ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 64-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 қаулысы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 460 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 64-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) дауыс беру бюллетені – дауыс беруге қойылған мәселелер бойынша конкурстық комиссияның сырттай отырысында дауыс беруге арналған бюллетень;
2) жұмыс органы (конкурсты ұйымдастырушы) – Ұлттық қордың жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі конкурсты (бұдан әрi – конкурс) ұйымдастыру және өткізу бойынша барлық іс-шараларды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған шартқа қол қоюға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган;
3) конкурстық комиссия – конкурс өткізу және жеңімпазды айқындау мақсатында құрылатын алқалы орган;
4) конкурсқа қатысушы – конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға;
5) конкурстық құжаттама – конкурстық өтінімді дайындау үшін конкурсқа қатысушыға берілетін, осы Қағидалардың көшірмесінен және конкурс өткізу туралы хабарландырудан тұратын құжаттама;
6) конкурстық өтінім – осы Қағидаларда көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысу үшін беретін құжаттар тізбесі.
3. Аудиторлық ұйымды таңдау Ұлттық қордың сыртқы аудитін жүргізудің оңтайлы шарттарын анықтауға бағытталған конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
4. Аудиторлық ұйымды айқындау үшiн конкурс әр екi жыл сайын өткiзiледi, Ұлттық қордың жыл сайынғы аудитінің нәтижелерi қаржылық есептілік пен талдамалық есепке аудиторлық есеп түрінде беріледі.
2-тарау. Конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру тәртібі
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес (бұдан әрi – Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес) мүшелерінің ұсынуы бойынша конкурс өткізу үшін саны 9 (тоғыз) адамнан тұратын конкурстық комиссия құрылады, оның құрамына Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің мүшелері не олардың өкілдері кіреді.
Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін конкурстық комиссияның төрағасы, төраға орынбасары, мүшелері кіреді, сондай-ақ жұмыс органының жұмыскері болып табылатын конкурстық комиссияның хатшысы сайланады.
Конкурстық комиссияның хатшысы жұмыс органының бірінші басшысының бұйрығына сәйкес конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты жұмыс органының құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдары қатарынан айқындалады.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысында:
1) конкурстық комиссияның құрамы;
2) конкурс өткiзу және оның нәтижелерi бойынша конкурстың жеңiмпазын айқындау туралы тапсырма;
3) конкурс өткiзу мерзiмдерi көрсетiледі.
6. Конкурстық комиссияның отырыстары бетпе-бет немесе сырттай нысандарда өткізіледі.
Конкурстық комиссия отырыстарының бетпе-бет нысаны:
1) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу;
2) конкурсқа қатысушылардың техникалық және қаржылық ұсыныстарын бағалау;
3) конкурс қорытындысын шығару кезінде өткізіледі.
Конкурстық комиссия отырыстарының сырттай нысаны:
1) конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ қайталама конкурс өткізуге хабарландыру мәтінін конкурстық комиссия мүшелерінің бекітуі;
2) конкурсты өткізілмеді деп тану;
3) егер конкурстың жеңімпазы болып танылған конкурсқа қатысушы белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаса, конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушымен немесе конкурсқа басқа қатысушымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған шарттың (бұдан әрі – шарт) үлгілік нысанына қол қою туралы шешім қабылдауы кезінде өткізіледі.
7. Конкурс өткiзу жөнiндегi барлық ұйымдастыру iс-шаралары жұмыс органына жүктеледі.
Жұмыс органы осы Қағидалардың 5-тармағының шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің конкурстық комиссия құру туралы қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi жылдың 1 маусымына дейiнгi мерзiмде енгiзедi.
Жұмыс органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің конкурстық комиссия құру туралы қаулысы қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 14-тармағының талаптарын ескере отырып, конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін конкурстық комиссияның мүшелерімен келіседі.
8. Конкурстық комиссияның төрағасы (бұдан әрі – төраға) немесе ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасары (бұдан әрі – төрағаның орынбасары):
1) комиссия қызметін басқарады;
2) комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
3) комиссияның жұмысын жоспарлайды.
Конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық комиссияның отырыстарын өткізеді, конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін немесе қайталама конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін бекітеді.
Осы Қағидалардың 77-тармағына сәйкес конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары кезекті отырыс өткізеді, онда қайталама конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін бекіту туралы мәселе қаралады.
Конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін немесе қайталама конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін бекіту туралы конкурстық комиссияның отырысын өткізу жөнінде шешім қабылдағаннан кейін жұмыс органы конкурстық комиссияның мүшелеріне конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтінінің жобасымен немесе қайталама конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтінінің жобасымен қоса жазбаша нысанда хабарламалар жібереді.
Конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін немесе қайталама конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін бекіту туралы конкурстық комиссияның сырттай отырысы өткізілген жағдайда конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтінінің жобасы немесе қайталама конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтінінің жобасы қоса берілген жазбаша нысандағы хабарламаға жұмыс органы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру бюллетенін (бұдан әрі – бюллетень) қоса береді.
Конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтіні немесе қайталама конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтіні келісілгеннен кейін жұмыс органы оның республикалық мерзімді баспа басылымдарында жариялануын және жұмыс органының веб-сайтында орналастырылуын қамтамасыз етеді.
9. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді, ол:
1) осы Қағидалардың 14-тармағының талаптарына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін қалыптастырады;
2) конкурсқа қатысушыларға конкурстық құжаттаманы ұсынады;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін конкурсқа қатысушыларды, конкурстық құжаттаманы және конкурстық өтінімдерді тіркеу журналын (бұдан әрі – тіркеу журналы) жүргізеді;
4) конкурсқа қатысушылардан конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi қабылдайды;
5) конкурстық комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажеттi құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады;
6) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес конкурстық комиссия отырыстарының хаттамаларын (бұдан әрі – хаттама) ресімдейді және оларға қол қояды;
7) конкурстық өтiнiмдер ашылған кезден бастап конкурс құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
10. Бетпе-бет отырыстың хаттамасында конкурстық комиссия мүшелерiнiң ескертулерiн, ұсыныстарын және пiкiрлерiн қоса алғанда, өткiзiлген отырыс жөнiндегi барлық мәлiметтер тiркеледi. Хаттамаға төраға, төраға орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерi және конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
11. Егер дауыс беруге конкурстық комиссия құрамынан конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде үштен екiсi қатысқан болса, конкурстық комиссияның бетпе-бет немесе сырттай нысандағы отырыстары заңды болып саналады. Дауыс беру кезiнде дауыстардың саны тең бөлінген жағдайда конкурстық комиссия төрағасының немесе ол болмаған жағдайда төраға орынбасарының даусы шешушi болып саналады.
Конкурстық комиссияның сырттай отырысын өткізген кезде жұмыс органы конкурстық комиссияның мүшелеріне конкурстық комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары қол қойған жазбаша нысандағы хабарламаны қарау үшін сауалнама жолымен айқындалған мәселелер бойынша материалдарды және әрбір мәселе бойынша бюллетеньді жібереді.
Сырттай отырыстың хаттамасында конкурстық комиссия мүшелерінің ерекше пікірлерімен ("қарсы", "қалыс қалған" деп дауыс берген жағдайда) қоса өткізілген отырыс бойынша барлық мәліметтер тіркеледі, дауыс беру бюллетені қоса беріледі, кейін оған конкурстық комиссияның төрағасы, төраға орынбасары және хатшысы қол қояды.
Бюллетеньде мынадай мәліметтер қамтылады:
1) бюллетень нөмірі;
2) толтырылып қол қойылған бюллетень ұсынылатын мекенжай;
3) толтырылып қол қойылған бюллетеньді ұсынудың шекті күні;
4) конкурстық комиссияның отырысын өткізудің бастамашысы;
5) отырыстың күн тәртібінің дауыс беруге қойылған мәселесінің атауы;
6) дауыс беруге қойылған мәселе бойынша жауаптардың нұсқалары ("жақтады", "қарсы", "қалыс қалды") ерекше пікірді көрсету, ("қарсы", "қалыс қалды" деп дауыс берген жағдайда);
7) конкурстық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қол қоюға арналған орын;
8) қол қойылған күні.
Толтырылған бюллетеньді конкурстық комиссияның мүшесі жұмыс органына қағаз жеткізгіште 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Бюллетеньді факсимильді немесе электрондық (сканерленген) нысанда 2 (екі) жұмыс күні ішінде беріп, кейіннен материалдар қарауға түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасын ұсынуға рұқсат етіледі.
Жұмыс органына белгіленген мерзімде түскен бюллетеньдер дауыс беру қорытындыларын шығарған кезде ескеріледі және конкурстық комиссияның сырттай отырысының хаттамасына қоса беріледі.
Егер конкурстық комиссияның мүшесі бюллетеньді көрсетілген мерзімде жұмыс органына ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссияның мүшесі конкурстық комиссияның сырттай отырысын өткізу кезінде оң дауыс берді деп есептеледі.
12. Дәлелді себебі болып, осы фактіні растайтын құжаттар жұмыс органына ұсынылғанда ғана конкурстық комиссияның отырысына конкурстық комиссия мүшесінің қатыспауына болады.
Конкурстық комиссияның мүшелерінің бірі болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіліп, осы фактіні растайтын құжат қоса беріледі.
13. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
3-тарау. Конкурстық құжаттаманың тәртібі мен мазмұны
14. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi қамтиды:
1) жұмыс органының атауы мен орналасқан жерi;
2) Ұлттық қордың сыртқы аудитiн өткiзудiң талап етiлетiн мерзiмдерi;
3) конкурстық құжаттаманы алатын жер мен тәсiлдер;
4) конкурс өткiзілетін жер мен уақыты, сондай-ақ конкурстық өтiнiмдердi беретін жер мен мерзiмi;
5) конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
6) орындауға жататын кез келген iлеспе көрсетілетін қызметтер;
7) кепiлдi жарнаның негiзгi шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ осындай кепiлдi жарнаның әрекет ету мерзiмiн;
8) конкурстық өтiнiмдер күшiнде болатын мерзiм;
9) конкурстық өтiнiмдердiң конверттерін ашатын жердің, күнiнің және уақытының дәл көрсетілуі;
10) конкурстық өтінімдерді қабылдауға, сондай-ақ конкурс өткiзу және оған байланысты құжаттар мен материалдарды ресiмдеу жөнiнде түсiндiрме беруге уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғалардың байланыс деректері (тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс органының мекенжайы, телефоны мен кабинетінің нөмірі);
11) конкурсқа қатысушының өкілінде конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу жөніндегі өкілеттіктің болу шарты.
15. Конкурстық құжаттама конкурсқа қатысушыларға немесе олардың уәкілетті өкілдеріне не сенім білдірілген тұлғаларға қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
4-тарау. Конкурстық комиссияның өкiлеттiктерi
16. Конкурстық комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
17. Конкурстық комиссия:
1) конкурстық өтiнiмдердi қабылдау және конкурс өткiзу мерзiмiн (уақытын) айқындайды;
2) осы Қағидалардың 14-тармағының талаптарына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін бекітеді;
3) конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды жан-жақты және объективтi қарайды;
4) конкурс өткiзеді;
5) өзiнiң қызметiнде құпиялылықты сақтайды және Ұлттық қордың жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалатын қаражатты барынша үнемдеудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мүдделерiн басшылыққа алады;
6) қажет болған кезде конкурсқа қатысушылардан түскен конкурстық өтінімдердегі мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды нақтылайды;
7) қажет болған кезде конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдер беру мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 3 (үш) күн қалғанда конкурс өткізу шарттарын өзгертеді, ол туралы конкурсқа қатысушылардың барлығына дереу хабарланатын болады. Бұл ретте құжаттарды конкурстық комиссияға ұсыну және конкурс өткізу мерзімдері күнтізбелік 10 (он) күнге ұзартылады.
18. Жұмыс органы конкурстық комиссияның атынан конкурсқа қатысушының конкурстық өтiнiмін нақтылау мақсатында конкурсқа қатысушыға сұрау салуларға жауаптар ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, оларды жазбаша нысанда жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысушы конкурстық комиссияның сұратуына жауапты сұратуда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей жазбаша нысанда жібереді.
19. Конкурстық комиссия конкурстың өткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
5-тарау. Конкурсқа қатысушылар
20. Конкурсқа қатысуға аудит жүргiзуге лицензиясы және қаржы институттарына аудиторлық қызметтер көрсету саласында кемiнде 5 (бес) жыл жұмыс тәжiрибесi бар тұлғалар жiберiледi.
21. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу конкурстық өтінім берген конкурсқа қатысушының қатысуымен (қатысуынсыз) немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен (қатысуынсыз) жүргізіледі.
22. Осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген шарттарда конкурсқа қатысушы кепiлдi жарнаны енгiзеді.
23. Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы:
1) осы Қағидаларда, өзге де нормативтiк құқықтық актілерде белгiленген талаптарға қатысты түсiндiрме алу үшiн, бiрақ конкурстық комиссияның қарауына конкурстық өтiнiм беру мерзiмi аяқталғанға дейiн кемінде күнтізбелік 10 (он) күн қалғанда жұмыс органына жазбаша нысанда жүгінеді. Бұл ретте қосымша ақпарат алуға жұмсалған уақыт конкурсқа қатысу үшiн құжат ұсыну үшін белгiленген жалпы мерзiмдi өзгертпейдi.
Жұмыс органы конкурсқа қатысушының сұратуына жауапты сұрату алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібередi;
2) конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн конкурстық өтінімді кері қайтарып алады немесе өзгертеді.
6-тарау. Конкурстық өтiнiмдердiң мазмұны мен оларды беру тәртiбi
24. Конкурстық өтiнiм конкурсқа қатысушының аудит жүргізу жөніндегі қызметтерді осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес көрсетуге келісім білдіру нысаны болып табылады.
25. Конкурсқа қатысушылар дайындаған және ұсынатын конкурстық өтiнiм құжаттардың мынадай тiзбесiн қамтиды:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім;
2) техникалық ұсыныс;
3) қаржылық ұсыныс;
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған конкурсқа қатысушының аудиторлық қызметпен айналысуға құқығын растайтын лицензияның көшiрмесi;
5) конкурсқа қатысушының конкурс туралы хабарланған күннің алдындағы соңғы ай үшін берілген міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
6) конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің (кепiлдi жарнаның) енгізілгенін растайтын құжаттар.
26. Конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн болып белгіленген. Көрсетілген мерзімнен кейін берілген конкурстық өтiнiмдер жарамсыз деп саналады, конкурстық комиссия оларды қарауға қабылдамайды әрі олар конкурсқа қатысушыға ашылмай қайтарылады.
27. Конкурсқа қатысушы конкурстық құжаттамаға сәйкес дайындалған конкурстық өтiнiмдi желімделген конвертте конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмiне дейін ұсынады.
28. Конкурстық өтiнiмдері бар конверттер жұмыс органына конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейін қолма-қол ұсынылады.
29. Жұмыс органы:
1) конкурсқа қатысушының атынан конкурстық өтiнiмі бар конвертті ұсынған уәкілетті өкіл өкілеттіктерін құжаттамалық растаудың бар-жоғын тексереді;
2) конкурстық өтiнiмі бар конверттерде осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген мәліметтердің бар-жоғын тексереді. Осы Қағидалардың 34-тармағының талаптарын бұза отырып ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттер тіркелмейді және:
конкурстық өтiнiмдері бар конверттер алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыға;
конкурстық өтiнiмі бар конвертті ұсынған конкурсқа қатысушының уәкілетті өкіліне дереу қайтарылады;
3) тиісінше ресімделген конкурстық өтiнiмдері бар конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді тіркеу журналына енгізеді;
4) енгізіліп қойған конкурстық өтінімге өзгерістер мен толықтыруларды конкурстық өтiнiм берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін қабылдайды;
5) конкурстық өтiнiм берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін конкурстық өтінім кері қайтарып алынған жағдайда оның қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейін жұмыс органына ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт тіркелмейді, ашылмайды және осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.
Конкурсқа қатысушының толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт тіркелмейді және ашылмайды, бірақ күнтізбелік бір жыл бойы сақталады.
30. Тiркеу журналына конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және жұмыс органының мөрімен бекітіледі.
31. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылған немесе өшпейтін сиямен жазылған және конкурсқа қатысушының қолы қойылып, мөрмен (бар болса) бекітілген күйде қабылданады.
32. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінім қазақ және орыс тiлдерінде жасалады және ұсынылады. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімді басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оған дәлме-дәл аудармасы (нотариат растаған) қоса беріледі.
33. Егер конкурсқа қатысуға арналған өтінімде грамматикалық немесе арифметикалық қателер болып, оларды конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болса, ол конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп танылады.
34. Конкурсқа қатысушы техникалық ұсыныс пен қаржылық ұсынысты әртүрлі конверттерге салып желiмдейдi, олардың беткі жағына тиісінше "Техникалық ұсыныс" және "Қаржылық ұсыныс" деп белгі жасалып, конкурсқа қатысушының толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетіледі.
Содан кейін техникалық ұсыныс пен қаржылық ұсынысы бар конверттер сыртқы конвертке салып желімделеді, оның беткі жағына конкурсқа қатысушының толық атауы мен пошталық мекенжайы және конверттiң ішіндегісі, жұмыс органының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурстың атауы, сондай-ақ мынадай: "(конкурстық өтінім ашылатын күн мен уақытты көрсетіп) дейін ашылмасын" деген мазмұндағы мәтін көрсетiледі.
35. Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) Қазақстан Республикасындағы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi, басқа мемлекеттердегi банктерге және өзге де қаржы ұйымдарына бәсекелестік-шектеулер тұрғысынан аудиторлық қызметтер көрсетудегi жұмыс тәжiрибесi;
2) Ұлттық қордың сыртқы аудитiн (бұдан әрi – аудит) жүргiзу процесi бойынша қысқаша түйiндеме мен жұмыс жоспары;
3) аудит жүргiзу бойыншы ұсынылып отырған қызметтердiң тiзбесi;
4) маманның бiлiктiлiгiн құжаттамалық растау;
5) құпиялылықты сақтау мiндеттемесi.
36. Конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысы аудит жүргiзу жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң әрбiр жылға арналған, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетiлген жалпы құнын, оның iшiнде кәсiби қызметтердi көрсеткенi үшiн сыйақы мөлшерiн, үстеме шығыстардың болжамды сомасы мен салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын қамтиды.
37. Конкурсқа қатысушы өзiнiң конкурстық өтiнiмiн дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды көтередi. Конкурс өткiзудiң сипатына немесе нәтижелерiне қарамастан, жұмыс органы осы шығыстар бойынша мiндеттеме көтермейді.
7-тарау. Конкурстық өтiнiмдердi қамтамасыз ету
38. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтiнiмді қамтамасыз етуді конкурстық комиссия белгілеген мөлшердегі кепiлдi ақшалай жарна түрінде енгізеді.
39. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтiнiмді қамтамасыз етуді өзінің:
1) конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейін өзінің конкурстық өтiнiмiн кері қайтарып алмайтынының не өзгертпейтінінің және (немесе) толықтырмайтынының;
2) өзі конкурс жеңiмпазы деп айқындаған жағдайда шарт жасасатын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізетінінің кепілі ретінде енгізеді.
40. Кепiлдi жарна жұмыс органының конкурстық құжаттамада көрсетiлген банктік шотына аударылады.
41. Конкурстық өтiнiмді қамтамасыз етуі жоқ конкурстық өтiнiмдердің барлығын конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін ретінде кері қайтарады.
42. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілген болса, оны жұмыс органы конкурсқа қатысушыға мына жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады:
1) конкурсқа қатысушының конкурстық өтiнiмінiң жарамдылық мерзiмiнің өтуі;
2) шарттың күшiне енуі және конкурс жеңімпазының конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі;
3) осы Қағидаларға 6-қосымшамен бекітілген, осы Қағидалардың 66-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы (көрсетілген жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды);
4) конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн конкурстық өтiнiмнің кері қайтарып алынуы;
5) конкурстың осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша өткізілмеді деп танылуы.
43. Егер конкурсқа қатысушы:
1) конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурстық өтiнiмдi кері қайтарып алса, өзгертсе немесе толықтырса;
2) конкурс жеңiмпазы ретiнде айқындалғанымен, белгiленген мерзiмдерде Ұлттық қордың аудитiн жүргiзу туралы шартқа қол қоймаса;
3) егер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда осындай қамтамасыз етудi енгiзу талап етiлсе, оған қол қойылғаннан кейiн аудит жүргiзу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе, жұмыс органы конкурсқа қатысушы енгiзген кепiлдi жарнаны оған қайтармайды.
44. Осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы Ұлттық қор кірісінің есебіне жатқызылады.
8-тарау. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi
45. Жұмыс органы конкурстық комиссияға жүгінген конкурсқа қатысушыларға осы Қағидалардың 23-тармағының 1) тармақшасына сәйкес талаптарға қатысты түсіндірме береді.
46. Жұмыс органы Қазақстан Республикасының Yкiметi конкурс өткiзу туралы шешiм қабылдаған күнінен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен кешiктiрмей осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес республикалық мерзiмдi баспа басылымында хабарландыру жариялайды, сондай-ақ оны жұмыс органының веб-сайтына орналастырады.
47. Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашуды конкурстық комиссия конкурстық құжаттамада көрсетiлген күні, уақытта, жерде, конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен конкурсқа қатысушылардың немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнің қатысуымен жүргізеді.
Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде берілген конкурстық өтiнiмдерi бар конверттер ашылады.
Конкурстық өтiнiм осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.
Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу кезiнде конкурстық комиссия қатысып отырған тұлғаларға:
1) конкурстық комиссияның құрамын;
2) белгіленген мерзімде конкурстық өтiнiм берген конкурсқа қатысушыларды;
3) конкурстық өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейін конкурстық өтiнiм берген, өтінімдері ашылмай қайтарылатын конкурсқа қатысушыларды;
4) конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін;
5) конкурстық өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын;
6) конкурстық өтiнiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар не жоқ екенін, сондай-ақ оның себептерін жария етеді.
Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашқаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау конкурсына қатысуға конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасын (бұдан әрі – конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасы) жасайды, оған конкурстық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, қатысып отырған барлық мүшелері және конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
Конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасының көшiрмесi конкурстық комиссияның конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашу жөніндегі отырысында болмаған конкурсқа қатысушыларға немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiне олардың жазбаша сұратуы бойынша сұрату алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жiберiледi.
48. Конкурстық өтiнiмдердi қарау рәсiмi осы Қағидалардың талаптарында көзделген конкурстық өтінімнің құжаттары мен материалдарының толық болуы және тиісінше ресімделуі тұрғысынан оларды алдын ала зерделеудi және тексерудi қамтиды.
Толық емес және (немесе) анық емес ақпарат беру немесе осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтiн конкурстық өтiнiм беру конкурстық комиссияның осы конкурстық өтiнiмдi кері қайтарып жіберуіне негiз болады.
Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілген болса, оны конкурстық комиссия мына жағдайларда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:
1) конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің жарамдылық мерзімінің жеткіліксіз болуы;
2) конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің тиісінше ресімделмей:
конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
қатысу үшін конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізіліп отырған конкурстың атауын;
конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің жарамдылық мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
пайдасына кепілді жарна енгізілетін тұлғаны конкурстық комиссияның анықтауына мүмкіндік беретін мәліметтер болмауы көрініс табатын тиісінше ресімделмеуі;
3) кепілді жарнаның конкурстық құжаттамада белгіленгеннен кем мөлшерде енгізілуі.
49. Конкурс конкурстық өтiнiм берудің соңғы мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өткізіледі.
Бұл ретте конкурстық комиссия алдымен конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын, одан кейін қаржылық ұсыныстарын қарайды.
Конкурс аяқталысымен конкурстық комиссия конкурс жеңімпазын айқындайды.
50. Техникалық ұсыныстары бар конверттер ашылғаннан кейiн әрбiр конкурстық өтiнiм бойынша мынадай ақпарат жарияланады және хаттама жасалады:
1) конкурсқа қатысушы;
2) конкурстық өтiнiмнiң толықтылығы және оның осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкестiгi.
51. Қаржылық ұсыныстары бар конверттердi ашқаннан кейiн конкурстық комиссия оларға тiркеу нөмiрiн берудi (тiркелген күнiн көрсетіп) жүзеге асырады, қаржылық ұсыныс берген конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарын хронологиялық тіркелу тәртібімен жария етеді.
52. Конверттердi ашқаннан кейiн конкурстық комиссия техникалық және қаржылық ұсыныстары бар ашылған конверттерді конкурстық комиссияның хатшысына береді.
53. Конверттердi ашу нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасында конкурстық өтiнiм берген барлық конкурсқа қатысушылардың тiзбесi тiркеледi және конкурстық комиссияның конкурстық өтiнiмдердi қабылдау немесе қайтарып жіберу шешiмi туралы тиiстi жазбалар жүргiзiліп, қабылдау немесе қайтарып жіберу себептерi көрсетіледі.
54. Осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурс аяқталғаннан кейін конкурстық өтiнiмдер конкурсқа қатысушыларға қайтарылмайды және шартқа қол қойылғаннан кейін жұмыс органының хатымен Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңеске сақтауға беріледі.
55. Жұмыс органы күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде конкурсқа қатысушыларды және Қазақстан Республикасының Үкіметін конкурс өткізудің қорытындылары бойынша оның нәтижелері туралы ресми түрде хабардар етеді.
9-тарау. Конкурс өткізілді деп танылған кезде конкурс жеңiмпазын айқындау тәртiбi
56. Конкурс жеңiмпазын айқындау үшiн конкурстық комиссия техникалық ұсыныстың сапасы мен қаржылық ұсыныс құнының арақатынасын айқындайтын коэффициенттердi, сондай-ақ Ұлттық қордың аудитiн жүргiзу бойынша қызметтер көрсетудің ең төмен құнын белгiлейдi. Көрсетiлген коэффициенттердiң сомасы бiрге тең.
57. Техникалық ұсыныстың сапасын және қаржылық ұсыныстың құнын айқындайтын коэффициенттер техникалық ұсыныстың сапасына басымдық беріліп белгiленедi.
58. Техникалық және қаржылық ұсыныстары ең жоғары қорытынды балмен бағаланатын конкурсқа қатысушы конкурс жеңiмпазы болып саналады.
59. Конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасындағы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi мен басқа мемлекеттердегi банктерге және басқа қаржы институттарына аудиторлық қызметтер көрсету жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн;
аудит жүргiзу процесi жөнiндегi қысқаша түйiндеменi;
Ұлттық қордың бухгалтерлiк есебін алдағы талдау (бухгалтерлiк есептiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестiгiн бағалаумен қоса), Ұлттық қордың iшкi бақылау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн талдау (Ұлттық қор тәуекелдерiн талдаумен қоса), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жұмыскерлерiне ақпараттық аудит бойынша қызметтер көрсету және Ұлттық қор мәселелері жөнінде консультациялық қызметтер көрсету туралы аудиторлық қорытындыны ұсыну мерзiмi көрсетілген егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын қамтитын техникалық сапа;
2) мыналарды: арнайы бiлiмiн, аудит саласындағы жұмыс тәжiрибесiн, басқа мемлекеттердiң ұқсас қорларының аудитiн жүргiзудегi практикалық тәжiрибесiн қамтитын маманның бiлiктiлiгi және оның практикалық тәжiрибесi.
60. Конкурстық комиссияның мүшелерi конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысын белгiленген өлшемшарттар бойынша бағалауды (бұдан әрі – техникалық ұсынысты бағалау) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес, әрбiр өлшемшарт бойынша 1-ден (бір) бастап 100-ге дейiнгi балл шәкілі бойынша жүргізеді.
Техникалық ұсыныстарды қарағаннан және бағалағаннан кейiн конкурстық комиссияның әрбір мүшесi осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын бағалау формулярын толтырады.
61. Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысының орташа балы конкурстық комиссияның барлық мүшелерi қойған бағаның орташа арифметикалық мәнi ретiнде айқындалады және 2 (екi) өлшемшарт бойынша (техникалық сапа және мамандардың бiлiктiлiгi, олардың практикалық тәжiрибесi) балдардың жалпы санын бiлдiреді.
62. Техникалық ұсыныстың қорытынды балы осы Қағидаларға 10-қосымшада көрсетілген конкурсқа қатысушының ұсынысының қорытынды балын есептеу тәртібіне сәйкес техникалық ұсыныстың орташа балының 2 (екi) өлшемшарт бойынша ең жоғары 200 (екі жүз) балға арақатынасымен айқындалады.
63. Конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысын бағалау конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарын салыстыру әдісімен айқындалады және олардың арасындағы жеңімпаз аудит жүргiзу бойынша көрсетілетін қызметтердің ең төмен құнын тексеру негізінде айқындалады.
64. Техникалық ұсыныс бойынша конкурсқа қатысушылардың бiрнешеуi жинаған балл саны тең болған, сондай-ақ қонкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарының құны тең болған кезде конкурстық комиссияның шешімімен аудит бойынша көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесі неғұрлым көп конкурсқа қатысушы жеңiмпаз деп танылады.
65. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсынысын бағалау және қаржылық ұсыныстарын салыстыру жөніндегі отырысының нәтижелерi бойынша:
1) төраға немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары отырыс өткізілген күні:
конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға өткізілген конкурстың нәтижелерін жария етеді және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды;
конкурсқа қатысушыларды не олардың уәкілетті өкілдерін конкурстың қорытындылары туралы хаттамадан үзінді көшірме берілетін күні, уақыты және жері туралы хабардар етеді;
2) конкурстық комиссияның хатшысы:
конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсынысын бағалау және қаржылық ұсыныстарын салыстыру жөніндегі отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстың қорытындылары туралы хаттама жасайды және оған отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің барлығының, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының қол қоюын және әрбір парағын дәйектеуін қамтамасыз етеді;
өзі туралы мәліметтер конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген, конкурстық өтінім ұсынған конкурсқа қатысушының кез келгенінің талап етуі бойынша жазбаша сұрату алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға өтеусіз негізде хаттамадан үзінді көшірмені жібереді.
66. Конкурс қорытындылары туралы хаттамада мынадай ақпарат қамтылады:
1) конкурстың қысқаша сипаты;
2) конкурс жеңiмпазы туралы деректер, ол конкурс жеңiмпазы болып танылған шарттар;
3) өздерiнiң конкурстық өтiнiмдерiн берген басқа конкурсқа қатысушылардың бiлiктiлiгi туралы ақпарат;
4) басқа қатысушылардың конкурстық өтiнiмдерiнiң бағасы және қысқаша мазмұны;
5) конкурстық өтiнiмдердi бағалау және салыстыру өлшемшарттарының қысқаша мазмұны;
6) егер конкурс нәтижесінде конкурс жеңiмпазы айқындалмаса, тиiстi себептердi көрсету;
7) конкурстық өтiнiмдерді қайтарып жіберу себептерін көрсету;
8) конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы сұратулардың, оларға жауаптардың жинақталған мазмұны, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулардың, егер мұндайлар орын алған болса, жинақталған мазмұны.
67. Комиссия конкурс жеңiмпазының айқындалғаны туралы шешiм қабылдағаннан кейiн конкурс өткiзiлген болып саналады, ол туралы тиiстi хаттама жасалады.
Конкурс жеңiмпазы тиiстi жылдың 1 (бiрiншi) қазанына дейiн айқындалады.
68. Конкурстық комиссияның шешiмi қабылданған күнінен бастап күнтiзбелiк 10 (он) күннен кешiктiрілмей конкурсқа қатысушыларға ауызша жеткiзiледi.
69. Жұмыс органы конкурстық комиссияның шешімімен конкурс жеңімпазы айқындалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазына 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарау және келісу үшін шарт жобасын жібереді.
Аудиторлық ұйымның шарт жобасын келісуі аудиторлық ұйымның шартқа қол қоюға келісетіні туралы еркін нысандағы жазбаша хабарлама түрінде жүзеге асырылады.
Жұмыс органы шарт жобасын келісу туралы хатты алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазымен қазақ және орыс тілдеріндегі шартқа қол қояды.
70. Егер конкурс жеңiмпазы болып танылған конкурсқа қатысушы белгiленген мерзiмде шартқа қол қоймаса, конкурстық комиссия басқа конкурсқа қатысушымен шартқа қол қою туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте шартқа қол қоймаған конкурс жеңiмпазы енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз ету осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес Ұлттық қор кірісінің есебіне жатқызылады.
Бұл жағдайда конкурстық комиссия конкурстық өтінімі (техникалық ұсыныс пен қаржылық ұсыныс құнының қорытынды балы бойынша) бұған дейін конкурс жеңiмпазы деп жарияланған қатысушыдан кейінгі орында тұрған конкурсқа қатысушыны конкурс жеңімпазы деп жариялайды, бұл ретте конкурстық комиссия аталған қатысушыға оның конкурстық өтінімі (техникалық ұсыныс пен қаржылық ұсыныс құнының қорытынды балы бойынша) бұған дейін конкурс жеңімпазы деп жарияланған қатысушыдан кейінгі орында тұруы себебінен оны конкурс жеңімпазы деп жариялағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.
71. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 70-тармағында көрсетілген себептер бойынша конкурс жеңімпазы деп жариялаған конкурсқа қатысушы өзінің конкурстық өтінімі жеңді деп танылғаны туралы жұмыс органының не конкурстық комиссияның жазбаша хабарламасын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органын не конкурстық комиссияны шартқа қол қоюға келісетіні туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді.
Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 70-тармағында көрсетілген себептер бойынша конкурс жеңімпазы деп жарияланған конкурсқа қатысушы шартқа қол қоюға келіскен жағдайда конкурсқа қатысушы осы Қағидалардың 7-бөліміне сәйкес конкурстық өтінімді кепілді қамтамасыз етудi енгізеді.
Бұл ретте, егер конкурстық комиссия осы Қағидалардың 70-тармағында көрсетілген себептер бойынша конкурс жеңімпазы деп жариялаған конкурсқа қатысушы шартқа қол қоюға келісіп, конкурстық өтінімді кепілді қамтамасыз етудi енгізсе, ал кейін шартқа қол қоюдан бас тартса, осы тармаққа сәйкес енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз ету осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес Ұлттық қор кірісінің есебіне жатқызылады.
Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 70-тармағында көрсетілген себептер бойынша конкурс жеңімпазы деп жариялаған конкурсқа қатысушы шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда конкурстық комиссия жаңа конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
72. Егер конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушының шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуі көзделсе, онда шарт конкурсқа қатысушы осындай қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн ғана күшiне енедi.
Шартта аванс төлеу көзделген жағдайды қоспағанда, шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерi шарттың жалпы сомасының 5 (бес) пайызын құрайды және конкурс жеңiмпазы оны жұмыс органының шотына ақша кепiлдiгi түрiнде енгiзедi.
Шартта аванс төлеу көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарттың жалпы сомасының кемiнде 5 (бес) пайызы болуға тиіс авансқа тең мөлшерде белгіленеді.
73. Егер аудитор белгiленген мерзiмде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе немесе жасалған шарт бұзылса, бұған дейін конкурс жеңiмпазы (техникалық ұсыныс пен қаржылық ұсыныс құнының қорытынды балы бойынша) деп жарияланған қатысушыдан кейiнгі орында тұрған конкурсқа басқа қатысушымен шарт жасалады немесе жаңа конкурс жарияланады.
74. Жұмыс органы енгiзiлген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi конкурс жеңiмпазы осы шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған жағдайда ғана шартта көрсетiлген мерзiмдерде немесе аудитор мiндеттемелердi толық орындаған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде оған қайтарады.
75. Егер аудитор шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаса немесе тиiсiнше орындамаса, онда конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 292-бабына сәйкес енгiзiлген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi ұстап қалады.
76. Конкурс жеңiмпазы аудитор болып тағайындалады және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Ұлттық қордың сыртқы аудитін жүргізуге арналған техникалық тапсырмаға сәйкес онымен 2 (екі) жыл мерзімге аудит жүргiзуге шарт жасалады. Шарт конкурс жеңiмпазы – аудитор мен жұмыс органының арасында жасалады.
10-тарау. Конкурс өткізілмеді деп тану тәртібі
77. Мынадай жағдайларда конкурс өткiзiлмеді деп танылады:
1) ұсынылған конкурстық өтінімдер болмаған;
2) егер оған екеуден аз конкурсқа қатысушы қатысқан болса, бұл жағдайда конкурстық комиссия жалғыз қатысушының конкурстық өтiнiмi бар конверттi ашпайды;
3) егер конкурсқа қатысушылардың ұсыныстары конкурс шарттарын қанағаттандырмайды деп танылған;
4) егер конкурс жеңімпазы деп танылған конкурсқа қатысушы белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған.
Осы тармақта көрсетілген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, қатысып отырған барлық мүшелерi және конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттама ресiмделедi.
78. Жұмыс органы конкурс жеңімпазының белгіленген мерзімде шартқа қол қоймағаны және конкурсқа басқа қатысушымен шарт жасасу туралы шешім бойынша дауыс беру қажеттігі туралы конкурстық комиссия мүшелеріне жазбаша нысанда хабарлама мен дауыс беру бюллетенін жібереді.
79. Конкурс өткiзiлмеді деп танылған жағдайда комиссия шешiмi бойынша қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланады.
Бұл ретте конкурсқа қатысушылардың қайталама конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдері қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк 14 (он төрт) күннен кешіктірмей ұсынылады.
80. Конкурсқа бір ғана конкурсқа қатысушының қатысуына байланысты қайталама конкурс өткiзiлмеді деп танылған жағдайда конкурстық комиссия отырыс өткізеді, онда онымен шарт жасасу туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін удиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитiн жүргiзуге арналған үлгілік шарт
Астана қаласы | |
20__ жылғы |
Бұдан әрi "тапсырыс беруші" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі/вице-министрі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________ тұлғасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы _______ № _____ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларының 76-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір тараптан және бұдан әрі "аудитор" деп аталатын __, 20__ жылғы ___ _____ № ___ хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның шешімімен конкурс жеңімпазы деп танылған, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша аудиторлық ұйым болып табылатын, аудиторлық қызметпен айналысуға ___ жылғы ___ _______ №____ лицензиясы бар және "Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы" кәсіби аудиторлық ұйымының мүшесі болып табылатын ______ (атауы) аудиторлық ұйымының атынан Жарғы негізінде әрекет ететін ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса/лауазымы) екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке "Тарап" деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатындар төмендегiлер туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған шартты (бұдан әрi – шарт) жасасты.
1. Шарттың нысанасы
1. Аудитор шарттың және халықаралық аудит стандарттарының талаптарына сәйкес ______ жыл және ______ жыл үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – қор) жылдық қаржылық есептiлігіне аудит (бұдан әрі – аудит) жүргiзуге міндеттенеді, ал тапсырыс беруші аудит нәтижелерiн қабылдауға және шартта белгіленген тәртiппен және мерзiмде оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
Аудит нәтижелерi аудитордың тәуелсiз пiкiрiн бiлдiретiн аудиторлық есеп түрiнде ресiмделедi.
Аудиттің мақсаттары мен мiндеттерi аудитордың аудиторлық есепте (бұдан әрі – аудиторлық есеп) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға және Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Халықаралық аудиторлық стандарттар жөніндегі кеңесі әзірлеген стандарттарға ("Халықаралық аудит стандарттары" немесе "ХАС") сәйкес қордың қаржылық есептiлiгiн жасаудың анықтығы мен объективтiлiгi туралы кәсiби қорытынды беруiнен тұрады.
2. Аудитке:
1) қордың түсiмдерi және оны пайдалану туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару нәтижелерi туралы жылдық есебi және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегі қаржылық есептілігі;
3) қорды басқару жөніндегі өзге де деректер жатады.
Аудитке жататын құжаттар халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есепке қоса берiледі.
Аудит халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргiзiледi және мыналарды:
қордың қаржылық есептілiгінде қамтылатын соманы және өзге де ақпаратты растайтын деректердi iрiктеп тестілеуді;
бухгалтерлiк есептің қағидаттарын және тапсырыс берушінің басшылығы жасаған негiзгi жорамалдарды, сондай-ақ қаржылық есептiлiктi ұсынудың жалпы нысанын бағалауды қамтиды.
Бұдан басқа, аудитор мынадай:
1) алдыңғы кезеңмен салыстырғанда активтері мен мiндеттемелері туралы есептiң құндық және пайыздық мәндегi баптары өзгерiстерiнің есептелуін қоса алғанда, қор активтерiнiң сақталуын бағалау;
2) қаржы активтерінің әрбір түрі бойынша кірістіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мәселесі бойынша талдау;
3) өтімділік көрсеткіштерін есептеуді қоса алғанда, активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді талдау;
4) тәуекелдер көрсеткіштерін есептеуді қоса алғанда, активтердің нарықтық құнының өзгеру тәуекелдерін басқару тиімділігі;
5) қорды басқару тиімділігі, оның ішінде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда құндық және пайыздық мәндегі табыстар мен шығындар туралы есепке талдау, сондай-ақ таза активтер табыстылығының, кірістілігінің, жиынтық активтер кірістілігінің коэффициенттерін есептеу арқылы қордың рентабельділігіне талдау жүргізу;
6) қордың тұрақтандыру және жинақтаушы қоржындарының құрамы, оның ішінде елдер және қаржы активтерінің түрлері бойынша қоржынның нарықтық құнының пайыздық арақатынасын айқындай отырып, географиялық шоғырлануы бойынша қордың қоржындық инвестицияларының теңгерімдік құнына талдау жүргізу;
7) активтер мен міндеттемелердің әрбір түрі бойынша бағамдық айырмадан алынатын кірісті немесе шығынды көрсетіп, қоржынның нарықтық құнының айырбас бағамының өзгерістерінен тәуелсіздігінің қамтамасыз етілуін талдау;
8) сыртқы басқарушылар қызметiнiң тиiмдiлігін бағалау, оның iшiнде мыналарды:
әрбір басқарушы генерациялаған жалпы кірістің әрбір басқарушы гонорарына қатынасын есептеуді, сондай-ақ әрбір басқарушы генерациялаған таза кірістің (әрбір басқарушыға басқарғаны үшін төленген гонорарды шегергендегі жалпы генерацияланған кіріс) осы басқарушының басқаруындағы активтердің орташа мәніне қатынасын;
әрбiр сыртқы басқарушының басқаруындағы қаржы активтерiнiң түрi бойынша кiрiстілiкті есептеуді білдіретін қызмет тиiмділiгiнiң коэффициенттерiн көрсете отырып, басқарушылардың тиiмділігiне талдау жүргізу;
9) әрбiр басқарушыдағы активтер мен қоржындық инвестициялардың жалпы құнының пайыздық арақатынасын айқындай отырып, активтердiң басқарушылар бойынша шоғырлануын талдауды қоса алғанда, iрiктелген кастодиандардың жұмысын бағалау;
10) қаржы құралдарының түрлерi бойынша кiрiстiлiктi көрсете отырып, құрылымдық өнiмдердi пайдалану тиiмділігiн бағалау;
11) қордың орташа айлық нарықтық құны мен сенiмгерлiкпен басқаруға арналған аударымдарды есептеу дұрыстығын тексеру;
12) мұнай қорларын талдауды – рентабельділік пен пайданы таза активтерге бөлетін негізгі коэффициенттерді есептеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметін басқа елдердің осыған ұқсас қорларының қызметімен салыстырмалы талдау;
13) қордың эталондық қоржыны индекстерiн қолдану тиiмдiлiгін басқа эталондық қоржындардың индекстерiмен салыстырмалы бағалау;
14) қор басқарушыларының қызметтерін Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына сәйкестiгi тұрғысынан тексеру мәселелері бойынша аудит нәтижелерi бойынша талдамалық есепті (бұдан әрі – талдамалық есеп) ұсынуға мiндеттi.
3. Аудитор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында аудитті жүзге асыруға байланысты құпия ақпарат алмасу процесі аудитор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалатын Құпиялылықты сақтау туралы келісіммен реттеледі.
4. Аудитор аудит нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге аудитті орындау процесінде атап өтілетін, аудитке жататын құжаттарға негізделген, бухгалтерлік есеп, инвестициялық операцияларды жүзеге асыру, ішкі бақылау тетіктері бойынша кез келген кемшіліктер мен ұсынымдар көрсетілген хат (бұдан әрі – ақпараттық хат) дайындайды. Ақпараттық хат бухгалтерлік есеп, инвестициялық операцияларды жүзеге асыру және ішкі бақылау тетіктері бойынша кемшіліктер мен ұсынымдар болған жағдайларда ғана ұсынылады.
2. Шарттың құны және ол бойынша ақы төлеу
1. Шарттың жалпы құны (цифрлар) ____ (сомасы жазбаша) ______ теңгенi құрайды.
2. Шарттың 2-бөлімінің 1-тармағында көрсетілген шарттың жалпы құны аудитордың қызметкерлері іс жүзінде жұмсаған уақытқа және олардың мөлшерлемелеріне негізделген аудитор көрсететін қызметтердің жалпы құнын, ҚҚС-ны және басқа да салықтарды қоса алғанда, тапсырыс берушіге қызметтер көрсетуге байланысты аудитордың барлық шығыстарын қамтиды.
3. Аудитке ақы төлеу бойынша бюджет:
_____ жылы – (сомасы цифрлармен) _______ (сомасы жазбаша) _______ теңге;
____ жылы – (сомасы цифрлармен) ________ (сомасы жазбаша) _____ теңге мөлшерінде шектеледі.
4. Тараптар арасындағы есеп айырысу көрсетілген қызметтерді тапсыру-қабылдап алу бойынша қол қойылған актілердің және ол берілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде аудитор берген электрондық шот-фактуралардың негізінде жыл сайын жүзеге асырылады. Төлем қор қаражаты есебінен жүргізіледі.
5. Тапсырыс беруші бюджет қаражатының бөлінуіне қарай шарттың 2-бөлімінің 3-тармағында көрсетілген тиісті қаржы жылына көзделген соманың 30 (отыз) пайызы мөлшерінде аванстық төлемді аудару арқылы жыл сайын жүргізеді.
3. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
1. Аудитор шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрінде тапсырыс берушінің шотына шарттың 2-бөлімінің 1-тармағында көрсетілген шарттың жалпы сомасының 5 (бес) пайызы мөлшерінде (сомасы сандармен) ____ (сомасы жазбаша) ________ теңгеге тең болатын ақшалай кепіл енгізеді.
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрінде тапсырыс берушінің шотына аудитор енгізген ақшаны қайтару аудитор шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
3. Егер аудитор шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаса немесе тиiсiнше орындамаса, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес енгiзiлген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi ұстап қалады.
4. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Тапсырыс берушінің:
1) аудитордан аудит жүргізуге қатысты заңнама талаптары туралы толық ақпарат алуға;
2) аудитордың ескертулері мен қорытындылары негізделетін нормативтік құқықтық актілермен танысуға;
3) шарттың талаптарына сәйкес аудитордың міндеттемелерді орындауын талап етуге;
4) аудитор шарттың талаптарын бұзған немесе орындамаған жағдайда аудитордың іс жүзінде көрсеткен қызметтеріне ақы төлеп, шартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға;
5) аудитордың шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан тапсырыс берушіде туындаған нақты залалды өтеуді аудитордан талап етуге;
6) аудитордың алдын ала келісімінсіз аудиторлық есепті (өзіне қатысты аудит жүргізілген тапсырыс берушінің қаржылық есептілігі толық жинақталып брошюраланған; өзге ақпарат қоса берілмеген) үшінші тұлғаларға беруге құқығы бар. Тапсырыс берушінің Интернет желісіндегі өз веб-сайтына өзіне қатысты аудит жүргізілген тапсырыс берушінің қаржылық есептілігінің толық жинағымен бірге аудитор ұсынған аудиторлық есептің электрондық көшірмесін орналастыруға да құқығы бар, ол туралы аудиторды алдын ала хабардар етеді, бұл ретте тапсырыс беруші аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілікке ешқандай өзгеріс енгізбеуге міндеттенеді.
2. Тапсырыс беруші:
1) ХАС-қа сәйкес қол қойылған ұсыным-хатпен және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының (бұдан әрі – ХҚЕС) талаптарына сәйкес дайындалған осы шарттың 1-бөлімі 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қаржылық есептілікпен қоса аудит үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы уақтылы және толық көлемде ұсынуға (шартқа қол қойған кезде аудит нәтижесін демек ұсыным-хаттың мазмұнын да болжау мүмкін болмайтындықтан, тапсырыс беруші мұндай хатқа ХАС талаптарына сәйкес еркін нысанда қол қояды және оны аудитордың басшылығына жібереді);
2) аудитке жататын мәселелердің шеңберін шектеу мақсатында аудитордың қызметіне араласпауға;
3) қордың активтеріне қатысты нақты, ықтимал немесе белгілі сот талап-арыздары, талап қою, өзге де талаптар немесе ықтимал міндеттемелер болған кезде аудиторды осы мәселелер туралы жан-жақты хабардар етуге (мұндай мәселелер болған кезде және тапсырыс беруші осы мәселелерде қорға жәрдемдесу, консультация беру немесе қорғау үшін кәсіби заңгерлерді тартқан жағдайда аудитордың өтініші немесе өз бастамасы бойынша тапсырыс беруші осындай заңгерлерге аудиторға көрсетілген сот талап-арыздарына, талап қоюға, талаптарға немесе ықтимал міндеттемелерге қатысты жазбаша түсіндірмелерді ұсынуды, сондай-ақ осындай міндеттемелердің сомасын және олардың келеңсіз нәтижесінің ықтималдығын бағалауды сұрап тиісті хат жібере алады);
4) аудитордың сұратуы бойынша аудиторға жеке келісілген мерзімде қордың қаржылық есептілігіне, бастапқы тізімдемелеріне және талдамалық деректеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
5) аудитор жазып берген шот-фактура негізінде аудитор көрсеткен қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыруға;
6) аударманың дұрыстығына қатысты аудитормен консультация жасамай, аудиторлық есепті және (немесе) ақпараттық хатты көрсетілген құжаттар жазылған тілден кез келген өзге тілге аудармауға және (немесе) аудару үшін үшінші тұлғаларды тартпауға;
7) аудитті орындау үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етуге, атап айтқанда:
тапсырыс берушінің барлық жұмыскерлері тарапынан аудитордың жұмыскерлеріне жан-жақты жәрдемдесуді, оның ішінде шарт бойынша қызметтер көрсетуге тікелей қатысатын аудитордың мамандарына офистік үй-жай беру бөлігінде қамтамасыз етуге;
аудитордың сұратуы бойынша тапсырыс берушінің қаржылық есептілігіне қолданылатын маңызды есепке алу мәселелері бойынша тапсырыс берушінің басшылығы позициясының жазбаша негіздемелерін ұсынуға міндетті.
Шарттың 4-бөлімі 2-тармағының 1), 3), 4) және 6) тармақшаларында айтылған талаптардың әрқайсысы аудит жүргізу үшін маңызды шарт болып табылады.
Тапсырыс беруші жоғарыда айтылған шарттардың кез келгенін сақтамаған жағдайда аудитор шарт бойынша міндеттемелерді орындауды біржақты тәртіппен тоқтатуға немесе тапсырыс берушіге орын алып отырған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім көрсетілген тиісті жазбаша хабарлама жіберіп, міндеттемелерді орындауды тоқтата тұруға құқылы;
8) аудиторға тапсырыс берушінің қаржы-шаруашылық құжаттамасында көрсетілген кез келген мүліктің іс жүзінде бар-жоғын тексеру құқығын беруге міндеттенеді. Аудитор сұрататын, қызметтер көрсетуге қажетті ақпаратта және құжаттамада коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің болуы оларды ұсынудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
3. Аудитор:
1) аудитордың аудиторлық әдістемесі мен қолданыстағы қазақстандық заңнамаға қайшы келмейтін халықаралық аудит стандарттары шеңберінде аудит жүргізудің әдістерін дербес айқындауға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте әртүрлі бейіндегі мамандарды аудит жүргізуге қатысуға шарт негізінде тартуға;
3) қор бойынша оның қаржылық қызметі, ақша сомасының, бағалы қағаздарының болуы туралы құжаттаманы толық көлемде тексеруге, туындаған мәселелер бойынша түсіндірме және аудиторлық тексеру үшін қажетті қосымша мәліметтер алуға;
4) осы тармақтың 3) тармақшасына қатысты және, атап айтқанда, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін және оларға қатысты деректерді, басшы және қадағалау органдары отырыстарының хаттамаларын, салықтық тексеру нәтижелері туралы актілерді, шарттар мен несие келісімдерін, капиталға қатысты нотариаттық актілер мен құжаттарды қамтитын құжаттарды алуға және тексеруге (бухгалтерлік кітаптар, жазбалар және тексеруге жататын кез келген басқа құжаттама аудиторға оларды тексеруді жүргізуге мүмкіндік беретін тиісті нысанда жүргізілмеген және (немесе) толық көлемде ұсынылмаған жағдайда аудитор осы шарт бойынша көрсетілетін қызметтерді аяқтауға және аудиторлық есепті шығаруға дәрменсіз болуы мүмкін);
5) алаяқтық, алдау, жалғандық, құжаттарды, қаржылық есептілікті бұрмалау фактілерін анықтаған, аудиторлық қызмет туралы заңнамаға және (немесе) халықаралық аудит стандарттарына сәйкес растаушы мәліметтер берген кезде өзін анық емес аудиторлық есеп дайындауға мәжбүр ету мақсатында тапсырыс беруші өзіне қысым көрсеткен жағдайларда шарт бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижелері бойынша аудиторлық есеп ұсынбауға құқылы.
4. Аудитор:
1) аудиторлық қызмет туралы заңнамаға және халықаралық аудит стандарттарына сәйкес аудит жүргізуге;
2) аудит жүргізу кезінде халықаралық аудит стандарттары талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
3) аудит барысында алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің келісімінсіз олардың мазмұнын жарияламауға;
4) өз қызметкерлерінің аудит нәтижелерінің, сондай-ақ аудит жүргізген кезде алынған және коммерциялық немесе заңнамамен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің құпиялылығын сақтауын қамтамасыз етуге;
5) қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтінінің анықталғаны туралы тапсырыс берушіге хабарлауға;
6) аудит үшін қажетті ақпаратты, құжаттама мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті (бұдан әрі – қаржылық есептілік) аудитордың уақтылы алуы шартымен шарттың 5-бөлімінің 6-тармағында көрсетілген мерзімде халықаралық аудит стандарттарының талаптарына сәйкес жасалған аудиторлық есептің жобаларын және қол қойылған ұсыным-хатты аудитордың тиісті жылдың 31 наурызына дейін алуы шартымен тиісті жылдың ақпан айының соңына дейінгі мерзімде түпкілікті аудиторлық есеп пен ақпараттық хатты ұсынуға міндетті.
5. Қызметтер көрсету
1. Қазақстандық заңнаманың талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктеледі. Бұл бухгалтерлік есептің тіркелімдерін тиісінше жүргізуді, операциялардың, есепке алудың және есептіліктің қазақстандық заңнаманың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді, ішкі бақылауды жүзеге асыруды, есепке алу саясатын дәйекті қолдануды қамтиды.
2. Қаржылық есептілік аудитін аудитор халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізетін болады, бұл ретте жеке шоттар, шоттардың топтары, операциялар және жалпы қаржылық есептілік бойынша жол берілетін қатенің маңыздылығы қағидатын қоса алғанда, аудитордың аудиторлық әдістемесі қолданылатын болады.
3. Егер қажетті ақпарат жасырылып немесе аудитордың қарауына берілмей, аудиттің әдеттегі барысында елеулі қателерді анықтауға мүмкіндік берген болса, аудит жүргізу процесінің ерекшелігіне байланысты аудитор халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес дайындалған аудитке жататын қаржылық есептілікте мұндай қателердің болмайтынына кепілдік бермейді.
4. Аудитор өз жұмысын қордың бастапқы құжаттарының негізінде жүзеге асырады және олардың анықтығы мен жарамдылығына, сондай-ақ тапсырыс беруші берген басқа да ақпараттың анықтығына жауап бермейді. Тапсырыс беруші аудиторға жазбаша растау жібереді, оған өзі және аудит процесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аудиторға берген барлық ақпараттың анық болып табылатынына және бухгалтерлік есептілікте көрініс тапқанына жауапты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы қол қояды. Шартты іске асыру процесінде аудитордың қызметкерлері дайындайтын барлық жұмыс құжаттары (есеп-қисаптар, сондай-ақ аудиторлық қорытындыны дайындау кезінде пайдаланылатын өзге де ішкі құжаттар) аудитордың меншігі болып табылады. Қажет болған жағдайда тапсырыс берушіге бұл құжаттардың көшірмелері аудитордың шешімі бойынша берілуі мүмкін.
5. Бір жылдағы аудиттің нәтижелері бойынша жобалар мен түпкілікті қаржылық есептілік, аудиторлық есеп, талдамалық есеп пен ақпараттық хат қағаз жеткізгіште және тапсырыс беруші айқындайтын электрондық мекенжайларға жіберіледі.
6. Аудиторлық есепті және қаржылық есептілiк бойынша талдамалық есепті беру мерзімдері:
1) ________ жыл үшін:
аудитордың тапсырыс берушіге қаржылық есептiлiк бойынша аудиторлық есептің жобасын ұсынуы – _____ жылғы "___" _______;
аудитордың тапсырыс берушіге қаржылық есептiлiк бойынша түпкілікті аудиторлық есепті ұсынуы – _______ жылғы "_____" _______;
2) ______ жыл үшін:
аудитордың тапсырыс берушіге қаржылық есептiлiк бойынша аудиторлық есеп жобасын ұсынуы – ______ жылғы "____" _______;
аудитордың тапсырыс берушіге қаржылық есептiлiк бойынша түпкілікті аудиторлық есепті ұсынуы – _______ жылғы "____" ________.
6. Көрсетілген қызметтердi тапсыру-қабылдау тәртiбi
1. Аудит аяқталғаннан және талдамалық есеп дайындалғаннан кейін аудитор тапсырыс берушіге көрсетілген қызметтерді тапсыру-қабылдау актісін ұсынады.
2. Тапсырыс беруші қаржылық есептілік бойынша түпкілікті аудиторлық есепті және талдамалық есепті қарауға және қарсылық болмаса, 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қол қойылған көрсетілген қызметтерді тапсыру-қабылдау актісіне немесе көрсетілген қызметтерді қабылдаудан уәжді бас тартуға қол қоюға және аудиторға жіберуге міндеттенеді. Аудитор көрсетілген 30 (отыз) жұмыс күні өткеннен кейін тапсырыс берушіден қол қойылған көрсетілген қызметтерді тапсыру-қабылдау актісін немесе оған қол қоюдан уәжді бас тартуды алмаған жағдайда Тараптар көрсетілген қызметтерді тапсыру-қабылдау актісі қол қойылды деп саналатынын, ал аудитті аудитор көрсеткен және көрсетілген қызметтерді осындай тапсыру-қабылдау актісінде көрсетілген көлемде және шарттарда тапсырыс беруші қабылдады деп саналатынын мойындайды.
3. Тапсырыс беруші уәжді бас тартқан жағдайда Тараптар қажетті пысықтау мен оларды орындау мерзімдерінің тізбесі бар екіжақты акт жасайды.
4. Тараптар көрсетілген қызметтерді тапсыру-қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін аудитор тапсырыс беруші тапсыру-қабылдау актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тапсырыс берушіге ЭШФ АЖ жүйесінде ұсынылған қызметтер үшін электрондық шот-фактураны шығарады.
7. Тараптардың жауапкершілігі
1. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте тараптардың ең жоғары жауапкершілігі шарттың жалпы құнымен шектеледі.
2. Өзара жазбаша келісім бойынша Тараптар шарт бойынша жауапкершіліктен толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
3. Шарттың 5-бөлімінің 6-тармағында белгіленген мерзімдер аудитордың кінәсінен бұзылған жағдайда шарт бойынша міндеттемелерді аудитор нақты орындаған күнге дейін тапсырыс беруші аудитордың аудиторлық есепті ұсынуының мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті жылға арналған аудитке ақы төлеу бойынша бюджеттің 0,1 %-ы мөлшерінде, бірақ тиісті жылға арналған аудитке ақы төлеу бойынша бюджеттің 10 %-ынан аспайтын өсімпұл төлеуді аудитордан талап етуге құқылы. Аудитор, өз кезегінде, аудитордың шарт талаптарын тиісінше сақтауы шартымен тапсырыс беруші аудит үшін қажетті, шартта көзделген ақпаратты және құжаттаманы уақтылы ұсынбаған жағдайда өсімпұл төлеуден босатылады.
4. Шарттың ешбір ережесі Тараптардың заңды мүдделерін қорғау, заңнаманың немесе реттеуші органдардың талаптарын, шарт қолданылатын мерзімде аудитор, оның қандай да бір үлестес тұлғалары немесе жұмыскерлері мүшелері болып табылатын тиісті кәсіптік бірлестіктердің кәсіптік немесе әдеп қағидаларын сақтау үшін қажетті шараларды Тараптардың қабылдауына кедергі келтірмейді.
5. Аудит көрсету барысында аудитор тапсырыс беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтерге, сондай-ақ тапсырыс берушінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің іс-қимылына, нұсқауларына және түсіндірмелеріне сүйенеді.
6. Аудитордың жауапкершілігі аудит көрсету кезіндегі аудитордың айыпты іс-қимыл нәтижесінде тапсырыс беруші шеккен тікелей нақты зиянның мөлшерімен шектеледі. Аудит көрсету кезінде аудитордың іс-қимылы салдарынан тапсырыс беруші жіберіп алған пайда үшін тапсырыс берушінің алдында аудитор жауапты болмайды. Аудитордың жауапкершілігі аудиторға іс жүзінде төленген, жауапкершілік туындатқан сыйақы сомасы шегінде шектеледі.
7. Егер жауапкершілік тапсырыс берушінің аудиторға анық емес немесе жаңылыстыратын ақпарат беруінің нәтижесіне байланысты болса немесе нәтижесі болып табылса, аудитор қандай да бір жауаптылықта болмайды.
8. Аудитордың міндеттері аудит көрсетумен шектеледі, оның нәтижесі аудиторлық есеп болып табылады. Аудитор шешім қабылдау, ұсынымдарды ендіру, нақты нәтижеге қол жеткізу немесе осыған ұқсас іс-қимылды жүзеге асыру тапсырыс берушінің аудиторлық есепті, ақпараттық хатты және талдамалық есепті алуының салдары болып табылатын-табылмайтынына қарамастан, өзіне олар үшін тікелей немесе жанама жауапкершілік қабылдамайды. Аудитор тапсырыс беруші, оның үлестес тұлғалары, бөлімшелері, сондай-ақ олардың иелері, лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері (егер қолданылса) алдында аудитордың ұсынымдарын немесе ұсынылған ақпараттық хатта қамтылған ұсынымдарды ендіру немесе ендіруден бас тарту туралы шешім қабылдағаны үшін жауаптылықта болмайды.
9. Аудитор аудиторлық есепті, ақпараттық хатты, талдамалық есепті немесе аудит көрсету барысында ұсынылған аудитордың өзге де консультацияларын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғаларға (тапсырыс берушінің үлестес тұлғаларын, бөлімшелерін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) келтірілген залал үшін жауаптылықта болмайды.
10. Шарт тапсырыс беруші мен аудитор арасында жасалады. Кейбір қызметтерді аудитордың желісіне кіретін тұлғалар аудиторға ұсынған жұмыскерлердің көрсете алатынына қарамастан, шарт бойынша көрсетілетін барлық қызметтер үшін тапсырыс беруші алдында тек аудитор жауаптылықта болады.
8. Форс-мажор
1. Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толығымен орындамағаны үшін, егер ол форс-мажор мән-жағдайларының нәтижесі болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді: әскери іс-қимыл, табиғи немесе дүлей апаттар, эпидемия, карантин, мемлекеттік органдардың тыйым салушы актілері және басқалар.
2. Форс-мажор мән-жағдайларының әрекетіне ұшыраған және соның салдарынан шарт бойынша міндеттемелерді орындай алмай отырған Тарап бұл туралы екінші Тарапқа осындай жағдайлар басталған кезден бастап үш күннен кешіктірмей жазбаша хабар беруге міндетті. Форс-мажор мән-жайлары туралы уақтылы хабар бермеу Тарапты ақталу ретінде оларға жүгіну құқығынан айырады.
3. Егер шарттың 8-бөлімінің 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар екі айдан аса жалғасатын болса, тараптардың әрқайсысы шартты толығымен немесе ішінара бұзуға құқылы. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда тапсырыс беруші шарттың 2 және 6-бөлімдерінде көрсетілген рәсімдерге сәйкес аудиторға іс жүзінде жасалған жұмыс үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
9. Дауларды шешу
1. Шарттың талаптарынан даулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда бастамашы тарап даудың немесе келіспеушіліктің мән-жайы туралы екінші тарапты жазбаша түрде хабардар етуге тиіс.
2. Тараптар дауларды келіссөздер арқылы реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
3. Тараптардың туындаған дауларды немесе келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы реттеуі мүмкін болмаған кезде олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады.
10. Шарттың қолданылу мерзімі
Шарттың 3-бөлімінің 1-тармағына сәйкес шартты орындауды қамтамасыз етуді аудитор толық енгізген кезден бастап шарт күшіне енеді және тараптар шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
11. Басқа да шарттар
1. Тапсырыс беруші және аудитор шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты құпиялылықты сақтауға міндеттенеді. Құпия болып табылатын ақпарат мен құжаттама тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
2. Аудиторға берілген немесе ол аудитті жүзеге асыруға байланысты алған құпия ақпаратты басқа адамдарға не ауызша да, жазбаша да нысанда жария етуге болмайды. Бұл ақпаратты ашу тапсырыс берушінің осыған алдын ала рұқсатын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тараптар шарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен де, ішінара да екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз өзгелерге бермеуге тиіс.
4. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда ресімделіп, оларға екі Тарап қол қойған және оларды жасасқан кезде шарт жасасқан кезде жасалған рәсімдер сақталған жағдайда ғана жарамды. Тиісті түрде ресімделген өзгерістер мен толықтырулар шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
5. Шарт тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан, мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте барлық даналардың бірдей заңды күші бар. Шарттың ережелерін әртүрлі түсіндіруден туындайтын келіспеушіліктер болған жағдайда шарттың орысша мәтіні қолданылады.
6. Шартты орындау барысында аудитор дайындаған барлық жұмыс құжаттамасы аудитордың меншігі болып табылады, ол оны өзінің қағидаларына, рәсімдеріне, сондай-ақ қолданылатын заңнаманың талаптарына сәйкес сақтайды.
7. Осы шарттың мақсаттары үшін "_________ өкілдері" – __________ атынан уағдаласушы Тарапты, ____________ қауымдастығының кез келген басқа мүше фирмаларын және осындай мүше фирмалардың барлық әріптестерін, директорларын, қызметкерлері мен агенттерін және бақылаушы фирмаларын және оларды бақылаушы тұлғаларды қоса алғанда, осындай мүше фирмалар бақылайтын барлық тұлғаларды, ал "__________ өкілі" көрсетілген тұлғалардың кез келгенін білдіреді.
Тапсырыс беруші аудитордың өз қалауынша:
1) қызметтер көрсету нәтижесінде _________ өкілдеріне талап қойылған немесе талап қою қауіп-қатері болған жағдайда аудитордың сақтандырушыларына, заң (кәсіби) консультанттарына және ________ өкілдеріне құпиялықты сақтау бойынша осындай міндеттемелер қолданылатын жағдайда оларға ақпаратты ашуға;
2) осы ақпаратқа да осындай құпиялылықты сақтау кепілдігі қолданылатын жағдайда қызметтер көрсету, қаржылық есептіліктің сапасына немесе нормативтік-құқықтық сәйкестігіне, оған қойылатын талаптардың сақталуына тексеру жүргізу, клиентпен ынтымақтастық туралы шешім қабылдау және жобаны орындау рәсімдерін үйлестіру, сондай-ақ тәуелсіздік қағидатының сақталуы тұрғысынан және мүдделер қақтығысының болуы тұрғысынан тексерулер жүргізу үшін қажет болатын шамада ________ өкілдеріне жұмыс материалдарын немесе басқа да ақпаратты ашуға;
3) аудитордың қызметін жүзеге асыруды жеңілдету мақсатында, оның ішінде бухгалтерлік және статистикалық есепті жүргізу, ішкі мақұлдауды алу және т.с.с. үшін жоба туралы базалық мәліметтерді білдіретін жұмыс материалдарынан басқа, ақпаратты, мысалы, тапсырыс берушінің атауын, байланыс ақпаратын, көрсетілетін қызметтерге байланысты қаржылық ақпаратты Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан, __________ өкілдерінің немесе __________ осындай өкілдері тартқан, ақпараттық технологиялармен шұғылданатын, құпиялылықтың сақталуы жөніндегі міндеттемелер өздеріне де қолданылатын компаниялардың бақылауындағы және басқаруындағы орталық ақпараттық орталықта өңдеу үшін беруге құқығы бар екенін растайды.
8. Аудитор ауызша нысанда да, заттай нысанда да қызметтер көрсету нәтижесінде алынған өнімге авторлық құқығын және барлық басқа да зияткерлік меншік құқықтарын, сондай-ақ аудитордың жұмыс материалдарына меншік құқығын өзіне қалдырады. Тапсырыс беруші осындай өнімге қатысты көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу фактісі бойынша көрсетілетін қызметтер өнімінің кез келген материалдық жеткізгішіне меншік иесі құқығын сатып алады. Тапсырыс берушіге немесе өзге клиенттерге қызметтер көрсету мақсатында аудитор мен ________ басқа өкілдері қызметтер көрсету процесінде алған кез келген білімді, тәжірибені және жалпы сипаттағы кәсіптік дағдыларды пайдалануға және тереңдетуге және олармен өзара алмасуға құқылы.
9. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың атауы мен тауарлық белгілерін осындай Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз пайдаланбайды. Бұл ретте тапсырыс беруші аудиторға, сондай-ақ аудитордың желісіне кіретін тұлғаларға тапсырыс берушінің атауына, тауарлық белгіге және (немесе) ұсыныстарда және ұқсас маркетингтік материалдарда аудиттің жалпы сипаттамасына сілтеме жасауға рұқсат береді.
10. Құпия ақпаратты жария етпеу жөніндегі міндеттеме шартқа қол қойылған күннен бастап ____ (жазумен) – ай бойы қолданыста болады.
11. Аудитор тапсырыс берушіден алған құпия ақпаратты тапсырыс берушінің келісімі бойынша аудитордың желісіне кіретін кез келген тұлғаға ашуға құқылы. Мұндай тұлғалар онымен шарт талаптарына сәйкес жұмыс істейтін болады.
12. Шарт біржақты тәртіппен бір Тараптың екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберуі арқылы бұзылады. Мұндай хабарламада шарттың бұзылған күні (бұдан әрі – бұзу күні) көрсетілуге тиіс, бұл ретте біржақты бұзу туралы хабарламаның өзін екінші Тарап бұзу күніне дейін кемінде банктік 20 (жиырма) күн бұрын алуға тиіс. Шарт бұзылған күнінен бастап не егер хабарлама шарт бұзылған күнге дейін банктік 20 (жиырма) күннен аз уақыт қалғанда алынған болса, шартты біржақты тәртіппен бұзу ниеті туралы жазбаша хабарламаны екінші Тарап алған күннен бастап банктік 20 (жиырма) күн өткен соң бұзылды деп есептеледі.
Бұл ретте тапсырыс беруші аудитор іс жүзінде көрсеткен қызметтерге ақы төлеуге міндетті.
12. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері:
________________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін удиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 2-қосымша |
№ ___ дауыс беру бюллетені
Толтырылған және қол қойылған бюллетень ұсынылатын мекенжай:
Бюллетень ұсынылатын шекті күн: 20 __ жылғы ___ ______________
Конкурстық комиссияның отырысын өткізу бастамашысы: ________________
Отырыстың күн тәртібіндегі мәселенің атауы:_____________________________
____________________________________________________________________
Конкурстық комиссия мүшесінің шешімі (белгі қойылсын):
"Жақтаймын" | |||
"Қарсымын" |
Ерекше пікірді жазу ("қарсымын" деп дауыс берген жағдайда толтыру міндетті)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
"Қалыс қалды" |
Ерекше пікірді жазу ("қалыс қалды" деп дауыс берген жағдайда толтыру міндетті)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Конкурстық комиссия мүшесі: ___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
20 __ жылғы ______________.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін удиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін конкурсқа қатысушыларды, конкурстық құжаттама мен конкурстық өтінімдерді тіркеу журналы
Конкурс өткізу мерзімі:
Жұмыс органының атауы:
Жұмыс органының мекенжайы:
Р/с | Конкурсқа қатысушының атауы | Конкурсқа қатысушының пошталық мекенжайы | Конкурсқа қатысушының деректемелері | Конкурсқа қатысушының, уәкілетті өкілдің, сенім білдірілген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), паспорттық деректері | Конкурстық құжаттаманы беру | ||
Атауы | Күні мен уақыты | Конкурсқа қатысушының, уәкілетті өкілдің, сенім білдірілген тұлғаның қолы | |||||
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
4 | |||||||
5 | |||||||
6 | |||||||
7 | |||||||
8 | |||||||
9 |
кестенің жалғасы
Конкурстық өтінімді қабылдау | Конкурстық өтінімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат | Конкурстық өтінімдерден бас тарту себептері | Конкурстық өтінімдерді қайтару | ||||
Күні мен уақыты | Қолы | Күні мен уақыты | Қолы | ||||
Конкурсқа қатысушының, уәкілетті өкілдің, сенім білдірілген тұлғаның | Конкурстық комиссия хатшысының | Конкурсқа қатысушының, уәкілетті өкілдің, сенім білдірілген тұлғаның | Конкурстық комиссия хатшысының | ||||
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
4 | |||||||
5 | |||||||
6 | |||||||
7 | |||||||
8 | |||||||
9 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін удиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 4-қосымша |
Конкурстық комиссия отырысының № ___ хаттамасы
___________________________________________________________
__________________________________________________________
Астана қаласы | 20__ жылғы "___" _________ |
_____________________ | сағат ______. |
Қатысқандар:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Лауазымы |
Отырыстың күн тәртібі:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Конкурстық комиссия ШЕШТІ:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Төраға:
_________________ __________________
Комиссия мүшелері:
_________________ __________________
_________________ __________________
_________________ __________________
Хатшы:
_________________ __________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін удиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 5-қосымша |
(Кімге) ____________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен) ___________________________
(конкурсқа қатысушының атауы)
Конкурсқа қатысуға өтінім
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау бойынша конкурс өткізу жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап, оның алынғанын осымен растап, ____________
____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысушының атауы)
жалпы сомасы конкурстық құжаттамаға сәйкес техникалық тапсырмаға сай
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізу бойынша
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(цифрлармен және жазбаша)
көрсетілетін қызметтерді орындауды жүзеге асыруды ұсынады.
Осы конкурстың өтінім мыналардан тұрады:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
6. __________________________________________________________________
7. __________________________________________________________________
8. __________________________________________________________________
9. __________________________________________________________________
10. _________________________________________________________________
Біздің конкурстық өтінім ұтты деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін орындауды ________________ (жазбаша)
күн ішінде қамтамасыз етуді және жұмысты біздің конкурстық өтінім ұтты деп танылғаны туралы Сіздің хабарламаңыз алынған кезден бастап ____________ (жазбаша)
күн ішінде аяқтауға міндеттенеміз.
Біз конкурстық құжаттамада айтылған төлемнің базалық шарттарымен келісеміз.
Төлемнің мынадай баламалы шарттарын
___________________________________________________________________
________________________________________________________ ұсынамыз,
(төлемнің баламалы шарттары болса, ондайлар санамаланады)
және бұл ретте _______________________________________________________
(ақшалай мәнін көрсетілу, жазбаша) мөлшеріндегі баға жеңілдігін ұсынамыз.
Біздің конкурстық өтінім танылған жағдайда біз шарттың жалпы сомасының
___________ пайызын құрайтын сомаға сыртқы аудит жүргізу (жазбаша) туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгіземіз.
Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдерді ашқан күнінен бастап ________ күн бойы жарамды. (жазбаша)
Сыртқы аудит жүргізу туралы шарт жасасқан кезге дейін осы конкурстық өтінім оны ұтты деп тану туралы Сіздің хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін орындайтын болады.
___________________________________________________________________
(конкурсқа қатысушының атауы)
оның атынан және тапсырмасы бойынша конкурстық өтінімге қол қоюға барлық өкілеттігі бар тұлғаның
______________ _________________________________________________
(қолы, күні) мөр орны (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін удиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 6-қосымша |
Конкурс қорытындылары туралы № ___ хаттама
Астана қаласы | 20__ жылғы "___" _________ |
_____________________ | сағат ______. |
Конкурстық комиссия ШЕШТІ:
_______________________________________________________________
________________________________________________________________
Жеңімпаздың атауы | БСН/ЖСН | Жеңімпаз деп тану себептерінің қысқаша сипаты |
Тең болған кезде конкурсқа қатысуға арналған барлық өтінімдерге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларының 64-тармағында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:
Р/с | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН/ЖСН | Өлшемшарт | ||
Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі | Қаржылық ұсыныс | Балдар саны, техникалық ұсыныстарды бағалау | |||
кестенің жалғасы
Өлшемшарт | ||
Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензиясының болуы (берілген күні) | Кепілдік берілген жарнаның енгізілгенін растайтын құжат (нөмірі және күні) | Конкурс туралы хабарландыру күнінің алдындағы соңғы айда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтама |
Егер конкурс нәтижесінде конкурс жеңімпазы айқындалмаса, себептерін
көрсету __________________________________________________________
_______________________________________________________________
(конкурстық өтінімдерді қайтарып жіберу себебі)
Төраға:
_________________ __________________
Комиссия мүшелері:
_________________ __________________
_________________ __________________
_________________ __________________
Хатшы:
_________________ __________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін удиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 7-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау конкурсына қатысуға арналған конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасы
___________________________________________________________________
(ашылған орны, уақыты және күні)
1. Мына құрамдағы конкурстық комиссия:
____________________________________________________________________
(конкурстық комиссия төрағасының, конкурстық комиссия төрағасы орынбасарының, конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер ашылған күні уақыты және орны көрсетіледі) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.
2. Мына конкурсқа қатысушыларға конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілді:
____________________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық конкурсқа қатысушылардың атауы, мекенжайы)
3. Мына конкурсқа қатысушылардың конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері:
____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық конкурсқа қатысушылардың атауы көрсетіледі)
__________________________ негізінде ашылмай қайтарылды.
4. Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мына конкурсқа қатысушылардың:
____________________________________________________________________
(конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін конкурстық өтінім берудің барлық конкурсқа қатысушылардың атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінім берудің уақыты конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен көрсетіледі) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері ашылды және
____________________________________________________________ қамтиды.
(өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді кері қайтарып алу және олардың өзгергені туралы ақпарат, конкурстық өтінім құжаттары парақтарының саны көрсетіледі), олар конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашқан кезде қатысып отырғандардың барлығына жария етілді.
5. Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мына конкурсқа қатысушылар қатысты:
____________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық конкурсқа қатысушылардың атауы, мекенжайы, олардың уәкілетті өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Конкурстық комиссия төрағасының, төраға орынбасарының, мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолдары
_______________________________ ________________________
_______________________________ ________________________
_______________________________ ________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін удиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 8-қосымша |
Конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын белгіленген өлшемшарттар бойынша бағалау
Конкурстық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________________________________________ қолы
күні __________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін удиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 9-қосымша |
Конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын бағалау формуляры
Р/с | Конкурсқа қатысушының атауы | Ұсыныстың техникалық сапасы | Мамандардың біліктілігі мен олардың практикалық тәжірибесі | Техникалық ұсынысты бағалау (3-баған + 4-баған) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
конкурстық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________
(қолы)
____________________________________
(күні)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін удиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 10-қосымша |
Конкурсқа қатысушы ұсынысының қорытынды балын есептеу тәртібі
Конкурсқа қатысушы ұсынысының қорытынды балы мына формула бойынша айқындалады:
В = Т х К1 + F х К2,
мұндағы:
В – конкурсқа қатысушы ұсынысының қорытынды балы;
Т – конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысының қорытынды баллы;
К1 – техникалық ұсыныс сапасының коэффициенті;
F – конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысының бағасы;
К2 – қаржылық ұсыныс құнының коэффициенті.
2. Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысының қорытынды балы мына формула бойынша айқындалады:
С – комиссия мүшелерінің техникалық ұсынысын бағалаудың орташа арифметикалық мәні;
С мах – техникалық ұсыныстың екі өлшемшарты бойынша ең көп балы (200).
3. Конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысын бағалау мына формула бойынша айқындалады:
Р min – комиссия белгілейтін аудиторлық тексерістің ең төмен құны;
Р – конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысының құны.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін удиторлық ұйымды таңдау қағидаларына 11-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге арналған техникалық тапсырма
1. Мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитінің мақсаттары мен міндеттері аудитордың аудиторлық есебінде қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық активтерін инвестициялаудың тиімділігі, ресурстарды өнімді пайдалану, активтердің сақталуы және қойылған мақсаттарға қол жеткізу, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық есептілігінде көрсетілген алынған қаражат пен шығыстар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық есептілігін жасаудың анықтығы және объективтілігі туралы кәсіби қорытынды беруінен тұрады.
2. Көлемі
Аудит халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізіледі және сома мен қаржылық есептілікте қамтылатын өзге де ақпаратты растайтын деректерді ішінара тестілеуді; бухгалтерлік есеп пен негізгі жорамалдарды, сондай-ақ қаржылық есептілікті ұсынудың жалпы нысанын бағалауды қамтиды.
Аудит жүргізілген кезде мынадай мәселелерге ерекше назар аудару қажет:
1) бастапқы инвестициялық капиталдың сақталуы;
2) ұзақ мерзімді перспективада активтер кірістілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
3) активтердің өтімділігін қамтамасыз ету;
4) активтердің нарықтық құнының өзгеру тәуекелін басқару;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудың тиімділігі;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру және жинақтау қоржындарының құрамы;
7) қоржынның нарықтық құнының айырбастау бағамының өзгерістерінен тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
8) сыртқы басқарушылар қызметінің тиімділігі;
9) іріктеліп алынған кастодиандардың жұмысын бағалау;
10) құрылымдық өнімдерді пайдаланудың тиімділігі;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа айлық нарықтық құнын есептеудің және сенімгерлік басқаруға арналған аударымдардың дұрыстығын тексеру;
12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі қызметін басқа елдердің ұқсас қорларының қызметімен салыстырмалы талдау.
Бұдан басқа, мынадай мәселелерге ерекше назар аударып, аудиттің нәтижелері бойынша олар жөнінде талдамалық есеп ұсыну қажет:
1) алдыңғы кезеңмен салыстырғанда құндық және пайыздық мәндегі активтер мен міндеттемелер туралы есеп баптарының өзгерістерін есептеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің сақталуын бағалау;
2) қаржылық активтердің әрбір түрі бойынша кірістіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мәселесі бойынша талдау;
3) өтімділік көрсеткіштерін есептеуді қоса алғанда, активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді талдау;
4) тәуекелдер көрсеткіштерін есептеуді қоса алғанда, активтердің нарықтық құнының өзгеру тәуекелдерін басқарудың тиімділігі;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудың тиімділігі, оның ішінде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда құндық және пайыздық мәндегі пайда мен шығын, сондай-ақ таза активтердің пайда әкелу, кірістілігі жиынтық активтердің кірістілігі коэффициенттерін есептеу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының рентабельділігі туралы есепке талдау жүргізу;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру және жинақтау портфельдерінің құрамы, оның ішінде елдер және қаржылық активтердің түрлері бойынша портфельдің нарықтық құнына пайыздық арақатынасты айқындай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының портфельдік инвестицияларының географиялық шоғырлануы жағынан баланстық құнына талдау жүргізу;
7) активтер мен міндеттемелердің әрбір түрі бойынша бағамдық айырмадан алынатын кіріс пен шығынды көрсете отырып, қоржынның нарықтық құнының айырбас бағамының өзгерістерінен тәуелсіздігінің қамтамасыз етілуін талдау;
8) сыртқы басқарушылар қызметінің тиімділігін бағалау, оның ішінде:
әрбір басқарушы генерацияланған жалпы кірістің әрбір басқарушының гонорарына арақатынасын, сондай-ақ әрбір басқарушы генерациялаған таза кірістің (әрбір басқарушыға басқарғаны үшін төленген гонорарға шегерім жасағаннан кейінгі жалпы генерацияланған кіріс) осы басқарушының басқаруындағы активтердің орташа мәніне арақатынасын есептеуді;
әрбір сыртқы басқарушының басқаруындағы қаржылық активтердің түрі бойынша кірістілікті есептеуді білдіретін қызмет тиімділігінің коэффициентін көрсете отырып, басқарушылар тиімділігіне талдау жүргізу;
9) әрбiр басқарушыдағы активтердің пайыздық арақатынасын және портфельдік инвестициялардың жалпы құнын айқындай отырып, активтердің басқарушылар бойынша шоғырлануын талдауды қоса алғанда, iрiктеп алынған кастодиандардың жұмысын бағалау;
10) қаржы құралдарының түрлерi бойынша кірістілікті көрсете отырып, құрылымдық өнiмдердi пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалау;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының орташа айлық нарықтық құнын және сенiмдi басқаруға арналған аударымдарды есептеудiң дұрыстығын тексеру;
12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлік басқару жөнiндегi қызметiн мұнай қорларын талдауды – рентабельдiлік пен пайданы таза активтерге бөлетiн негізгі коэффициенттердi есептеудi қоса алғанда, басқа елдердiң ұқсас қорларының қызметiмен салыстырмалы талдау;
13) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының эталондық портфелінің индекстерiн қолдану тиiмдiлiгiн басқа эталондық портфельдердің индекстерiмен салыстырмалы бағалау;
14) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарушылардың қызметiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына сәйкестiгi тұрғысынан тексеру.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша есептілік
Аудитке:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес ұсынылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы жылдық есебі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі қаржылық есептілігі;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару бойынша өзге де деректер жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық есептілігінің аудитінен басқа аудитор Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты барлық шығыстардың аудитін жүргізеді.
4. Аудиторлардың қорытындысы
Техникалық тапсырмада көзделген негізгі қорытындыдан бөлек, есепте Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асырудың анықтығы және тиісінше сипаты есепке алу құжаттарын жүргізу, есепке алу, есептілік және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеуі бойынша түсініктемелермен бірге жекелеген тармақтар қамтылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмысындағы нақты кемшіліктер мен осал жерлері, сондай-ақ оларды жою бойынша ұсынымдар көрсетілуге тиіс.