легі көп бағыттардағы жеңіл рельсті көлік, ұзындығы – 76,2 км. Алатауда қала құрылысының ахуалына байланысты аялдама бекеттері арасындағы қашықтық 0,8-1,5 км болатын 3 ЖРК желісі салынады. ЖРК ұйымдастырудың қабылданған нысанына байланысты қала желілеріндегі қатынас жылдамдығы 25,0 км/сағ-тан 40,0 км/сағ дейін өзгеруі мүмкін. Желінің жүктемесі ең көп аралықтарында межеленетін жолаушылар легі тәулігіне бір бағытта 55,0 мың жолаушы деп бағаланады, межеленетін тасымалдау көлемі – қала желілерінің жүйесі бойынша тәулігіне 200,0 мың жолаушыға жуық.
Бас жоспардың шешімдерін дамыту үшін рельсті көлік желілерін салуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу қажет болады.
Жерүсті ҚЖК пневматикалық доңғалақты көлік желілері түрінде болады, оларға электравтобустар, баламалы отынмен жүретін автобустар немесе автономды жүрісі жылдам троллейбустар түріндегі жылжымалы құрам жұмылдырылады. Жерүсті ҚЖК жүйесінің жалпы ұзындығы – 914 км. Жерүсті ҚЖК түрлерінің маршруттарындағы қатынас жылдамдығы жерүсті желілердің ұйымдастырылу нысанына байланысты 18-ден 25 км/сағ-қа дейінгі аралықта болады.
Қапшағай су қоймасының жағалау сызығы мен Іле өзенінің бойында су көлігінің инфрақұрылымы жоспарланған: қалаішілік және туристік маршруттарда жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған өзендегі трамвай станциялары 8 бірлік, кеменің тұруы мен оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға арналған өзен вокзалдары – 3 бірлік, іздестіру-құтқару станциялары – 12 бірлік.
Су көлігімен жолаушыларға қалаішілік (Алатау мен Қонаев қалалары үшін) және туристік қызмет көрсетуді жоспарланған 8 станция арасында жүретін өзен трамвайы жүзеге асыратын болады. Бір бағыттағы маршруттың ұзындығы – 37,0 км.
Бірінші кезекте 2030 жылға дейін мынадай ҚЖК объектілері жоспарланған:
ҮАААЖ мен А-3 автожолы қиылысқан ауданда Алматы-1 станциясынан келешектегі станцияға дейін ұзындығы 13,2 км (Алатау қаласының шекарасында – 0,8 км) агломерациялық желілер учаскесін іске асыру;
жолаушыларды еңбек ететін жерлеріне, сыртқы көлік объектілеріне және Алматы қаласының метрополитеніне тасымалдауды қамтамасыз ете отырып, бірінші кезектегі құрылыс аудандарында жерүсті пневмодоңғалақты көлік маршруттарын ұйымдастыру, жаңа желілердің жалпы ұзындығы – 220 км. Сыйымдылығы үлкен және аса үлкен 50 бірлік жылжымалы құрам қажет;
5 өзен трамвайы станциясын, оның ішінде Алатау қаласының аумағында 1 станция салу.
3-параграф. Сыртқы көлік объектілері
Алатау қаласының батыс шекарасында құрылысы 2040 жылдан кейін басталатын, перспективалық өткізу қабілеті жылына 15,0 млн жолаушы болатын жаңа "Алатау" халықаралық әуежайын орналастыру жоспарланған. Жаңа әуежайға жету ҚЖК барлық түрлерімен, оның ішінде Алматы және Қонаев қалаларынан аэроэкспресстермен қамтамасыз етілетін болады.
Өте таяу орналасатын "Алатау" әуежайы мен "Алатау" жаңа теміржол вокзалы сыртқы көліктің өңірдегі ең ірі көлік-ауыстырып міну торабын құрайды.
Алатау қаласының аумағын кесіп өтетін "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" трансконтинентальдық көлік дәлізінің "Жетіген – Қазыбек Бек" теміржол учаскесін 2030 жылға дейін іске асыру жоспарланған. Жүк теміржол инфрақұрылымы Алатау қаласының жаңа әуежайы мен Қонаев қаласы арасындағы аралықта ірі сұрыптау станциясын орналастыруды көздейді.
9-тарау. Инженерлік инфрақұрылым
1-параграф. Сумен жабдықтау
Алатау қаласын жобалау шекараларында жерасты су көздерін (бұдан әрі – ЖСК) пайдалана отырып сумен жабдықтау көзделген. Сумен жабдықтау көзі ретінде 2 ірі жерасты су көзі: Покровское ЖСК және Талғар ЖСК танылады.
Бас жоспар шеңберінде сумен жабдықтаудың екі жүйесі қабылданады: шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық.
Алатау қаласы үшін су тұтынудың жиынтық орташа тәуліктік есептік көлемі бірінші кезекте (2030 жыл) 93,90 мың м³/тәул., оның ішінде:
шаруашылық-ауызсу мұқтаждығына: 56,34 мың м³/тәул.;
өндірістік-техникалық мұқтаждыққа: 37,56 мың м³тәул. құрайды.
Жасыл екпелерді суару шығыстары 28 091,0 м³/тәул. құрады.
Аралық кезеңге (2040 жыл) Алатау қаласы үшін су тұтынудың жиынтық орташа тәуліктік есептік көлемі 263,95 мың м³/тәул. құрайды, оның ішінде:
шаруашылық-ауызсу мұқтаждығына: 158,37 мың м³/тәул.;
өндірістік-техникалық мұқтаждыққа: 105,58 мың м³/тәул.;
Жасыл екпелерді суару шығыстары 78960,0 м³/тәул. құрады.
Алатау қаласы үшін есепті мерзімге (2050 жыл) су тұтынудың жиынтық орташа тәуліктік есептік көлемі 477,36 мың м³/тәул. құрайды, оның ішінде:
шаруашылық-ауыз су мұқтаждығына: 286,42 м³/тәул.;
өндірістік-техникалық мұқтаждыққа: 190,94 м³/тәул.
Жасыл екпелерді суару шығыны 142800,0 м³/тәул. құрады.
Ауыз суға деген есептік мұқтаждықты тереңдігі 300 метрге дейін жететін Покровский ЖСК мен Талғар ЖСК пайдалану арқылы жабу болжанады. Су жинау құрылыстарының жиынтық қуаты ауыз суға деген есептік мұқтаждықты жабуды және қажет болған жағдайда оны алу көлемін одан әрі ұлғайту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Техникалық сумен жабдықтау тереңдігі 130 метрге дейінгі Покровский мен Талғар ЖСК үстіңгі қатпарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.
Қазақстанда су ресурстары тапшы болып, су ресурстарын тиімді басқару қажет болып отырған жағдайда жобада шаруашылық-ауыз суды үнемдеудің жаңа әдістерін қолдану көзделген:
тұрғын және қоғамдық ғимараттардың санитариялық тораптарында лас қалдықтарды шаю үшін шаруашылық-ауыз судың орнына қалалық сарқынды суларды терең тазартып пайдалану;
техникалық сападағы жерасты суларының қорларын инфильтрация әдісі арқылы терең тазартылған қалалық сарқынды сулармен қолдан толықтыру.
Жерасты суларының қорларын қолдан толықтыру Покровское көзінде 0,0-130,0 м жоғарғы интервалда көзделген. Бұл су көзінде жоғарғы интервал төменгі горизонттардан қуаты 20,0 м саз қабатымен бөлінген. Бұл қабат ластанған судың төменгі қатпарларға өтуіне жол бермейді.
Сондай-ақ Бас жоспарда технологиялық, өнеркәсіптік және тұрмыстық процестерде (өнеркәсіп орындарын сумен жабдықтау, көшелер мен жасыл екпелерді суару және т. б.) әртүрлі мақсаттар үшін толық тазартылған сарқынды суларды қайта пайдалануды көздейтін айналымды сумен жабдықтау көзделген. Бұл ауыз судың 30-40 %-ын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Есепті мерзімге (2050 жыл) Алатау қаласын сумен жабдықтау жүйелерін дамыту үшін:
Покровское ЖСК-да 2 су тарту құрылысын;
Талғар ЖСК-да 2 су тарту құрылысын;
қаланың әр ауданында 3 су сорғы станциясын;
диаметрі 300-1000 мм, ұзындығы 337,92 км магистральдық су құбыры желілерін салу қажет.
2-параграф. Су бұру
Алатау қаласының су бұру схемасы жергілікті кәріздік тазарту құрылыстарын (бұдан әрі – КТҚ) көздейді. Кәріз жүйесі – толық бөлектенген жүйе. Нөсер суы мен еріген қар суын бұру нөсер кәрізінің бөлек желісімен жүзеге асырылатын болады.
Алатау қаласы үшін су бұрудың жиынтық орташа тәуліктік есептік көлемі:
бірінші кезек (2030 жыл) – 82,17 м³/тәул.;
аралық кезең (2040 жыл) – 230,96 м³/тәул.;
есепті мерзім (2050 жыл) – 417,69 м³/тәул.
"Қалалық аудандарда суды қайта пайдалану. Суды қайта пайдаланудың орталықтандырылған жүйесі бойынша басшылыққа алынатын нұсқаулық. 1-бөлім. Суды қайта пайдаланудың орталықтандырылған жүйесін жобалау қағидаты" ҚР СТ ISO 20760-1-2020 (Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 464-НҚ бұйрығымен бекітіліп, қолданысқа енгізілді) "Сулы горизонтта қалпына келтіру және сақтау" деген 8.2.4-тармағын ескере отырып, Алатау қаласы үшін мынадай су бұру жүйесі ұсынылады:
қаланың сарқынды суы мембраналық технология пайдаланылып тазартылғаннан және терең тазартылғаннан кейін тұрғын үй құрылысы мен қоғамдық құрылыстың санитариялық тораптарының шаятын су жиналатын бактарына, шаруашылық-ауыз суды қажет етпейтін кәсіпорындарды сумен жабдықтауға, жасыл екпелерді суаруға, жолдар мен тротуарларға су себуге берілетін болады. Тазартылған сарқынды судың артылған бөлігі үстіңгі қатпардағы жерасты суларының қорын толтыру үшін пайдаланылады және қазіргі уақыттағыдай табиғи түрде түсіріледі.
Қабылданған шешімдер су ресурстарын ұтымдырақ пайдалануға және көздерден су алуды азайтуға мүмкіндік береді.
Есепті мерзімге (2050 жыл) Алатау қаласының су бұру жүйелерін дамыту үшін:
қаланың әр ауданында 4 кәріз тазарту станциясын;
қаланың әр ауданында 4 инфильтрациялық бассейн;
диаметрі 300-1000 мм, ұзындығы 156,55 км магистральдық су бұру желілерін салу қажет.
Су бұру желілерін төсеу микротоннельдеу технологиясы бойынша траншея қазбай орындалады.
3-параграф. Аумақты санитариялық тазалау
Қазіргі жағдай
"Алматы облысының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің деректеріне сәйкес "Алатау қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының балансында 2008 жылы пайдалануға берілген, Іле ауданы, Қараой ауылдық округі мекенжайындағы ауданы 34,3 га жер учаскелерінде (кадастрлық нөмірі 03-046-084-313) жобалық қуаты жылына 100000 тонна болатын тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) полигоны орналасқан. Рұқсат беру құжаттамасы толық көлемде қолда бар. Биылғы жылдың 1-тоқсанында Алатау қаласы бойынша 12829 тонна ТҚҚ жиналды.
Қалдықтарды сақтау (кәдеге жарату) жүйесі бойынша жобалық ұсыныстар.
Бас жоспарда өнімділігі 500 мың тонна/жыл бір қоқыс өңдеу зауытын салу және Алатау қаласының жобаланатын шекарасының батысына қарай 4 км қашықтықта жобаланған ТҚҚ полигонының алаңында өнімділігі 250 мың тонна/жыл қоқыс өртеу зауытын және Алатау қаласының жобаланатын шекарасының шығысына қарай 3,6 км қашықтықта жобаланған ТҚҚ полигонының алаңында өнімділігі 250 мың тонна/жыл қоқыс өртеу зауытын салу көзделеді.
Қоқыс өңдеу және өртеу зауыттарының өнімділігі шамамен есептелді, келесі жобалау кезеңдерінде қоқыс өңдеу және өртеу зауыттарының нақты өнімділігін есептеу қажет.
Бас жоспарда ТҚҚ-ның екі жаңа полигонын орналастыру ұсынылды:
1) Алатау қаласының жобаланатын шекарасының батысында шамамен 4 км қашықтықта орналасады.
2) Алатау қаласының жобаланатын шекарасының шығысында шамамен 3,6 км қашықтықта орналасатын болады.
Алатау қаласы үшін есепті мерзімге ТҚҚ көлемі жылына 1038400 ≈ 1100000 т құрайды.
2050 жылға дейін Алатау қаласы үшін ТҚҚ екі полигоны үшін болжамды алаңды есептеу.
Жобаланатын екі ТҚҚ полигоны үшін қажетті алаң ҚР ҚҚ 3.01-101-2013 "Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу" сәйкес есептелген. ТҚҚ полигонының жер учаскелерінің болжамды мөлшері жылына 1000 тонна қатты тұрмыстық қалдықтарға 0,02-0,05 га есебінен 25 жыл мерзімге белгіленеді.
Алатау қаласы үшін жобаланатын екі ТҚҚ полигоны батыс бағытта Алатау қаласының шекарасынан 4 км қашықтықта орналасқан, болжамды ауданы 30 га және шығыс бағытта қала шекарасынан 3,6 км қашықтықта болжамды ауданы 25 га жобаланған.
Жобаланатын ТҚҚ полигондарының орналасуы үшін әрқайсысының ауданы 100 га болатын екі алаң келісілді.
ТҚҚ полигондары үшін жобаланған алаңдардың ауданы Алатау қаласы үшін ТҚҚ сақтау үшін қажетті есептік алаңнан асатындықтан, жергілікті атқарушы органдармен ТҚҚ қабылдау мен қоймалауды келіскен жағдайда жақын маңдағы елді мекендерден ТҚҚ жобаланатын полигондарына ТҚҚ қабылдауға болады.
Бас жоспарда 2030 жылға дейін Алатау қаласында орналасқан (кадастрлық нөмірі 03-046-084-313) жалпы ауданы 34,3 гектар болатын қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жабу, кейіннен рекультивациялық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу көзделеді.
Рекультивациялық жұмыстар аяқталғаннан кейін бұрынғы ТҚҚ полигоны мен санитариялық-қорғау аймағының 1000 метрдегі іргелес аумағының санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық нормалар сапасының сәйкестігіне тексеру жүргізіледі: бактериологиялық және химиялық талдауларды іріктей отырып, топырақ, ауа және жерасты суларының жай-күйіне зерттеу жүргізіледі. Топырақты, жерасты суларын және ауаны талдау көрсеткіштері теріс болса, санитариялық-қорғау аймағының мөлшері азайтылуы мүмкін.
Санитариялық-қорғау аймағының мөлшері азайған жағдайда оның аумағы саябақ аймақтары мен азаматтық мақсаттағы объектілер құруға ұсынылады.
Топырақты, жерасты суларын және ауаны талдау көрсеткіштері теріс болса, рекультивациядан және зерттеуден кейін бұрынғы ТҚҚ полигонының аумағы саябақ аймағын құру үшін ұсынылады.
Алатау қаласы үшін санитариялық тазалауды дамыту:
құрылыстың бірінші кезегінде (2030 жыл):
қоқыс контейнерлерін орнату (V=1,1 м3) – 2236 дана;
күнделікті ТҚҚ шығару;
автокөлік сатып алу – 2092 бірлік.
аралық кезеңге (2040 жыл):
қоқыс контейнерлерін орнату (V=1,1 м3) – 5030 дана;
күнделікті ТҚҚ шығару;
автокөлік сатып алу – 2615 бірлік.
есепті мерзімге (2050 жыл):
қоқыс контейнерлерін орнату (V=1,1 м3) – 8572 дана;
күнделікті ТҚҚ шығару;
автокөлік сатып алу – 3248 бірлік.
4-параграф. Жылумен жабдықтау
Жаңа тұрғын үй құрылысы мен қоғамдық құрылыс есебінен Алатау қаласының есептік жылу жүктемесі мынадай:
бірінші кезекте (2030 жыл) – 1479 Гкал/сағ;
екінші кезекте (2040 жыл) – 3164 Гкал/сағ;
есепті мерзімге (2050 жыл) – 5114 Гкал/сағ.
Бас жоспарда көпқабатты құрылыс салынатын жаңа аудандарды орталықтандырылған жылумен:
жылумен жабдықтаудың үнемділігін арттыру мақсатында заманауи газтурбиналық технологиялар (бұдан әрі – КоГТҚ) базасында жылу энергиясы мен электр энергиясының аралас өндірісі пайдаланылатын жылумен жабдықтаудың жаңа көздерінен;
аудандық қазандықтардан барынша қамту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар жаңартылатын энергетика базасында жылумен жабдықтаудың экологиялық аса таза, дәстүрлі емес көздері – жылу сорғыларын (бұдан әрі – ЖС) Green district ауданының жылу балансына тартып, Қапшағай су қоймасының көл суын әлеуеті төмен жылу көзі ретінде пайдалану ұсынылады.
Меншікжайлы құрылысты жану камерасы герметикалы, толығымен зауытта жасалған автоматтандырылған қазандықтарды пайдалану арқылы автономды жылыту жүйелерінен жылумен жабдықтау болжанады.
Жаңа өнеркәсіп орындарына табиғи газбен жұмыс істейтін автономды жылумен жабдықтау көздерінен жылу беру көзделген.
Алатау қаласының жобалау шекарасына кіретін қазіргі кенттердің жылумен жабдықтау жүйелері сақталады.
Есепті мерзімге (2050 жыл) Алатау қаласын жылумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін:
жалпы жылу қуаты 3600 Гкал/сағ (әрқайсысы сағатына 200-ден 500 Гкал-ға дейін) 10 жаңа жылу көзін (КоГТҚ);
белгіленген жылу қуаты 500 Гкал/сағ ЖС;
белгіленген жылу қуаты 200 Гкал/сағ АҚ-1 аудандық қазандығын салу;
белгіленген жылу қуаты 200 Гкал/сағ. "Гейт Сити" АҚ аудандық қазандығын пайдалануға беру;
ұзындығы 147,5 км магистральдық жылумен жабдықтау желілерін салу қажет.
5-параграф. Газбен жабдықтау
Алатау қаласы үшін табиғи газдың тамақ дайындау, ыстық сумен жабдықтау (бұдан әрі – ЫСЖ), тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, өнеркәсіпті жылыту және желдету шығыстарын қамтитын жалпы жылдық шығысы:
бірінші кезекте (2030 жыл) – 533,1 млн м3;
екінші кезекте (2040 жыл) – 1498,0 млн м3;
есепті мерзімде (2050 жыл) – 1833,1 млн м3 құрайды.
Алатау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін Қытай Халық Республикасының уәкілетті ұйымдарымен "Қазақстан – Қытай" магистральды газ құбырынан (бұдан әрі – МГ) табиғи газ жіберу бойынша келісім жасау мүмкіндігін қарастыру қажет немесе "ББШ" МГ-дан Tip-3 жалғастырғышына дейін ғана емес, сондай-ақ Tip-3-тен жобаланатын аумақтың шекараларына дейін де МГ салуды көздеу қажет. Сондай-ақ Бас жоспарда өлшеу торабы станциясын салу да ұсынылады.
2050 жылға дейін автоматтандырылған жаңа газ тарату станцияларын (бұдан әрі – АГТС) салу және қосымша 900000 м3/сағ өткізу қабілетіне жету үшін қолданыстағы АГТС-терді жаңғырту ұсынылады.
2040 жылға дейінгі кезеңде мынадай АГТС-терді жаңғырту және қуаттарын ұлғайту қажет:
қуатын 150000 м3/сағ дейін ұлғайта отырып "Байсерке" АГТС;
қуатын 100000 м3/сағ дейін ұлғайта отырып "Гейт сити" АГТС;
қуатын 100000 м3/сағ дейін ұлғайта отырып "Жетіген" АГТС.
Есепті мерзімде (2050 жыл) қуаты тиісінше 200000 м3/сағ және 250000 м3/сағ болатын екі АГТС салу қажет.
6-параграф. Электрмен жабдықтау
Жобаланатын Алатау қаласын 2050 жылға дейінгі перспективада электрмен жабдықтау жүйесін дамыту жұмыс істеп тұрған станцияларды кеңейту, сондай-ақ жаңа энергия көздерін енгізу есебінен жүзеге асырылады. Алатау қаласының аумағында жалпы қуаты 853 МВт когенерациялы газ-турбиналы қондырғылар салу көзделіп отыр, іске қосу жылдары былайша бөлінген: 2030 жылы – 182 МВт, 2040 жылы – 244 МВт, 2050 жылы – 427 МВт.
2050 жылға дейінгі перспективаға Алатау қаласының электр тұтыну және электр жүктемелерінің шамалары:
2030 жылға – электр тұтыну 2200 млн кВт.сағ, электр жүктемесі 387 МВт;
2040 жылға – электр тұтыну 5600 млн кВт.сағ, электр жүктемесі 971 МВт;
2050 жылға – электр тұтыну 10500 млн кВт.сағ, электр жүктемесі 1906 МВт.
Алатау қаласын электрмен жабдықтау жүйесін дамытудың негізгі бағыты мынаны көздейді:
220 кВ сыртқы желілерді күшейту;
220/110 кВ жаңа тірек ҚС салу;
жаңа қуаттандырғыш 110/10 кВ ҚС салып және жаңа КоГТҚ-ға қуат беруді қамтамасыз ете отырып, кернеуі 110 кВ желілерді қалыптастыру;
физикалық және моральдық тұрғыда ескірген электр желісі объектілерін реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру, трансформаторларды үлкен қуатқа ауыстыру, 35 кВ желілерді біртіндеп жоя отырып жаңа 110 кВ КС салу;
ӘЖ-ні селитебті бөліктен шығарып не кабельден жасалғандарына ауыстыра отырып, жұмыс істеп тұрған 500, 220, 110 кВ, ӘЖ-нің орнын ауыстыру;
6 кВ желілерін 10 кВ кернеуге ауыстыру;
тікелей тұтынушыларда орнатылатын "ақылды" есептегіштер (Smart Meters) және "ақылды" желі (Smart Grid) жүйесіне негізделген "ақылды қала" тұжырымдамасын енгізу;
желілерді микротоннельдеу технологиясы бойынша төсеу.
Алатау қаласының электрмен жабдықтау жүйесін дамытуды мынадай екі деңгейге бөлуге болады:
220 кВ кернеулі желілерді дамыту және реконструкциялау;
110 кВ кернеулі желілерді дамыту және реконструкциялау.
7-параграф. Байланыс және телекоммуникация
Бас жоспарда Алатау қаласының кез келген нүктесінде кең жолақты Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сымды, талшықты-оптикалық және сымсыз қол жеткізу арналарын біріктіретін интеграцияланған жүйе құру ұсынылады. Бұл ретте әуежайлар, вокзалдар және бизнес-орталықтар сияқты трафик жоғары болады деп болжанатын жерлерде 5G технологиясы негізінде сымсыз қосылатын аймақтар құруға ерекше назар аудару қажет. Желінің жоғары өткізу қабілеті мен жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету үшін сымды байланыс желісін салу GPON технологиясына негізделуге тиіс.
Бас жоспарда 2050 жылға дейінгі есепті кезең бойынша Алатау қаласының байланыс және телекоммуникация абоненттерінің есебі жүргізілді, олардың негізінде цифрлық автоматты телефон станцияларының қажетті саны айқындалды. Алатау қаласының байланыс және телекоммуникация абоненттерінің жалпы саны 2050 жылға дейін 100 тұрғынға шаққанда 35 порттық телефон тығыздығымен 654183 данаға тең болады деп күтіледі. Талшықты-оптикалық кабельдер үшін телефон кабелінің кәрізін төсеу диаметрі 110 мм және 63 мм полиэтилен құбырларын қолдану арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Байланыс және телекоммуникация желілерін төсеу микротоннельдеу технологиясы бойынша жүргізіледі.
8-параграф. Аумақты инженерлік дайындау
Жерүсті су ағынын ұйымдастыру
Алатау қаласы үшін жерүсті су бұрудың жабық жүйесі қабылданды.
Алатау қаласының шекарасына кіретін қазіргі елді мекендердің аумағынан жерүсті су ағынын аралас тәсілмен жинау және бұру көзделген: жолдардың науалары, кюветтер бойынша ашық (жерүсті) және жабық (нөсер кәрізінің коллекторлары). Нөсер кәрізін жобалау үшін жобаланатын аумақ 29 бассейнге бөлінген, олардың әрқайсысының өзіндік тазарту қондырғылары бар.
Тазартылған жерүсті ағындары, егер тиісті тұрғыда негізделсе, жасыл алқаптарды суару, асфальтты беттерді суландыру және қайталама өндірістік сумен жабдықтау жүйесінде – 3.01-01-2013 ҚР ҚН 12.3.3-тармағына сәйкес пайдаланылуы мүмкін. Тазалау құрылыстары мен жинақтағыш тоғандарының аумағында су жинауға арналған станциялар қарастырылған. Бас жоспарда нөсер кәріз коллекторларының дәліздері белгіленген, ал жобаланған тазарту құрылыстары мен жинақтау тоғандары үшін жер учаскелері резервтелген.
Жасыл екпелерді суаруды ұйымдастыру
Бас жоспарда жасыл екпелерді суаруды магистральдық тегеурінді суару құбырларынан, таратушы құбырлардан және ашық арық желісінен тұратын суару жүйесінің көмегімен жүзеге асыру көзделеді. Суармалы сумен жабдықтау көзі жағалау маңындағы аумақтар үшін (Green District) Қапшағай су қоймасының суы болмақ, қалған аумақта суармалы сумен жабдықтау техникалық су құбыры желілерінен тазартылған қаладағы сарқынды сумен және суару-жуу машиналарымен суару арқылы жүргізіледі. Су алу пункттері тазартылған сарқынды суды тарату желісіне бұратын құбыржолдарда орнатылуға тиіс.
Жыра түзілуіне қарсы күрес
Бас жоспарда габиондарды, геогридтерді және фитомелиорацияны қолдану арқылы жағалаулар мен беткейлерді нығайту шаралары қамтылған. Негізгі назар жер бетіндегі су ағысын ұйымдастыруға, жыра түзілуіне жол бермеуге және игеру аймағындағы беткейлерді тұрақтандыруға бағытталған. Сондай-ақ бүлінген аумақтарды кейіннен көгалдандыру және абаттандыру арқылы қалпына келтіру жоспарлануда.
Аумақты топырақ суының жайылуынан қорғау
Су жайылуынан қорғау үшін Бас жоспарда тігінен жоспарлау, ғимараттардың астына және инженерлік желілердің бойына көлденең және сәулелі дренаждар орнату, жекелеген объектілерді жергілікті қорғау, сарқынды суды тазарту құрылыстарына бұрып, нөсер кәрізі мен дренаждық желілер орналастыру шаралары қарастырылған. Сондай-ақ тығыз салынған құрылыста дренаждық блоктарды пайдалану, қадағалап тұру ұңғымалары арқылы жерасты суларының деңгейін мониторингтеу және жасыл аумақтарды суару үшін дренаждық суды пайдалану жоспарлануда. Дренаж түрін таңдау учаскенің гидрогеологиялық жағдайларына қарай анықталады және одан кейінгі жобалау кезеңдерінде нақтыланады.
Су қорғау жолақтары бойынша жобалық шешімдер
Бас жоспар аясында Алатау қаласында су қорғау аймақтарын белгілеу қолданыстағы заңнама мен қала құрылысы, экологиялық және инженерлік жағдайларды ескере отырып жүзеге асырылды. Су объектілерінің ластануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ табиғи ортаны сақтау шаралары қарастырылған. Жобалық шешімдер құрылыс мұқтаждығымен теңестірілген және қорғау іс-шаралары болған жағдайда аймақтарды азайтуға жол беріледі. Іске асыру үшін жергілікті шекараларды бекіту, кадастрға енгізу, су бұруды ұйымдастыру, халықты ақпараттандыру көзделеді.
10-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
Өнеркәсіп орындарының шығарындылары Алатау қаласы атмосферасының техногендік ластануының бірден-бір көзі болып табылады.
Алдын ала бағалауда пайдаланылатын бастапқы деректердің негізіне түгендеу деректері мен өнеркәсіп орындарының бекітілген шекті рұқсат етілген шығарындылар жобаларының нормативтері алынды.
Қала атмосферасын ластағыш зат шығарындыларының негізгі көздеріне мыналар жатады:
кәсіпорындардың өнеркәсіптік алаңдарында ұйымдастырылған көздердің құбырлары мен желдеткіш шахталары;
өнеркәсіп орындары шығарындыларының ұйымдастырылмаған көздерінің алаңдары;
жылу көздерінің түтін құбырлары.
Өнеркәсіп орындарынан шығатын зиянды заттардың сипаттамасы өнеркәсіптік өндірістің сипатымен айқындалады. Өнеркәсіп орындарының шығарындыларында 82-ге жуық ластағыш зат бар, олардың негізгілері: азот оксидтері, күкірт диоксиді, қалқыма заттар, көмірсутектер (бензинге қайта есептегенде), көмірсутектер (керосинге қайта есептегенде), құрамында 20 %-дан төмен кремний диоксиді бар бейорганикалық тозаң, құрамында 70-20 % кремний диоксиді бар бейорганикалық тозаң, темір оксиді (темірге есептегенде), бенз/а/пирен, С12-С19 шекті көмірсутектер және минералды май.
Қазіргі уақытта қыс мезгілінде стационарлық көздерден атмосфераға шығарылатын ластағыш заттардың болжамды шығарындылары жылына 7784,003 т құрайды.
Атмосфераның ластануының кешенді көрсеткіші – 0,1387 шекті рұқсат етілген концентрация (қыс). Атмосфераның ластануының кешенді көрсеткіші 1-ден төмен, Алатау қаласы бойынша атмосфераның ластану дәрежесі бастапқы жыл бойынша төмен деп бағаланады.
Есепті мерзімге қысқы уақытта стационарлық көздерден атмосфераға ластағыш заттардың болжамды шығарындылары жылына 8388,4306 т құрайды.
Атмосфераның ластануының кешенді көрсеткіші АЛИ 0,1807 шекті рұқсат етілген концентрацияға (қыс) тең. Кешенді АЛИ көрсеткіші 2-ден жоғары, демек Алатау қаласы бойынша атмосфераның ластану дәрежесі перспективада төмен болады деп бағаланады.
Шығарындылардың атмосфералық ауаға зиянды әсерін азайту үшін бас жоспарда мынадай іс-шаралар кешені көзделеді:
кәсіпорындарда өндірістік мониторинг жүйесін дамыту, кәсіпорындар мен автокөлік құралдарының шығарындыларын мониторингтеудің тиімділігін арттыру;
электрмен және жылумен жабдықтау объектілерін ЕҚТ-ны ескере отырып салу;
жұмыс істеп тұрған жылу-энергетикалық кешен кәсіпорындарын табиғи газға біртіндеп көшіру;
тиімділігі жоғары тозаң-газ тазарту құрылысжайларын қолдану;
өндірістік аумақтар алаңдарын селитебті аймақтардан тыс жоспарлау;
көлікке және кәсіпорындардың стационарлық көздеріне (газ, электр) экологиялық таза отын түрлерін ендіру;
жол желісін дамыту және жолаушылар көлігінің жүрдек жүйелерін (LRT, BRT) қозғалысқа арналған арнайы жолақтарды пайдалана отырып құру;
қала аумақтарын сыртқы транзит легінен оқшаулау;
велосипед қозғалысын дамыту;
автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарының түтін мен уыт шығару нормаларын бақылауды жүзеге асыру;
моральдық және техникалық тұрғыда ескірген автокөлік құралдарын кәдеге жарату;
аудандардағы жеке сектор мен шағын қазандықтарды газдандыру;
елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру;
"жасыл" құрылысты дамыту және энергия үнемдейтін жаңа құрылыс материалдарын енгізу;
атмосфералық ауаның жай-күйі мен сапасына кешенді зерттеулер жүргізу;
атмосфералық ауаның экологиялық мониторингінің бірыңғай желісін құру;
сарқынды суды тазартудың және тұнбаны өңдеудің заманауи технологияларын енгізе отырып, 4 бірлік ТҚҚ жобалау және салу;
әрқайсысының ауданы 100 га 2 бірлік ТҚҚ полигонын салу;
бір қоқыс өңдеу және екі қоқыс өртеу зауытын салу;
қоршаған ортаның қайтадан ластану көздерін жою;
қалдықтарды жинау үшін науалар мен контейнерлер орнатуға арналған алаңдарды жабдықтау;
қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіру, елді мекендерде (тұрғын үй қорының, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтарының аумағында) контейнерлік алаңға іргелес аумақ периметрінде жоспарлы-тұрақты санитариялық тазарту жұмыстарын жүргізу;
қоқысты сұрыптап жинауды және 0 ᵒС және одан төмен температурада контейнерлердегі қалдықтарды үш тәуліктен асырмай, жылы температурада бір тәуліктен асырмай жүйелі түрде, уақтылы шығарып тұруды ұйымдастыру;
қоқыс шығару тарифтерінің жүйесін жетілдіру;
полигонда қоқысты бөлек жинауды, оны шығаруды, қайта өңдеуді және көмуді ұйымдастыруды қоса алғанда, қалдықтарды басқарудың бірыңғай жүйесін құру;
елді мекендер аумағындағы барлық стихиялық рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою.
Қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуды қамтамасыз ететін шешуші фактор – оларды кәдеге жарату процесі. Осы мақсатта өнімділігі жылына 1250 мың тонна көлемінде қалдықтарды сұрыптау және оларды 30-40 % көлемінде қайта өңдеу үшін жеткілікті болатын қоқыс өңдеу зауытын салу, сондай-ақ жылу энергиясын алып қоқыс өртейтін зауыт салу көзделеді.
Бас жоспарда қазіргі жасыл екпелерді барынша сақтау, оларды реконструкциялау, сондай-ақ ұйымдастырылуы жобалық шешімдерге негізделген жаңа екпелерді отырғызу ұсынылады.
11-тарау. Бас жоспардың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Р/с | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Қазіргі жай-күйі | Бірінші кезең | Аралық кезең | Есепті мерзім |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Аумақ | |||||
1.1 | Қалалық, кенттік және ауылдық елді мекен шегіндегі елді мекен жерлерінің ауданы, барлығы | мың га | 88,0 | 88,0 | 88,0 | 88,0 |
соның ішінде: | ||||||
1.1.1 | тұрғын үй және қоғамдық құрылыс | -//- | 1,938 | 5,045 | 8,182 | 11,883 |
оның ішінде: | ||||||
1.1.1.1 | үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжайлы және бөліктелген құрылыс | -//- | 1,863 | 2,544 | 2,500 | 3,000 |
1.1.1.2 | азқабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы | -//- | 0,0006 | 0,0006 | 0,0006 | 0,0006 |
1.1.1.3 | көпқабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы | -//- | 0,035 | 0,859 | 2,716 | 4,760 |
1.1.1.4 | қоғамдық құрылыс | -//- | 0,034 | 1,636 | 2,960 | 4,117 |
1.1.2 | өнеркәсіптік және коммуналдық-қойма құрылысы | -//- | 9,796 | 4,879 | 6,689 | 8,130 |
оның ішінде: | ||||||
1.1.2.1 | өнеркәсіптік құрылыс | -//- | 1,642 | 2,560 | 3,766 | 4,834 |
1.1.2.2 | коммуналдық құрылыс | -//- | 8,026 | 1,696 | 1,981 | 2,179 |
1.1.2.3 | қойма құрылысы | -//- | 0,128 | 0,623 | 0,942 | 1,117 |
1.1.3 | көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар, олардың ішінде: | -//- | 0,177 | 0,795 | 0,890 | 4,073 |
1.1.3.1 | сыртқы көлік (теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыржол көлігі) | 0,045 | 0,256 | 0,326 | 3,473 | |
1.1.3.2 | магистральдық инженерлік желілер мен құрылыстар | -//- | 0,132 | 0,539 | 0,564 | 0,600 |
1.1.3.3 | байланыс құрылысжайлары | -//- | ||||
1.1.4 | ерекше қорғалатын табиғи аумақтар | -//- | 0,230 | 0,230 | 0,230 | 0,230 |
олардың ішінде: | ||||||
1.1.4.1 | қорықтар | -//- | ||||
1.1.4.2 | қаумалдар | -//- | ||||
1.1.4.3 | табиғат ескерткіштері | -//- | ||||
1.1.4.4 | ормандар мен орман саябақтары | -//- | 0,230 | 0,230 | 0,230 | 0,230 |
1.1.5 | су қоймалары мен акваториялар | -//- | 2,765 | 4,252 | 5,407 | 5,407 |
олардың ішінде: | ||||||
1.1.5.1 | өзендер, табиғи және жасанды су қоймалары | -//- | 0,539 | 1,618 | 3,825 | 3,825 |
1.1.5.2 | су қорғау аймақтары | -//- | ||||
1.1.5.3 | гидротехникалық құрылыстар | -//- | 2,223 | 2,620 | 1,568 | 1,568 |
1.1.5.4 | су шаруашылығы құрылыстары | -//- | 0,003 | 0,014 | 0,014 | 0,014 |
1.1.6 | ауыл шаруашылығы мақсатындағы | -//- | 36,317 | 30,777 | 18,445 | 9,971 |
олардың ішінде: | ||||||
1.1.6.1 | егістік жерлер | -//- | 20,879 | 14,641 | 6,859 | 3,653 |
1.1.6.2 | бақшалар мен жүзімдіктер | -//- | 0,250 | 5,948 | 6,052 | 6,116 |
1.1.6.3 | шабындық, жайылым | -//- | 15,188 | 10,188 | 5,534 | 0,202 |
1.1.7 | жалпыға ортақ пайдаланымдағы | -//- | 36,777 | 41,623 | 47,758 | 45,814 |
олардың ішінде: | ||||||
1.1.7.1 | көшелер, жолдар, өткелдер | -//- | 1,594 | 5,591 | 6,848 | 8,107 |
1.1.7.2 | су айдындары, жағажайлар, жағалаулар | -//- | 0,008 | 0,058 | 0,058 | 0,084 |
1.1.7.3 | саябақтар, гүлбақтар, желекжолдар | -//- | 0,003 | 1,404 | 1,007 | 1,853 |
1.1.7.4 | жалпыға ортақ пайдаланылатын басқа да аумақтық объектілер | -//- | 35,172 | 35,570 | 39,845 | 35,770 |
1.1.8 | резервтік | -//- | 0,000 | 0,399 | 0,399 | 2,492 |
олардың ішінде: | ||||||
1.1.8.1 | селитебті аумақтарды дамыту үшін | -//- | 0,000 | 0,079 | 0,079 | 0,512 |
1.1.8.2 | өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамыту үшін | -//- | 0,000 | 0,320 | 0,320 | 1,980 |
1.1.8.3 | рекреациялық және өзге де аймақтарды ұйымдастыру үшін | -//- | 0,000 | 0,000 | 0,000 | 0,000 |
1.2. | Жердің жалпы ауданынан: | |||||
1.2.1* | мемлекеттік меншіктегі жерлер | -//- | - | - | - | - |
1.2.2* | коммуналдық меншіктегі жерлер | -//- | ||||
1.2.3* | жеке меншік жерлер | -//- | - | - | - | - |
2 | Тұрғындар | |||||
2.1 | Бағынысты елді мекендерді ескергендегі халық саны, барлығы | мың адам | 52,46 | 247,0 | 960,0 | 1 870,0 |
соның ішінде: | ||||||
2.1.1 | қала (кент, ауылдық елді мекен) | -//- | 52,46 | 247,0 | 960,0 | 1 870,0 |
2.1.2 | басқа елді мекендер | -//- | ||||
2.2.1 | Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері: | |||||
2.2.2 | өсім | -//- | 1,2 | 5,8 | 22,5 | 46,9 |
2.2.3 | кему | -//- | 0,3 | 1,3 | 5,4 | 10,6 |
2.3 | Халықтың көші-қон көрсеткіші: | |||||
2.3.1 | өсім | -//- | 2,9 | 35,1 | 93,2 | 165,6 |
2.3.2 | кему | -//- | 2,4 | 5,1 | 29,4 | 75,2 |
2.4 | Халық тығыздығы | |||||
2.4.1 | селитебті аумақ шегінде | адам/га | 21 | 26 | 75 | 95 |
2.4.2 | қалалық, кенттік және ауылдық құрылыс аумағының шегінде | -//- | 12 | 23 | 35 | 49 |
2.5 | Халықтың жас құрылымы: | |||||
2.5.1 | 15 жасқа дейінгі балалар | мың адам /% | 14,8/28,2 | 71,8/29,1 | 262,5/27,3 | 550,9/29,5 |
2.5.2 | еңбекке қабілетті жастағы халық | -//- | 32,86/62,7 | 147,9/59,9 | 576,3/60,1 | 1078,4/57,6 |
(16-62 жастағы ер адамдар, 16-57 жастағы әйелдер) | -//- | |||||
2.5.3 | еңбекке қабілетті жастан асқан халық | -//- | 4,8/9,2 | 27,3/11,0 | 121,2/12,6 | 240,7/12,9 |
2.6 | Отбасылар мен жалғызбасты тұрғындар саны, барлығы | бірлік | 16374 | 77006 | 299294 | 583000 |
соның ішінде: | ||||||
2.6.1 | отбасылар саны | -//- | 15044 | 70831 | 275294 | 536250 |
2.6.2 | жалғызбасты тұрғындар саны | -//- | 1330 | 6175 | 24000 | 46750 |
2.7 | Еңбек ресурстары, барлығы | мың адам | 29,7 | 139,0 | 541,4 | 1019,6 |
олардың ішінде: | ||||||
2.7.1 | экономикалық белсенді халық, барлығы | мың адам/% | 28,2/53,7 | 132,3/53,6 | 514,8/53,6 | 969,6/51,9 |
соның ішінде: | ||||||
2.7.1.1 | экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар | -//- | 26,6/50,8 | 126,0/51,0 | 489,6/51,0 | 922,1/49,3 |
1) | қала түзуші топта | -//- | 18,6/35,5 | 100,8/40,8 | 401,5/41,8 | 765,4/40,9 |
оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар | ||||||
2) | қызмет көрсету тобында | -//- | 8,0/15,2 | 25,2/10,2 | 88,1/9,2 | 156,8/8,4 |
2а) | оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық | |||||
2.7.1.2 | жұмыссыздар | -//- | 1,6/3,0 | 6,7/2,7 | 26,5/2,8 | 50,0/2,7 |
2.7.2 | экономикалық белсенді емес халық | -//- | 7,1/13,5 | 45,4/18,4 | 228,6/23,8 | 481,3/25,7 |
соның ішінде: | ||||||
2.7.2.1 | өндірістен қол үзіп оқитын еңбекке қабілетті жастағы оқушылар | -//- | 1,7/3,3 | 13,2/5,3 | 75,4/7,9 | 163,7/8,8 |
2.7.2.2 | экономикалық қызметпен және оқумен айналыспайтын еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық | -//- | 0,6/1,1 | 5,0/2,0 | 32,0/3,3 | 77,0/4,1 |
3 | Тұрғын үй құрылысы | |||||
3.1 | Тұрғын үй қоры, барлығы | жалпы ауданы мың м2 / % | 902,1/100 | 6183,8/100 | 26370,9/100 | 55800/100 |
соның ішінде: | ||||||
3.1.1* | мемлекеттік қор | -//- | ||||
3.1.2* | жеке меншікте | -//- | ||||
3.2 | Жалпы қордан: | -//- | ||||
3.2.1 | көппәтерлі үйлерде | -//- | 116,2/12,9 | 4550,6/73,6 | 24037,5/91,2 | 53466,6/95,8 |
3.2.2 | меншікжай түріндегі үйлерде | -//- | 785,9/87,1 | 1633,2/26,4 | 2333,4/8,8 | 2333,4/4,2 |
3.3 | 70 %-дан астамы тозған тұрғын үй қоры, барлығы | -//- | - | - | - | - |
соның ішінде: | ||||||
3.3.1 | мемлекеттік қор | -//- | ||||
3.4 | Сақталатын тұрғын үй қоры | -//- | 902,1 | 6183,8 | 26370,9 | |
3.5 | Тұрғын үй қорын қабат саны бойынша бөлу: | 902,1/100 | 6183,8/100 | 26370,9/100 | 55800/100 | |
соның ішінде: | ||||||
3.5.1 | азқабатты | -//- | 785,9/87,1 | 1633,2/26,4 | 2333,4/8,8 | 2333,4/4,2 |
олардың ішінде салынып жатқаны: | ||||||
3.5.1.1 | үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжай (коттедж) үлгідегі | -//- | 785,9/87,1 | 1633,2/26,4 | 2333,4/8,8 | 2333,4/4,2 |
3.5.1.2 | пәтер жанындағы жер учаскесі бар бөліктелген | -//- | ||||
3.5.1.3 | 1-3 қабатты жер учаскесі жоқ | -//- | 87,7/9,7 | 87,7/1,4 | 87,7/0,3 | 87,7/0,2 |
3.5.2 | орташа қабатты (4-6 қабатты) көппәтерлі | -//- | 28,5/3,2 | 1194,7/19,3 | 7246,6/27,5 | 18989,5/34 |
3.5.3 |
көпқабатты | -//- | 3268,2/52,9 | 16703,2/63,3 | 34389,4/61,6 | |
3.6 | Тұрғын үй қорының кемуі, барлығы | -//- | - | - | - | - |
соның ішінде: | ||||||
3.6.1 | техникалық жағдайы бойынша | -//- | - | - | - | - |
3.6.2 | реконструкциялау бойынша | -//- | - | - | - | - |
3.6.3 | басқа себептер бойынша (орынжайларды қайта жабдықтау) | -//- | - | - | - | - |
3.7 | Мыналарға қатысты тұрғын үй қорының кемуі: | |||||
3.7.1 | қолданыстағы тұрғын үй қорына | % | - | - | - | - |
3.7.2 | жаңа құрылысқа | -//- | - | - | - | - |
3.8 | Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы соның ішінде мыналардың есебінен: | жалпы ауданы мың м2 | - | 5281,7 | 25468,8 | 54897,9 |
3.8.1* | мемлекеттік қаражат | -//- | - | - | - | - |
3.8.2* | кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты | -//- | - | - | - | - |
3.8.3* | халықтың өз қаражаты | -//- | - | - | - | - |
3.9 | Қабат саны бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы | -//- | - | 5281,7 | 25468,8 | 54897,9 |
соның ішінде: | ||||||
3.9.1 | азқабатты | -//- | - | 847,3 | 1547,5 | 1547,5 |
олардың ішінде: | ||||||
3.9.1.1 | үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжай (коттедж) түрінде | -//- | 847,3 | 1547,5 | 1547,5 | |
3.9.1.2 | пәтер жанындағы жер учаскесі бар бөліктелген | -//- | - | - | - | - |
3.9.1.3 | 1-3 қабатты жер учаскесі жоқ | -//- | - | - | - | - |
3.9.2 | орташа қабатты (4-5 қабатты) көппәтерлі | -//- | - | 1166,2 | 7218,1 | 18961,0 |
3.9.3 |
көпқабатты | -//- | - | 3268,2 | 16703,2 | 34389,4 |
3.10 | Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен орналастырылады: | |||||
3.10.1 | бос аумақтарда | -//- | - | 5281,7 | 25468,8 | 54897,9 |
3.10.2 | қолданыстағы құрылысты реконструкциялау есебінен | -//- | - | - | - | - |
3.11 | Жылына орта есеппен жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданының пайдалануға енгізілуі | мың. м2 | - | 660,2 | 2018,7 | 2942,9 |
3.12 | тұрғын үй қорының қамтамасыз етілуі: | |||||
3.12.1 | су құбырымен | жалпы тұрғын үй қорының %-ы | - | 100 | 100 | 100 |
3.12.2 | кәрізбен | -//- | - | 100 | 100 | 100 |
3.12.3 | электр плиталарымен | -//- | - | 100 | 100 | 100 |
3.12.4 | газ плиталарымен | -//- | - | 100 | 100 | 100 |
3.12.5 | жылумен | -//- | - | 100 | 100 | 100 |
3.12.6 | ыстық сумен | -//- | - | 100 | 100 | 100 |
3.13 | Халықтың жалпы пәтерлердің ауданымен орташа қамтамасыз етілуі | м2/адам | 17,2 | 25 | 27 | 30 |
4 | Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері | |||||
4.1 | Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы/1000 адамға | орын | 4765 | 16673 | 44737 | 123047 |
4.1.1 | қамтамасыз етілу деңгейі | % | 100 | 100 | 100 | 100 |
4.1.2 | 1000 тұрғынға | орын | 91 | 68 | 47 | 66 |
4.1.3 | жаңа құрылыс | -//- | 11908 | 39972 | 118282 | |
4.2 | Жалпы білім беру мекемелері, барлығы/1000 адамға | -//- | 6326 | 40126 | 171726 | 314626 |
4.2.1 | қамтамасыз етілу деңгейі | % | 66 | 97 | 99 | 100 |
4.2.2 | 1000 тұрғынға | орын | 121 | 162 | 178 | 168 |
4.2.3 | жаңа құрылыс | -//- | 33800 | 165400 | 308300 | |
4.3 | Ауруханалар, барлығы/ 1000 адамға | төсек | 50/1 | 1050/4,3 | 5680/5 | 9350/5 |
4.4 | Емханалар, барлығы/ 1000 адамға | ауысымына келушілер | 650/1 | 3200/13 | 18200/19 | 37961/20,3 |
4.5 | Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері (интернат үйлері) - барлығы/1000 адам | орын | - | 450/2 | 21888/23 | 47732/25 |
4.6 | Ұзақ демалу мекемелері (демалыс үйлері, пансионаттар, оқушыларға арналған лагерьлер және т. б.), барлығы/1000 адамға | -//- | - | - | - | - |
4.7 | Дене шынықтыру-спорт құрылысжайлары, барлығы/1000 адам | га | - | 115,0/0,5 | 768,0/0,8 | 1 496,0/0,8 |
4.8 | Ойын-сауық мәдени мекемелер (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, музейлер, көрме залдары және т. б.), барлығы/1000 адамға | орын | - | 21585/87 | 135128/140 | 248577/133 |
4.9 | Сауда кәсіпорындары барлығы/1000 адамға | сауда алаңының м2 | 8500/162 | 89813/364 | 324077/338 | 622041/333 |
4.10 | Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға | отырғызатын орын | 680/13 | 11020/45 | 39764/41 |
|
4.11 | Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға | жұмыс орындары | 135/3 | 2507/10 | 8947/9 | 17172/9 |
4.12 | Өрт сөндіру депосы |
автомобиль/ | 13х6, 6х8 | 16х6, 13х8 | 18х6, 19х8 | |
4.13 | Халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің өзге де объектілері | сәйкес бірліктер | - | - | - | - |
5 | Көлікпен қамтамасыз ету | |||||
5.1 | Қоғамдық жолаушылар көлігі желісінің ұзындығы, барлығы | км | 152,0 | 416,7 | 749,2 | 1 170,3 |
соның ішінде: | ||||||
5.1.1 | электрлендірілген теміржол | қосарлы жолдың км | 42,0 | 85,2 | 85,2 | 126,6 |
5.1.2 | теміржол агломерациялық желілері | -//- | 0 | 0,8 | 35,0 | 53,5 |
5.1.3 | жеңіл рельсті көлік (қалалық желілер) | -//- | 0 | 0 | 48,7 | 76,2 |
5.1.4 | пневматикалық доңғалақты көлік (автобус, троллейбус, электробус) | -//- | 110,0 | 330,7 | 580,3 | 914,0 |
5.2 | Магистральдық көшелер мен жолдардың ұзындығы, барлығы | км | 418,9 | 792,4 | 1342,4 | 2097 |
соның ішінде: | ||||||
5.2.1 | халықаралық маңызы бар автожолдар | 8,8 | 8,8 | 8,8 | 8,8 | |
5.2.2 | республикалық маңызы бар автожолдар | 62,7 | 1,7 | 1,7 | 51,7 | |
5.2.3 | облыстық маңызы бар автожолдар | 42,7 | 10,0 | 10,0 | 26,2 | |
5.2.4 | жергілікті маңызы бар автожолдар | 62,7 | 18,7 | 18,7 | 56,6 | |
5.2.5 | жүрдек қозғалыс жолдары | -//- | 0 | 41,2 | 41,2 | 48,3 |
5.2.6 | үздіксіз қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдар | -//- | 0 | 17,0 | 22,0 | 58,8 |
5.2.7 | реттелетін қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдар | 0 | 134,5 | 194,0 | 284,0 | |
5.2.8 | аудандық маңызы бар магистральдар | -//- | 0 | 193,8 | 367,0 | 579,0 |
5.2.9 | жергілікті маңызы бар тұрғын көшелер | -//- | 208,0 | 327,7 | 625,0 | 919,3 |
5.2.10 | ауылдық елді мекендердің көше желісі | -//- | 24,0 | 24,0 | 24,0 | 30,3 |
5.3 | Әртүрлі деңгейдегі көше-жол желісіндегі көлік жолайрықтары | 10 | 15 | 30 | 34 | |
5.4 | Сыртқы көлік | |||||
соның ішінде: | ||||||
5.4.1 | теміржол көлігі | |||||
соның ішінде: | ||||||
жолаушыларды тасымалдайтын | мың жолаушы/жыл | 11,0 | 15,0 | 1000,0 | 2000,0 | |
жүк тасымалдайтын | мың тонна/жыл | 3578,0 | 5000,0 | 8000,0 | 10000,0 | |
5.4.2 | әуе көлігі | |||||
соның ішінде: | ||||||
жолаушыларды тасымалдайтын | мың жолаушы/жыл | 0 | 40000,0 | |||
жүк тасымалдайтын | мың тонна/жыл | 0 | 1850000,0 | |||
5.4.3 | автомобиль көлігі | |||||
соның ішінде: | ||||||
жолаушыларды тасымалдайтын | мың жолаушы/жыл | 500,0 | 2000,0 | 7000,0 | 10000,0 | |
жүк тасымалдайтын | мың тонна/жыл | - | 5000,0 | 8000,0 | 10000,0 | |
5.4.4 | өзен көлігі | |||||
соның ішінде: | ||||||
жолаушыларды тасымалдайтын |
мың жолаушы/ | 3,0 | 10,0 | 200,0 | 500,0 | |
жүк тасымалдайтын | мың тонна/жыл | 0 | 0 | 0 | 0 | |
5.4.5 | теңіз көлігі | |||||
соның ішінде: | ||||||
жолаушыларды тасымалдайтын | мың жолаушы/жыл | 0 | 0 | 0 | 0 | |
жүк тасымалдайтын | мың тонна/жыл | 0 | 0 | 0 | 0 | |
5.4.6 | құбыржол | мың м3/жыл | 0 | 0 | 0 | 0 |
5.5 | Көше-жол желісінің тығыздығы | |||||
5.5.1 | қала, кент құрылысы шегінде | км/км2 | 0 | 5,1 | 5,1 | 5,1 |
5.5.2 | қала маңы аймағының шекарасы шегінде | -//- | 0,6 | 1,2 | 1,3 | 1,3 |
6 | Инженерлік жабдықтар | |||||
6.1 | Сумен жабдықтау: | |||||
6.1.1 | жиынтық тұтыну, барлығы | мың м3/тәул | 93,90 | 263,95 | 477,36 | |
соның ішінде: | ||||||
6.1.1.1 | шаруашылық-ауызсу мұқтажына | -//- | 56,34 | 158,37 | 286,42 | |
6.1.1.2 | өндіріс мұқтажына | -//- | 37,56 | 105,58 | 190,94 | |
6.1.2 | пайдаланылатын сумен жабдықтау көздері: | жер асты суларының көздері | ||||
6.1.2.1 | жерасты су жинағыштары | -//- | + | + | + | |
Покровское ЖСК | мың м3/тәулік ұңғыма |
57,95 |
95,34 |
64,38 | ||
Талғар ЖСК |
8,52 |
74,71 |
149,03 | |||
6.1.3.2 | жерүсті көздерінен су жинау | -//- | - | - | - | |
6.1.4 |
бекітілген жерасты су қоры. | мың м3/ тәулік | 1471,3 | 1471,3 | 1471,3 | 1471,3 |
6.1.5 | тәулігіне орта есеппен 1 адамға жалпы су тұтыну мөлшері | л/ тәулік | 234 | 234 | 234 | |
6.1.6 | желілердің ұзындығы | км | 185,039 | 275,352 | 337,92 | |
6.2 | Кәріз: | |||||
6.2.1 | сарқынды сулардың жалпы түсуі, барлығы | мың м3/ тәулік | 82,17 | 230,96 | 417,69 | |
соның ішінде: | ||||||
6.2.1.1 | тұрмыстық кәріз | -//- | 49,30 | 138,57 | 250,61 | |
6.2.1.2 | өндірістік кәріз | -//- | 32,87 | 92,39 | 167,08 | |
6.2.2 | кәріз тазарту құрылыстарының өнімділігі | -//- | 83 | 233 | 421 | |
6.2.3 | желілердің ұзындығы | км | 91,517 | 123,629 | 156,552 | |
6.3 | Электрмен жабдықтау: | |||||
6.3.1 | электр энергиясын тұтынудың жиынтық мөлшері | млрд кВт сағ/жыл | 0,5 | 2,2 | 5,6 | 10,5 |
соның ішінде: | ||||||
6.3.1.1 | коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа | -//- | 0,06 | 0,6 | 2,9 | 5,6 |
6.3.1.2 | өндіріс мұқтажына | -//- | 0,35 | 1,34 | 1,92 | 2,15 |
6.3.2 | жылына орта есеппен 1 адамға электр тұтыну | кВт сағ | 9530,53 | 9311,47 | 5833,33 | 5614,97 |
6.3.2.1 | соның ішінде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа | -//- | 1143,66 | 2429,15 | 3020,83 | 2994,65 |
6.3.3 | жүктемені жабу көздері | млн кВт | 95,6 | 387 | 971 | 1906 |
6.3.3.1 | соның ішінде: ЖЭО, ГРЭС | -//- | 173 | 726 | 1000 | 1697 |
6.3.3.2 | су электр станциясы | -//- | - | - | - | - |
6.3.3.3 | біріккен энергия желісі | -//- | - | - | - | 209 |
6.3.4 | желілердің ұзындығы | км | 520 | 730 | 764 | 819 |
6.4 | Жылумен жабдықтау | 608 | 2244,18 | 4792,44 | 7876,74 | |
6.4.1 | орталықтандырылған көздердің қуаты, барлығы | МВт | 1162,78 | 3139,53 | 5232,55 | |
6.4.1.1 | оның ішінде: ЖЭО | -//- | 813,95 | 2790,7 | 4767,44 | |
6.4.1.2 | аудан қазандықтар | -//- | 348,83 | 348,83 | 465,11 | |
6.4.1.3 | орамдық қазандықтар | -//- | - | - | - | |
6.4.1.4 | жергілікті көздердің жалпы жиынтық қуаты | -//- | 1238,06 | 1795,96 | 2653,49 | |
6.4.2 | жылыту үшін тұтыну, барлығы | -//- | 1968,59 | 4048,89 | 6780,46 | |
6.4.2.1 | соның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа | -//- | 1365,39 | 2970,24 | 4908,0 | |
6.4.2.2 | өндірістік мұқтаждыққа | -//- | 603,197 | 1078,65 | 1872,43 | |
6.4.3 | ыстық су тұтыну, барлығы | -//- | 275,6 | 643,02 | 1096,0 | |
6.4.3.1 | соның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа | -//- | 254,67 | 608,47 | 1038,20 | |
6.4.3.2 | өндірістік мұқтаждыққа | -//- | 20,93 | 34,73 | 57,80 | |
6.4.4 | жергілікті жылумен жабдықтау көздерінің өнімділігі | -//- | 1238,06 | 1795,96 | 2653,49 | |
6.4.5 | желілердің ұзындығы | км | 56,1 | 105,8 | 147,5 | |
6.5 | Газбен жабдықтау | |||||
6.5.1 | табиғи газды тұтыну, барлығы | млн м3/ жыл | 134,0 | 533,1 | 1498,0 | 1833,1 |
6.5.1.1 | соның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа | -//- | 134,0 | 527,1 | 1481,2 | 1631,1 |
6.5.1.2 | өндірістік мұқтаждыққа | -//- | - | 6,0 | 16,9 | 202,0 |
6.5.2. | сұйылтылған газды тұтыну, барлығы | тонна/жыл | Деректер жоқ | Деректер жоқ | Деректер жоқ | Деректер жоқ |
6.5.2.1 | соның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа | -//- | Деректер жоқ | Деректер жоқ | Деректер жоқ | Деректер жоқ |
6.5.2.2 | өндірістік мұқтаждыққа | -//- | Деректер жоқ | Деректер жоқ | Деректер жоқ | Деректер жоқ |
6.5.3 | табиғи газ беру көздері | млн м3/жыл | 380,0 | 380,0 | 550,0 | 1000,0 |
6.5.4 | қаланың, басқа елді мекеннің отын балансындағы газдың үлес салмағы | % | 60 | 100 | 100 | 100 |
6.5.5 | желілердің ұзындығы | км | - | 1971,0 | 5538,5 | 15344,0 |
6.6 | Байланыс | |||||
6.6.1 | халықты телевизиялық хабар таратумен қамту | % халық | 100 | 100 | 100 | |
6.6.2 | Халықтың ортақ пайдаланымдағы телефон желісімен қамтамасыз етілуі | 100 отбасыға арналған нөмірлер | - | 35 | 35 | 35 |
7 | Аумақты инженерлік дайындау | |||||
7.1 | Нөсер кәрізінің жалпы ұзындығы | км | - | 134 | 237 | 332 |
7.2 | Аумақты су басудан қорғау: | |||||
7.2.1 | ауданы | га | - | - | - | - |
7.2.2 | қорғаныш құрылыстарының ұзындығы | км | - | 44,5 | - | - |
7.3 | жуу және себу, барлық көлемі мен ауданы | млн м3, га | - | - | - | - |
7.4 | жағалауды нығайту | км | 65,5 | |||
7.5 | жерасты сулары деңгейінің төмендеуі | га | 83 | |||
7.6 | Аумақты инженерлік дайындау жөніндегі басқа да арнайы іс-шаралар | тиісті бірліктер | - | - | - | - |
8 | халыққа жоралғылық қызмет көрсету | |||||
8.1 | Зираттардың жалпы саны | га | 160,33 | 1004,0 | 1004,0 | 1004,0 |
8.2 | Крематорийлердің жалпы саны | бірлік | 0 | 0 | 0 | 0 |
9 | Қоршаған ортаны қорғау | |||||
9.1 | Атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды заттар шығарындыларының көлемі | мың т/жыл | 7,784 | 8,388 | 8,388 | 8,388 |
9.2 | Ластанған суларды ағызудың жалпы көлемі | млн м /жыл | - | - | - | - |
9.3 | Бүлінген аумақтарды рекультивациялау | га | - | - | - | - |
9.4 | Шу деңгейі 65 Дб жоғары аумақтар (әуежай) | -//- | - | - | - | - |
9.5 | Экологиялық тұрғыдан қолайсыз аумақтар (химиялық және биологиялық заттармен, зиянды микроорганизмдер мен, рұқсат етілген шекті концентрациядан жоғары ластанған аумақтар, радиоактивті заттармен рұқсат етілген шекті деңгейден жоғары мөлшерде ластанған) | -//- | 0 | 0 | 0 | 0 |
9.6 | Санитариялық-қорғаныш аймақтарында тұратын халық | -//-- | 0 | 0 | 0 | 0 |
9.7 | Санитариялық-қорғаныш және су қорғау аймақтарын көгалдандыру | -//- | - | - | - | - |
9.8 | Топырақ пен жер қойнауын қорғау | -//- | - | - | - | - |
9.9 | аумақтарды санитариялық тазарту | -//- | - | - | - | - |
9.9.1 | Тұрмыстық қалдықтардың көлемі | мың т/жыл | 94,539 | 414,310 | 691,100 | 1038,400 |
соның ішінде қалдықтарды саралап және сұрыптап жинау | % | 15,0 | 30,0 | 60,0 | 100,0 | |
9.9.2 | қоқыс өңдеу зауыттары | бірлік/мың т. жыл | - | 1 / 500 | - | - |
9.9.3 | қоқыс өртеу зауыттары | -//- | - | - | 1 / 250 | 1 / 250 |
9.9.4 | қоқыс тиеу станциялары | -//- | - | - | - | - |
9.9.5 | жетілдірілген қоқыс төгу орындары (полигондар) | бірлік/га | - | 1/100 | 1/100 | - |
9.9.6 | Рұқсат етілмеген қоқыс төгу орындарын ескере отырып, жерлеу көлемі / полигондардың жалпы ауданы | га | - | - | - | - |
9.9.7 | соның ішінде стихиялы | -//- | - | - | - | - |
9.10 | Табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі өзге де іс-шаралар | млн м3/жыл | - | - | - | - |
10 | Жобалық шешімдерді іске асырудың I кезеңі бойынша инвестициялардың болжамды көлемі | млн теңге | 9 013 632,94 |
Алматы облысы Алатау қаласының бас жоспарына қосымша (негізгі ережелерді қоса алғанда) |
Бас жоспар (негізгі сызба)