Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, оның құрамында" деген бөлім:
мына:
"
12) | "Ақтау теңіз солтүстік терминалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
13) | "Dosjan Temir Joly" акционерлік қоғамы |
";
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы деген бөлімде реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |