"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 720 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 31.08.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5), 9-6), 9-7), 9-8), 9-9), 9-10), 9-11), 9-12), 9-13), 9-14), 9-15), 9-16), 9-17), 9-18), 9-19), 9-20), 9-21), 9-22), 9-23), 9-24) және 175-23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-1) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысады;

      9-2) жұмылдыру тапсырмасы негізінде арнаулы құралымдар құрады және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді;

      9-3) аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес ведомстволық бағынысты объектілерді қорғауды және олардың қорғанысын жүзеге асырады;

      9-4) әскери басқару органдарынан алынған ақпарат негізінде халыққа қауіпсіздікке төнген тікелей қатер туралы күні бұрын хабар беруді және құлақтандыруды қамтамасыз етеді;

      9-5) орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, эвакуациялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады;

      9-6) азаматтық қорғау органдарын аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға жан-жақты дайындауды жүзеге асырады және олардың ұдайы әзірлікте болуын қамтамасыз етеді;

      9-7) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қатынас жолдарын техникалық бүркемелеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;

      9-8) әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамыту мен ілгерілетуге бағытталған іс-шараларға қатысады;

      9-9) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесімен тікелей өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      9-10) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      9-11) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

      9-12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның бірінші басшысының актісі негізінде мемлекеттік орган шегінде әскери мүлікті береді;

      9-13) жедел басқарудағы қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына бақылауды жүзеге асырады;

      9-14) мүлікті пайдаланылмайтын мүлік деп тану туралы шешім қабылдайды;

      9-15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қажет болған кезде пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға береді;

      9-16) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері және сатып алуға ұсынылатындары үшін тактикалық-техникалық сипаттамаларды айқындайды;

      9-17) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асырады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын оларға жеткізеді;

      9-18) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;

      9-19) қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдап алуды жүзеге асырады;

      9-20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери ұлттық стандарттарды әзірлейді, келіседі, әзірлеуге, өзгертуге және олардың күшін жоюға қатысады;

      9-21) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      9-22) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекітеді;

      9-23) қызметтік тұрғынжайларды ұстау және орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      9-24) далалық төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

      175-23) азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 "Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2025 года № 720

      Вводится в действие с 31 августа 2025 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 "Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан" следующие дополнения:

      в Положении о Министерстве по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 16:

      дополнить подпунктами 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5), 9-6), 9-7), 9-8), 9-9), 9-10), 9-11), 9-12), 9-13), 9-14), 9-15), 9-16), 9-17), 9-18), 9-19), 9-20), 9-21), 9-22), 9-23) и 9-24) следующего содержания:

      "9-1) участвует в планировании территориальной обороны;

      9-2) создает специальные формирования и обеспечивает их материально-техническими средствами на основании мобилизационного задания;

      9-3) осуществляет охрану и оборону подведомственных объектов в соответствии с планами территориальной обороны;

      9-4) обеспечивает заблаговременное информирование и оповещение населения о непосредственной угрозе безопасности на основании информации, полученной от органов военного управления;

      9-5) организует проведение эвакуационных мероприятий во взаимодействии с центральными и местными исполнительными органами;

      9-6) осуществляет всестороннюю подготовку и обеспечивает постоянную готовность органов гражданской защиты к выполнению задач территориальной обороны;

      9-7) в целях устранения ситуаций, угрожающих национальной безопасности Республики Казахстан, в пределах компетенции, установленной законодательством Республики Казахстан, принимает нормативные правовые акты по вопросам технического прикрытия путей сообщения;

      9-8) участвует в мероприятиях, направленных на развитие и продвижение системы военно-патриотического воспитания;

      9-9) осуществляет непосредственное взаимодействие с координационным советом по военно-патриотическому воспитанию при Министерстве обороны Республики Казахстан;

      9-10) участвует в формировании и реализации государственной политики в области оборонной промышленности и государственного оборонного заказа;

      9-11) участвует в осуществлении военно-технического сотрудничества;

      9-12) передает военное имущество в пределах государственного органа на основании акта первого руководителя государственного органа в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      9-13) осуществляет контроль за оборотом вооружения и военной техники, находящихся в оперативном управлении;

      9-14) принимает решения о признании имущества неиспользуемым;

      9-15) при необходимости передает неиспользуемые оборонные объекты в уполномоченный орган по управлению государственным имуществом, за исключением случаев, предусмотренных законодательством Республики Казахстан;

      9-16) определяет тактико-технические характеристики для новых образцов и предлагаемых к закупу вооружения и военной техники;

      9-17) осуществляет выбор исполнителей государственного оборонного заказа и доводит до них задания утвержденного государственного оборонного заказа в случаях, когда бюджетные средства в рамках государственного оборонного заказа предусмотрены в бюджете получателя государственного оборонного заказа;

      9-18) обеспечивает выполнение заданий государственного оборонного заказа в пределах своей компетенции;

      9-19) осуществляет приемку опытных образцов вооружения, военной и специальной техники, технических и специальных средств на вооружение, оснащение, снабжение и эксплуатацию;

      9-20) разрабатывает, согласовывает, принимает участие в разработке, изменении и отмене военных национальных стандартов в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      9-21) обеспечивает соответствие товаров (продукции) военного назначения, товаров (продукции) двойного назначения (применения), работ военного назначения и услуг военного назначения, приобретаемых в рамках государственного оборонного заказа, тактико-техническому заданию (технической спецификации, тактико-технической характеристике) в случае, когда бюджетные средства в рамках государственного оборонного заказа предусмотрены в бюджете получателя государственного оборонного заказа, в соответствии с правилами формирования, размещения и выполнения государственного оборонного заказа;

      9-22) утверждает отчеты по выполненным научным исследованиям в случае, когда бюджетные средства в рамках государственного оборонного заказа предусмотрены в бюджете получателя государственного оборонного заказа;

      9-23) разрабатывает и утверждает перечень закрытых и обособленных военных городков, иных закрытых объектов, содержание служебных жилищ и централизованное отопление в которых обеспечиваются за счет бюджетных средств, а также в которых служебное жилище не подлежит приватизации;

      9-24) утверждает правила осуществления полевых выплат;";

      дополнить подпунктом 175-23) следующего содержания:

      "175-23) разрабатывает и утверждает правила деятельности жилищных комиссий органов гражданской защиты;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 31 августа 2025 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов