Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 140-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуы қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 292 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 449 қаулысымен бекітілген |
"Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 140-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуының тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – орталық) – қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын шекаралары дәл белгіленген Астана қаласының шегіндегі аумақ;
2) бағалы қағаздар – Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орталық аумағында айналысқа жіберу үшін орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес шығарылатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
3) бағалы қағаздар шығарылымы – эмитенттің азаматтық құқықтар объектісі ретінде эмиссиялық бағалы қағаздардың пайда болуына бағытталған іс-әрекеті немесе орналастырылуы, айналысқа жіберілуі және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздар жиынтығы;
4) орталықтың қор биржасы (бұдан әрі – қор биржасы) – орталықта қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) қор биржасының депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, депозитарлық есеп айырысу қызметін және орталық аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) орталық актісі – орталық органы қабылдаған, орталыққа қатысушылар және (немесе) орталық органдары және (немесе) олардың қызметкерлері арасында туындайтын қатынастарды реттейтін ресми құжат;
7) қор биржасының қағидалары – орталық қор биржасының ішкі құжаты, ол эмитенттің бағалы қағаздарды орналастыруына негіз болады;
8) депозитарий қағидалары – депозитарийдің ішкі құжаты, ол депозитарийдің бағалы қағаздарға қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асыруына негіз болады;
9) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;
10) орналастыру жөніндегі агент – орталықтың қолданыстағы құқығына, қор биржасының қағидаларына сәйкес брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысқа түсіру бойынша эмитентке қызметтер көрсететін бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушы;
11) тіркеуші – орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, тіркеушінің қағидаларына, сондай-ақ эмитентпен жасалған келісімнің талаптарына сәйкес эмитенттің бағалы қағаздарын және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) тіркеушінің қағидалары – тіркеушінің ішкі құжаты, тіркеуші эмитенттің бағалы қағаздарын және олар бойынша құқықтарды есепке алуды соған сәйкес жүзеге асырады;
13) эмитент –Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы.
2-тарау. Бағалы қағаздарды шығару тәртібі
3. Эмитент бағалы қағаздарды құжатсыз нысанда шығарады. Тіркеуші бағалы қағаздарды есепке алуды және сақтауды тіркеуші қағидалары және тіркеуші қызметтерін көрсету туралы эмитентпен жасалған келісімнің негізінде жүзеге асырады. Егер депозитарийдің қызметтері көрсетуі шығарылым шарттарында көзделсе, депозитарий бағалы қағаздарға қатысты эмитентке кастодиандық және депозитарлық-есеп айырысу қызметтерін көрсетуді депозитарий қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
4. Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес әрбір шығарылымның Қазақстан Республикасының орталық депозитарийі беретін халықаралық сәйкестендіру нөмірі International Securities Identification Number (ISIN) болады.
5. Эмитент бағалы қағаздарды орталықтың актілерінде және қор биржасының қағидаларында белгіленген тәсілдермен аукцион өткізу, қосымша орналастыру және жазылым жүргізу арқылы орналастырады.
6. Бағалы қағаздар шығарылымын жүзеге асырған кезде эмитенттің орналастыру жөніндегі агентті тартуына жол беріледі.
7. Бағалы қағаздар шығарылымының нысаналы мақсаты Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру болып табылады.
8. Бағалы қағаздарды орналастыру, есепке алу, оларға қызмет көрсету, айналысқа жіберу және өтеу тәсілдерінің шарттары мен рәсімдері бағалы қағаздарды шығару шарттарымен, қор биржасының қағидаларымен, тіркеушінің қағидаларымен, депозитарийдің қағидаларымен, сондай-ақ орталықтың актілерімен белгіленеді.
9. Бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу бағалы қағаздарды шығару шарттарында белгіленген күндері жүргізіледі. Сыйақының соңғы төлемі, егер бағалы қағаздарды шығару шарттарында өзге мерзім көзделмесе, бағалы қағаздарды өтеу күнімен сәйкес келеді. Егер бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келетін болса, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
10. Бағалы қағаздарды өтеу номиналды құны бойынша өтеу күнінде жүргізіледі. Егер бағалы қағаздардың номиналды құнын өтеу күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, онда өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
11. Эмитенттің бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын ішінара немесе мерзімінен бұрын толық өтеуіне, сондай-ақ бағалы қағаздарды шығару шарттарына сәйкес кері сатып алуды жүзеге асыруына жол беріледі.
12. Бағалы қағаздарды өтеу және оларға қызмет көрсету тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. Эмитент бағалы қағаздарды өтегеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бағалы қағаздарды өтеу туралы депозитарий мәліметтерінің көшірмесін және жүргізілген өтеуді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
14. Бағалы қағаздар борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, егер бағалы қағаздар шығару шарттарында өзге құн айқындалмаса, олардың әрқайсысының номиналды құны 1000 (бір мың) теңгені құрайды.
15. Бағалы қағаздар бойынша купон сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы есеп айырысу айында 30 (отыз) күнді, есеп айырысу жылында 360 (үш жүз алпыс) күнді құрайды.
16. Егер бағалы қағаздарды шығару шарттарында өзге мерзім көзделмесе, бағалы қағаздар бір жылдан асатын айналыс мерзімімен шығарылады.
17. Бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу номиналды құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде купон деп аталатын белгілі бір сыйақы төленеді.
18. Бағалы қағаздар бойынша купонды төлеу, егер бағалы қағаздарды шығару шарттарында төлемнің өзге шарттары көзделмесе, эмитент белгілеген күндері, бағалы қағаздар айналысының тиісті жылында бір рет жүзеге асырылады.
19. Егер шығару шарттарында өзгеше көзделмесе, бағалы қағаздар купонының сомасы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
S = N*C
мұндағы:
S, теңге – кезекті төленетін бағалы қағаздар купонының сомасы;
N, теңге – сыйақысы кезекті төленетін бағалы қағаздардың тиісті санының номиналды құнының сомасы;
С, % – купон мөлшерлемесі.
3-тарау. "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды ұлттық валютада шығару жолымен Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы
20. "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды ұлттық валютада шығару жолымен Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруды мыналардың негізінде жүзеге асырады:
1) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды ұлттық валютада шығару есебінен қаржыландыру болжанатын Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған әрбір жоба бойынша бюджет комиссиясының оң шешімі.
Бюджет комиссиясының шешімінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты туралы мәслихат шешімі.
21. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында айналысқа жіберу үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздар шығару үшін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кредиттік рейтингін жаңарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
2) "Астана" халықаралық қаржы орталығы белгілеген талаптарға сәйкес қажетті құжаттаманы дайындау негізінде жүзеге асырады.
4-тарау. Қарыз шартын жасасу арқылы Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы
22. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз шартын жасасу арқылы қарыз алуы Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаларды қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыз тартуы мыналардың негізінде жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне оң экономикалық қорытынды;
2) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесі;
3) халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз есебінен қаржыландыру болжанатын Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған әрбір жоба бойынша бюджеттік комиссияның оң шешімі.
Бюджеттік комиссияның шешімінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қарызының шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты белгіленеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қарызының шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты туралы мәслихат шешімі.
23. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қарыз шартын жасасу нысанында қарыз алған кезде жергілікті атқарушы орган дайындықты жүзеге асырады, ол мыналарды қамтиды:
1) қаржыландыру ұсынылатын жоба, қарыздың болжамды шарттары бойынша қарыз берушілермен келіссөздерді ұйымдастыру мен өткізу;
2) қарыз шартының жобасын және ілеспе құжаттарды дайындау;
3) қарыз шарты жобасының Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасылға" жатқызылған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкестігін бағалау.